Әож 908 (063) Қ68 Редакциялық кеңес: Техника ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет2/92
Дата11.11.2019
өлшемі10,09 Mb.
#51560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16
19 Асанбаева

Шӛлгі (Песчаное, №2 бӛлімше) Бӛрліден 18 шақырым жерде «Қарбасқан» деген қыстаудың 

орнында  орналасқан.  Жұрын  деген  кӛл  жақын  болғандықтан,  малдарын  кӛлдің  жиегіне  жайып,  мал 

ӛсірумен  айналысқан.  Кейін,  тың  игерілгеннен  кейін  ауылда  53  аула  және  200-ден  аса  тұрғындары 

болған. Клуб, дәрігерлік пункт, бастауыш мектеп, дүкен, кітапхана сияқты әлеуметтік-мәдени ошақтар 

жұмыс істеген. Мал ұстайтын фермалар салып, тұрғындары егінмен қатар мал шаруашылығымен ай-

налысты.  Еңбекшілердің  балалары  Бӛрлідегі  интерантта  жатып,  орта  мектепте  білім  алды.  ХХ 

ғасырдың  90-жылдарынан  кейін  тұрғындары  жаппай  кӛшіп,  қазір  елді  мекен  болашағы  жоқ  ауылдың 

қатарында тұр. 



Тастыӛзек ауылы (№3 бӛлімше) Бӛрліден 1 жыл бұрын - 1912 жылы Жарсор кӛлінің жиегінде 

орын  тепкен.  «Тастыӛзек»  атауы  ауыл  шетінде  тастың  арасынан  ағып  шығатын  бұлаққа  (бұлақты 

кейде  судың  ӛзегі  деп  те  атайды)  байланысты.  Ауыл  қайыңды  орманның  арасында  орналасқан. 

Тұрғындары  қазақ  ұлтынан  құралады.    Алғашқы  жылы  ауылда  небары  6  отбасы  болған.  Қарабалық 

ауданының орталығы  Федоровка селосында болып, кейін Жарсорға кӛшірген.  Тастыӛзек 1928 жылға 

дейін Қарабалық ауданының орталығы болып келді. 1939 жылдан бастап Ленин атындағы колхоз деп 



МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



аталды. Ең бірінші басшысы-Баймұхамедов Ф., кӛмекшісі Х.Абдрахманов, хатшысы ретінде А.Құсайы-

нов қызмет жасаған. Бәрі қиын жағдайда жұмыс жасаған. Олардың жастары небары 25-27 жаста бол-

ған. Бұл жылдары Қазақстан ӛлкелік комитетін Ф.Голощекин басқарған еді. Тастыӛзек колхозы соғыс-

қа  дейін  сауатсыздықты  жоюдан  алдыңғы  қатарда  тұрды.  Сол  кезде  оқытушылықпен  айналысқан 

мұғалімдер  -  Ш.Баймурзин  -  Ленин  колхозының  бастауыш  мектеп  мұғалімі,  Тастыӛзек  бастауыш 

мектебінің мұғалімдері - Х. Байжанов, Истай Искаков. 



Талды (№4 бӛлімше) ауылы қайыңды орманның ортасында орын тепкен елді мекен. Тұрғын-

дарының кӛбі қазақтар. Қазан революциясына дейін бірнеше отбасы тұрған. Ұжымдастыру жылдарын-

дағы тәркілеу үрдісі жүріп жатқан кезде тұрғындар ауылдан кетіп, тың игеру кезінде қайта қоныстана 

бастады. Бӛлімшеде бастауыш мектеп, клуб, дүкен, монша, кітапхана болды. Тұрғындардың балала-

ры орталықтағы интернатта тұрып, Бӛрлі орта мектебінде оқып, білім алды. Бӛлімше Бӛрліден 40 ша-

қырым қашықтықта орналасқан. Тұрғындары  егін  егіп, мал бордақылаумен  айналысты. 1991 жылдан 

кейін экономикалық күйзеліске ұшырап, қазіргі кезде бұл елді мекен иесіз қалды.  

 

Бӛрлі аймағы ҧжымдастыру кезінде 

1928 жылдың жазында елде нан тапшы болғандықтан шаруалараға артық астықтарын мемле-

кетке  сату  туралы  қаулы  шықты.  Келіспегендерге  жазалау,  тәркілеу  әдістері  қолданды.  Осындай 

жағдай қарабалық ауданына да келіп жетті. 1928 жылдың тамыз айының соңында бай-феодалдарды 

тәркілеу жӛнінде нұсқау алды. Осы жылдары артельдер құрыла бастаған еді. Ең бірінші артель Қара-

балық  ауданының  орталығы  болып  тұрған  Тастыӛзек  артелі  1928  жылы  құрылып,  аудан  орталығын 

1937  жылы  Бӛрлі  селосына  кӛшірді.  Бүкілодақтық  Орталық  Атқарушы  Комитетінің  1930  жылы  23 

шілдесінен шыққан қаулысы негізінде 1930 жылдың 17 желтоқсанында Қостанай уезі жойылып, осыған 

байланысты  Аманқарағай,  Денисов,  Федоров  аудандарының  кейбір  елді  мекендері  Қарабалық  ауда-

нының құрамына ӛтті. Ал 1932 жылы 20 ақпанда кеңейтілген аудандар Ақтӛбе облысының құрамына 

енді. Ол кезде Қазақстанда барлығы 6 облыс бар еді. Ал Қарабалық ауданының орталығы Бӛрлі село-

сы, №14 ауыл деп белгіленді. Бұнда аудандық атқару комитеті болды. Оның ғимараты Чапаев кӛше-

сінде  болатын.  Бірінші  тӛрағасы  және  ауылдық  кеңестің  тӛрағасы  болып  Татьянченко  С.И.  қызмет 

жасады.  



1937-

1938 жылдар тарихта «жаппай жазалау жылдары» деп еніп,  жазықсыз, таза, еңбекқор 

халыққа «халық жауы», «жапондық шпион» т.б. басқа жала жауып, қан қақсатты. Оларды партия қата-

рынан шығарып,  отбасына әлек салды. Бӛрлі МТС директорының орынбасары М.Каменовты, аудан-

дық  милиция  бӛлімінің  басшысы  Қалабаевты,  аудандық  комитетінің  хатшысы  Қалдыбаевты,  аудан 

прокуроры Казановты халық жауы Сарсенбаевтан сиыр сатып алды деп жазалады. Біз тоталитарлы 

жүйенің құрбандары болғандарға басымызды  иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На-

зарбаев 1997 жылды саяси құрғын-сүргіндерге шалдыққандарды еске алу жылы, ал 31 мамыр - саяси 

құрбандарды еске алу күні деп жариялады. Осыған орай Қарабалық кентінде 2004 жылдың 5 маусы-

мында  «Саяси  құғын-сүргінге  шалдыққандарға  арналған  ескерткіш»  орнатылды.  Жылда,  31  мамыр 

күні саяси құрбандарды еске алу жӛніндегі шаралар ӛткізіліп тұрады.   



Ҧлы Отан соғысы жылдарында 

1941  жылдың  22  маусымында  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысы  басталды.  Қарабалық  жері 

майданға  4900  аяулы  ұлдары  мен  қыздарын  шығарып  салып,  олардан  тек  қана  2000  адам  қайтып 

оралды.  Ал  Бӛрлі  аймағынан  500-ден  астам  ер  азамат  соғысқа  аттанып,  олардың  225-і  майдан  да-

ласында қалды. Қазіргі уақытта Бӛрлі селолық округінде бірде-бір соғыс ардагері қалмады. Біздің ок-

ругте тұрған Шалагина Зияда Шакировна 2014 жылы ақпан айында қайтыс болды.  Елге оралғандары 

аудан, кеншарды кӛркейтуге, экономикасын кӛтеруге үлестерін қосты.  

 

«Ленин» атындағы колхоз бойынша (Тастыӛзек ауылы) 

1941-

1945 жылдар аралығында еңбек еткендер тізімі 

1. 


Айткужин Жұматай  

2. 


Абилов Оқап 

3. 


Абдрашев Ахмедбек 

4. 


Альмухамбетова Мария 

5. 


Абдуллина Балшекер 

6. 


Абилова Қадиша 

7. 


Баймуханова Айгүл 

8. 


Дусмадьяров Файсхан 

9. 


Дусмадьярова Сапура 

10. 


Досмухамбетов Әуесхан 

11. 


Дуйсембаева Қаншайым 

12. 


Дуйсенбаева Жұмакүл 

13. 


Есполова Қалима 

14. 


Жапарова Балбике 

15. 


Жаликешева Сәлима 

16. 


Жаксалыкова Зиба 

17. 


Иртаева Рабиға 

18. 


Каширбеков Нұрғалым 

19. 


Мусина Дәмилә 

20. 


Нысанова Нағима 

21. 


Сералина Назира 

22. 


Тайгарина Назымкүл 

23. 


Утеспаева Күлшарипа 

24. 


Хакимов Айтбай 

25. 


Хасанов Бақытжан 

26. 


Шарипова Сағила 

МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



Ұлы Отан соғысы басталғанда олардың кӛбі жасӛспірім балалар еді. Небәрі 15-16 жастарына 

қарамастан  үлкендердің  жұмыстарын  атқарды.  Кейін  соғыс  аяқталған  соң  да  ауыл  ӛмірінің  белсенді 

тұрғындары болып, бірі – механизатор, бірі – тракторист болып, тың игеруге қатысты. 

 

Тың игеру мен оның нәтижесі 

1954 жыл – тың игеру басталған жыл. Бӛрлі селосына да одақтас республикалардан жас жігіт-

тер  мен  қыздар  наурыз-сәуір  айларында  келе  бастады.  Алғашқылардың  бірі  болып  Девятков, 

Булатов,  Вакуленко,  Шевченко,  Осипов  сияқты  тың  игерушілерді  Бублий  А.В.  қарсы  алды.  Кейін  ол 

Бӛрлі  кеншарының  бас  агрономы  болып,  ал  Денисов  А.В.  директоры  болып  тағайындалды.

Тың игеру кезінде мектеп, клуб, пошта, диірмен салынып іске қосылды. Астықты тазарту мен 

сақтау  үшін  тоқ  пен  қойма  салу  мүмкіндігі  туды.  Салынған  тоқты  Безруков  И.Н.  қабылдап  алып, 

басқарды.  Жұмыстың  кӛбі  қолмен  жасалып,  қиын  жағдайларда  еңбек  етілді.  195  адам  3  ауысымда 

жұмыс  істеді.  Сол  кездегі  ең  кӛп  жиналған  астық  -  1.003  тонна.  1966  жылы  астық  тоғын  Кушнир 

қабылдап, оны 21 жыл басқарды. 1960 жылы «Бӛрлі астықты кеншарының» директоры болып  Поли-

щук Я.С.  тағайындалды. 1961 жылы кӛктемде Бӛрлі мектеп-интернатының жанынан (директор Пово-

рознюк П.Н.) оқу-тәжірибелік станция ұйымдастырылып, оған 300 га шабындық жер, техника  бӛлініп 

берілді.  1976-1980  жылдардағы  бесжылдықта  кеншар  еңбекшілері  белгілі  бір    жетістікке  жетті.  Ә. 

Доспулов  бастаған  бригада  100  пұт  астық  жинады.  Астық  ӛсірумен  қатар  кеншар  еңбекшілері  мал 

шаруашылығмен қатар айналысып, Ұ. Досыбаев бастаған звено мал бордақыдлауда тәуліктік салмақ-

ты  700  грамға  дейін  кӛтеріп,  ал  сиыр  сауудың  операторы  Кропачева  О.А.  сүт  тапсырудан,  Морозов-

ский Э.П. (Талды) мал бордақылаудан отбасылық звено құрып,  бекітілген әрбір мал басын тәулігіне 

765  грамм  салмақ  қосып,  мемлекетке  ет  тапсыруды  жоспардан  бұрын  орындаған.  Ал  1980  жылға 

қарай  тоқ  толығымен  механикаландырылды.  ХХ  ғасырдың  90-жылдарында  тоқта  небары  35  адам 

еңбек етті. Олардың ішінде Мусина А, Нурушева М., Вакуленко З., Глушак Н., Пупынина М., Тарима М. 

т.б.  атап  айтуға  болады.  Тың  игеруге  Тастыӛзек  ауылының  еңбекшілері  де  ӛз  үлестерін  қосты.  1957 

жылы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумының  жарғысымен  Досмағамбетов  Базан,  1979  жылы 

Исмаилов Қаршыға «Ленин» орденімен, осы жылы Айткужин Жұматай «Құрмет белгісі» орденімен, ал 

кейін  «Қола  медалімен»,  Досмағамбетов  Нағашыбай  «Тың  игеруге  қатысқаны  үшін»  медалімен 

марапатталды. Сонымен қатар Абдрашев А,  Бейсенов К, Бекетаев Ш, Утешов О., Утешов Ж. Сияқты 

тракторшы-механизаторлар да ауыл экономикасын кӛтеруге ӛз үлестерін қосты. Ауыл тұрғындары егін 

егумен  қатар  мал  шаруашылығымен  айналысып,  Марданов  К.,  Хакимов  А.,  Жумабаев  Т.  мал  күтуші 

болса, Баязитова К., Утешова Ш., Бейсенова Ү., Хакимова Н., Мустафина З, Кожаниязова Р. Сияқты 

сауыншылар мен Бекетаева О. Жас тӛл күтушілер ретінде еңбек етті. Олар еңбек етумен қатар 8-10 

баладан  тәрбиелеген  «Алтын  алқа»,  «Күміс  алқа»  марапаттарына  ие  болған  аналар.  Үйде  отырып 

бала  тәрбиесімен  айналысқан  аналар  қатарында  Айткужина  А.,  Рамазанова  М.,  Абилова  К.,  Исмаи-

лова Б., Досмағамбетова Ұ. атауға болады.  

Тың  игеру  жылдарында  КСРО-ң  ыдырауы  мен  Қазастанның  тәуелсіздік  жариялауына  байла-

нысты  кеншарлар  да  кӛптеген  қиыншылықтарға  кездесіп,  біресе  ӛндірістік,  біресе  ұжымдық,  біресе 

ЖШС  деп  ұйымдастырылып,  елді  мекенде  шаруа  қожалықтары  мен  жеке  кәсіпкерлер  орын  ала 

бастады.  

 

Ауған соғысының іздерімен 

1979-


1989 жылдар аралығында Кеңес әскері Ауған жеріндегі соғысқа қатысып, әскер қатарын-

да  болған  барлық  жас  жігіттер  сияқты  Бӛрлі,  Песчаное,  Тастыӛзек  ауылдарынан  да  интернацио-

налдық  міндетін  орындағандар  да  болды.  Олар:  Жұмабаев  Б.Т.,  Рамазанов  Д.Ж.,  Мұхамедрахимов 

С.С., Тоққужин М.Е.,  Юнацкий А., Подольский, А., Балан К., Балаклеец Т. Болатын және олар аман-

есен  елге  оралды.  Ал  Тасболатов  С.О.  тиф  ауыруымен  ауырып,  Ташкенттегі  госпитальда  қайтыс 

болды.  


Мҧхамедрахимов  Серікбай  Сейілханҧлы  1958  жылы  8  наурызда  Қостанай  облысы,  Қара-

балық ауданы, Тастыӛзек ауылында туған. 1975 жылы Бӛрлі орта мектебін бітірген. 1975-1978 жылда-

ры  Комсомолдағы  ҚАШТ,  содан  кейін  Қарағандыдағы  Ішкі  істер  министрлігінің  жоғарғы  мектебінде 

оқыған. Білімі аяқталмаған жоғары.1979 жылы кӛктемде әскер қатарына алынып, 1981 жылға дейін ӛз 

борышын  ӛтеді.  Алғашқы  кезде  Коврово  қаласында  сержанттарды  дайындайтын  мектепте  оқу-

жаттығуда  болып,  1979  -1981  жылдары  Ауған  жерінде  соғыста  болды.  Әскерде  взвод  командирінің 

орынбасары қызметін атқарған. «Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл» медалімен марапатталды. 

Қазіргі уақытта Песчаное ауылында тұрады. 



Тасболатов Серік Оразбайҧлы (1963-1983). Ол қатардағы жауынгер еді. 1963 жылы 2 тамыз-

да  Комсомол ауданы,  Бӛрлі ауылында  туған.  1980 жылы Бӛрлі  орта мектебін бітіріп, совхоздың  мал 

фермасында  жұмыс  істейді.  1981  жылы    әскер  қатарына  шақырылды.  1982  жылдың  мамыр  айынан 

бастап  Хайрожандағы№5276  әскери  бӛлімшесінде  жүргізуші  болып  қызметін  атқарды.  Ауғанстанда 

тиф ауруымен ауырып, 1983 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болды. 1984 жылы 10 қаңтарда туған жері 

Бӛрліде жерленді.  



МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

 



Подольскй  Александр  Викторович  1960  жылы  1  қаңтарда  Алтай  ӛңіріндегі  Баевскауданы, 

Красная  Звезда  селосында  туған.  Отбасында  3  бала  тәрбиеленген.  1970  жылы  ата-анасымен 

Қазақстанға кӛшіп келіп, Бӛрлі кеншарында тұрақтады. Әкесі зейнет жасына дейін Бӛрлі кеншарында 

механизатор  болып  жұмыс  жасады.  Александр  1977  жылы  Бӛрлі  орта  мектебін  бітіріп,    1978  жылы 

кӛктемде  әскер  қатарына  шақырылып,  Тәжікстан  астанасы  Душанбе  қаласына  келіп  түседі.  1979 

жылы желтоқсан айында әскери бӛлімшені Ауғанстанға жӛнелтеді. 1980 жылдың маусым айына дейін 

Термез  қаласында  әскери  борышын  ӛтеп,  10  маусымда  үйіне  оралды.  Ауыл  еңбегіне  араласып, 

жұмыс жасады. Үйленді, екі баласы бар. 1992 жылы 23 ақпанда ӛндіріс орнында қайтыс болды.  



          

Токкужин Марал Есмҧратҧлы  1967 жылы 12 маусымда Қостанай облысы, Комсомол ауданы, 

Победа  совхозының  Жамбыл  ауылында  туған.  1984  жылы  Победа  орта  мектебін  бітіріп,  Троицк 

механизация  техникумына  оқуға  түседі.1987  жылдың  мамыр  айында  Кеңес  әскерінің  қатарына 

шақырылады.  Алғашқы  кезде  Түркмен  КСР-ң  Теджен  қаласындағы  сержанттық  мектебінде,  1987 

жылдың  қыркүйегінен  Ауғанның  Джелалабад  қаласына  жӛнелтілді.  Соғыста  «Соғыстағы  ерлігі  үшін» 

медалімен  марапатталған.  1989  жылдың  кӛктемінде  үйіне  оралды.  1990  жылы  үйленген,  үш  баласы 

бар.1991 жылы Бӛрлі селосына тұрғын жерін ауыстырып, Михайлов орман шаруашылығына жұмысқа 

орналасады.    Сол жылдан бастап, осы шаруашылықта әртүрлі қызметтер атқарып келеді. 2009 жылы 

Кеңес  әскерінің  Ауған  Республикасының  территориясынан  шыққанының  20  жылдығына  байланысты 

медальмен марапатталды. 



         

Жҧмабаев  Батырбек  Темірбекҧлы  1960  жылы  1  желтоқсанда  Қостанай  облысы,  Комсомол 

ауданы,  Тастыӛзек  ауылында  туған.  1979  жылы  Кеңес  әскерінің  қатарына  шақырылды.  Горький 

қаласында сержант мектебінде оқып, 1980 жылдың қаңтар айында Ауғанстан жеріне жіберілді. Багран 

қаласында  жеке  барлаушылар  батальонында  қызмет  етті.  1981  жылы  «Ерлігі  үшін»  медалімен 

марапатталады.  Екі ай бойы Кабул қаласында госпитальда емделіп, 1981 жылы 17 маусымда әскер 

қатарынан босатылды.Әскерден кейін туған ауылында механизатор болып жұмыс жасайды. Еңбектегі 

жақсы  кӛрсеткіштері  үшін  МТЗ-80  комсомолдық  трактормен  марапатталды.  Отбасы,  екі  баласы  бар. 

Қазіргі уақытта Қарабалық кентінде тұрады.  



Білім  ордасы  ретінде  Тастыӛзек  мектебінің  қашан  ашылғаны  белгісіз.  Алғашқы  мектеп 

Ермағамбет байдың ағаш үйінде  ашылған. Мектепте мұғалім ретінде жұмыс жасағандар  - Байжанов 

Хамза  мен  Түйебаев  Қалиақпар,  ал  соғыс  уақытында  балаларды  Хасенова  Кәлима,  одан  кейін 

Турмағамбетова Балқия, Нысанов Ержан оқытты.  

1963  жылы  мектеп  8  жылдық  болып  ұйымдастырылды.  1963-1965  жылдар  аралығында  Мамбетов 

Хамит,  ал  1963-1983  жылдары  Хамзин  Сейтқали,  1983-1987  жылдары  Альмухамбетова  Ж.М,  1987-

2007 жылға дейін Тайгарина Р.Т. мектеп директоры болды. Мектеп 1984 жылы Тастыӛзек орта мектебі 

статусына  ие  болды.  Ауыл  балалары  1963-1984  жылдары  орта  білім  алу  үшін  Бӛрлі  селосындағы 

интернатта тұрып,  оқыды.  Мектеп 2007 жылы бастауыш мектеп болып ұйымдастырылып, 2008 жылы 

тіптен  жабылды.  Осы  жылдары  балаларды  білімен  сусындатып,  ана  тілінің  құдіретін  жүректеріне 

сіңірген ұстаздар тобы еңбек етті. Олар: Исмаилов Т.И,Хамзин Сейтқали,  Бокаев А.Б, Бекмағамбетов 

Ә.Б, Ищанова Б, Утешов А.Г., Абдуллин С.Ш., Салимова Б, Оңайбаев М, Оңайбаева М.М., Тайгарина 

Р.Т.,  Исмуратова  С.Т.,    Альмухамбетова  Ж.М,  Токкужина  К.Е.,  Есполова  Қ.  М.,  Айткужина  З.Ж., 

Айткужин М.Ж., Айткужин М.Ж., Досмағамбетова Б.Ә.  

Мектеп қабырғасынан  бірнеше жүздеген түлектер білім алып, қазіргі кезде елге танымалдары 

жеткілікті.  Олардың  ішінде  дәрігерлер,  ғалымдар,  мұғалімдер,  жұмысшылар,  тәрбиешілер,  суретші-

лер, композиторлар  жеткілікті.  Астанадағы Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ ғалым-оқытушылары-кафедра 

меңгерушісі,  математика  ғылымдарының  докторы,  профессор  -  Бокаев  Н.  Ә.;  математика  ғылым-

дарының кандидаты, доцент, информатика кафедрасының аға оқытушысы - Айтқожа Ж.Ж.; Қарағанды 

мемлекеттік  университетінің  физика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  физика  кафедрасының  аға 

оқытушысы - Исмаилов Ж. Т.; математика ғылымдарының кандидаты, доцент,  Кӛкшетау мемлекеттік 

университетінің математика кафедрасының аға оқытушысы – Жантлесов Ж. Х.  

ХХ  ғасырдың  90-жылдарындағы  экономиканың  құлдырауға  байланысты  жұмыссыздық  орын 

алып, ауыл тұрғындары қалаға, аудан орталығы Қарабалыққа, басқа да елді-мекендерге  үдере кӛшіп, 

ауылдың  шырайы  кетті.  Ауыл  тұрғындары  алған  білімдеріне  сай  ӛз  орындарын  тауып,  республика, 

облыс,  аудан  кӛлемінде  еңбек  етіп  жүр.  Аудан  орталығы  Қарабалықтағы  балалар  ӛнер  мектебінде 

Айткужин М.Ж. – суретші, Бекмағамбетова З.Ж.  - хатшы, Бекмағамбетов  Б.О., Альмухамбетов  Қ.Е.  - 

домбыра  класынан  сабақ  береді.  Абилов  Қ.  Айткужина  Ә.Ж.-  аудандық  білім  бӛлімінің  есепшісі, 

Сарсенова С.М. - аудандық білім бӛлімінің әдіскері. Аудандық емханада кӛп жылдан бері қызмет етіп 

келе жатқан хирург-Жапаров Е.Е., гинеколог-дәрігер-Жапарова З.Х., аудандық ардагерлер қоғамының 

тӛрағасы-Утешов  А.Ғ., №3 Қарабалық орта мектебінің  директоры Бисенов А.К. Тастыӛзек ауылының 

тумалары.  Барлығын  атап  ӛту  мүмкін  емес.  Ауылдың  мәдениетін  кӛтеруде  ерекше  орын  алатын 

орталықтың  бірі  -  кітапхана  мен  клуб.  Сол  кезедгі  ең  кӛп  тараған  мәдени  шаралардың  бірі-кино-

фильмдер  кӛрсету  болатын.  Бұл  жұмысты  киномеханиктер  қызығушылықпен  атқарып,  еңбек  етті. 

Олар: Айткужин А.Ж., Хамзин С. Ғ., Бекетаев Ғ.Ш. Кӛп жылдар бойы ауыл кітапханасының меңгерушісі 

Ермағамбетова  Қ.,  фельдшерлік-акушерлік  пункттің  меңгерушісі  ретінде  тұрғындарға  медициналық 



МҦРАҒАТ КӚЗДЕРІНДЕГІ ОБЛЫС ТАРИХЫ                            ИСТОРИЯ ОБЛАСТИ В АРХИВНЫХ ИСТОЧНИКАХ 

 

10 


 

кӛмек  берілді.  Ауыл  жастары  бос  уақыттарында  ағаш  арасында  орналасқан  мектептің  жанындағы 

стадионда  футбол,  баскетбол,  волейбол  ойнайтын.  Ал  шахмат,  шашкадан  мектеп  оқушылары  үнемі 

аудандық жарыстарда І орын алатын. Қазіргі кезде ауылда небары 15-ақ үй қалды. Мектеп, кітапхана, 

клуб  жұмыс  істемейді.  Бір  кездері  халқымыздың  салт-дәстүрін,  ана  тілін  сақтап  қалған,  ұрпақтарына 

ұлттық тәрбие берген Тастыӛзек ауылының қысқаша тарихы осындай. 

 

Әдебиеттер:  

1. 


П.М.Черныш, «Наш отчий край – Карабалык», Қостанай, 2004 ж. 

2. 


«Олар жеңіспен оралды», Қостанай, 2000 ж. 

3. 


Қостанай облысының әскери даңқ кітабы, Қостанай, 2015 ж. 

 

 



 

 

 



О ДЕЙСТВИИ ПОСТАНОВЛЕНИЯ КОНФИСКАЦИИ БАЙСКИХ ХОЗЯЙСТВ   

1928 Г. В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ПО АРХИВНЫМ ИСТОЧНИКАМ 

 

  

Бекмагамбетова  М.Ж.  -  доцент  кафедры  Истории  Казахстана  Костанайского  государст-

венного педагогического института, кандидат исторических наук 

  

Бекмагамбетов  Р.К.  -  начальник  кафедры  государственно-правовых  дисциплин  Коста-

найской  академии МВД Республики Казахстан, кандидат исторических наук, полковник полиции 

 

В статье на основе архивных источников раскрывается история принятия и действия пос-

тановления о конфискации байских хозяйств. Исследование демонстрирует сущность данного до-

кумента, отразившего антинародную политику Советского государства и партии большевиков.  

Ключевые слова: конфискация, байские хозяйства, архивный документ. 

 

С  приходом  к  власти  Ф.Голощекина  провозглашалось  о  необходимости  «пройтись  по  аулу 



Малым  Октябрем».  Основной  задачей  стало  разрушение  традиционной  общины  через  ликвидацию 

социальной дифференциации. Поэтому, следуя  логике теории классовой борьбы,  для  установления 

социального  равенства  в  казахском  традиционном  обществе  официальные  органы  считали  необхо-

димым  подорвать  социально-экономические  и  политические  основы  самого  института  байства.  В 

казахском  ауле  байство  обладало  большей  властью,  авторитетом  и  доминирующим  влиянием  на 

своих сограждан. В республике был предпринят ряд крупных мероприятий для ограничения, а затем и 

уничтожения этой части аульного населения, якобы представлявшей угрозу существующему режиму. 

С  этой  целью  в  стране  была  развернута  массированная  идеологическая  кампания,  обосновавшая 

необходимость «освобождения бедняков от вековой байско-феодальной эксплуатации».  

Практически  не  вникая  в  понимание  ситуации,  сложившейся  в  традиционном  казахском  об-

ществе, не отдавая должного месту и роли казахских баев в нем, Советская власть начала массовую 

конфискацию имущества и скота у них. Об этом свидетельствуют нормативные  акты и директивные 

распоряжения партийных и советских органов, основанные на категориях «казахские баи-феодалы и 

полуфеодалы», «середняк», «бедняк», «кулак», «классовое расслоение», «классовая борьба в ауле» 

и т.д., которые были оторваны от реального положения дел в казахском ауле. Глубокое заблуждение 

руководителей Советской власти, не владеющих реальным положением дел, о якобы господстве па-

триархально-феодальных  отношений  в  казахском  ауле,  привело  к  ускорению  сроков  социально-

экономических преобразований в республике и как следствие применению  насильственных методов 

[1, с. 72]. 

В  начале  мая  1928  года  ЦК  ВКП(б)  дает  директиву  партийной  организации  Казахстана,  в  ко-

торой указывает, что в целях борьбы с экономическим и политическим влиянием крупных скотоводов, 

а  также  лиц  из  бывших  привилегированных  сословий,  считать  необходимым  провести  конфискацию 

имущества  и  выселение  наиболее  крупных  скотоводов  и  лиц,  принадлежащих  к  вышеуказанным 

группам. 

Партийными    и  советскими  органами  в  республике  была  начата  политическая  кампания,  на-

правленная  на  дискредитацию  казахских  баев,  представлявшая  их  в  качестве  «врагов»  казахского 

народа. Обвинения, предъявляемые байской прослойке в том, что они продолжают «глубоко и жесто-

ко  эксплуатировать»  массу  аульного  населения,  держать  его  в  «нищете  и  вековой  темноте»,  были  

опубликованы в  обращении Президиума ЦИК Казахстана «Ко всем трудящимся Казахстана» 8 авгус-

та  и  5  сентября  1928  г.    Одновременно  в  печати  и  циркулярных  письмах,  разосланных  губернскими 

исполнительными  комитетами  председателям    райоргбюро  и  аульных  Советов,  упорно  внушалась 

мысль о том, что данное мероприятие советской власти проводится исключительно в интересах бед-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет