Әож 372. 8: 51+394/395 математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану



Дата18.03.2017
өлшемі111,1 Kb.


ӘОЖ 372.8:51+394/395

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Алиева К.С., Төлеген Т., Артықова С.

ОҚМПИ, Шымкент қ


Резюме

Использование национальных игр на уроках математики

Summary

The use of national games in math class
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Жолдауында білім берудің басымдықтарын атап өтті. Жолдауда: «Бар-лық дамыған елдерде өзіндік сапалы оқыту жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық сатысында білім сапасын арттыруға біздің міндетте тұр» делінген болатын [1].

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге бай-ланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Сапалы білім-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету-мұғалімнің басты міндеті.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, сана-лы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Білім негізі бастауыштан басталғандық-тан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ой-ын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаны дамуын қалыптас-тыруға болады. Ойындар оқушылардың ақыл-ой белсендігін қалыптастырудың маңыз-ды құралы болып табылады. Негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түседі, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіру түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықыласына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде түрлерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады.

Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, та-нымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жым-дасып жатуы тиіс. Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі – математика-лық ойын элементтері.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерт-теліп жүрген еңбектер аз емес.

Ұлы, Абай бала мінезінің қалыптасуы жөргектен басталатынын айта келіп, бұл жөнінде «Жетінші қара сөзінде» былай дейді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінез-бен туада: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі – білсем екен демек-ші... Мұның бәрі – жан құрамы, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» - тұжы-рымнан жақсы байқалады. Абай бала психологиясының басты ерекшелігі – білуге құш-тарлық деп есептейді.

«Білім-ғылым үйренбекке, қызығушыларға әуелі білу керек...» - деп ұлы Абай талаптың бірінші шартының мазмұнына тоқталады: Ғылымға алдымен берік ынта – ынтықтық, білмегенді біле беруге құмарлық махабат керек. Білмегеніңді білген сайын сол құмарлық арта береді, жүрегің қанағаттанып, көңіл орнығып, сенім арта бермек. Адамның көңіл шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға шын мейірленіп, тезі-рек қолға түседі.

Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады [2]. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғы-лымдар өз еңбектерінде айтып кеткен Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б. Міне, сондықтан да ойын оқу әректінде жетекші роль атқарады. Дидактикалық ойындар бастауыш сынып оқушыларын оқу іс-әрекетінде бел-гілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді [3].

1. Ойын – саяхаттар: Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі.

2. Ойын – тапсырмалар: Бұл ойындардың негізін заттармен әрекет, сөздік тап-сырмалары құрайды. Ойын міндетін, әрекетін бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын – болжамдар: Бұл ойындар «Не болар еді?», Мен не істер едім, егер...? сұрақтарға негізделеді.

4. Ойын – жұмбақтар: жұмбақтардың бір ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының да-муына әсер етеді және т.б., яғни бұл ойындар балалардың белсенділігін қалып-тастырады.

Балалардың танымдық қабілетін дамытып, пәнше қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы ұлттық ойындар.

Ұлт ойындары ұлттың ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік педагогикалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы.

Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Ойында, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойын бала үшін нағыз өмір. Сондықтан мұғалім математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырумен бірге өз халқы-мыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын дамыту, яғни пәнге деген сүйіспен-шілдігі, қызығушылдығы қалыптастырылады. Халқымыз ойындарға тек балаларды ой-нату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құл-қынын, қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан. Өкініш-ке орай, қазақтың көне ұлттық ойындардың бір ерекшелігі сонда, олардың сабақта, үзі-лісте, сыныптан тыс жұмыстарға тиімді пайдалануға болады.

Математиканы оқытуда бағдарламаның негізгі тақырыптарын оқып-үйренгенде қолданылатын ойындар оқушылардың математикалық ұғымдарын арттырады. Есептеу дағдыларын шыңдай түседі, балалардың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын да-мытады, теориялық мәселелерді меңгеруге және оларды практикада қолдануға машық-тандырады, жалпы алғанда олардың ынтасын арттырады. Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі, балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында “аз”, “көп” ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасақ, ол онша қиындық келтір-мейді. 1-сыныпта математиканы оқып, үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынымен ойнату тиімді

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есеп-терге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіре түсінуіне толық мүмкіндік бар [4]. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады, атап айтқанда, “Хан талапай”,“Ханым дат”, “Ақ сүйек”, “Қыз қуу”, т.б. Мысалы,

Хан талапай” ойыны.

Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын бекіту. Артық, кем түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Асық (саны 20).

Мазмұны: Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады.

Талапай-ау , талапай.

Табылды ойын, алақай.

Асықты алға шашамыз.

Талапайға басамыз – деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді. Оқушы-лар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?

Нешеу? Қаншасы артық? сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақ-тайды.

Ханым дат!

Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын дамыту.

Қажетті-құрал жабдықтар: Асықтар.

Ойын мазмұны: Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім әр қатардан 1 оқушыдан тақтаға шақырып асық береді. Оқушылар асықты иіріп тастайды. Кімнің асығы алшы болып түссе “хан”, тәйкі түссе “уәзір сайланады, ал шілік түскен асық иелері айыпкер “ұры” саналады. Енді “уәзір”, “ұрыны” қолынан ұстап “ханға” апарады. Ұры барғысы келмей қарсыласады. Ал, уәзір болса, ұрының жылқының иесін құрмет-тегеніне ашуланып “дат” деп ханға сөз салады. Ол: “О, менің зор мәртебелі ханым, мына күнаһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырыс-қанда ұстап алдым, оған үлкен жаза қолдануға тұрады”-дейді. Ашуланған “хан” ұруға жаза береді. Жаза түрлері әр түрлері болуы мүмкін санау, санамақ, оқыту, айтқызу т.б. Сан құрамын атау. Жаза түріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді.



«Ақ сүйек»

Дидактикалық мақсаты. Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.

Қажетті құрал-жабдықтар. Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер.

10

7




9




5

4


А

2

3

4

5







8




6







А

+5
















Ойын мазмұны. Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандар-дың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол ақсүйекті табады. Дұрыс шығармаса, көрмей аттап кетеді. « Кім ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады, « ақсүйек» жинаған бала мадақталады. Ойын осылайша жалғастыра беруге болады.

«Теңге ілу»

«Теңге ілу» ойынын оқушыларға қандай да бір тапсырманы орындағанда ойнатуға болады.

Мақсаты: Балаларға берілген тапсырмаларды ойната отырып, орындату.

Ұжымды түрде жұмыс істеуге болады.

Керекті құралдар: Бірнеше нөмір жазылған дөңгелектер. Дөңгелектердің

мөлшері («теңгелер») үлкен болмағаны жөн.

Сынып оқушылары екі, үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір бала «шыбық ат» міне-ді. Ойынды басқарушы жүргізеді. Ойын басталатын жерге қазаншұңқырға ұқсатып шеңбер сызып дайындап қояды. Сызылған шұңқырға ұқсайтын дөңгелек шеңбердің ортасына ыдыс қойып, соған «теңгелер» салынады. Әр топтан бір бала атпен шауып бара жатып тоқтамай ыдыстан «теңгені» іліп алып кетеді. Әр сайыскердің іліп алған «теңгелерін» есептеп, сол «теңгенің» нөміріне сәйкес тапсырмадағы мысалдарды шы-ғарғандары есептеледі. Қай топ көп «теңге» алып, сол «теңгелердегі» жазылған нөмірге сәйкес тапсырмалар дұрыс орындаса, сол топ жеңеді.

Ұлт ойындары ұжымдық ой-қиялдан бас құрап, жеке адамдардың игілігіне аса-тын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын,тұтас ұлтқа тән атадан балаға мұра болып келе жат-қан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт ойындары сол ұлттық өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның сан мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналған қиялын қозғап, ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін дәстүрлі құбылыс. Ұлт ойындары өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл-ойының толысып қалыптасуына, олардың өмірге құштарлығының артуына, адам-гершілік қасиетінің қалыптасып жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Яғни, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы.

Халық жасаған рухани мұралар сан алуан. Солардың ішінде тіл дамыту, ой-өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байыту тілегінен туындайтын жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін арттырып, олардың білімін кеңейте түседі. Ал, ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйре-теді, оның қиялын дамытып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді.

Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға тап-қырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық юморлық уыты-мен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың арнайы түрлері де болған, халықтың мәдениеті өс-кен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр. Жаңылтпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүние танымдың түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой-өрісін кеңейтеді. Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып, қисындық пайымдау қабі-летін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Олай болса, халықтық қажетінен туған тәрбие мен оқу, әр халықтың даму тарихын, барлық жақсы қасиеттерін бейнелеп көр-сетеді.

Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткенді мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығарма-шылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.


Әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Жолдауы. 2014ж

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.- Алматы.,2001.

3. Асарбаев А. Ұлттық ойындар-халық педагогикасының құрамдас бөлігі //Ұлт тағлымы.- 2012, №2.- 12бет



4. Алиева К.С., Байдыбекова Е.И. Бастауыш сыныптарда математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.- Шымкент., 2004.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет