Әож 94(574. 41-25) «1856/1917» семей қыздар прогимназия мен гимназиясының тарихынан (1856-1917Ж. Ж.) Рахимова а. А. – Абай атындағЫ ҚАЗҰпу «6М011400 – тарих»



Дата08.09.2017
өлшемі362,15 Kb.
#30377
ӘОЖ 94(574.41-25) «1856/1917»
СЕМЕЙ ҚЫЗДАР ПРОГИМНАЗИЯ МЕН ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫНАН

(1856-1917Ж.Ж.)
РАХИМОВА А. А. – АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ «6М011400 – ТАРИХ»

МАМАНДЫҒЫНЫҢ 2 КУРС МАГИСТРАНТЫ, AIDA.AR757@GMAIL.COM

(АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ)
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада революцияға дейінгі Семей қаласындағы негізі қаланған қыздар прогимназиясы мен гимназиясының (1856-1917ж.ж.) құрылу тарихы қарастырылады. Автор қыздар прогимназиясы мен гимназиясындағы оқу үрдісі, материалдық базасы педагогикалық ұжымы, оқушылардың ұлттық құрамы, әлеуметтік тегі және діни-нанымы, гимназистердің оқу көрсеткішінің үлгерім деңгейі, гимназияның сыртқы және ішкі тәртібі, оқу бағдарламасы мен оған қатысты оқу құралдары да мақалада талданады.

Түйін сөздер: Семей, қыздар, прогимназия, гимназия, орта білім беру жүйесі, реформа, гимназистер.

Революцияға дейінгі Ресей империясында қыздардың білім алу мүмкіндіктері ұзақ та, қиын жолмен жүрді. Қыздардың білім алуы керек емес «артық» дүние болып түсіндірілді. Мемлекет қыздарға болашақ маман ретінде қарамады, сондықтан қыздар мектептерін ұйымдастыруға көңіл аударған жоқ. ХІХ ғасырдың екінші жартысы яғни 50-60 жылдары Ресей империясының барлық аумағында қыздарға арналған білім ошақтары негіздерін қалай бастады. Осы уақытта қыздарды педагогикалық мамандыққа тарту белең алып, барлық әлеуметтік топтың (класс) қыздарына оқуға түсуге жол ашылады[1, 92 - б.].

Қыздарға білім беруді ұйымдастыруға (реформалауға) байланысты алғашқы қадамдар 1856 жылы көктем айында басталды. Сол жылдың 5 наурызында халық ағарту министрі А.С. Норов патша ІІ Александарға есеп тапсырады. Есепте: «Халық ағарту жүйесінде осы уақытқа дейін ерлер біліміне көп көңіл бөлінгенін. Қыздарға арналып (Август үйінің қамқорлығымен) ашылған институттарында тек шектеулі дворяндар мен шеңді азаматтардың қыздары ғана оқи алатынын, ал орта таптағы адамдардың, әсіресе губерниялық, уездік, қалалық тұрғындар өздерінің тұрмысына байланысты қыздарын оқыта алмайтынын түсіндіреді» [2, 117 – б.].

Осы есепке жауап ретінде, 1856 жылы 5 наурызда жоғарғы биліктің жарлығы шығады:«Приступить к соображениям об устройстве на первый раз в губернских городах женских школ приблеженных по курсу к гимназиям по мере способов которые к тому могут представиться». Алғашқы кезде гимназия деңгейіндегі қыздар мектептерін губерниялық қалаларда ашумен шектеледі [3, 75-78 – б.б.].

Бірақ жарлық шыққанымен оның бекітілуіне 2 жыл уақыт кетеді, себебі оның орындалуына көп азаматтар сенбестікпен қарап, халық соғыстан (1853-1856 жж Қырым соғысы) енді шыққан кезде көмек көрсетуі мүмкін еместігін алдыға тартады. Халық Ағарту Министрі А.С. Норов қалалық қоғам мен дворяндардан үмітін үзбейді. [4, 40 - б.].

Қыздар училищелері губерниялық қалаларда «жергілікті халыққа қажет болғанда» және де материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілетін мүмкіндігі болу жағдайына байланысты, аймақтық оқу басқармасының (Попечительдің) бұйрығымен ашылды. Материалды көмек қайырымдылық және жеке топтардан, оқу ақшасының есебінен құралды. Оқу ақысы І разрядты училищеде – 35 рубльден, ал ІІ разрядты училищеде – 25 рубльден аспауы міндетті болды [ 2, 129 - б.]. Білім алатын оқу ошақтары екі түрге бөлінді: ІІ разрядты училище – бастауыш мектеп негізінде, және І разрядты – толық емес гимназия типінде құрылды [5, 1 – б.].

Халық Ағарту Министрлігінің 1860 жылғы «Қыздар училищесіне» байланысты ережесі екі жаңа леп енгізді. Қыздардың оқу бағдарламасын кеңейтіп ( орыс тілін оқытуға байланысты ), педагогикалық кеңеске қосымша міндетті емес пәндер оқытуға мүмкіндік берді. Ең бастысы ол дайындық сыныптарын құру болды. Бұл бастапқы білімдері жоқ оқушыларға, дайындық сыныптарында өз білімдерін жетілдіріп алуларына түрткі жасады. Тағы бір айтылмай кетпейтін жағдай ол оқу ақысының төмендеуі. Енді І разрядты училищеге – 30 рубль, ал ІІ екінші разрядты училищеге – 15 рубльды бекітеді [2, 141 – б.].

1870 жылы қабылданған «Положение о женских гимназиях и прогимназиях» ережелер легі бойынша І разрядты қыздар училищесі – гимназияға, ал ІІ разрядты гимназиялар – прогимназияға түрленеді. Біріншісінде оқу мерзімі 7 жыл, екіншісінде 3-6 жылдың аралығында бекітіледі. 1870 жылғы ережелер 1865 жылғы ережелермен салыстыра келе қыздар прогимназиясы мен гимназиясының басқару жұмыстарына шарттар енгізеді. Айта кетсек, педагогикалық кеңестің билігі тарыла бастайды, кеңес кітап қорын таңдаудан және белгілі бір пәннен сабақ беру бағдарламасын бекітуден алыстатылады. Бұл сұрақтар бойынша жұмысты (ереже бойынша) Халық Ағарту Министрлігі атқарды. Сонымен қатар ереже бойынша оқу орнының бастығынан да және сынып жетекшісіненде үй мұғалімі немесе тәрбиешісі лауазымы қажет етілмеді. Гимназияның оқу басшысын – Халық Ағарту Минстрлігі бекітсе, ал прогимназияда – аймақтық оқу басқармасының басшысы (Попечитель) бекіткен. Жасалынған мұндай шаралар министрліктің қыздар гимназияларын кол астында қатаң бақылаудан шығарып алмау үшін қажет болған [2, 191 - б.].



Ескеретін жайт, қыздар гимназиясы оқу бағдарламасы мен дәрежесі бойынша ерлер гимназиясымен салыстыруға келмеді. Оқу бағдарламаларының жеңілдігімен және пән бойынша сағаттарының қысқа болуымен сипатталады [1, 92 - б.]. 1871 жылғы ерлердің және 1874 жылғы қыздардың оқу бағдарламаларына мән берсек, қыздарда ерлерге қарағанда айырмашылық графикалық (жазба) және қосымша пәндердің көптеп оқуында болды. Мысалы, қыздарда графикалық пәндер 11,4%-ды құраса, ал ерлерде 2,4%-ды құраған. Ал гуманитарлық пәндер үлесі ерлерде 73,7%, қыздарда 55,4%, жаратылыстану пәндерінің (ерлерде 18,9%, қыздарда 18,0%) үлес салмағы теңдей деп атауға болады, бірақ ерлер қыздарға қарағанда тереңдітіліп (әсіресе гуманитарлық пәндермен) оқытылған. 1880 жылдары Халық Ағарту Министрлігіне И.Д.Диляновтың келуі контрреформация кезеңімен сипатталады. Ол қыздардың прогимназия және гимназияларына байланысты Министр жасалынған 3 үлкен қателікті келтіреді. 1) Қыздар прогимназиялары мен гимназиялары барлық әлеуметтік топтарға (дворяннан бастап шаруаға дейін) есігін ашып беруі; 2) Гимназия жанынан арнайы педагогикалық сыныптардың құрылуы; 3) Қыздарға арналған жоғарғы курстардың ұйымдастырылуы «Үлкен қателік» саналды. Шешімі ретінде 1884 жылы желтоқсан айында Халық Ағарту Министрінің орынбасары М.С. Волконскийдың төрелігімен «Комиссия об изыскании главнейших оснований для лучшей постановки женского образования» атты арнайы комиссия ұйымдастырылады [2, 221 - б.]. 1880 жылдардағы қабылданған реформалардың басты өзегі ол гимназияларда әлеуметтік құрылымдарды ретке келтіру болды. Ережені іске асыру үшін М.С. Волконский қыздар гимназияларына 1) екі жаңа тілдердің оқылуын міндеттейді. Бұл жаңалықтың астарында қыздар гимназияларындағы жағдайлары төмен әлеуметтік топтар мен отбасылардан шыққан қыздардың тілдерге (жаңа және ежелгі шет тілдерге) ақша төлеп оқуы қиындық туғызатындығын түсінсек болады. Осылайша «тазалау» үрдісі жүргізілді. Тағы бір мәселе ол, 2) қыздар прогимназиясын және гимназиясын аяқтағаннан кейін тәрбиеленушілерге мұғалім немесе тәлімгер құқығын иемденуін алып тастау. 3) Қыздар прогимназиясы мен гимназияларын мемлекеттендіру саясаты. Бірақ бұл жоспар қаржы министрі С.Ю. Виттенің есебімен тоқтатылады. Өйткені, министрдің айтуы бойынша қыздар гимназияларына мемлекет қаржылай көмектің тек 10% -ын ғана шығарып отырғанын, ал қалған 90%-ы қалалық, земствалық, жеке, және қоғамдық топтардан жиналатындығын дәлелдейді. Сол себептен қыздар гимназияларын толықтай қамсыздандыруды мемлекет өз мойнына ала алмайтынын алдыға тартады [2, 223 - 224 – б.б.]. Соңында құрылған комиссияның 10 жылдық жұмысы 1894 жылғы елдегі қоғамдық-саяси үрдістерге байланысты, мемлекеттік кеңесшінің шешімімен комиссияның жобаларын жоққа шығарады. Ережелер легі қыздар прогимназиялары мен гимназияларындаға әлеуметтік, пәндік-бағдарламаларына т.б. үдерістеріне ешқандай өзгеріс енгізбеді [2, 226 - б.]. Қыздарға білім берудегі ұйымдастырылған заң жобаларының ішіндегі ең ірілі реформалар (қысқаша) реті осылайша жүргізілді. Жоғарыда қарастырылған реформалар легі қыздар прогимназиялары мен гимназияларының ашылуын тек Ресей империясының орталық аудандарында да ғана емес, сонымен қатар шет аумақтарында да негізін қалуына көп көңіл бөлді. Батыс-Сібір округінің құрамына кіретін Семей қаласы, онда негізі 1872 жылы қаланған Семей қыздар прогимназиясы мен гимназиясына қысқаша тоқталып өтсек. Сонымен Семей қыздар прогимназиясы 1860 жылы уездік училищенің жанынан мектеп ретінде ашылып, 1864 жылы 25 қарашада мектеп 2 сыныпты қыздар училищесіне, 1872 жылы 16 тамызда қыздар прогимназиясына түрленеді [6, 80 – б.]. Ал 1902 жылы толыққанды гимназияға айналады [7, 123 – б.]. Негізі прогимназияның гимназияға айналуы ол жергілікті билік пен халықтың тығыз қарым-қатынасының жемісі деп қарауға болады. Өйткені, көбінесе осы кезеңде, қыздарға білім жолы ашылған таңда көптеген ата-аналар қыздарын оқыту барысында нәтижелі де толыққанды болуына мән берді. Прогимназияның дайындық сыныбы мен 4 негізгі сыныпты аяқтаған қыздарға берілген анықтамамен жұмыс орнын табу қиын шаруаға айналған. Себебі, оқу орнының басшылары мұғалім бекіту барысында олардың толыққанды гимназия, семинария бітіргеніне, ал келер жылдарда университет жанынан педагогикалық курс дәрістерін тыңдаған азаматшаларға таңдау жасаған. Сондықтан қыздарына толық гимназиялық білім беру үшін, оларды империяның басқа қалаларына (басқа қалада оқыту ата-аналарға көп шығын әкелген ) жібермей жанында ұстау үшін жергілікті билікке бір емес бірнеше рет өтініш жасап, гимназияға айналуға себепкер болған. Қыздар прогимназиясы ашылған жылы 4 негізгі және 2 дайындық сыныптарынан тұрды. Жеке оқу ғимаратында орналасқанымен, ғимарат оқу үрдісіне қолайлы жасалмаған болады. Прогимназияның Попечительдік (қамқоршы) кеңесінің төрағасы Семей қалалық думасына қыздар прогимназиясында қаражаттың жеткіліксіздігін, оқу құралдарының (соның ішінді қосалқы және міндетті пәндерден) аздығынан сабақ өтудің қиындығын, сонымен бірге бөлмелердің қолайсыз, тарлығын, керек десе ғимаратта кітапхана орналастыратын бөлменің жоқ болуын мәлімдейді. Нәтижесінде 1895 жылы жасалынған жөндеу жұмыстары оқу орнының гигиеналық–санитарлы шарттарын ретке келтіреді [7, 68 - б.]. Қыздар гимназия және прогимназияларын қоғамдық және жеке қаражатпен қамтамасыз ету қиынырақ болған, өйткені қыздардың оқуына ақша салғысы келетін азаматтар кемде-кем болғандықтан, 1870 жылы 24 мамырда жоғары биліктен Халық Ағарту Министрлігінің есебіне қыздар гимназияларына көмектесуі үшін жылына 150 мың рубль ақша құйып отырған. Барлық оқу орындарына ақшалай көмек жетіспейтіндіктен, тек жағдайлары мүшкіл білім ошақтарына 2000 рубльден (гимназияға) және 1000 рубльге (прогимназия) дейін ақшалай көмектескен [8, 75 - б.].

Мысалы, Семей қыздар прогимназиясының 1890 жылғы қорытындысына мән берсек, онда оқу орнының есебіне мемлекеттік қазынадан 1000 рубль, қалалық ұйымнан 125 рубль, оқу ақысынан 1200 рубль, қол сұғылмайтын акшаның пайызынан 100 рубль, басқа да қайырымдылық көздерінен 237 рубль, барлығы 3788 рубль ақша түсіп ортырған [6, 80 - б.]. 1896 жылдың екінші жартысында прогимназияда бесінші сынып ашылады, бірақта бұл сыныпты гимназияның ғимаратының жөндеу жұмыстарының аяқталғанына дейін материалды және пәтермен қамтамасыз етуді прогимназияның қамқоршы кеңесінің төрағасы мен кеңес мүшелері Моквин, Березницкий, Никитин, Ступишын және Трейеровтар өз мойындарына алады [7, 70 - б.].

1908 жылы «Сибирские вопросы» журналының №47-48 санында «Нечьи деньги» атты мақалада қыздар гимназиясының жанындағы қала басқармасы мен ата-аналар комитеті жоғары басшылыққа оқу орнында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қазақтардан жиналған ақшадан көмек беруін сұрап өтініш жазғандары айтылады. Басшылық өтініштерін ескеріп, бірақ ақшаны әлі аудармағаны, бірақ қала әкімі Тройницкий жиналған ақшадан 50 000 рубль беруге уәде берген. Автордың айтуы бойынша, облыста 700 000 қазақ тұратындығы, бірақ ерлер гимназиясында қазақтардан 3-4 бала, ал қыздар гимназиясында бір қазақ қызының оқымайтындығын алдыға тартып, неге қазақтардың ақшасына оқу орны салына, өз балаларын бере алмайтындарына өкіне қарауы байқалады. Сонда түсінгенім бойынша қазақтардың ақшасының қайда, кімге кетіп жатқандығы, неге жұмсалғаны туралы оларға есеп бермеген. Тек керек кезде пайдаланып, іске асырылып біткен уақытта ғана хабарлаған [9,6-8 – б.б.]. Семей қыздар прогимназиясы мен гимназиясында ғимаратқа байланысты мәселелері толастамаған. Өйткені, оқу орнында оқушылар саны жылдан-жылға өсіп отырған, 1902 жылдың 1 қаңтарында оқу орнында бас-аяғы 312 оқушы білім алған. Прогимназия ғимараты білім алушыларға өте тар болған секілді, өйткені есепті жылда емтихан сынақтарын тапсырған 10 оқушыны қабылдамағандарын жазады. Егерде педагогикалық кеңес қабылдау үрдісінде әр сыныптағы бала басына шаққандағы ауа сыйымдылығын ескеретін болса, онда 1 - 4–ші сыныптарға қабылдаудан бұрын, прогимназияда білім алып жатқан біршама оқушыны шығаруына тура келетінін алдыға тартады. Оқу орнының гигиеналық тұрғыдан оқуға қабылдай алмауын көп ата-аналар түсінбейтінін, оқушылардың көп болуын қаламағандықтарынан деп түйіндейтіндерін, сол себепті аталмыш жылы Семей қаласына жұмыс бабымен ауыстырылған әулие әкейге дәлелдеуге тура келгенін баяндайды, ол азамат керек десе қызы үшін дайындық сыныбындағы пештің қасына өз қалтасынан үстел орнатуға дейін барған. Ғимарат салуға жергілікті тұрғындардың экономикалық жағдайлары келмейтінін, қалалық қоғамдық басқарма бір жарым жыл бұрын ғимарат үшін аз ақша жұмсамағандықтарын, есептік жылда қамқоршы кеңестің екі рет қайтара жазылған өтінішнен кейін 4 –ші сыныпты қаржылай қамсыздандыруға 600 рубль көмек бөлгендіктерін, енді жаңа ғимарат салу мәселесіне жағдайлары келмейтіндіктерін ескереді. Сонымен бірге облыс тұрғындарынан да көмек күтуде шамалы өйткені екі жыл қатарынан бидайдың дұрыс салмауы ауқатты деген отбасылардың өздерін кәдімгідей әлсіреткенін, көмекті тек мемлекеттік қазынадан және облыстық земстволық салықтардан күтуге мәжбүр екендіктерін жазады [10, 122 - б.].

Семей қыздар гимназиясында 1905 - 1906 оқу жылына дейін оқу ақысы дайындық сыныптарында – 20 рубль, І-ІV сыныптарда – 35 рубль, V-VІІ сыныптарда – 45 рубльді құрайды, бірақ гимназия директоры З.Д. Сорокина өзінің берген есебінде кітап қорының өсуі, жаңадан қызметкерлер келуі оларға жалақылар белгілеу үшін оқу ақысын негізгі сыныптарда – 5 рубльге, ал дайындық сыныптарда – 10 рубльге қөтереді [11, 31 - б.]. Ал оқу орынның 1917 жылғы оқу ақысы: 125 оқушы – 3 дайындық сыныптар – 40 рубль жылына, барлығы 5000 рубль, 266 оқушы – 50 рубль жылына – 13 300 рубль, 172 оқушы – 60 рубль жылына – 10 320 рубль, 10 оқушы – 80 рубль жылына – 800 рубль, 35 оқушы – 100 рубль жылына 3500 рубльді құраған [12, 1 - б.].

Семей қыздар прогимназиясы мен гимназиясының оқушыларның ұстанған діні мен әлеуметтік құрамы. Кестеде көрсетілгендей мұнда мұсылман қыздар (ұлты көрсетілмейді қазақ немесе татар т.б. ) тек 1906 жылдан бастап аз – аздап оқуға түседі. Негізгі бөлігі орыс ұлты қыздарының құрағаны көрініп тұр. Сонымен бірге дворяндар мен шеңді азаматтар, мещаньдар және саудагерлердің қыздары басым болған.

Кесте 1. Семей қыздар прогимназиясы мен гимназиясының оқушыларының діни және әлеуметтік құрамы [13 ].



Жыл

Діні

Әлеуметтік құрамы



Православтық

Рим-католиктік

Мұсылмандар

Басқа християндар

Иудейліктер

Протестантықтар

Двояндар мен шенді азаматтар

Текті дворяндар

Дің қызметкерлері

Құрметті азаматтар мен 1-ші гильдия саудагерлері

Мещандар мен 2-ші гильдия саудагерлері

Шаруалар

Казактар

Қазақтар

Шет елі азаматтары

Басқалар / бұратана












































1900


282

2

-

-

3

2

123




9

3

131

9

10





2

1901

304

2

-




4

2

105




14

5

171

6

12







2

1902

320

5

-

-

2

-

125




16

18

137

10

18

-

1

2

1903

325

9

-

-

5

-

165




19

4

129

9

8




3

2

1904

331

5

-




7

-

161




17

1

146

10

7



1

-

1905

347

10

-




8

-

163




21

32

76

11

13




3

46

1906

395

9

1

-

14

-

111




15

9

251

8

8

-

2

10

1907

412

10

3

2

15

-

162

25

20



198

15

17

-

2

3

1908

393

12

15

1

13




184




23



178

7

17







14

1910

415

11

4

3

18




172




20

42

143

41

21




2

10

Егер пайыздық көрсеткішпен көрсететін болсақ, 1909 жылғы есепті қоспағанда, 1900 бен 1910 жылдың аралығындағы есеп бойынша, діни ұстанымдары бойынша прогимназия мен гимназияда православты дін өкілдері 95%, рим-католиктер 1,5%, мұсылмандар 0,6%, басқа християндар 0,2%, иудейліктер 2,4%, протестанттықтар 0,1% пайызды, ал әлеуметтік құрамына тоқталсақ, пайыздық көрсеткіш бойынша дворяндар мен шеңді азаматтар 40%, текті дворяндар 0,7%, құрметті азаматтар мен 1-ші гильдия саудагерлері 42,1%, мещандар мен 2-ші гильдия саудагерлері 42,1%, шаруалар 3,4%, казактар 3,5%, шет ел азаматтары 0,4%, басқалар 2,5% құраған. Бұл пайыздық көрсеткіштен дін бойынша православтардың, ал әлеуметтік құрамы бойынша дворяндар мен саудагерлердің және мещандардың басымдығын көреміз.



1902 жылдың 1 қаңтарында прогимназия оқушыларының жас шамалары 7 мен 18 жастың арасын қамтыған, соның ішінде 7 жастағылар 1%, 8 жастағылар 7,7%, 9 жастағылар 10,3%, 10 жастағылар 16%, 11 жастағылар 10,3%, 12 жастағылар 11,5%, 13 жастағылар 12,2%, 14 жастағылар 11,2%, 15 жастағылар 7,7%, 16 жастағылар 7,1%, 17 жастағылар 4,5%, 18 жастағылар 0,5% көрсеткішті құраған. Сонда анықтауымыз бойынша, оқу орнында негізгі жас шамалар 10, 12, 13, 14 жастағылар болған. Енді қыздардың тұрғылықты мекендеріне мән берсек, оқу орнында тек Семей облысынан басқа, Ақмола, Жетісу, Томск облыстарынан оқушылар оқыған. Бірақ басым бөлігі Семей облысы құраған [10, 20 - б.].
Кесте 2. 1902 жылдың 1 қаңтары бойынша Семей қыздар гимназиясындағы оқушылардың тұрғылықты мекен-жайлары туралы есеп. [10, 20 - б.].


Сыныптар

Семей облысы

Жетісіу облысы

Томск губерниясы

Ақмола облысы

Ата-аналары Семейде тұратын оқушы-р саны

Туыс-да тұратын оқушы-р саны

Жеке пәтерде тұратын оқушылар саны

Кіші дайын-қ сынып

1






1

41

1

1

Жоғарғы дайын-қ сынып

6

2




1

31

5

4

І

6

1

1

1

35

6

3

ІІ

10

2

2




33

7

8

ІІІ

10




2

3

39

7

9

ІV

7




4




25

2

9

V

6




2




17

2

6



3

2

2




14

1

6

Барлығы

49




13

6

235

31

46


Қыздар прогимназиясы мен гимназиясының мұғалімдері жұмыс орнына тек үй мұғалімі және тәлімгері лауызымы болған жағдайда ғана аймақтың оқу басқармасының қамқоршысымен тағайындалған. Оқу орны басқарушы және атқарушы бөлімдерден тұрды. Оқу басшысынан, педагогикалық кеңес пен Попечительдік (қамқоршы) кеңес және мұғалімдер кадрынан құралды. 1890 жылғы дерекпен Семей қыздар прогимназиясының педагогикалық құрылысына шолу жасасақ, педагогикалық кеңестің төрағасы Семей қалалық училищесінің инспекторы Леонидь Васильевичь Кривоногов болған. Бұл ретте айтатын болсақ Халық Ағарту Министрлігі қыздар прогимназия және гимназияларына педагогикалық кеңесіне төрағалық ету мәртебесін тек ерлер оқу орындарының басшыларына ұсынған, сонымен қатар бұл құбылыс әйелдер арасында жоғары оқу орнын бітірген азаматшалардың болмауына байланысты болған. Оқу орнының басшысы Мария Ивановна Захарова. Омбы қыздар гимназиясында білім алған, үй мұғалімі атағы берілген. І және ІІ сыныптарға бейнелеу өнерінен сабақ берген. Жылдық ақысы басшылық қызметі үшін 300 рубль және сабақ сағаттары үшін 60 рубль. Заң оқытушысы және әулие әкей Александр Гавриловичь Попов. Томск рухани семинариясында білім алған. Дайындық сыныптармен қоса І, ІV сыныптарда құдай заңдарын оқытқан. Жылдық ақысы 250 рубль. Прогимназия мұғалімдеріне тоқталсақ: орыс тілі пәнінің мұғалімі Надежда Михайловна Сиязова. Омбы қыздар гимназиясында білім алған. Үй тәлімгері атағын иемденген. І және ІІІ сыныптарда орыс тілі пәнін оқытқан. Жылдық ақысы 300 рубл. Математика мұғалімі Вера Федоровна Вячеславова. Томскідегі Маринск қыздар гимназиясында білім алған. Үй мұғалімі атағын иемденген. І және ІV сыныптарға математика пәнін оқытқан. Жылдық ақысы 400 рубл. Тарих және география пәнінің мұғалімі Клавдия Егоровна Желтина. Омбы қыздар гимназиясында білім алған.Үй мұғалімі атағын иемденген. ІІІ және ІV сыныптарға тарих, ал І және ІV сыныптарға география пәндерін оқытады. Айлық ақысы 300 рубль. Көркем жазу мұғалімі Любовь Гавриловна Никитина. Омбы қыздар гимназиясында білім алған. Үй мұғалімі атағын иемденген. І және ІV сыныптарда көркем жазу пәнінен оқытады. Жылдық ақысы 150 рубль. Жоғарғы дайындық сынып мұғалімі Аполлинария Михайловна Суворцева. Омбы қыздар гимназиясында білім алған. Үй мұғалімі атағын иемденген. Аталмыш сыныпқа орыс тілі, арифметика, көркем жазу пәндерін оқытқан. Жылдық ақысы 300 рубль. Төменгі дайындық сынып мұғалімі Агриппина Михайловна Меркушева. Омбы қыздар гимназиясында білім алған. Үй мұғалімі атағын иемденген. Аталмыш сыныпта орыс тілі, арифметика, көркем жазу пәндерін оқытады. Жылдық ақысы 300 рубль. Қолөнер пәнінің мұғалімі Анна Егоровна Барулина. Одесса қыздар гимназиясында білім алған. Үй мұғалімі атағын иемденген. І және ІV сыныптарда қолөнер пәнін оқытты. Жылдық ақысы 150 рубль. Оқу орнының мұғалімдерін саралай келе басым бөлігі Омбы қыздар гимназиясында білім алғандығы көрінеді. Тек бір-екі мұғалім ғана шет аймақтан келген. (Негізінде Сібір жеріне жұмысқа тұруға көп (оқыған) азаматтардың ниеті болмаған. – Р.А.).

Сонымен қатар прогимназияда қалалық училищенің мұғалімдері сабақ берген, айтатын болсақ: Сергей Николаевичь Степанов. ІV сыныпқа орыс тілі пәнін оқытты. Федор Яковлевичь Брутань. ІV сыныпқа жаратылыс тарихын оқытты. Василий Михайловичь Несмелов. ІІІ және ІV сыныптарда бейнелеу өнерінен оқытты. Лев Павловичь Степанов. Дайындық және І, ІV сыныптарда ән пәнін оқытқан [6, 81 - 83 – б.б.]. Жоғарыда айтқанымыздай оқу орнының басқарушы тобындағы қамқоршы кеңесті бөліп көрсетуміз шарт, өйткені Попечитель (қамқоршы) мен Попечительдік кеңестің атқарар жұмысы маңызды болған.



Попечительдік (қамқоршы) қызметке кеңінен тоқталар болсақ, әр оқу орнының Попечителі (қамқоршысы) және Попечительдік кеңесі болған. Ресей империясында нормативті-құқықтық басқарудың жүйесінің арқасында халық ағарту үрдісін қамқорлыққа алу туралы келісімді жүйесі қалыптасады. Аталмыш жүйе орта білім беру жүйесінде анық байқалды. 1786 жылы 5 тамызда орта білім беру облысындағы алғашқы қамқорға алу туралы заңды акт «Устав народных училищ» қабылданады. Бұл аталмыш ереженің ішінде Попечительстваға (қамқоршылыққа) байланысты «О попечителе народных училищ губернии или наместничества» жеке бөлім көрсетілді, онда қамқоршылардың міндеттері мен құқықтары көрсетілді: «Попечитель народных училищ в каждом наместничестве есть губернатор, имеющий при генерал-губернаторе главное об училищах попечение». Әр уездік қалада құрметті қамқоршылар дворяндар мен шеңді азаматтардың арасынан сайланып, аймақтық оқу басқармасының Попечителі (қамқоршы) болып бекітілді. Олар оқу орнының басшылығымен біріге отырып, оқу, тәрбие, үрдістеріне, шаруашылық жұмыстарына, қоғаммен байланыстыру шаруаларымен айналысқан. Попечительдердің (қамқоршы) қайырымдылық көмектері (материалды көмек көрсете алу көрсеткіші мемлекеттік лауазымға бекіту барысында үлкен рөль ойнаған) оқу орындарына үзілмес кіріс кіргізіп отырған. 1860 жылы 10 мамырда «Положения о женских училищах ведомства Министерства Народного Просвещения» заңдар жинағы шығады, онда әр қыздар училищесінде аймақтық оқу басқармасының қамқоршысы мен оқу орнының қамқоршы кеңесінің сайлауымен Попечительницаны (қамқоршы) сайлауы тиісті болды. Қамқоршы кеңестің құрылуы, оның штаттық құрылымы заңмен белгіленіп отырды. Қамқоршы кеңестың құрамы 5 таптырмас және таңдаулы мүшелерден тұрды. Таптырмас мүшелеріне: училище қамқоршысы, уездік дворяндар көшбасшысы, училище немесе гимназия директоры, қала басшысы немесе бургоминистр және училище бастығынан (начальница) құралды. Ал таңдаулы мүшелер кеңес арқылы сайланды. Олардың құрамына: біреуі дворян немесе шеңді азаматтардан, екіншісі сауда өкілінен таңдалынды. Жалпы Попечительдік (қамқоршы) кеңеске төмендегідей міндеттер жүктелді: 1) Училищеге Попечителін (қамқоршысын), басшысын және барлық мұғалімдері мен оқытушыларын тағайындау; 2) Оқу орнының жағдайын жақсарту жолында материалды көмек (қаражат) жинау; 3) Оқу орнының қаражатын дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету; 4) Міндетті және қосалқы сабақтар үшін оқу ақысын белгілеу және қадағалап отыру; 5) Оқу ақысын төлей алмайтын немесе жақсы тәртіп пен оқу үрдісін көрсеткен оқушылар үшін көмек көрсету; т.б. Кеңес әр жыл сайын 3 көшірмеде оқу орнының жағдайы мен оқу үрдісі жайында есеп дайындағын. Біреуі аймақтық оқу басқармасының қамқоршысына, екіншісі губерния басшысына, үшіншісі губерниялық ведомостьтарға шығарылымға берілді. Кеңестің өзіндік таңбасы болған. Осылайша қамқоршылық институтының нормативті-құқықтық базасы Халық Ағарту Министрлігінің оқыту жүйесін жетілдіру жолында, жеке және мемлекеттік секторлардың байланысуы арқылы құрылғанын көре аламыз [14, 191 - 192 – б.б. ].

Семей қыздар прогимназия мен гимназиясының Попечительдік (қамқоршы) кеңестің мүшелеріне келер болсақ: Қамқоршы кеңестің төрағасы, Семейлік саудагер Алексей Васильевичь Москвинь. Педагогикалық кеңестің төрағасы Леонид Васильевичь Кривоногов. Прогимназия басшысы Мария Ивановна Захарова болған. Аймақтық оқу басқармасының Попечителінің (қамқоршысының) бұйрығымен 3 жыл уақытқа бекітілген кеңес мүшелері: Семей саудагерінің ұлы Семен Федоровичь Плещеев. Семей саудагері Петр Иустиновичь Березницкий [6, 81-83 – б.б.].

Семей қыздар прогимназиясы мен гимназиясындағы мұғалімдердің санына келсек, 1888 жылы 1 директор, 1 заң оқытушысы, ғылым мен тіл мұғалімдерінен 3 ер және 7 әйел азаматша. Ал 1915 жылы 1 директор, 2 заң оқытушы, 3 ер және 13 әйел азаматша қызмет атқарған [8,338 – 339 - б.б.]. 1907-1908 жылдары гимназия барлығы екі дайындық сыныптарынан және негізгі 8 сыныптан тұрды. Дайындық сыныптар жоғарғы және кіші разрядтарға бөлінді. Негізі екі сыныптада сабақ сандары теңдей өтілді, тек мұғалімдері бөлек болды. Айта кететін болсақ, аптасына орыс тілі 5 рет, арифметика 5 рет, көркем жазу 6 рет, құдай заңдары 2 рет өтілді. Оқу орнында негізгі екпінді пәндер қатарына орыс тілі 20 сағат, география 20 сағат, арифметика 19 сағат, француз тілі 23 сағат, неміс тілі 19 сағат, бейнелеу өнері 16 сағат, көркем сөйлеу 18 сағат болғандарын байқаймыз. Сонымен бірге мұғалімдер сабақ сағатымен қанағаттанбаған секілді, өйткені география пәнінің мұғалімі А. Суворцева педагогикалық кеңестен бірінші сыныпта аптасына 2 сағат өтілетін география пәніне тағы бір сағат қосып беруін сұрайды. Айтуы бойынша, география пәнінің күрделілігін ескере отырып, соның ішінде математикалық географияға тоқталғанда берілген уақыт мүлдем жетпейтінін, бірінші сыныпта үлгермеген тақырыптарды, екінші сыныпта жалғастырып оқып жүргендіктерін баяндайды [15, 58 – б.]. Ал арифметика пәнінің мұғалімі Е.Ш.Харченкода бірінші сыныптағы 3 сағаттық арифметика сабағын тек күшейтілген үй жұмыстары арқылы үлгеруге болатынын, сондықтан аптасына тағы бір сағат қосып беруін сұрайды [15, 59 - б.]. Гимназия басшылығы мұғалімдердің кәсіби машықтануы мен денсаулығына көп мән берген. Мәселен, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Давидова текті азамат өзінің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Ресей империясының басқа да оқу орындарын аралап шығу үшін гимназия басшылығынан мамыр, маусым, шілде, тамыз айларына қаражат бөлулерін сұрайды. Жауап ретінде, Н.М. Давидова азаматшаға рұқсат беріліп, барған оқу орнында (гимназиясында) балаларға керекті құрал-жабдықтарды алуға 25 рубль аванс бекітеді. Сонымен бірге педагогикалық кеңестің шешімімен дайындық сыныптарының мұғалімі А.М. Нечаева азаматшаға көзінің қатты ауруына (егер гимназия дәрігері растаған жағдайда) байланысты емделуіне 200 рубль жәрдемақы ұсынады [ 11, 8 - б.].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында көптеген қыздар және ерлер гимназия

және прогимназияларында оқушылардың саны ұдайы өсіп отырған. Кейбір жағдайларда сыныпта оқушылар саны 60-қа дейін жеткен, ал орташа есеппен 40 оқушыдан аспауы шартты болған. Мұндай жағдайларды тек қосалқы (параллель) сыныптар ашу арқылы ретке келтірілген. 1909 жылы 17 тамызда осы жағдайға байланысты Семей қыздар гимназиясында қосалқы (параллель) 3-ші сынып ашу туралы педагогикалық кеңесте талқылынады. Гимназия директоры З.Д. Сорокина алдағы оқу жылында қосалқы (параллель) 3-ші сынып ашу керектігін, өйткені 3-ші сыныпта барлығы 59 оқушы, алардың ішінен тек 8-і басқа қаладан, ал қалғандарының ата-аналары Семей қаласында тұратындықтарынан, олардың өздерінің жергілікті гимназияда балаларының білім алуларын қалайтындықтарын баяндайды. Ғимараттағы жылу жүйесі мен үй тазалау жұмыстарына ақшаны есептемегенде, қаражаттың негізгі бөлігі ғимаратты жалдауға және мұғалімдердің айлық ақысына жұмсалатынын белгілейді. Жалпы алғанда 300 рубль ғимаратты жалдауға, ал 780 рубль мұғалімдердің айлық ақысына, сабақ құны жылына 40 рубль жұмсалатынын бекітеді. Оқитын пәндеріне: (аптасына 18 сабақ) құдай заңдары - 2 рет, орыс тілі – 4 рет, арифметика – 4 рет, тарих – 3 рет, география – 3 рет, бейнелеу – 2 рет. Оқу орнында қосалқы (паралель) сынып ашылған жағдайда құжаттарын реттеу, рәсімдеу және Халық Ағарту Министрлігіне бекіту жұмыстарын атқару тікелей Попечительдің (қамқоршының) құзыреттілігіне кірген. Бірақта айта кететін жайт, қосалқы (параллель) сыныптарды ашу үшін қаражатты оқу орны өз мойнына алған. Бұл ашылғалы отырған қосалқы (параллель) 3 сыныпта бар-жоғы 20 қыз білім алатынын, барлығында оқу ақысынан босатылуына құқығы жоқтығын, өйткені сыныпты қамсыздандыруға шығарылған 1080 рубль қаражат әр қыздан 40 рубльдан жылына төленіп отырған жағдайда ғана жиналатынын ескертеді [11, 88 - 89 – б.б.].

Мұнымен қоса, 7 жылдық оқу жылымен қатар гимназия ішінен үй мұғалімі немесе үй тәлімгері лауазымын алу үшін арнайы курс ашылуы міндетті болды. Арнайы курста білім алушы қыздарға оқу-тәрбие ісін жүргізудің бастамалары мен қағидалары түсіндірілді. Сол үшін олар тәжірибе алу мақсатында оқытушыларының қарауымен кіші сыныптарға сабақ беруді үйренуі тиіс болған. Мысалы, Семей қыздар гимназиясында 1903 - 1904 оқу жылының қарсаңынды 8 педагогикалық курсты сынып ашылады. Бұған түрткі 7 сынып оқушыларының ата-аналарының өтініштері. Омбы қыздар гимназиясының 8 сыныптарындағы оқу бағдарламасын үлгі ретінде қарастырып, аптасына 22 сабақты бекітеді. Пәндер легі жалпы және арнайы болып бөлінді. Жалпы пәндерге: педагогика(методика, дидактика) аптасына 2 рет, орыс тілі 3 рет, математика 2 рет, тарих 2 рет, ал арнайы пәндерге орыс тілі 3 рет, математика 3 рет, тарих 3 рет, география 3 рет оқытылуы тиісті болды [11, 5 - б.]. Сыныптың қаражатпен қамтамасыз етілуі 1320 рубльді құраған. 8 сыныптың оқу-үрдісі педагогикалық тәжірибиемен қатар жүргендіктен, басты ғимаратта кіші сыныптармен орналастыру үшін, 6 - 7 сыныпты пәтер жалдап көшіру керек болады, сондықтан ол үшін қосымша 240 рубль жұмсалатынын ескертеді. Жоғарыда келтірілген шығындармен есептей келе 8 сынып қыздарына жылына 80 рубль оқу ақысын бекітеді. Болашақ сыныпта 18 қыз білім алатыны анықталады. Қорыта келгенде, сыныпты қамсыздандыру мен жеке құрамды ұстауға 1320 рубль, ғимаратқа 240 рубль, барлығы 1560 рубль. Оқу ақысынан барлығы 1440 рубль жиналатындықтан, кеткен шығынды өтейтіндіктеріне сенімді болады [11, 4 - 6 – б.б.].

Оқу орнының кітапхана қоры ауыстырылып және жаңартылып отырған. Халық Ағарту Министрлігі ұсынған кітаптар тізімінен ғана таңдалған. Мәселен, Семей қыздар гимназиясынның 1914-1915 оқу жылының педагогикалық кеңесінің хаттамасында кітапхана қорын толықтыруға байланысты, бүкіл пән мұғалімдеріне өздеріне керекті, білім беру, оқыту үрдісінде пайдалы болатын кітаптардың тізімін (Халық Ағарту Министрлігі мақұлдаған тізімінен) бір айдан қалдырмай беруін сұрайды [15, 8 - б.]. Сонымен бірге әдебиеттерге байланысты мұғалімдер бекітілген оқулықты ауыстыруға мүмкіндіктері болған. Мысалы, гимназияның орыс тілі мұғалімі В.Головко 1907 жылы 7 наурыздағы есебінде көптеген жылдар бойы гимназияда оқылып жүрген Кирпичьниковтың «Синтаксис русского языка» кітабынының орнына Семей қыздар гимназиясының 3-4 сынып оқушыларына Петровтың «Опыть практического учебника русской грамматики синтаксись в образцах» кітабын пайдалануын педагогикалық кеңестен рұқсат сұрайды. Кирпичьниковтың кітабының кемшілігін оның теориялық құрылымын аз пайдаланатындықтарын, тек кітаптың соңындағы мысалдарды қолданғандарын алдыға тартады [15,23 б]. Жауап ретінде педагогикалық кеңес есепті қарай келе, келер оқу жылынан бастап алғашқы екі сыныпта Петровтың «Этимология» ал үшінші және төртінші сыныптарда «Синтаксис» кітабын пайдалануға рұқсатын береді [15, 22 - 23 - б.б.].

Оқу орнын толық және үздік бітірген қыздарды, алтын, күміс медальдармен, кітаппен марапаттаған. Бір жылда екі алтын мен үш күміс медальдан артық шығарылмаған. Егер оқушы (қыз) арнайы курсты оқыған болса, онда үй мұғалімі немесе үй тәлімгері лауазымы берілген. Оқуды бел ортасынан тоқтаткан ( 3-4 сыныпты прогимназияны бітірген) және жастары 16 – дан асқан қыздарға және гимназияның толық курсын оқыған, бірақта алтын-күміс медальдармен марапатталмаған қыздар бастауыш сынып мұғалімі және халықтық училищелердің мұғалімдері лауазымына ие болды. Гимназиялар мен прогимназияларда оқушылардың оқу үлгерімдеріне айрықша көңіл бөлген. Оқу жылының соңында сыныптан-сыныпқа ауысуға байланысты үздік оқушыларды емтихансыз, ал жеке пәндер бойынша немесе барлық пәндер бойынша артта қалған оқушыларға емтихан жүргізген. Семей қыздар гимназиясында жыл соңында жүргізілетін емтихандар легі: 4 кіші сыныптарға орыс тілден жазбаша жұмыс, ал жеке пәндер бойынша ауызша. Жоғарғы сынып оқушылары жыл бойында екі пәннен төмен баға алса емтиханға жіберілген, төмен бағаланған пәндер бойынша емтиханды демалыстан кейін тапсырғызған, сонымен бірге басқа пәндерден аттестациядан өтіп, бірақ үш алған жағдайда олар көктемде қайтадан емтихан тапсырған. Сыныптан-сыныпқа емтихансыз пәндер бойынша төрттік бағадан төмен түспеген оқушыларды ауыстырған. Ал үшпен оқитын қыздарға олардың оқу деңгейі мен денсаулығына қарап, арнайы сөгіс жариялаған [15, 21 - бб.].

Гимназия қыздарына жазғы демалыста қолдарына кітап-құралдарын ұстатып (кітаптары жиналып алынбаған секілді), үй тапсырмаларын берген, тек тамыз айында қайтадан емтихан тапсыратын қыздардан басқа оқушылар (әр сыныпқа) міндетті түрде жұмыстарын оқу жылының 1 тоқсанында тапсырып қорғаған [15, 51 - 52 - бб.]. Мысалы, география және тарих сабағынан жазғы демалысқа: 1 сыныпқа Ивановтың кітабының бірінші бөлімінен география туралы әңгімелерді оқып келу, 2 сыныпқа Балқан түбегі туралы қайталау, 3 сыныпқа – Европалық Ресейдің губерниялары, 4 сыныпқа – Ивановтың кітабынан саяхаттар туралы әңгімелерді қайталау, 4 (параллель) сыныпқа – Египет, Сахара, Солтүстік Америка Құрама Штаттары туралы. Тарих сабағынан 3 сыныпқа – І Петр мен ІІ Екатеринаның патшалық құру кезеңін, 4 сыныпқа – Рим империясын қайталау, т.б. [15, 77 - б.].

Қорытындылай келе, ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары қабылданған заңнамалар жинағы, алғашқы рет қыздардың (барлық әлеуметтік топтардың, тек бай отбасылардың ғана емес) білім алуына мүмкіндік жасады. Бұл айтылған іс оңайлықпен келген жоқ әрине, алдынан көптеген қиындықтар мен келіспеушіліктер тұрды, сонда да қоғамның өсіп дамуы үшін отбасының ұйытқысы мен ошақ басының қорғаушысы болып отырған қыз баласына білім нәрімен сусындау маңыздырақ, өйткені білімді және көкірегі ояу болашақ азаматтардың тәрбиелеушілерде солар болды. Қыздардың прогимназиялық және гимназиялық білім алу жүйесі қыздарды педагогикалық мамандыққа араластырудың (өйткені сол уақыттарды мұғалімдік мамандыққа тек ер адамдар қабылданған) белең алынуынан дами түсті. Бірақ жоғарыда айтып кеткеніміздей ерлерге қарағанда қыздарды отбасылық өмірге бейімдеп оқытқан.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Исакова Е.Г. Образовательный уровень преподавательниц женских гимназии и прогимназии Западно-Сибирского учебного округа (конец ХІХ – начала ХХ в). // Известия Алтайского государственного университета. – 2012. – № 4-2 (76) .– С. – 92 – 95.

2. Днепров Э.Д., Усачева Р.Ф. Среднее женское образование в России. – Учебное пособие. – Москва:. Дрофа. – 2010. – 288 с.

3. Сборник постановлений по Министерству народного просвещения: В 5 т. – СПб., 1865–1875 с.

4. Чистикова Е.А. Создание женских средних училищ при министре народного просвещения А.С.Норове. // Ярославский педагогический вестник. – 2014. №2 – Том І. – С – 39-43.

5. Перцев В.В. Гимназическое образование в дореволюционной России: вторая половина ХІХ – начало ХХ века // Концепт. – 2013. – №01(январь). – С – 1-7.

6. Памятная книжка Западно-Сибирского округа (на 1890 год). – Изд. 2-ое канцелярии Попечителя. – Томск:Типо-литография В.В.Михайлова и П.И.Макушина, 1890. – VІІ, 201, (1) с., (1) л. ил., карта; 24 см.

7. Халитова И.Р. Проблемы народного образования в Казахстане в 1867-1914 г.г. ( становление, этапы, уровень развития на материалах Северо-Восточного Казахстана) – Алма-Ата. – 1992. – 186 с.

8. Исакова Е.Г. Преподаватели средних учебных заведений Западной Сибири второй половины ХІХ – начала ХХ в. – Кемерово. – 2014. – 349 с.

9. V. Нечьи деньги. V. – // Сибирские вопросы. – 16 декабря 1908 г. - №47-48. – С – 6-8.

10. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архивы. / ҚРОМА /, 15 – қор., 1 – тізім., 39 – іс., Протоколы Попечительного совета Семипалатинской женской гимназии 1902 год. – 160 - п.

11. ҚР ОМА. 502 – қор., 1 – тізім., 3–іс., Протоколы Попечительного совета Семипалатинской женской гимназии 1903-1909 г. – 92 п.

12. ҚР ОМА. 502 – қор., 1 – тізім., 21 – іс., Протоколы Попечительного совета Семипалатинской женской гимназии. - 114 - п.

13. Обзор Семипалатинской области за 1900 г – Семипалатинск: Типография Областного Правления., - 1901 г., -89 с; Обзор Семипалатинской области за 1903 г, - Семипалатинск: Типография Областного Правления., - 1904 г., - 127 с; Обзор Семипалатинской области 1904 г, - Семипалатинск: Типография Областного Правления., - 1905 г, - 110 с; Обзор Семипалатинской области за 1906 г, - Семипалатинск: Типография Областного Паравления, - 1907 г., - 98 с; Обзор Семипалатинской области за 1908 г, - Семипалатинск: Типография Областного Правления, 1909 г., 114 с; Обзор Семипалатинской области за 1910 г, - Семипалатинск: Типография Областного Правления. - 1912 г., - 111 с;

14. Галиулина С.Д. Нормативно-правовое регулирование института попечительства в народных училищах Российской империи. // Исторические науки: теория и практика общественного развития. – 2012. – №5. – С. – 191-192.

15. ҚР ОМА. 502 – қор., 1 – тізім., 6 – іс., Педагогический Совет Семипалатинской женской гимназии на 1907 г. – 56 - п.



РЕЗЮМЕ

РАХИМОВА А. А. – МАГИСТРАНТКА 2 КУРСА КАЗНПУ ИМЕНИ АБАЯ, ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «6М011400 – ИСТОРИЯ», AIDA.AR757@GMAIL.COM

(Г.АЛМАТЫ, КАЗНПУ ИМ. АБАЯ)
ИЗ ИСТОРИИ СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ЖЕНСКАЯ ПРОГИМНАЗИИ И ГИМНАЗИИ (1856 – 1917 ГГ.)
В статье рассматриваются вопросы истории создания женской прогимназии и гимназии (1856-1917гг) в дореволюционный период в городе Семипалатинск. Автор анализирует учебный процесс, материальную базу, состав педогогического коллектива, национальный, социальный и религиозный состав учащихся, уровень учебных показателей успеваемости гимназистов, правила поведения в учебном заведении и за его пределами, средства обучения и содержание учебной программы женской прогимназии и гимназии.

Ключевые слова: Семипалатинск, женская, прогимназия, гимназия, система средного образования, реформы, гимназисты.
SUMMARY
RAKHIMOVA. A. A. – 2TH COURSE MASTER SPECIALTY OF “6M011400 – HISTORY”, AIDA.AR757@GMAIL.COM ( CITY ALMATY, KAZNPU NAMED ABAI)
FROM THE HISTORY OF THE SEMIPALATINSK FEMALE PROGYMNASIUM AND GYMNASIUM (1856 – 1917 Y.Y.)

The article considers issues of history of female progymnasium and gymnasium (1856-1917 y.y.) to the before revolutionary period in the city of Semipalatinsk. The author analyzes the educational process, material resources, the composition of pedagogical staff, national, social and religious composition of students, level of academic performance of students, rules of conduct in school and beyond, learning and the curriculum female progymnasium and gymnasium.



Key words: Semipalatinsk, progymnasium, gymnasium, female, the system of middle education, reform, gymnasium student.
Каталог: edu.history -> media -> upload -> 2639 -> 2017
2017 -> Төленова З. М., Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ. к., доцент артында өшпес мұра қалдырған айтулы ғалым
2017 -> Зият шәКӘрімұлының ТҰЛҒалық келбетінің Қалыптасуына ықпал еткен факторлар
2017 -> Қазақстан дербес прокуратурасының негізін қалаушы
2017 -> Қазақ-жоңҒар қатынасы алыс шетел зерттеушілерінің ЕҢбектерінде
2639 -> Түркия қазақтарының этномәдениетінің ерекшеліктері
2639 -> Тарих ғылымдарының докторы, профессор
2017 -> Қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесі қарсаңындағы Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерi
2017 -> Тарихи зерттеулердегі фотодеректердің тарихи-мәдени маңыздылығы Түйіндеме
2017 -> Мейрманова Гүлжан Асановна – т.ғ. к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедрасының доцент м а
2017 -> Этноязыковые процессы в условиях двуязычия в период


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет