Әож 51(075. 8) Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану



Дата01.05.2017
өлшемі53,88 Kb.
#15291
ӘОЖ 51(075.8)

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Джаманкараева М.А. – ф. - м. ғ. к

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты


Математиканы оқуға қызығушылықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарушы құрал ретінде сабақ барысындағы дидактикалық ойындар болып саналады. Сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану тәрбие беру мен оқытудың заманауи және танымал тәсілі болып саналады, сонымен қатар бір-бірімен үйлесімді түрде әрекет етіп отыратын білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші функцияларды атқара алады. Сабақ барысында оқытудың ойын формасында болатын заманауи дидактика педагог пен оқушы арасында үйлесімділікті, ойынның елікті жарыстар және қызығушылық элементтері арқылы олардың өнімді қарым-қатынасын қалыптастырады.

Ойын – бұл шығармашылық, сонымен бірге ойын – бұл еңбек. Ойын кезінде оқушыларда өз зейінін жинақтау, өз бетінше ойлану әдеттері қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды, білімге деген қызығушылық өседі. Еліккен балалар өзінің оқып жатқанын да байқамай қалады, өздігінен білім жинақтайды, жаңаларды есіне сақтай бастайды, өзіне жаңа өзгеше жағдайларға бейімделеді, көріністер мен тусініктердің қорын толтырады, қиялдарын дамытады [1, 18б ]. Дидактикалық ойындар «маңызды» ғылыммен үйлесім таба алады. Мектеп сабақ жоспарына дидактикалық ойындар мен ойын түрлерін енгізу сабақ барысын қызықты және елікті етеді, балаларда белсенді жұмыс көңіл-күйін қалыптастыруға әсер етеді, оқу материалдарын меңгеруде туындаған қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі. Әр түрлі оқу тапсырмаларын шешуге көмектесетін ойын әрекеттерінің әртүрлілігі және ауыспалылығы оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылықтарын күшейтеді және қолдайды. Ойын бала ой-өрісін дамытудағы маңызды тұрақты фактор болып табылады. Дидактикалық ойындар сабақ барысындағы негізгі мақсат бола алмайды, ол оқыту мен тәрбие берудің құралы болып табылады. Ойынды ермекпен, бос уақыт өткізушілікпен шатастырып алмау қажет. Дидактикалық ойындар басқа да оқу жұмыстарымен тығыз байланысты, шығармашылық қызметтің жаңа ерекше түрі болып табылады.

Дидактикалық ойындардың түп тамыры қазақтың ұлттық ойындарымен мазмұндас. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолдануға болады [2, 28б]. Математика пәні бойынша сабақтың ерекшелігіне қарай тиімдірек деген ойын түрлерін сабақтың мақсатына қарай тандап алуға еркіндік беріледі.

Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.



«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. «Ақсүйек» ойынды 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін пайдалануға болады. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.

«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың арқан тартысып сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасауға болады: жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «Бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдалануға болады.

«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Интеллектуалдық бинго» атты сыныптан тыс ойында бағдарламасында тақырыпқа байланысты сұрақтар қою

арқылы пайдалануға болады.



«Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер», «Қасиетті жетілік» атты кеште викториналық сұрақтар түрінде қолдануға болады.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

Дидактикалык ойын оқыту процесінде мынандай екі түрлі максатта қолданылады: оқу \танымдық\ мақсатта, екінші – ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға катысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып үйренеді.

Дидактикалық ойындар оқушылардың ой өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы берік меңгеруге үлкен әсер етеді [3, 49б]. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу процестерін мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана

дұрыс нәтиже береді.

Дидактикалық ойын түрлері:

1.Заттық дидактикалық ойындар. Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2. Үстел үсті ойындары: интеллектуалдық ойын, лото, домино, қарлы кесек т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес [4, 56б.] мынадай

түрлеріге бөлінеді:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;

2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.

3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.

4.Ойын-жұмбақтар.Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Қорыта келгенде, дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой - өрісін дамыту, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіруге, интеллектуалдық – танымдық қасиеттерінің дамуына, байланыстыра сөйлесу дағдыларын қалыптастыруға, сауаттылыққа үйретуге мүмкіндік беретін әдістемелік әдіс – тәсілдерді іске асырудың ең тиімді кұралы болып табылады [5, 63б].

Ойын – баланың жан серігі сияқты: "Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз" деген Жан Жак Руссоның ұлы даналық сөзін ту етіп ұстай отырып балаларды ойын арқылы білімділікке, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеуге болады деп нық сеніммен айта аламыз.

Әдебиеттер:

1.Йохан Хейзинга. Homo ludens. Человек играющий. – М.: Азбука -классика. - 2007.-С.384.


2.Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы. : Балауса. −2013.−С.96.

3.Ананьев, Б.Г. Познавательные потребности и интересы [Текст] / Б.Г. Ананьев / Л., 2002. – 243с.



4.Бабкина, Н.В. Использование игр и упражнений в учебном процессе [Текст] / Н.В. Бабкина // Начальная школа. – 1988. – №4. – 56с.

5.Букичева О.Н. Дидактические игры и дети [Текст] / О.Н. Букичева // Учитель. – 2006. – №1. – с. 62–64.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет