Әож 908 (063) Қ68 Редакциялық кеңес: Техника ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет23/92
Дата11.11.2019
өлшемі10,09 Mb.
#51560
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92
Байланысты:
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16
19 Асанбаева

Жетім ӛскен жас ғҧмырға жабығам, 

Бара мҧратым ақылыңнан табылған. 

Әке деген ҧлы есімне ес біле [1, с.12] 

Парасат пен ҧлылықты танығам - так акын воспевает свою любовь к отцу.Несмотря на свой 

возраст,  этот  человек  идет  в  ногу  со  временем,  следит  за  событиями  в  мире.  Будучи  в  2000  году  в 

июле месяце в США г.Манхэтенне, он не остался равнодушным к происшедшим событиям: 

Кӛрді АҚШ терроршыл топ есіргенін, 

Кӛрді әлем жауыздықтың кесірлерін. 

Жазықсыз қҧрбан болған манхэттендік, 

Ҧрпақтың ҧмытпайды ел есімдерін! [1, с.41] 

Также  хочется  сказать,  что  акын  учился  в  Алматы  с  известными    поэтами,    с  лауреатом 

государственной премии  Қадыр  Мырза Алиевым,  с Туманбаем  Молдағалиевым  – народным писате-

лем  Республики  Казахстан,  автором  бывшего  гимна  РК.,  был  знаком  с  Асией  Беркеновой,  в  на-

стоящее время поэт дружит с нашим земляком членом союза писателей, председателем областного 

международного общества қазақ тілі Ақылбеком Шаяхметовым.  



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

106 


 

Все они каждый в свое время посвящал Жолбарыс Баязиду стихи. 

К 75-летию акына Қадыр Мырза Алиев посвятил такие строки: 

 

Ол осындай бауырым, 

Ол осындай! 

Ойы жаңа – жайлаудың ауасындай. 

Кӛпшілдігі кӛсемдей – халық жанды, 

Жалғыздығы бақсының моласындай. [1, с.67] 

 

Высокое  мастерство,  сильный,  чистый  голос,  мелодичность  домбры  принесли  ему  заслу-

женное уважение любителей народного творчества. 

Поэзия Жолбарыс Баязита открывает двери, куда теперь может войти каждый из нас, где «душа 

выбирает то, что ей надо…».[4, с.152] 

С  целью  ознакомления  с  жизнью,  изучением  творческого  наследия  и  его  влияния  на  совре-

менную культуру казахского народа, была сделана большая работа по исследованию этой темы. 

Изучение творческого наследия акына будут содействовать воспитанию  уважения к народным 

мудростям,  песенному  наследию  и  к  искусству,  а  также  способствовать  воспитанию  подрастающего 

поколения в духе интернационализма и патриотизма. 

Данные научной работы могут быть применены при планировании воспитательного процесса в 

учебных заведениях, для развития пропаганды казахского народного творчества. 

Также  данная  работа  может  быть  использована  при  проведении  областных,  районных, 

городских мероприятии и творческих вечеров, посвященных акынам нашей области. 

В  данной  работе  содержится  просветительский,  духовно  -  нравственные  аспекты.  Работа  во-

спитывает, прививает любовь к родной земле, уважение к прошлому наследию старшего поколения. 

Поэзия Жолбарыс Баязита открывает двери, куда теперь может войти каждый из нас, где «душа 

выбирает то, что ей надо…». 

Хочу   подвести итог словами, Жолбарыс Баязида , которые призывают нас к единству

согласию, пониманию. 

Адам аталып жүргесін, 

Кемсітіп дүние күлмесін! 

Адамдық асыл мұрат сол,- 

Қор болмай ӛтсе Нұрлы Есім! [1, с.24] 

 

Список литературы: 

1. 


Сборник стихотворении «Аққу сезім» 

2. 


Книга «Жыр мен сыр» 

3. 


Газета «Костанайские новости» 2002г. 

4. 


К.Н. Алиев «Дарын далада  қалмайды» 

 

 



 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ УЕЗІНІҢ 



МӘДЕНИ-РУХАНИ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ  

 

(МЕРЗІМДІ БАСПАСӚЗ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША) 

 

 



Анасова А.Б. - тарих магистрі Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институты 

Бекбулатова А.Б. - № 15 қазақ орта мектебі мектеп директорының оқу-ісі жӛніндегі орынба-

сары 

 

Авторлар  берілген  мақалада  мерзімді  баспасӛз  материалдары  бойынша  Торғай  облысы 

Қостанай уезінің мәдени-рухани дамуына сипаттама берген. 

 

       


Мерзімді  баспасӛз  беттерінде    халқымыздың  саяси  әлеуметтік,  экономикалық  ӛмірімен  қатар 

оқу-ағарту тарихына қатысты кӛптеген деректер сақталынған. 

      

 

Мақалаларда  XIX    ғасырдың  соңы  мен    XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамы  үшін  оқудың, 



ғылымның  аса  қажеттілігімен  қатар,  ғылымға  деген  ұмтылыстың  кең  түрде  дамуы,  Қазақстанның  әр 

түрлі қалалары мен ауылдарында ашыла бастаған мектеп, медресе туралы деректер, қаржы-қаражат 

жинап,  мектеп-медресе  салдыру  арқылы  балаларды  оқытудың  кең  тарай  бастағандығы,  қазақ 

байлары  арасынан  да  осы  істе  демеушілік  кӛрсетушілердің  әр  жерден  шыға  бастағандығы  туралы 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

107 


 

мәліметтер,  оқу  ісінің  қиындықтары  мен  зәру  мәселелері  араб  жазбасына  ӛзгерістер  енгізудің 

қажеттілігі туралы нақты ұсыныстар мен мәліметтер бар. 

    


 

Жалпы,  қазақ  даласындағы  оқу-ағарту  тарихына  қатысты  алғашқы  тарихнамалық  мақала 

жазып және патша үкіметінің саясатына алғаш объективті баға бергендердің бірі М.Әуезов болған. Ол 

қазақтарды орысша оқытудағы  патша әкімшілігінің түпкі мақсаты туралы шындықты  айтқан болатын. 

Қазақ әдебиетінің классигі ӛзінің 1923 жылы «Шолпан» журналының 6-8 сандарында жарияланған 26 

беттен тұратын «Ы.Алтынсарин» деген мақаласында: «1868 жылдан кейін Үкімет Қазақ даласын шын 

бағындыру жұмысына батыл кірісті. Кӛздеген мақсатқа жету қазақтың елін бастайтын  басшыларының 

балаларын орысша оқытып, тӛре қылып, шен беріп, шекпен кигізіп, Үкімет адамы қылып, ел арасына 

жіберіп,  солар  арқылы  ел  мен  Үкіметті  жақындастырып,  елді  кіндігінен  арқандамақшы  болды»,-  деп 

жазды. 


     

Қазақстандағы XYIII ғасырдың соңында басталған отаршыл халық ағарту  ісі екі бағытта:  діни 

және  азаматтық  бағытта  дамыды.  Діни  бағыттағылары  жергілікті  тұрғындардың  қаражатымен  ұстал-

ған.  Ал  діни  мектептер  патша  ӛкіметінің  арнайы  нұсқауымен  Шекаралық  комиссия  бекіткен  молда-

лардың ашқан мектеп немесе медреселері болатын. Оларда білім берудің ешқандай жүйесі болмады. 

    


Қазақстанның  империяға  жақын  ӛлке  болуы  отарлау  саясатын  ойдағыдай  жүзеге  асыруға, 

рухани  отарлаудың  нәтижелі  жүргізілуіне  ӛте  қолайлы  еді.  Сондықтан  орысша  оқып-тәрбиеленген 

жергілікті  тұрғындардың  ӛкілдерінен  әлеуметтік  база  құру  қажет  еді.  Бұл  істе  табиғатынан  білімге 

құмар, тануға әуес қазақтарға зор сенім артылады. Торғай уезінің бастығы Яковлев 1877 жылы 11-қаң-

тарда Торғай облыстық басқармасына жазған рапортында қазақтардың оқуға, білімді игеруге немесе 

балаларын оқытып-тәрбиелеуге құлшынысы жылдан-жылға артып отырғанын атап кӛрсетеді [1]. 

    

Патша  ӛкіметі  қазақ  және  орыс  балаларын  қосып  оқытуда  күш  жұмсайды.  Бұл  қазақтарға 



орыстың мәдениеті,тілі және ӛмір салтын сіңірудің мейлінше тиімді жолы деп саналады.  

   


1860 жылы шекаралық комиссия жанынан ашылған қазақ балаларына арналған Орынбор жеті 

жылдық  мектебі  орысша  білім  таратудың  бастапқы  ошағы  еді.  Осы  мектепке  алғашқы  қабылданған 

жиырма  шәкірттің  бірі  Ы.Алтынсарин  еді.  Ол  1857  жылы  оны  үздік  бітіреді.  1864  жылы  Торғайда 

Ы.Алтынсариннің жергілікті халықтан жинаған қаржысына алғашқы орыс-қазақ мектебі ашылады.   

 

1986 жылы мамырда Торғай облысының 9 жеткіншегі Орск мұғалімдер мектебін бітіргендіктен 



мұғалімдердің  жетіспеушілігі  мәселесі  де  шешіледі.  Оларды  дер  кезінде  жұмыспен  қамтамасыз  ету 

үшін 1885 жылы болыстық мектептер ұйымдастырыла бастайды. 

 

Ы.Алтынсаринның  идеясы  бойынша,  қаржы-қаражат  пен  педагог  мамандарды  тиімді  пайда-



лану үшін болыстық  мектептер бірнеше болыстың балаларына  ортақ, шекараларының  қиылысында 

орналасуы  тиіс  болған.  Облыстағы  кӛптеген  болыстық  мектептерді  ашу  жӛніндегі  материалдар 

осының айғағы. Мәселен, Николаев  уезінің бастығы 1886 жылдың 26-ақпанында  Торғай облысының 

әскери бағытына былай деп жазады: «Қырғыз мектептерінің инспекторы Алтынсаринның уездегі  бо-

лысына  мектептің  құрылысы  мен  оған  арналған  жерді  таңдау  жӛніндегі  пікірлерін  тегіс  қолдайты-

нымды хабарлаймын»[2,б.9]. 

 

Мектеп  құрылысы  мен  оны  ұстауға  қаржы  бӛлу  бұрын  қазақтар  үшін  еріксіз  болса,  «Торғай 



облысының  уез  бастықтарына  уақытша  нұсқауда»  бұған  қазақтарды  міндеттейді.  Кӛп  ұзамай  орыс 

сыныптары  үшін  де  қазақтардан  қаржы  жиналды.  Мәселен,  Торғайдағы  медресеге  қарасты  орыс 

сыныптарын  қаржыландыру  міндеті  Шұбалаң  болысының  қазақтарына  жүктелген.  Осы  болыстың 

«құрметті  қазағы»  Байту  Асанов  ӛз  иелігіндегі  екі  үйді  медресе  мен  орыс  сыныбына    қайтарымсыз 

«берген»  екен.  Оның  үстіне  қазақтар  орыс  сыныптарына    бір  рет  оқу  құралдарын,  басқа  да  қажет 

бұйымдарын  сатып  алу  үшін  460  сом  тӛлеген  және  бұл  сыныпты  ұстап  тұруға  жыл  сайын  ӛз 

қалталарынан  700  сом  шығарып  отырған.  Бұл  жӛнінде  мұрағат  құжаттарында    былай  делінген: 

«Торғай  облысы  халық  училищелерінің  директорларының  ӛтініші  бойынша,  болыстық  сиез  қаулы 

алады: «Орыс сыныбын ашу және оны ұстап тұру үшін қажет етілетін  бірінші жылы 1160 сом, ал одан 

кейінгі жылдары  700 сомнан келетін шығын қоғамдық  есепке алынып, барлық Шұбалаң болысындағы 

түтін иелерінің жағдайына бӛлінеді»[3.б.7]. 

 

Қазақтар  жаңа  мектептің  қажеттігін  сезініп,  оның  салынуына  шынайы  мүдделілік  танытуды 



жалғастыра береді. Мысалы,Тұсұн болысының тұрғындары ӛз жеріндегі училищенің  қажеттілігін ӛтеу 

үшін  түтін  басынан  20  тиыннан  жинау  жӛнінде  қаулы  алған.  Наурызым  болысының  қазақтары  1890 

жылдың  ӛзінде-ақ  ӛздеріне  болыстық  мектеп  ашуды  ӛтініп,  мектеп  үйін  салуға  арнайы  жер  бӛлген. 

Дамбар болысының «құрметті қазағы» Жаппасбаев білім беру қажетіне мың сом шығарған [4,б.9].  

 

Билік  басындағы  шенеуніктер  ӛздерінің  шын  ниеттерін    жасыра  қойған  жоқ.  Мысалы,  әскери 



губернатордың  жылдық есебіне қосымша «1893 жылғы Торғай облысына шолуда»  «Мектептік білім 

беруді  кеңейтуде  облыстың  орыс  тұрғындарының  арасында  мектептердің  санын  кӛбейтуге  басты 

кӛңіл бӛлінді».[5,б.10] деп атап кӛрсетіледі. 

 

1896  жылғы  білім  беруге  байланысты  есебінде  әскери    губернатор    былайша  ашық  жазады: 



«Облыстық  әкімшілік  қырғыздар  арасындағы    білім  беру  мәселесіне  бар  ықыласын  салады.  Мұның 

ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

108 


 

барлығы  қырғыз  жасӛспірімдерінің  орыс  мүддесіне  кереғар  мұсылман  бағытында    білім  алып 

жатқанына байланысты оларды ығыстырып, орыс мектептерін кӛбейтуге негізделеді» [6,б.11]. 

 

Мәселен, «Қазақ» газетінің  «Торғайда орысша оқу» атты мақаласында былай кӛрсетілген:  



«Торғай уезіндегі школдар: 

4 класты городской школ-1 

2 класты орысша-қазақша школ-1 

Ремесленный школ-1 

Бір класты қыздар  школы-1 

Болосной школ-3 

Медресе қасында орысша класс-1 

Ауылный школ-31 

Медресе қасында орысша класс-1 

Ауылнай школ-31 

 

Торғай  уезінің  халқы  13  болыс.  Қазақ  һәм  Торғайдың  қаласы.  Қазақ  халқы  қазақтың  екі 



ауылнай елі шамасында. Бұл уездің жері егінге жарамсыздығынан  бұл күнге дейін мұжық аяқ басқан 

емес. Демек Торғай халқы  тегіс қазақ 1914 жылғы есеп бойынша  Торғай уезінде 104 мың 312 адам 

бар.  Бұлай  болғанда  орта  есеппен  бір  болыс  елге  3  школ  яки  2  мың  700  адамға  бір  школ  келген 

болады.  39  школда  оқушы  орта  есеппен  бір  мыңға  толмайды.  Школдың  кӛбі  (31)  ауылнай  школ 

болғанға, мұнан шыққан балалар ілгері орындарға кіріп оқымай ауылда қалса, орысша оқығанға септігі 

жоқ,  бірер  жылдан  соң  үйренгенінен  айырылады.Торғай  уезінде  орысша  оқу  жайы  һәм  халықты 

қанағаттандырарлық школ шамасы осыдан кӛрінсе керек. 

 

Орысқа бағынғаннан бері Торғай қазағынан жоғары дәреже школ бітірген жалғыз-ақ жігіт. Бұл 



күнде Оренбургтағы орта дәрежелі школдарда оқушы 5-6 ғана Торғай балалары бар» [7,б.221]. 

 

     



Қазақтардың  орыстармен  жақындасуы,  ортақ  тілге  келуі  экономикалық  тұрмыстық  қарым-

қатынасы,  қазақ  арасына  орысша  оқудың  тарауына  байланысты  болды.  Яғни,  қазақ  даласында 

орысша мектептер ашуды уақытша ереже тікелей талап етті. Бұрынғы Орынбордағы қазақ балалары 

үшін  ашылған  мектеп  жаңа  уақытша  ережеге  сәйкес  таратылды.  Қазақтардың  білім  алу  ордасы  тек 

қана Торғайдағы және Тройцкідегі 2 бастауыш мектеп, содан кейін Орынбор гимназиясы ғана еді. 

      


1875 

жылы  Орынбор  ӛлкесі  бойынша  (Торғай,  Ақмола,  Семей,  Орал  облыстары  және  Бӛкей 

хандығы)  оқу  округтік  басқармасы  ашылады.  Оның  бастығы  болып  В.В.Катаринский  тағайындалады. 

1875 жылы әрбір облыстың орталығынан облыстың басқарма мекемесін, мектеп және мешітті қоса са-

луға нұсқау  беріледі. Қазіргі ауылдарда  ізі ғана  қалған мешіттер сол кездерде салынған құрылыстар 

еді. 


     

Жергілікті  жағдайларға  байланысты  облыстық  мекемелер  салуға  мүмкіншілік  жоқ  еді.  Оның 

есесіне мешіттің жанынан мектеп салайық деп кейбір болыстар құлшына кірісіп кетті. Бұлар  медресе 

еді.  Аманқарағай  облысынан  Торғай  облысындағы  үшінші  мектеп  салынды.  Оқытушы  Қаржан 

Қаржасов болды. 

     


 

1879  жылы  Торғай  облысынан  орысша-  қазақша  2  кластық  училище  ашылды.  Оған  ерекше 

инспектор  тағайындалды.  Ол  оқу  тәрбиесінің    бағытын  бақылап  отырды.  Уездік  орталықтардан  2 

кластық училищелердің ашылуымен қатар .  

      

  

1883  жылы  Орск  қаласынан  қазақ  оқушыларының  мектебі  және  Торғай  қаласынан  кәсіптік 



училище  ашылды.1886    жылы  оқытушылар  даярлайтын  мектептің  толық  курсын  аяқтағандар  1887 

жылы болыстық мектептерге мұғалім болып орналасты. 1887 жылы Ырғыз қыздар училищесінде қазақ 

қыздарының оқып, білім  алуы жолға қойылды. 1891 жылы 1893 жылдары  облыста мұнан басқа тағы 

екі  қыз  балалар  училищесі  ашылды  (Торғайда  және  Қостанайда).  Жыл  сайын  мектептердің  ашылуы 

қаражатты  үнемі  арттырып  отыруды  қажет  етті.  Мұның  барлығы  әрбір  үйге  салынатын  салықтан 

жиналатын еді. 1891 жылы облыстағы оқу-ағартуға жұмсалған қаржы 49651 сом, яғни әрбір мектепке 

1986 сомнан келді. Сондықтан әрі арзан, әрі тиімді мектептің жаңа түрі - ауылдық мектептер ашу қолға 

алынды.  Бір  жағынан  бұл  далалық  облыстар  үшін  жаңа  Ережеге  сәйкесті  (1891  ж.  25  наурыз)  қажет 

еді. Ауылдық мектепке жылына 324 сом ғана қаржы жұмсалды. Осы мектептер арқылы облыста халық 

ағарту ісін кӛтеруге болатын еді. Ауылдық мектептер 1892 жылдың қаңтарында 30-ға жетті. 

     

Торғай облысындағы халық ағарту ісінің тарихын мына кезеңдерге бӛлуге болады. Біріншісі - 1824 



жылдан  1868  жылға  дейінгі  кезең.  Бұл  қазақ  балаларының  орыс  мектебінде  кездейсоқ  түсіп  оқып 

шығуы. Екіншісі - 1868 жылғы 21-қазандағы жарияланған уақытша Ережеге сәйкес Торғай облысында-

ғы  бастауыш  білім  беру  жүйесінің  жүзеге  асуы  және  оқуды  одан  әрі  ауыл  шаруашылығы  мектеп-

терінде,  гимназияларда,  тіпті  университеттерде    жалғастырып  оқуға  мүмкіндік  беретін  мектептердің 

ашылуы еді. Үшіншісі-1891 жылы 25 наурыздағы жаңа Ережеге байланысты облыста бастауыш білім 

беруді қолға алу және 2 кластық қалалық типтегі училищелердің, қыздар училищелерінің ашылуы еді. 

 

Патша  үкіметінің  білім  саясатының  негізгі  бағыттарында  қазақ  даласында    орыс-қазақ 



мектептерін  құрумен  қоса,  мұсылман  мектептері  мен  медреселердің  санын  шектеу,  араб  әліппесін 

және ортақ түркі («татар») тілін ығыстырып, орыс тілімен алмастыру да кӛзделеді. 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

109 


 

 

Халық ағарту министрі граф Толстой 1876 жылы императорға берген  есебінде: а) «Барлық  іс 



қағаздарында татар тілінің орнына қырғыз тілі қолданылсын...Қырғыз сӛздері орыс әліпбиімен жазыл-

сын: ә) «Осыған сәйкес біртіндеп татар тілмаштарын далалық қырғыздармен  ауыстыру керек»  деген 

ұсыныс  жасайды.  Император  бұған  келісім  берген.Бұл  ұсыныс  уездік    басақармаларға  тӛмендегідей 

түсіндіріледі:  «Бұл  нұсқаудың  дала  әкімшілігіне  ғана  қатысы  бар.Қырғыздардың  татарлануына  шек 

қою, орыс әрпімен ӛз тілдерінде жаздыру қажет».[8] 

 

Орыс әріптері негізінде қазақ әліпбиін құрастыру 1873 жылдың кӛктемінен басталады. Ерекше 



комиссия  жұмысына  Е.Шолақов,Ы.Алтынсарин  т.б.  қатыстырылады.  Ы.Алтынсарин  1879  жылы 

«Қырғыз хрестоматиясын» (бұған Ильминскийдің де ықпалы болғаны сӛзсіз) жарыққа шығарады [9]. 

 

Отаршыл әкімшілік бұл хрестоматияны насихаттап, таратуға кӛп күш салады. 



 

Облыстағы  білім  берудің  орыстық  жүйесі,  оның  негізгі  буыны  ретіндегі  орыс-қазақ  мектептері 

оқу барысындағы орыстандырудың жақсы жақтары болды. 

 

Орыс-қазақ  мектептерін  бітірген  түлектердің  біразы  қазақ  зиялыларының  алғашқы  буынын 



құрады. Олардың арасынан ӛз халқының тағдыры, келешегі үшін жанын сала күресушілер де шықты.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. 

ҚРОММ.64-қор.1 тізбе.125-іс,23-парақ 



2. 

Обзор Тургайской области за 1889 год.Орынбор 1886, 9-бет 

3. Обзор Тургайской области за 1885 год.,11 бет 

4. 


Сонда, 9 бет 

5. 


Временная инструкция 106-бет 

6. 


Сонда,54 бет. 

7. «Қазақ» Алматы,1998 ж, 221-бет 

8. 

Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты.Қ.6,Тізім 10, 8239-іс 



9. 

Сонда,1902 іс,17-парақ. 



 

 

 

 

АУЫЛЫМ - АЛТЫН  БЕСІГІМ 

 

             

Ахметчина Т.А. - биология магистрі, ҚМПИ 

            

Қонарбаева А.Б. – география мамандығының 4 курс студенті, ҚМПИ  

 

  

Мақалада Қостанай облысының Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының  әлеуметті–

экономикалық  тарихын  және  ауылдың  бүгінгі  келбетін  қарастырылады.  Қазақ  халқының  «Ауыл 

түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақалы ауылдың этникалық, экономикалық және рухани ма-

ңыздылығын  білдіреді.  Даланы  қоныс  еткен  кӛшпенділер  үшін  табиғатпен  үйлесімді  тіршілік  ету 

жеткіліксіз  еді.  Олардың  әлеуметтік  ортасы  да  адамға  қолайлы  болуы  қажет.  Шилі  ауылының 

әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу-Отан тарихын зерттеудегі ӛзекті мәселелердің бірі. 

Түйінді сӛздер: ауыл, облыс, ауыл шаруашылығы, тарихы, дамуы. 

 

  



Ауыл  –  ата-бабаларымыз  ӛмірге  келіп,  кіндік  қаны  тамған,  маңдай  тері  тӛгілген  киелі  ата 

мекені. Ананың әлдиі, аяулы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. 

 

Ауыл  –  қазақтың  алтын  бесігі.  Сұлу  сӛз  ӛрнектелген  ақын,  ән  тербеген  сазгер,  қызыл  тілді 



шешен, ел қорғаған батыр  қарапайым ауылдың  қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың 

тарихын білу  қымбат қазына. Ауыл сол жерде ӛмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып білетін 

мәңгілік кітабы. Ӛзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғынып ӛтсен ұрпақ ұлттың болмысын 

сақтай алады деп ойлаймыз. Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев: «Бір әңгіме қозғашы ауыл 

жайлы,  бұдан артық рахат табылмайды»  деп туған жерге деген ыстық сезім жырға қосқан болатын. 

Міне  осындай  туған  жерге  деген  ыстық  ықыласымыз    ауылымыздың  тарихы    жайлы  жазуға    түрткі 

болды. Жалпы аудан мұрағатында Шилі ауылының аталуының шығу тарихына қатысты деректер жоқ 

болып  шықты.  Наурызым  ауданына  қарасты    Шилі  ауылының  жергілікті  тұрғыны  Асипов  Бауыржан 

Қонарбайұлының  берген  мәліметтер    бойынша  Шилі  ауылы  обылыс  орталығынан  220-шақырым 

жерде орналасқан. Бауыржан  Қонарбайұлының айтқан мәліметтері бойынша  ауылдың аталу себебі 

«Ши»  деген  қамысқа  ұқсас  ӛсімдік    ауыл  тӛңірегінде    ӛте  кӛп  ӛскен.  Шиді  ӛріп  үйді,  қораны  кӛтеріп 

үстінен балшықпен сылаған. Сондықтан да ауыл атауы Шилі аталған деседі. 

  

Ауылда дәулетті бай кісілер ӛзінің рулас  туыстарын жақындарын қасына жинаған, солай кӛп 



ауыл  болған.  Қасындағы  ауылдармен    қарым-қатнас  жасап,  қыз  беріп,  қыз  аласып  құда-жекжат 

болған.  Осылай  Шилі  ауылы  жиімбет  руының  мененіне  айналған.  Оның  маңайында    Құмжота  деген 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет