Әож 378. 147 Баланың ОҚу және мәселелерді шешу қабілетін арттыру жолдары



Дата26.08.2017
өлшемі55,63 Kb.
#28012
ӘОЖ 378.147

БАЛАНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Бесбай Ж., Серікқызы М.-113-33 тобының студенттері

Ғылыми жетекшісі:Халикова Г.С.-а\ш.ғ.к., доцент м.а.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент



Резюме

В данной статье рассматриваются актуальные вопросы, связанные самостоятельной научно-исследовательской работы учащихся. Решение этой задачи невозможно осуществить только путем передачи, трансляции собственного мнения при решении поставленных проблемных вопросов и задач

Summaru



This article discusses the current issues related to independent research work of students. This task can not be done only by the transmission of broadcasting his own opinion in solving the problematic issues and challenges
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Құзыретіліктер шеңбері, заманауи оқушыларды қалыптастыруға ұмтылуға тиесілі, «құзыреттілік» түсінігі сияқты түбегейлі анықталмаған. Бірақ, адамның пайда болған мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу, өмір барысында білім алу, өз бетінше міндеттерді құрып, оны шеше білу қабілеттері «құзыретті адам» түсінігінің негізіне алынады.

Мұғалімнің қазіргі кезде басты мақсаты оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, ал ойлау дегеніміз – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды.

Мектепте осындай мәселелерді шешуде оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту ұсынылады. Зерттеу іс-әрекетіне қатысу оқушыда зерттеу үрдісіне және оның нәтижесіне деген құнды қарым-қатынас қалыптастырады; оқу-зерттеу қызметіндегі «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі субъект-субъект қарым-қатнасын ұйымдастыру коммуникация дағдысының ерекше түрін береді. Жалпы білім беретін мекемеде оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын және оқушылардың ғылыми қоғамының секцияларының жұмысын қамтитын зерттеушілік-шығармашылық орта тудырады; зерттеу тақырыптарын еркін таңдау әрбір оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады.

Оқу-зерттеушілік мәдениетті қалыптастыратын бұл технологияны педагог пен оқушының арасындағы өз-ара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқан оқушыда интегративті түрде өзіндік даму механизмі жүреді: өзіндік даму, өзіндік реттеу, өзін-өзі анықтау, өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі жүзеге асыру; зерттеу іс-әрекетінің жалпы, топтық, жеке түрін үйлестіруге мүмкіндік туады. Баланың оқу және мәселелерді шешу қабілетін арттыру жолдарының бірі:пәнішілік кіріктірілген сабақ түрлерін қолдану

Бағдарламалық биологиялық-экологиялық проблемаға арналған сабақтар.

Бұларда тұтас тақырыптар мен жеке сабақтарда оқып білген, қалыптастырылған және жинақталған нақты экологиялық-биологиялық проблемалар бойынша дәйекті материалдар толықтырылады. Толықтырылу ережеге сәйкес, бұрын алған білімдері мен біліктіліктері пайдаланылатын тақырыптары кешенділікті бейнелейтін сабақтарда болады.



Ботаникамен, зоологиямен, анатомиямен, генетикамен байланысты ушыққан экологиялық проблемаларды шешу бойынша шығармашылық сабақтар: бұл «дөңгелек стол», «миға шабул», пікір талас сабақтары. Мұндай сабақтардың нәтижесі ұсыныстар, мақала, презентация, жоба түрінде рәсімделеді.

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Білім алушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады.

Талқылауды қолдануды не үшін ұлғайту керек?

Егер топта жайлы өзара әрекеттестік орнап, білім алушылар сабаққа тартылса, талқы жүргізіп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасаудың маңызы зор болмақ. Бір мақсатқа жету үшін жүргізілген талқылау – бұл топтағы барлық жұмыстардың сәтті болуының негізі. Талқылау білім алушыларға өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етіп, білім алушылардың оған белсенді қатысуына көмектеседі.



Талқылау жүргізуге жағдай жасау.

Белсенді талқылау қызметінің түрлері әртүрлі болып келеді. Алайда бұл жұмыс түрлерін 1-суретте көрсетілгендей кеңінен жіктеуге болады. Ауыспалы тәсілді қолданған әлдеқайда ұтымды болып табылады.



«Миға шабуыл» әдісінің міндетті түрде орындалуы керек ережесі:

сөз сөйлеу уақыты бойынша қысқа (1–2 минуттан аспауы керек) және озық идеясының болуы;



Іскерлік ойынның мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық географиялық ерекшеліктері жөнінде, осы аймаққатағы адамдардың денсаулығы, аймақтағы тамақ өндірісі, жалпы тағамдар жөнінде берілген ақпараттарды пайдалана отырып, оның жеке адамдардың денсаулғы үшін пайдалы, біршама тиімді тамақ өндірісін дамыту түрін анықтау.

Ойын алаңы ланшафтасының ерекшеліктері, топырағының типі мен түрі, жылы күндердің саны, өнеркәсіп түрлері және т.б. ерекшеліктері шартты белгілерінің жиынтығымен көрсетілген жеке аудандарға бөлініп берілген Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

Ақпараттық көмек – Оңтүстік Қазақстан облысының географиясы бойынша, ауылшаруашылық дақылдарының биологиясы, малшаруашылығының түрлі салаларының технологиясы, денсаулықты күту, дәрумендердің организмге тигізетін пайдасы бойынша қажетті оқу материалдары, карта және картасызбалары бар конферт.

Жергілікті биологиялық-экологиялық проблемалардың шешу жолы бойынша жобалар аукционы. Әрбір топ экологиялық тақырыптағы оқу жобаларын ұсынады. Нақты ұсыныстар: «Қалдықты қалай пайдаға айналдырамыз?»; «Облыс территориясын қалай көгалдандырамыз?» және т.б. Одан әрі үйірме мүшелерінен, оқытушылардан құралған әділ қазылар жобаны тыңдап, бағалайды.

«Қатысу» технологиясы бойынша кешенді пәнаралық мазмұндағы іскерлік ойындар. Қажетті ақпаратымен дайындалған пакеті бар жұмыс. Көп жағдайда оның нәтижесі жұмыс тобының мүшелерінің арасында рөлдері бөлінген топтық жобаларды дйындау болып табылады. Ереже бойынша, ең кем дегенде бірдей тапсырма орындауда бәсекелесетін үш төрт топ болуы керек.

Әлемнің түрлі елдеріндегі биоэкологиялық проблемаларды шешу жолдары. Баспада жарияланған мақалалар, радио- телехабар, интернет сайттары бойынша шолу түрінде сабақ өткізу.

«Дөңгелек стөл» отырысы, ол экологиялық проблемаларды, тұжырымдамаларды және т.б. маңызды құжаттарды талдауға арналады.

Оқырманадық конференция табиғат тағдырына арналған кітаптар жөніндегі пікір алмасуға арналады.

Қорытындылай келе дамыған елдердің қатарына қосылу еліміздің білім жүйесінде көптеген жаңартуларды енгізуді қажет етіп отыр. Оның барлығы Ұлттық жоспарда айқын міндеттелген. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру іс-қимыл жоспары мен 12-жылдық білім жүйесіне көшу жоспарының алға қойған мақсаттары бір-бірімен астасып,бір-бірін толықтырып отырған, яғни тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы, оқушыда шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыру болып табылады.


Әдебиеттер:

1.Қисымова А.Қ., Сивоглазов В.И. Сабақтардың технологиялық карталары. Жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері. – Алматы, 2008.

2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға

арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкііметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25



маусым, Астана, Үкімет Үйі.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет