Әож 82: 72 б-45 д ін мен дәСТҮр сабақтастығЫ



Дата15.09.2017
өлшемі318,72 Kb.
#32719
ӘОЖ 82:72

Б-45

ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ



Бердишева А.О.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Дінсіз ұлт - ұлтсыз дін болмайды. Дін әр ұлттың психологиясымен, тарихымен, дәстүрімен тығыз байланысты болады. Ұлт дінді өзінің ерекшелік тұрғысынан санадан өткізді. Дін де ұлттық мәдениетке, психологияға өз ізін, қалыбын салды.

Қазақ жеріне ислам дінінің келіп, қанат жайғанына он екі ғасырдан астам уақыт өткенін тарихтан білеміз. Осынша уақыт бойы мәдениетімізбен, салт дәстүрімізбен және ұлттық менталитетімізбен біте қайнасқан ислам діні бүгінде дәстүрлі дінімізге айналды.

Дін мен дәстүр біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып, ел болып тәрбиелі өмір сүруімізге ықпал еткен рухани күш. Ұлттық салт -дәстүріміздің арқасында кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, біріге білді. Дін мен дәстүрге бекем болған шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылар ұрпақты ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеп өсірді.

Асыл дініміз Исламнан бастау алған салт- дәстүріміз бен әдет- ғұрпымыз ұлтымызды өзгелерден ерекшелейтін құндылықтар. «Дін апиын» деп ұрандатқан кеңес дәуірінде де ата бабаларымыз сеніміне селкем түсірмей, дәстүріне бекем болды. Дінге қысым көрсетілген замандарда да Исламның ұрпақтан ұрпаққа жетуіне себепші болған дәстүр еді. Дініміз бен дәстүріміз бір- біріне сіңісіп кеткені соншалық, дәстүр дініміздің қызметін атқарып келді. Өйткені діни жоралғылар дәстүр ретінде күнделікті өмірде қолданыста болды. Олай болмағанда, дінді сақтап қалу мүмкін емес еді.[1.23б.]

Қасиетті Құранда Алла тағала адам баласына: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал» деп бұйырған. «Ғұрып» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: « Ол ақыл ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер.»

«Әдет» сөзі арабтың «әл ғаада» сөзінен шыққан. Мағынасы «адамдар арасында көп қайталанатындықтан, дағдыға айналған істер» дегенді білдіреді.

«Дәстүр» сөзі де арабша «дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы «іс әрекет жасалатын ереже, заң» дегенді білдіреді. Қазіргі араб тілінде бұл негізінен, «бір елдің конституциясы» деген мағынада қолданылады. Бұл сөздің осынау терең мағынасын, этимологиялық түп төркінін зерделеп, мынадай ой түюге болады. Сірә, қазақ даласында Ислам шариғаты мен дала заңдарының қосындысынан шыққан заңнамалық жүйе дәстүр деп аталса керек. [3.5 б.]

Ханафи мәзһабының ғұламасы Ибн Абидик әдетке мынадай анықтама берген: «Әдет деген сөздің негізі көп қайталанатындықтан үйреншікті іске айналған, шынайы ғұрыпқа айналған істер» дегенді білдіреді. Демек, шариғат қабыл алатын ғұрып, әдет дегеніміз адамның табиғатына танымал, ақыл да, заң да, адамгершілік таразысы құптайтын істер.

Шариғатта дұрыс, бұрыс деген үкім бар. Дұрыс үкімге шариғатқа қайшы келмейтін адамгершілік ұғымдары жатады. Мысалы, үлкенді сыйлау,кішіге құрмет деген секілді. Ал бұрыс үкімдерге шариғатқа қайшы, сырттан келген жаман әдеттер жатады. Мысалы, арақ ішу, Аллаға серік қосу т.с.с. Бұл нәрселер дәстүрімізде де құпталмайтын амалдар. Мысалы, Алладан өзге нәрседен сұрауға байланысты айтсақ, қазақ халқы бұған қатысты былай дейді: «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады.»

Зере әжеміздің Құнанбайды дәретсіз емізбегені, одан текті ұл Абай секілді ұрпақтың өмірге келуі кездейсоқ емес. Мұның бәрі имандылықпен ұштасып жатқан тәрбие. Қазақ өз ұрпағын «Өлімнен ұят күшті» деп тәрбиелеген. Бұл халқымыздың нақылына айналып : «Ұяты бардың иманы бар» деген сөз тараған. Қазақ сәбиге есім қойғанда да жәй қоя салмайды. Пайғамбардың, халыққа белгілі тұлғалардың есімін береді. Сәби өмірге келгенде оның ең бірінші еститіні азан болған. Мұны ғалымдар баланы Алланың әміріне бойұсынуға шақыру, құлшылықтарды орындауға тәрбиелеу деп түсіндірген.

Сондықтан, дәстүрлі дін адамның сана сезімі мен дүниетанымына ең жақын, ең түсінікті ететін, оның адами қасиеттерін, болмысын тұтастай бір құндылыққа айналдырады. Ұлттық рухтың уызын ұлттық құндылықтар құрайды. Ұлтыңа деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, әдет ғұрпыңды, дініңді білуден басталады.

Қазақ халқы әлімсақтан Жаратушыны ақиқат деп қабылдаған. Қанағатшылдық, қайырымдылық, жанашырлық, кешірімділік жасау мен айнала қоршаған ортаға обал-сауап деп қарауды тұтас қазақ этносының және жеке адамның тіршілігінің амалына айналдырған. Бұл қасиеттер күнделікті тұрмыс- тіршілікте дәстүрлер арқылы көрініс тауып отырған.

Қазақты басқа халықтардан ерекшелеп тұратын өзіне тән қасиеттері бар. Ол шалқар даласындай кең көңілі, дастарханы жиылмайтын дархандығы, сыпайылығы мен ізгілікке ұмтылған достық пейілі. Ата- бабадан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым- ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл дініміздің әсерінен пайда болған дағдылар.

Белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін ортақ танымы болуы тиіс. Себебі, кез -келген ұлттың ұлт болып танылуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт - дәстүрлері, Отаны болуы тиіс. Тарихшы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, адамзат ғұмырында ғибадатханасыз бірде- бір қала болмаған екен. Сондай- ақ әрбір ұлттың тағдыры оның рухани танымының өміршеңдігіне де байланысты. Әрбір ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын нәрсе тілі мен мәдениеті және осылардың негізі болып табылатын -діні.

Қазақ халқының мәдени құндылықтары, сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан этнографиялық мұрасының негізгі дәстүрі дініміз Исламда болған десек, еш қателеспейміз.

Ислам дінінің қазақ топырағына жеткеніне он екі ғасырдан асты. Өз табиғаты мен болмысына барынша жақын асыл дінді танып білген бабаларымыз оны сонау YIII- ғасырларда -ақ қабылдай бастаған. Содан бері Ислам діні жұртымыздың жүрер жолы, бағыт бағдары, қорғаны, тірегі болып келеді.

Ислам дінін қабылдағаннан кейін мұсылман қазақтың рухани, мәдени өмірінде жаңа бетбұрыстар болды. Ислам құндылықтары халқымыздың тілі мен тіршілігінде көрініс тауып, салтымен сабақтасып үйлесім тапты. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) іс әрекеттері мен тағылымды тәрбиесі ұлтымыздың болмысына, өн бойына сіңісіп кетті.

Халық ауыз әдебиетінің ой салар озық саласы мақал- мәтелдерде көтерілген тақырып, айтылар ой пайғамбарымыздың даналығымен үндесуі, соның дәлелі деуге болады. Мақал- халықтың моральдік кодексі, тәлімі мол тәрбие қағидасы. Мақал - мәтелдеріміздің кейбірі әрі тілдік, әрі мағыналық жағынан хадис мәтіндерімен бірдей.

Ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.с.) әлеуметтік салаға қатысты былай дейді: «Үйден бұрын көрші тап, жолға шықпай тұрып жолдас тап». Халқымыз осы хадисті нақылға айналдырып: «Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла, үй алмас бұрын көршіңді ойла» деген.

Хадисте: «Асықпау Рахманнан (Алладан), асығу шайтаннан», -делінсе, халық арасында : «Асыққан шайтанның ісі», - деген нақыл кең тараған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кеңес қылған ел азбас»,- деп өсиет етсе, халқымыз оны мақал ретінде: «Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас», - деген.[4.19б.]

Халқымыздың салт- санасы, әдет- ғұрпы мұсылмандық танымның негізінде қалыптасты. Имандылықты жастайынан үйренген дала тұрғыны діни сауатсыздарды «әліпті таяқ деп білмейді» деп әжуалаған. Тіпті, танымдық мағлұматты білімнің басы деп санаған халқымыз «Дінді білмеген дымды білмейді» деген қағида қалыптастырған.

Аллаға шүкір, қазіргі таңда ата -бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізудің арқасында асыл дінімізбен қайта қауышып жатырмыз. Тәуелсіздік туы желбіреген 1991 жылы елімізде санаулы ғана мешіттер болса, бүгінде сәні мен салтанаты жарасқан зәулім мешіттер бой көтеруде.

Қазақ халқы зұлмат замандарды бастан өткерді. Намаз оқу былай тұрсын, ораза ұстауға, жаназа шығаруға қысым жасалған кезеңдер де болды. «Құдай жоқ» деп ұрандаған уақытты бастан кешсе де, иманына берік халқымыз Алласын аузынан тастамай, құлшылығына мән берді. Діндарларға қысым жасалса да, ақын жырауларымыз: «Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен...» деп, қасқайып тұрып жырлады.

Қазақ халқының рухани мұрасындағы халық ауыз әдебиеті үлгілері, әдет- ғұрыптары, сондай ақ ұлы ойшылдарымыздың мұралары және тарихымызда таңбаланған рухани ұстанымдар мен құндылықтар асыл дінімізге негізделген.

Қазақ даналығында «Бағаламасаң, бақ кетеді» деген сөз бар. Азат елдің ұрпақтары бейбіт заманның қадірін білуі керек. Кез келген елдің еңсесін тіктеп, руханияты мен экономикасын өркендету үшін, ең алдымен сол мемелекетте тыныштық пен бейбітшілік орнауы тиіс. Бейбітшілік болмаған елден береке кетеді. Ислам діні мемлекетте , қоғамда тыныштық пен әділдік болғанын көздейді.[3.31б.]

Алланың қалауымен, Тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз дербестігімен бірге дөстүрлі мәдениетіне, тілі мен дініне толыққанды ие болып, оларды заманға сай дамытуға мүмкіндік алды. Ендігі кезекте ұлт жадынан ұмытыла бастаған имани құндылықтарды қайта жандандырудың реті келді.

Бұл тұрғыда, ата- бабаларымыз салып кеткен, кейін көмескі тарта бастаған соқпақтың сүлдерін тауып, соны қайтадан сара жолға айналдыруға тырысу, сан ғасырлық діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру үлкен мақсат болуы тиіс.

Ұлттық таным мен әдет- ғұрыптардың мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап көрсету арқылы, ұлтымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дүниетанымының, адамгершілік принциптерінің, салт- дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарының төл дініміздің мұраттарымен сай келетіндігін, екеуінің бір арнада тоғысатындығын пайымдатамыз. Сол арқылы, теріс пиғылды идеологиялық басқыншылыққа қарсы ұлттық имани иммунитет қалыптастырамыз.

Кез- келген кезеңде адамзаттың өмірі имандылыққа, рухани құндылықтарға, ізгілік пен ізеттілікке негізделмесе,сол қоғамда қасіретті жағдайлар орын алып, адам арсыздық пен абыройсыздыққа ұшырайды. Біз мұны тарихтан жақсы білеміз.[2.17б.]

Қазақстан -2050 Стратегиясында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт- дәстүрді, ата- ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін- Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал»- деп көрсеткен.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы дініміз бен дәстүрімізді жаңғырту мақсатымен 2014 жылды - « Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Ондағы мақсат:



  1. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, Дініміз бен ділімізді жаңғырту;

  2. Исламмен біте қайнасқан салтымызды насихаттау;

  3. Жамағатқа шариғаттағы әдет- ғұрыптардың орны мен рөлін түсіндіру;

  4. Жамағатты салт- дәстүрлерді құрметтеуге, қастерлеуге үгіттеу;

  5. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу;

  6. Жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім- тәрбиені қалыптастыру.[1.27 б.]

Бүгінгі алмағайып заманда, сананы тұрмыс билеген дәуірде адамдар арасында бауырмалдық, мейірім, кішіпейілділік, өзара түсіністік сынды асыл қасиеттердің шынайы көрініс табуы аса қажет. Сондықтан да, дінмен, иманмен, сеніммен біте қайнасып жатқан қоғам қашанда сәулелі, нұрлы, әрі берекелі болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. А.Айталы «Дін және ұлттық дәстүр» Ақиқат 3 / 2014

  2. М.Бұлұтай « Дін және ұлт» Алматы, «Арыс» баспасы, 2006

  3. Е.Малғажыұлы «Иманмен өрілген өмір құнды» Парасат 1/ 2014

  4. Е.Малғажыұлы «Дін мен дәстүр» Алматы 2014


Аннотация

В статье раскрывается взаимосвязь казахских народных традиций с религиозными мировоззрениями, формирующие национальное воспитание молодежи.



Annotation

The article deals with the relationship of Kazakh folk traditions and religios worldviews that shape national education of youth.



Тіркеу формасы

1.Тегі, аты-жөні: оқытушы: Бердишева Анар Омаралиевна

КДР-12-1 тобының 3-курс студенті: Ерғазықызы Алтынай

2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

3.Мекеме, лауазымы: Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты.

«Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасы

4. Мекен-жайы: Төле би 62, қ. Тараз, 080000

5. Телефон:

6. E-mail: –

7. Факс:


8. Мақала тақырыбы: Дін мен дәстүр сабақтастығы

9. Секция: Еуразиялық ықпалдастық үдерісіндегі Қазақстан жастары



10. Керекті техникалық құралдар: -
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет