ӘӨЖ. 378. 016. 02: 004. 9(574) информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орыны



Дата22.06.2017
өлшемі48,35 Kb.
#19737
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРЫНЫ


Боранбаева А.Д.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.
Ғылыми жетекшілері: Алдешов С.Е. – п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы
Еліміздің білім беру жүйесінің дамуы – жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне, шығармашыл білімнің қалыптастырылатындығына, оның әлеуеттік мүмкіндігінің күшеюіне байланысты, білім беру жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан жалпы орта мектептер мектептер компьютер және интербелсенді тақта, мультимедиалық кабинеттермен толықтай жабдықталды.

Қазіргі кезде ақпараттың қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатиканың мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Соған сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі де үнемі өзгеріп отырады. Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. 12 жылдық мектепке өту жағдайында информатика пәнін оқыту әдістемелік пән ретінде жетекші орынға ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметініің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана білу міндетін жүктейді [1].

Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруғабайланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Болашақ информатика пәнінің мұғалімі аталған курс материалдарын игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

12 жылдық мектепке өту жағдайында оқушының ғылыми шығармашылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің әрбір сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты [2].

12 жылдық мектепке өту жағдайында информатика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы - информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Яғни курстық жұмысым информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мен маңызы, үйірме сабақтарын өткізу, информатика пәнінен кеш ұйымдастыру, олимпиаданы ұйымдастыру, оқушыларды ғылыми жоба жұмыстарына дайындау, дарынды балалармен жұмысты жандандыру әдістемелері қарастырылған.

12 жылдық мектепке өту жағдайында информатикадан өткізетін сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мазмұнын ұйымдастыруда және өткізуге өзіндік ерекшелігі, өзінің формасы мен әдістері бар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік ептілігіне, оқушылардың тілегіне, мектеп төңірегіндегі өндірістік объектілерге, информатика кабинетінің жабдығына, техникалық мамандықтарға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі.

12 жылдық мектепке өту жағдайында информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі – білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын салаасына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл – ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.

Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Информатика – компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.

Мектепте информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. «Рапира тілі» бағдарламалау жүйесін Г.А.Звеногородский жасады. 1982 жылы КСРО Министрлігі шешімімен мектеп оқу үрдісіне калькуляторды қолдану енгізілді.

1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты.

1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталды. 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шыға бастады. 1986 ж. Информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның юасқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.


Әдебиеттер

  1. Медетбекова Р.Ә. ЖОО информатиканы оқыту әдістемесі. Электрондық оқулық. Астана, 2011.

  2. Бүркіт Ә.Х. Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Шымкент, 2012. –Б. 1005-1007.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет