Әож 556 Алматы облысы Қазақстанның мегаполюсі Б. М. Дігарбаева 6М011200-химия 1 курс магистірі



Дата01.02.2018
өлшемі114,82 Kb.
#37341
ӘОЖ 556

Алматы облысы Қазақстанның мегаполюсі

Б.М.Дігарбаева
6М011200-химия 1 курс магистірі
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцентГ.Е.Азимбаева
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы
digarbaeva_bayan@mail.ru
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мыңкм2. Облыс аумағында 16 ауданжәне 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мыңадам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқашкөлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі [1].

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады [2].

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған.

Алматы облысының мал шаруашылығында мал мен құстың барлық түрлері артып келеді.Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыс мүйізді ірі қара, жылқы және құс бастары санынан, жүгері, қант қызылшасын, соя, табак, картоп және көкөніс өсіруде, ет, жұмыртқа және жүн өндіру бойынша бірінші орын алады.

Алматы облысындағы жер бетіндегі сулардың су ресурстары көп:

• 800 өзен және су ағындары (оның ішінде 18 өзен мен су ағыны шекарааралық дәрежесіне ие, су қоймаларының бір бөлігі республикалық маңызға ие);

• Көлдер – Балқаш, Алакөл тобы (Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл), Көлсай, Үлкен Алматы;

• Су қоймалары – Қапшағай, Бартағой, Күрте және т.б.

Және де облыс аумағында көптеген минералды қайнарлар орналасқан.

Жоғарғы сулар желісі спорттың судағы түрлерін, балық аулау, таза ауада шомылу, желкендер астындағы саяхат және қайықпен жүзу дамуына әсер етеді, тағы да ландшафтты әдемірек көрсетуге ықпал етеді.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен облыста ең ірі су объектілерінде (өзен, көл және су қоймалары) суды қорғау аумақтары мен алқаптарын орнату жұмыстары жүргізілуде[3].2006 мен 2015 жылдар аралығында суды қорғау аумақтары мен алқаптарын облыстың 191 су объектісінде (өзен, көл және су қоймалары) орнатудың жұмыс жобаларына сәйкес су қорғау белгілерін орнатумен бірге жасалынды.Суды қорғау аумақтары мен алқаптарын орнату жұмыстарын жүргізу ортақ экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етеді, су ресурстарын тиімді қолдануға және қорғауға алып келеді. Балқаш көлінің экологиялық жағдайын және суландыруға су беруді жақсарту мақсатында арналарды механикалық тазалау, Іле және Қаратал өзендерін кеңейту және тереңдету жұмыстары облыстың табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары бойынша жүргізілді.

Іле өзеніндегі су деңгейінің азаюына байланысты және күріш егістіктерін суландыруға су беруді жақсарту мақсатында Бақанас және Тасмұрын магистралды арналарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес Балқаш ауданы Іле өзенінің дельта ағысына механикалық тазарту жүргізілді. Жасалған жұмыстар көлемі: «Топар-2» ағысы бойынша – 9255 м3, «Топар-1» ағысы бойынша – 7815 м3, «Кертөбел» ағысы бойынша – 17731 м3, «Балатопар» ағысы бойынша – 266424 м3, «Мықтыбай» ағысы бойынша – 9313 м3. Берілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Іле және Қаратал өзендерінің Балқаш көліне өткізу қабілеті ұлғайды, ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен қамтамасыз ету жақсарды, балықтардың орын ауыстыру шарттары жақсарды, дельталық өсімдіктер мен жануарлардың өсу тенденциясы байқалды. Қаратал өзенін механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Орындалған жұмыс көлемі: Қаратал өзенінің (бірінші бөлім) жағалауды бекіту жұмыстары бойынша – 475,2 м3, Қаратал өзенінің дамбасының (екінші бөлім) жағалауын бекіту мен орналасуы бойынша – 723,6 м3 [4].

Үлкен Алматы өзені- оның қазақша атауы - Жасылкөл, аудармасы Көкпеңбек көл дегенді білдіреді. Іле Алатауының орта бөлігінде орналасқан, 2511м биіктігінде, оның тереңдігі 35 м, ұзындығы 1 шақырым шамасында, кеңдігі 500 м дейін жетеді. Жазда судың температурасы 10 - 12 градусты құрайды. Өзен жағасының айналасындағы көз тартатын тау шыңдары ашылады. Өзеннің ар жағында Совет және Озерная шыңдары оңтүстігінде, ал солтүстігінде жарлы Үлкен Алматы шыңы орналасқан. Өзеннің жалпы ұзындығы 96 км, су жинау аумағы 425 км². Үш үлкен мұздақтың астынан еріп шығып пайда болған суларының жиынтығынан пайда болатын өзен. Қаланы тасқаннан қорғау үшін өзен бойынан биіктігі 40 м темір-бетон тосқын және Сайран су қоймасы орнатылған.

Кіші Алматы өзені -үш ландшафтық аймақта орналасқан: таулы, қырытты және тегіс. Өзеннің таулы аймақтағы бөлігі анағұрлым иректелген. Өзеннің ені 3-13 м; теререңдігі 0,15-0,5 м; өзеннің орташа көпжылдық жылдық су шығыны 0,32 м/с құрайды.

Кіші Алматы өзені шатқалдан шығаберісте Есентай (Весновка), Жарбулак (Казачка) және Кіші Алматинка өзендеріне тармақталады. Кіші Алматы өзені қаланың оң жақ шығыс бөлігімен ағады. Өзеннің бассейінінде 46 көлдер, су қоймалары бар, олардың жалпы көлемі 2,5 км2.

Есентай (Весновка) – Іле алабындағы өзен, Кіші Алматы өзенінің сол жақ саласы. Бастауын Іле Алатауының солтүстік баурайынан алып Алматы қ. арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 43 км. Жылдық орташа су ағымы 0,06 м3/с. Жалпы ұзындығы 19 км болатын 8 саласы бар. Өзен бойында 7 тоған салынған. Мамыр – маусым айларында суы тасиды. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Қала ішіндегі жағалауы бетонмен қапталған. Алматы қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз етеді.

Облыстағы су объектілерінің ластану көздері ағынды су мен коллекторлы-дренажды суларды тікелей су объектілеріне және де сүзу алаңдары мен жинағыштарына ағызуды іске асыратын ұйымдар мен кәсіпорындар болып табылады.

Бартоғай бөгені , Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында, Шілік өзенінің таудан шыға беріс аңғарында, Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1067 м. Солтүстіктен оңтүстікке 6 км-ге созылған, ені 3 км, орташа тереңігі 25 м, ең терең жері 60 м-ге жетеді. Аумағы 13 км2, суының көлемі 320 млн./м3 (пайдалы көл. 250 млн./м3). Жағалауы жарқабақты. Бартоғай бөгені 1986 ж. толық пайдалануға берілді. Бөген суымен Іле Алатауы етегіндегі 150 мың га жер суғарылады. Бөгенге ағып келетін судың жылдық орташа мөлшері 1 млрд./м3-ге жетеді немесе бөгеннің сыйымдылығынан 3 есе артық. Су деңгейінің өзгеруі жылына 25 м-ге дейін жетеді, сондықтан аумағы 13 – 5,6 км2 аралығында өзгереді. Бөгеннен ұзындығы 170 км болатын Үлкен Алматы каналы бастау алады. Суының минералдығы төмен (0,172 – 0,234 мг/л). Химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты кальций тобына жатады. Суы жұмсақ, әлсіз сілтілі. Бартоғай бөгенінде сазан, тұқыбалық, мөңке, форель, т.б. балықтар тіршілік етеді [5].

Іле өзені

№1 су бұрмасы. «АлЭС» АҚ Қапшағай СЭС-і. «Сток» модульді құрылымы пайдаланылады, ол шаруашылық-тұрмыстық және құрамы бойынша оған жақын ағынды суларды терең биологиялық тазартуға арналған. «Сток» құрылымы екі параллельді сызықтан (бір жұмыстық, бір резервті) тұрады, өнімділігі 15 м3/тәул. (әрқайсысы) (нақтысы 5,5 мың м3/жыл) және құрамында биологиялық тазарту блогы, ағынды суларды алдын ала тазарту сүзгісі және зарарсыздандыру құрылымы бар. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануға 4558,9 мың теңге игерілді.

№1 су бұрмасы. «Балхаширригация» СШ МКК. Күріш егістерінен Іле өзеніне ағынды сулардың шығарылуы 3 шығару арнасымен іске асады: басты коллектор, біріктіруші коллектор, К34 коллекторы. Тазартушы құралдар қарастырылмаған. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануға 18239,4 мың теңге игерілді.

Қаратал өзені

№1 су бұрмасы. «Текелі энергия кешені» ЖШС. Тазартушы құралдар қарастырылмаған, өйткені су объектісіне өндірістік құралдарды салқындатудан шартты-таза сулардың ағызулары жүзеге асырылады. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануға 559,5 мың теңге игерілді.

№2 су бұрмасы. «ТТӨК» (Текелі тау-кен өндіру кешені) ЖШС. Байытушы фабриканың үйінді сақтағышы мен биотоғаны ерекше тазартушы құралдар болып табылады, онда ластанған өндірістік ақпа сулар жыл сайын ШЖА нормасының миллион кубометрлеріне жеткізіледі. Сонымен қатар, ол минералды шикізат өндірісінің қатты қалдықтарының жинақтаушысы болып келеді. Үйінді сақтағышында ағынды суларды үш сатылы тазарту жүргізіледі: 1-кезең – үйінді сақтағышының тұндыру тоғанында өлшенген бөлшектерді механикалық тұндыру (механикалық тазалаудың тиімділігі 99,9%-ды құрайды); 2-кезең – алты секциялы биотоғанда биологиялық қосымша тазалау; 3-кезең – әк қосу әдісімен ауыр металл иондарын химиялық тұндыру (мұнда биотоғанның бесінші секциясына график бойынша әрдайым белсенді әк енгізіледі, ол ауыр металдардың тұну үрдісін күшейтетін сулы-әкті сүзгі түзеді). ШЖА нормасына дейін тазартылған ағынды сулар Қаратал өзеніне ағызылады.

Кәсіпорынның тоқтап тұруына байланысты үйінді сақтағыштан ағызулар 2010 жылдан бері іске аспайды.

№3 су бұрмасы. «Жетісу су арнасы» МКК ШЖҚ. Ағынды суларды тазалау өнімділігі 13140,0 мың. м3/жыл (нақтысы – 5091,5 мың.м3/жыл) болып келетін механикалық және толық биологиялық тазалаушысы бар кәріздік тазартушы құрылғыларда жасалынады. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануға 31599,17 мың теңге игерілді.

№4 су бұрмасы. «Текелі су құбыры» МКК ШЖҚ. Ақпа суларды тазалау өнімділігі 4015,0 мың. м3/жыл (нақтысы – 434,9 мың.м3/жыл) болып келетін механикалық және толық биологиялық тазалаушысы бар тазартушы құрылғыларда жасалынады. Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалануға 1780,0 мың теңге игерілді.

№5 су бұрмасы. «Караталирригация» МКК. Күріш егістерінен Қаратал өзеніне ағынды сулардың шығарылуы 2 шығару арнасымен іске асады: К1 коллектор; К4 коллектор. Тазартушы құралдар қарастырылмаған. Есеп беретін кезең аралығында су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануға іс-шаралар қарастырылмаған [6].

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі.

Алматы облысында 1570 астам жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға "Қайнар", "Teмip", "Қазақаккумулятор", "Темірбетон", "Ажар", "Нан", "Өрнек", "Аққу", "Сайман", "Қаласүтзауыты", "Мирас", т.б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр турлі салаларға маманданған "Гамма" АҚ, "Механикаландырылған жұмыстар" ЖАҚ, "Құрылысшы" АҚ, "Шымыр" ЖАҚ, "Ақ сұңқар-ай" ЖАҚ, "Талдықорған электр желілері құрылысы" АҚ, "Ақжол" ЖАҚ, "Қалалық жол құрылысы" ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.

Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар. Жарқұлақ алтын кен орны , Молибденит, Халькопирит, Пирит,Турмалин, Вольфрамит өндіреді. Кербұлақ ауданы Сарыөзек стансасында Далабай алтын кен орны, Текелі қаласында Екпінді мәрмәр кен орны Мәрмәр тас, күміс, васмут, мыс, мырш,никель, кадмий, ванадий. Панфилов ауданының Керімағаш шипалы су кен орныаз сілтілі (рН 8,1), гидрокарбонатты-хлоридті-натрийлі, кремнийлігі 111,9 мг/л, суы гипертермальды (96°С), Қаскелең ауданы Қаскелең жер асты су кен орнысуы тұщы, минералдығы 0,2–0,4 г/л, гидрокарбонатты кальцийлі, Алматы қаласы «Рахат» акционерлік қоғамы кандитерлік өнімдер 280 түрі, «Алматы нан зауыды», «Ақсай нан» зауыды, «ФудМастер», «Dannon» т.б. сүт өнімдерін өндіретін зауыдтар бар.

Талдықорған Талды-Қорған аккумлятор зауыты- «Қайнар-АКБ» ЖШС - аккумулятор батарейлерін шығаратын кәсіпорын, батарейлердің барлық түрі, басындағы құйылуынан соңындағы топтамасына дейін осы зауытта жүзеге асырылады. Компания «Самұрық-Қазына» холдингінің тауар өндірушілерінің  отандық реестрінде бар. Екінші дәрежелі банктердің субсидияларына пайыздық салым алып жүр», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, «Қайнар-АКБ» мемлекеттік қолдау аясында өндірісті жаңғыртуды жүзеге асырды, технологияны жетілдіру арқылы өндіріс көлемін 2,5 есеге көбейтті. Компания өз алдына нақты мақсаттар қойып, өңірлер мен салаларда өзіндік саясат әзірлеген. Тауарлық басым сегменттер де бекітілді. «Қайнар» Қазақстан мен ТМД елдерінің нарығын қамтуға қауқары бар. Тұтынушылар арасында Польша, Балтық жағалауы, Иран елдері бар. Болашақта Қытайға өнім жеткізу жоспарланған, БАӘ тарапынан қызығушылық бар. Украина, Беларусь елдерінде «Қайнар» аккумуляторы еуропалық өнімдерге бәсекелестік танытып жүр. Компанияның өнімдері, негізгі нарықтары «Қайнар - АКБ» ТМД және шет елдер болып табылады: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай мен Қазақстан [7].

Фармацевтикалық өнеркәсібі саласында: «Нобел АФФ» АҚ, «Глобал фарм» ЖШС, «Досфарм» ЖШС, «Вивафарм» және т. б.

Ірі ауыр өнеркәсіп: АҚ және «АЗТМ» АҚ, «Белкамит» АҚ БК, «Авиажөндеу зауыты № 405» АҚ, «Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «УПТК» АҚ, «АЗМК» ЖШС, «Алматыбетон» ЖШС, «Асфальтобетон-1» ЖШС 20 шақты құрылыс материалдарын өндіретін ірі және орта кәсіпорындар.

Қорыта келгенде облыстың атмосфералық ауасының ластануына негізгі әсер ететін жылу энергетикасы мен автомобиль көліктері болып табылады.

Жалпы алғанда Алматы облысы бойынша ластағыш заттардың 97,3% шығарындысы жылу және энергетика өнеркәсібтерімен кәсіпорындары, 2,7% – өндірістік базалар мен құрылыстың шығарындыларының үлесіне келеді [6].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Жер Кодексі. – Алматы, 2003 ж.

2. Қазақстан Республикасының жер жағдайы және оны пайдалану туралы жиынтық таңдамалы есебі. -2011 ж

3. Жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру. Ізденістер-нәтижелер. ҚазҰАУ. –Алматы, 2012 ж.

4. Алматы облысы жер қорының мониторингі, оның қазіргі жағдайы және оны тиімді

пайдалану жолдары // Қазақстанның Жер ресурстары. 2013 ж. наурыз-сәуір 2

5. Абдраимов Б.Ж. Земельное законодательство и судебная практика // Земельное

законодательство Республики Казахстан: Сборник нормативно-правовых актов (с комментариями) / Сост.: Байсалов С.Б., Стамкулов А.С. и др. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

6. http://ecodoklad.kz



7. http://www.inform.kz/kz/taldykorgan-akkumulyator-zauyty-oz-oniminin-60-payyzyn-eksporttaydy-foto_a2789040

Резюме
В данной статье рассмотрены население, география, климат, водные ресурсы, сельское хозяйство, и промышленность Алматинский области.ТОО «Кайнар АКБ» завод специализируется на выпуске стартерных аккумуляторных батарей для автомобильной и тракторной техники емкостью. Основными рынками сбыта продукции Компании «Кайнар – АКБ» являются страны СНГ и зарубежья: Россия, Узбекистан, Кыргызстан, Азербайджан, Таджикистан, Беларусь, Китай, ОАЭ и Казахстан.



Summary
This article examines the population, geography, climate, water resources, agriculture, and industry of Almaty region. "Kaynar AKB" LLP the plant specializes in the production of starter batteries for automotive and tractor equipment with capacity. The main sales markets of the Kainar-AKB Company products are the CIS countries and foreign countries: Russia, Uzbekistan, Kyrgyzstan, Azerbaijan, Tajikistan, Belarus, the China and Kazakhstan.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет