Әож 378. 016: 54: 004 Қашықтан білім беруде химияны оқыту үрдісін ұйымдастырудың Әдістемелік негіздері



Дата21.04.2017
өлшемі0,66 Mb.
#14353
ӘОЖ 378.016:54:004
ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Нурмаханова Д.Е. -магистрант, dinanur_92@mail.ru

Бекназарова А.Б. – доктарант, ak_zhan88@mail.ru

Мейірова Г.И.- х.ғ.д. профессор, meirova_g@mail.ru
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты
Аңдатпа. Мақалада қашықтан білім беруде химияны оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері қарастырылды. Қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту үрдісімен салыстырғанда пәннің оқу-әдістемелік кешені де өзгеше болады. Қашықтан оқытуда оқу-әдістемелік кешен - Желілік оқу – әдістемелік ақпараттық кешен деп аталады. Желілік оқу – әдістемелік ақпараттық кешен ақпараттық қоғамда білім алуға арналған дидактикалық, бағдарламалы технологиялық және техникалық интерактивті кешенді ұсынады. Осы желілік оқу-әдістемелік кешеннің ерекшеліктері мен құрамы қарастырылды. Мақалада оқытушы мен білім алушылар арасындағы өзара әрекет, семинар (вебинар) сабағын желіде синхронды ұйымдастыруды қарастырылып, вебинар сабағының дәстүрлі семинар сабақтарынан айырмашылықтары көрсетіліп, вебинарларды өткізу кезеңдері, вебинар сабақтарын өткізуде қолданылатын оқу құралдары, қажетті бағдарламалар келтірілді. Вебинарлар өткізу құралдарының негізгі айырмашылықтары, вебинар сабағын өткізу үшін қолданылатын тақташалар (алаңдар) қарастырылды. www.webinar.ru бағдарламалық тақташасының негізгі мүмкіндіктері, мәтіндік форуммен жұмыс жасау жолдары көрсетілді. Сабақтың оқу материалдарын дайындап және қатысушыларға жіберу жолдары қарастырылды. Сабақ жоспарында интербелсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Мақалада қашықтан оқытудың Қазақстан Республикасында даму деңгейі қарастырылды. Бірінші кезекте интерактивті оқыту түрі вебинар (семинар) жүргізу әдістемесі зерттелді. «Қаныққан көмірсутектер» тақырыбына www.webinar.ru бағдарламалық тақташасында өткізу сценариі жасалды.

Түйін сөздер: қашықтан оқыту, желілік оқу – әдістемелік ақпараттық кешен, вебинар, мәтіндік форум, синхронды оқыту, асинхронды оқыту, бағдарламалық алаңдар.
Қазақстанда қашықтықтан оқыту, бүгінде, 40-тан астам оқу орындарында экспериментті түрде жүргізілуде. Республикада қашықтықтан оқыту бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының тәжірибесі белгілі. Қашықтықтан оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей бүгінде аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа жағынан дәстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр[1,2].

Қашықтан білім беру – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Қашықтан оқыту білім беру үрдісінің тиімді технологияларының бірі болғандықтан білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселені – тұрғындарға сапалы және қолжетімді білім беруді шешу мүмкіндігін туғызады. Қазіргі кезде қашықтан оқытудың екі негізгі тәсілі қолданылады: синхронды оқыту және асинхронды оқыту.  

Кез-келген қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қолжетімді болғанның өзінде дәстүрлі оқыту технологиясы мен заманауи желілік технологияны рационалды анықтау маңызды болып табылады.

Виртуалды білім ордасын, арнайы оқытушылардан басқа яғни құраушылармен тьюторлардың көмегі арқылы сапалы білім ресурстарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Курстың ақпараттық негізін ЖОӘАК құрайды.

Желілік оқу – әдістемелік ақпараттық кешен ақпараттық қоғамда білім алуға арналған дидактикалық, бағдарламалы технологиялық және техникалық интерактивті кешенді ұсынады.

ЖОӘАК-тың құрамына мыналар кіреді:


  • Автор жайлы мәліметтер;

  • Курстың жұмыс бағдарламасы;

  • Өзіндік жұмыс курсы бойынша басқа тақырыптарды меңгеруге арналған әдістемелік нұсқау;

  • Тест сұрақтарының базасы

  • Қосымша оқулық ресурстарымен қамтылған электронды кітапхана.

Желілік оқу – әдістемелік ақпараттық кешен, қағаз оқу-әдістемелік кешенге қарағанда өзінің ерекшеліктері бар:

  • Электронды құжаттың түсінігіне барлық бөліктері ең жақсы дәрежеде сай келуі керек және қағаз басылымдарынан жай ғана көшіру келмейді;

  • Тексттік мазмұнның маңызды бөлігі мультимедиялық орын алмасады;

  • Логикалық блоктар арасындағы байланыс гиперсылканың көмегімен ұйымдастырылады;

  • Тест сұрақтарын құрау барысында көптүрлі электронды тесттің барлық формалары ескеріледі.

  • Кейс түрінде компакт дискіге негізгі мазмұнын жазу мүмкіндігі болу керек. [3].

Қашықтан білім берудің педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б. Біз оқытушы мен білім алушылар арасындағы өзара әрекет, семинар(вебинар) сабағын желіде синхронды ұйымдастыруды қарастырдық. Қашықтықтан оқытудың семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып саналады. Семинарлар асинхронды және синхронды режимде де өте береді.

Асинхронды режимде электрондық талқылаулар қолданылады. Асинхронды семинарлардың құндылығы қатысушылардың өзіне ыңғайлы уақытта тілдесуі. Әрбір қатысушы талқыланып жатқан тақырыпты әр кезде біліп алып, қатысуына болады. Оқытушы материалдың меңгерілгенін пікірталас қатысушыларының белсенділігінен біле алады.

Ал синхронды режимде оқытушыға пікірталасты бақылауға оңай түседі. Бірақ синхронды режимде барлық қатысушылардың тілдесуін белгілі бір уақытта өткізілуін талап етеді. Қашықтан оқытуда синхронды семинарларды теледидарлық бейнеконференциялар мен комьютерлік форумдар арқылы өткізуге болады. Педагогикалық аспектте семинарларды бейне конференциялар арқылы өткізу дәстүрліден айырмашылығы жоқ, өйткені қатысушылар бір-бірін компьютер экранының мониторынан немесе теледидардан көре алады. Бейнеконференциялар тәжірибеге сүйенсек, бейімделуге мәжбүрлейді, өйткені қатысушылардың қимылдарынан қатып қалатын кездері болады. Синхронды семинарлардың ымыралы нұсқалы мәтіндік форум болып табылады. Бұл жағынан ол талқылаудың максималды дәрежеде интерактивті болып өтуін қадағалайды, ал екінші жағынан минималды мөлшерде ресурс жұмсауға ықпал етеді. Егер талқылау кезінде графикалық материалдар кең қолданылса, немесе басқа да ақпаратпен алмасқан жағдайдап графикалық форумды қорлданған жөн. Бұл форум өз бетімен тек тілдесу құралы ғана емес, бірлесу жұмыс құралы ретінде де белгілі [4,5].

Бұл мақалада, біз, қашықтан оқытудың интерактивті түрлерінің бірі вебсеминар сабағын ұйымдастырудың әдістерін қарастырдық. Вебинар – бұл ғаламтор арқылы онлайн түрде өткізілетін семинар. Жүргізуші өзінің компьютерінің алдында, ал қатысушылар дүние жүзінің кез-келген жерінде, үйлерінде немесе өздеріне ыңғайлы жерде компьютерлерінің алдында отырады. Вебинарға қатысу үшін сізге арнайы бағдарламаның қажеті жоқ. Вебинардың басталуына бір күн қалған кезде сіздің электрондық поштаңызға вебинар өткізілетін сайттың сілтемесі жіберіледі.

Әдетте, көптеген қатысушылар, бір рет қатысқаннан кейін, онлайн түрде өткізілетін семинарлардың жаңа мүмкіншіліктерін бағалап, қажет болған жағдайда қатысуға тырысады.

Вебинар немесе веб-семинар – бұл Интернет желісінде өткізілетін on-line сабақ. Қатысушылар сабаққа комьютер алдында білім отырады. Вебинарлар онлайн-презентациялар (Power Point), сейлс-митингтер, тренингтер, сайттарды синхронды түрде қарауға, видеофайлдар мен суреттерді қарауға, құжаттар мен қосымшаларды (Word, Excel және т.б.) бірлесе қарастыруға мүмкіндік береді. Вебинарға бір адамнан жүз адамға дейін қатыса алады. Вебинарды жүргізуші спикер деп аталады. Сонымен бірге вебинарға қатысушыға құлаққап немесе колонка, Adobe Flash Player бағдарламасы орнатылып, Интернет желісіне қосылған комьютер қажет. Егер қатысушы аудио немесе видеоконференцияларға қатысқысы келген жағдайда микрофон мен веб-камера қажет [6,7].



Вебинар сабақтарын өткізуде қолданылатын оқу құралдары:

  • оқулықтар, анықтамалықтар және баспа негізіндегі дидактикалық мәліметтер;

  • дыбыстық құралдар;

  • дыбыстық-бейне құралдары;

  • электрондық оқу құралдары;

  • оқуға арналған комьютерлік бағдарламалар

Вебинар өткізу кезеңдері:

  • вебинарға дайындық кезеңі;

  • вебинарды өткізу кезеңі,

  • қорытынды жасау

І кезең. Вебинарға дайындық кезеңі

Хабарландыру. Вебинар өткізбес бұрын хабарландыру жасалады. Білім алушыларға сабақтың өткізілетін уақыты, өткізілу ұзақтығы, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, жүргізушілердің аты-жөні хабарланады.

Вебинарға тіркелу. 1 апта бұрын аудиторияға шақыру жіберіледі, сонымен қатар бір күн, бір сағат бұрын ескерту жасалуы қажет.

Сынақ вебинарын жүргізу. Веб-камералар, дыбыстық құралдар, презентацияларды көрсету мүмкіндігі, жұмыс кеңістігі жұмысын тексеру үшін сынақ вебинары жүргізіледі. Сынақ вебинары техникалық «ақаулардың» болу мүмкіндігін және трансляция параметрлерін алдын ала икемдеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Жұмыс кеңістігі алдын ала дайындалады, яғни веб-камералардың түсіру аймағы таңдалып, жұмыс аймағының жүргізушіге жайлы жабдықталуы қарастырылады.

Презентация дайындау. Вебинардың сапалы өткізілуі берілетін материал мен жүргізушінің ықпалына (харизма) байланысты. Слайдтар 20 беттен аспау керек.

Вебинар ұзақтығы. Вебинардың ең тиімді өткізілуі ұзақтығы- 50 минут. Соңғы 15 минуты қатысушылардың сұрақ-жауаптарына.

Оқу материалдарын дайындау және қатысушыларға жіберу. Қатысушылардың электрондық пошталарына пәннің желілік оқу-әдістемелік ақпараттық кешені жұмыс оқу бағдарламасы, сабақтың тақырыбы, сабақта пайдаланылатын материалдар, тапсырмалар жіберіледі.

2 кезең. Вебинарды өткізу

Алғашқы 5 минут. Алғашқы 5-7 ұйымдастыру кезеңі.

Көмекшінің болуы. Вебинар кезінде білім алушылар мәтіндік форумда сұрақтар қояды. Мәтіндік форум ашық (қатысушылардың барлығына көрінеді) немесе жабық (тек дүргізушіге) типте болады. Кез келген жағдайда вебинар өткізу үшін көмекші қажет. көмекші техникалық мәселелерді не қатысушылардың сұрақтарын реттеп отырады.

Қатысушылардың белсенділігі. Қатысушылардың сабаққа қызғушылығын және назарын арттырудың тиімді тәсілі сабаққа белсенді қатысуы. Білім алушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін сұрақтар қойып, олардың талқылауын қадағалап отыру қажет. Сұрақтар күрделі емес, оңай болады.

Визуальды сүйемелдеу. «Тірі» кездесулермен салыстырғанда вебинар жүргізушісінің веб-камералар арқылы вербалсыз қарым-қатынас жасауда туындайтын қиындықтарға байланысты білім алушыларға ықпал етуге мүмкіндігі аз. Тек экранда дауыс немесе презентацияларды визуальды көрсете алады. Сондықтан дәстүрліге қарағанда вебинар презентацияларында көрнекілік ақпараттар көп қолданылады. Дауыс ырғағын қадағалап отырған жөн.

Сұрақ-жауап. Мәтіндік форумда қойылатын сұрақтарға жауап беріледі.

ІІІ кезең. Қорытынды жасау. Бұл кезеңде вебинардың өткізілуін бағанып, қатысушылармен кері байланыс жасалады. Сұрақ-жауап бөлімінде жауапсыз қалған сұрақтар қарастырылады. Қажет болған жағдайда қатысушылардан вебинар тиімділігін анықтау үшін өткізілген сабақты бағалау әдістері қолданылады. Бұл қатемен жұмыс жасауға, сабақтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Вебинарлар өткізу құралдарының негізгі артықшылықтары. Күндізгі оқу түріндегі сияқты, мұғалім презентация дайындап (PowerPoint, Keynote, Mac-та жасалады) қатысушыларға жібереді. Вебинар кезінде мультимедиялық тақта орнына флипчарт қолданылады. Қатысушылар ортақ чатқа жазады. Мұғалімге сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіруге болады. бұдан басқа вебинарлар видео (РРВ) и аудиожазбаларды (VoIP) сол уақытта трансляцауға мүмкіндік береді. Вебинар кезінде мұғалім теориясын түсіндіріп жатқанда арым—қатынас жасау қолайлы болуы бөлме (вебинар өткізетін программманы солай атайды) үшін қатысушылар өзара ақпарат алмасып, сол ақпаратты талдай алады.

Электронды алаң (Whiteboard) мұғалім мен қатысушыларға ақпаратты жазып алуға да мүмкіндік береді.

Барлық қатысушылар бұл қосымшаны схемалар сызуға, кестелерді толтыру, коммерциялық мәтіндерді жазуға интеллект-карталар сызуға қолдана алады.



Вебинарлар өткізуге арналған бағдарламалық алаңдар (тақташалар)

• www.webinar.ru;

• www.trial.virtualroom.ru;

•www.expertsystem.ru,

•www.fastwebinar.ru.

Вебсеминар сабағын өткізу кезеңдерін талдай келе, біз, Желілік технология бойынша семинар сабағын өткізу тәртібі жобасын жасадық. Мысалы, www.webinar.ru бағдарламалық тақтасында сабақ өткізу үшін алдымен сайтқа тіркелу қажет. Тіркеуді аяқтаған соң баптаулар бөліміне кіріп мәліметтерді толтырылады. Икемдеулер аяқталған соң, вебинар құрылады. Ол үшін вебинар өткізілетін күнін, уақыты мен тақырыбын жазады, сабаққа жалпы сипаттама жасалады. Содан соң, «қатысушыларды қосу» бөліміне кіріп, қатысушыларды қосады, яғни қатысушылардың аты-жөні мен электронды почталары жазылады. Төмендегі 1-суретте себинарға қатысатын студенттердің тізімі көрселген.

Вебинар өткізілу күні мен уақытын білім алушыларға хабарлау қажет. Ол үшін қатысушыларға вебинар сілтемесі электрондық почтаға жіберіледі. Қатысушылар сол сілтемені басып вебинар сипаттамасын, тақырыбын көре алады, вебинар басталар уақытында да сол сілтеме арқылы вебинар тақташасына кіреді. Мысалы, 2-суретте студенттердің электронды жәшіктеріне жіберілген сілтеме төменде көрсетілген.

Вебинар әрқашан интерактивті түрде жүргізіледі, оқытушы қатысушыларға сұрақтар қояды, олардың сұрақтары мен түсіндірмелерін оқиды, студенттермен кері байланыс жасайды. Келісілген уақытта вебинар басталады – сіз модератордың даусын естисіз, егер бейне трансляция болса өзін немесе презентацияны көресіз.








Сурет 1 – webinar бағдарламалық тақташасында өткізілетін сабаққа қатысушылар тізімі


Сурет 2 – webinar бағдарламалық тақташасында өткізілетін сабаққа кіру


Вебинар сабақтарын өткізудің екінші кезеңі – вебинарды өткізу кезеңі. Мысалы, төменде вебинар сабағының «Қаныққан көмірсутектер (Алкандар)» тақырыбына сабақ жоспары келтірілген.



Пән: Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы

Тақырып: Қаныққан көмірсутектер (Алкандар)

Топ: «5В011200-Химия» мамандығының білімгерлері

Мақсаты:

білімділік – білімгерлердің қаныққан көмірсутектер туралы білімдерін жүйелеу;

дамытушылық – білімді өздігімен игеріп, оның негізінде тапсырмалар беру арқылы қаныққан көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, дамыту;

тәрбиелілік – теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Жабдықталуы: дәріс материалдары, презентация, компьютер, Интернет.

Әдіс-тәсілдер: интербелсенді әдістер

Сарамандық сабақтың ұзақтығы: 50 минут

Сарамандық сабақтың барысы

І. «Проблеманы айқындау кезеңі»

Бұл кезеңде Жигсо әдісі қолданылады (15 минут).

Студенттер кіші топтарға бөлінеді және әр топқа тапсырмалар беріледі.

ІІ. «Проблеманы шешу» кезеңі

Студенттерге тапсырма. Әр білімгерге алдын ала жеке-жеке сабақтың тапсырмалары беріледі. Білімгерлердің тапсырмалары осы кезеңде тексеріледі, жауаптар толықтырылады. (20 минут). Тапсырмалар саны 10.

ІІІ. «Проблеманың шешімін қолдану» кезеңі

Бағалау. Білімгерлер сабақта қалай жұмыс жасағадығын білу және олардың алған білімдерін анықтау мақсатында «Шығу парағын» толтырады. мұнда олар үш сұраққа жазбаша жауап беруі қажет.

Шығу парағы


        1. Не білдім?

        2. Менде қандай сұрақтар пайда болды?

        3. Пікірім қандай?

Қорытындылау/кері байланыс (5мин)

Студенттерге келесідей сұрақтар қойылып, оларға ауызша жауап беріледі:



  1. Бүгінгі сабақта қандай мәселелерді қарастырдық?

  2. Не үйрендік?

  3. Сабақ сізге ұнады ма? Сабақтың ұтымды жерлері қандай болды?

Соңғы 10 – 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Қазақстандағы қашықтан оқыту үрдісін зерттеп, сараптап, әдебиеттерге шолу жасай келе, химияны қашықтан оқытудың әдістемелік оқу материалдары тапшы екені анықтадық. Қашықтан оқыту үрдісінде химияны қашықтан оқыту - уақытты үнемдейтін, әрі экономикалық жағынан да тиімді оқытудың тиімді түрі болып табылады.

Вебинардың артықшылықтарының бірі - өткізілген тақырыпты кейін қатысушылар қайта қарап, өткізілген тақырыпты еске түсіреді. Вебинар арнайы бағдарламалар көмегімен таспаға жазылады, мысалы, біз FastStone Capture бағдарламасын пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз.

Қорыта келгенде, студенттерге сарамандық сабақты желілік технология бойынша вебинар түрінде өткізудің тиімділігі анықталды. Зерттелген тақырыпқа вебсеминар сабағының өткізу жоспары және ұйымдастыру жолдары www.webinar.ru бағдарламалық тақташада жүргізу әдістемесі жасалды. www.webinar.ru тақташасында желілік семинар тіркелу мен студенттерге тапсырмалар беру кезеңдері іс-жүзінде сыналды.


  1. Ибрагимов И.М. Информационные технологии и средства дистанционного обучения, М: Академия, 2007, 336с.

  2. И.А. Тавгень Дистанционное обучение: опыт, проблемы, преспективы Под редакцией Ю.В.Позняка - Мн.: БГУ, 2003. – 227 с

  3. Мутанов Г.М., Шакаримова А.Б., Криулько Н.С., Хегай О.М.. Дистанционное обучение. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2006, 107б.

  4. Саметова Ф.Т., Өскенбаев А.А. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру шарттары. Алматы: Инновациялық технологиялар институты 2014 ж., 85б.

  5. Анализ состояния дистанционного обучения в Республике Казахстан, Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, .Караганда 2011, 278с.

  6. Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В. Теория и практика дистанционного обучения – М: Академия 2004, 416с.

  7. Кенже А., Нурмаханова Д., Некоторые проблемы организации дистанционного обучения химии//  Международный студенческий научный вестник № 5, 2015, 330-331б.



Методические основы организации дистанционного обучения при изучении химии

Нурмаханова Д.Е. – магистрант

Бекназарова А.Б.- докторант

Мейирова Г. – д.х.н., профессор

Казахский национальный педагогический

университет имени Абая
Аннотация. В статье были рассмотрены методические основы организации дистанционного обучения по химии.

Дистанционное обучение отличается от традиционной системы образования по различным пунктам. Одной из них является отличительная особенность учебно-методических комплексов. В случае удаленного обучения – это сетевое обучение-методический информационный комплекс. Эта система предоставляет дидактический, технический интерактивный комплекс для получения знаний в информационном обществе. Были изучены особенности и составные элементы системы сетевое обучение-методический информационный комплекс

В статье отражены интерактивный процесс взаимодействия студента с преподавателем и со средствами обучения, а именно синхронная организация семинара в сети. Также приведены стадии организации вебинаров, учебные инструменты и программы для их создания.

С целью выявления основных различий между обычным семинаром и вебинара были рассмотрены площадки для проведения виртуальных семинаров.

Описаны основные возможности программного продукта www.webinar.ru, как работа с текстовым форумом, подготовка и способы рассылки учебных материалов участникам вебинара. При этом применяется интерактивная форма проведения семинара.

Проанализированы актуальные вопросы внедрения дистанционной формы обучения в учебный процесс в Казахстане. И в связи с этим изучена технология организации удаленного обучения вебинара-виртуального семинара. Предложен сценарий проведения по теме «Насыщенные углеводороды» с помощью площадки www.webinar.ru



Ключевые слова: дистанционное обучение, вебинар, чат, сетевой учебно-методический комплекс, площадка, дистанционное обучение.
Methodical bases of distance learning organizing of the chemistry

Nurmahanova D.E. – master course student

Beknazarova A.B. – Ph.D student

Meiirova G. – professor

Kazakh National pedagogical university named after Abai


Summary. The article considers methodical basics of the organization of distance learning of the chemistry.

Distance learning differs from a traditional education system on various points. One of them is distinctive feature of educational and methodical complexes. In case of distance learning it is as a network learning -methodical information complex. This system provides a didactic, technical interactive complex for getting education in information society. Features and components of system network learning - methodical information complex were studied

The interactive processes of interaction of the student with the teacher and with tutorials, a synchronous organization of a seminar in a network are reflected in article. Stages of the organization of webinars, educational tools and programs for their creation are also given.

For the purpose of detection of the main distinctions between an ordinary seminar and a webinar were considered platforms for holding virtual seminars.

The main opportunities of software product www.webinar.ru as work with a text forum, preparation and ways of mailing of training materials to participants of a webinar were described. Thus the interactive form of seminar is applied.

The article considers the topical issues of introduction of distance learning in Kazakhstan And in this regard the technology of the organization of distance learning webinar - a virtual seminar is studied. The scenario of carrying out on the subject "Saturated Hydrocarbons" by platform www.webinar.ru is offered.



Keywords: distance learning, webinar, chat, network training complex, playground, distance learning.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет