Әож мәҢгіжасыл жәмшит



Дата01.04.2017
өлшемі62,6 Kb.
#13261
ӘОЖ..635.112:89.

МӘҢГІЖАСЫЛ ЖӘМШИТ

Адилбекова А.Н.- магистр оқытушы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент.

Резюме

Экспериментально в работе установлено, что самшит-вечнозеленое растение, используется как ограждение и обрамления различних садовых геометрических форм, памятников, для ландшафтной и дизайнерской формы сада. Исследовательская работа выполнена с учетом требований,с соблюдением правил в исследовательской части.

Summary

Currently, the planting of native land, decorate research project teacher Ziyaeva HA evergreen plants boxwood showed that one of the most frequently used in planting trees. Evergreen plant garden sculptures, roadsides and fences and a variety of geometric shapes cause the model building and garden and landscape design, materials provided practical work on the subject. In general, this research project carried out in accordance with the requirements of the research on science job I wish to reach new achievements in the future.
Жәмшит – қосжарнақты өсімдік. Дүние жүзінде қоңыржай, тропик және субтропикалық аймақтарында (тек Оңтүстік Африканың тропикалық аймағында кездеспейді) өседі. Бұл қатарға қайың тұқымдасы жәмшит тұқымдасы 7-9 туыс 600-дей (кейбір деректер бойынша 1000-нан аса) түрлері жатады. Қазба қалдықтары бар кезеңінен белгілі. Жәмшиттер бір үйлі, сирек екі үйлі ағаштар.Ертеде адамдар мәңгі жасыл жәмшит өсімдігі бізге қорған ол біздің тілегімізді орындайды деп сенген. Бұл керемет мәңгі жасыл бұтақты өсімдік. Қара күштерден, жамандықтардан қорғап қана емес, сонымен қатар адамға ерекше қасиет береді.

«Жәмшит» атауы қазақ тілінде, орыс тілінде – самшит, латынша атауы – buxus. Жәмшит туысы бұл буксустың 10 түрі бар. Олар солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зоналарында өседі. Ылғалдығы жеткілікті, құнарлы топырақты, өнімділігі жоғары, орман алқабы түзеді.Құнды ағашынан басқа, жаңғақ тәрізді жемісі малға жем болады.Жәмшиттің бұл түрі Карпат тауында және оның Украинаның қарапайым етегінде, Европа, Кавказ, Шығыс Қырым жерлерінде өседі.Жәмшит – көпжылдық, мәңгі жасыл жапырақты өсімдік. Оның өте баяу өсетін түрін дайын күйінде сатып алған дұрыс. Ерекшелігі – бұтақты өсімдіктердің ішінде қыста жапырағын түсірмейтіндігінде. Жапырағы жұмыртқа тәрізді, қатты қабықты, ұсақ болады. Уақыт өте жәмшит 5-6 метрге дейін биіктеп өсе алады, бірақ оның бұтағын биіктетпей қырқып, белгілі пішінде өсірген дұрыс.Қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтарын тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасқан. Гүлдері ұсақ, көріксіз дара жынысты немесе қос жынысын, ақ тиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқыр бастар түзеді. Кейде дихдиері бір гүл қалғанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық гүлді қоршап тұрады, гүл серігі 6-мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сәйкес аналықтың мойнында болады. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске сарғылт, қоңыр-қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3+3 немесе 5-7 аталықтарының саны гүлсеріктерінің санымен бірдей.

Жәмшиттің түрлері жапырағына, өсу жылдамдығына, бойына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Жәмшиттер қырқуға төзімді өсімдік болғанымен, белгілі бір түрлерінен ғана бірнеше пішін жасауға болады. Мысалы, жол жиегін жасау үшін жай өсетін “Suffriticosa” немесе суыққа төзімді “Blauer Heinz” жәмшиті жақсы. Жасыл қоршау жасауға мәңгіжасыл “B.Sempervierens” және тез өсетін “Rotundifolia” жәмшиті ыңғайлы.Ал, түрлі геометриялық және т.б. пішін жасауға “Green Gem” сұрыпын таңдайды. Кейде ерекше пішін болу үшін ала жапырақты жәмшит те керек болады, ол “Elegantissima” деп аталады.Гүлі сәуір айында гүлдейді. Гүлі әрсіз, сары түсті. Жағымсыз иіс бөліп шығарады. Біздің елде жәмшитті биік етіп өсіруге болмайды. Биік етіп өсірген жағдайда, қыста қар мол жауғанда бұтағы сынып кетуі мүмкін.Ашық күнде немесе ала көлеңкеде өсе береді. Жәмшитті жиі және аздан қырқып отырған дұрыс. Олар сабағының барлық бөлігін бір уақытты қырғанға да шыдамды. Жәмшиттің тез өсетін өсімдіктің тамырға жақын бұтақтарын аз қырқу керек. Себебі, күн жақсы түспесе, төменгі бұтақтары сарғайып кетуі мүмкін. Топырақ талғамайды.Қыс айлары тыныш мезгіл деп аталады. Яғни, осы уақыт аралығында өсімдіктердің өсу процесі тоқтап, қысқы ұйқыға кетеді. Егер бақ іші ақ қар астында да жайқалып тұрсын десеңіз, аулаға мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктерді көптеп отырғызған жөн. Жас өсімдіктерді қаппен орап, қысқы суықтан сақтау керек.Қыстың екінші жартысында күннің лезде жылуы мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктерге зиян келтіреді. Күн жылып кеткен күндері бетіне қап жауып қою керек. Жабылған қапты жердегі қар толығымен ерігенде ғана ашады. Бір-екі жылдан соң өсімдік жерсінеді де, оларды орап жабу қажет емес болып қалады.Көктемде ауа температурасы 0-+5 С жылылыққа жеткенде қар ери бастайды. Осы уакытта өсімдіктерді орамдардан ашу керек. Бұл әсіресе наурыз айының екінші жартысында басталады. Бұны бірден жасауға болмайды, алдымен беткі орамды шешіп, бірнеше күннен соң қапты алып тастайды. Өсімдікті орауға мата да жарайды. Бірақ оның ақ жәе қара түсін таңдамау керек.Ерекше күтімді қажет етпейді. Ашық күн ылғалды және құнарлы топырақта жәмшит жас бұтақтарды мол шығарады. Артық бұтақтарын қырқып-пішіндеу жұмыстарын сәуір, тамыз айлары аралығында ғана жүргізеді. Кеш кесілген бұтақтары қабықтанып үлгермей қалатындықтан сарғайып, кеуіп кетеді.Ерте көктемде бұтағының жоғарғы бөлігін қалемшелеп, құм араласқан жеңіл топыраққа егеді. Көшет тез және көп мөлшерде тамырлануы үшін қалемшелерді жәшіктерге егіп, ауа температурасы қалыпты (14-15 С), жарық жерде өсіру қажет. Банкамен, шыны ыдыспен немесе полиэтиленмен жабу.Қалемшелеу арқылы ерте көктемде көбейтеді. Қалемшеден шыққан жас көшетті 5-6 жылдан соң ғана көгалдандыруға қолдануға болады. Жәмшитті көктемде және күзде қалемшелеп көбейтеді. Көгалдандыруда кеңінен пайдаланады. Одан бақша мүсінін, жол жиегі мен қоршау және түрлі геометриялық пішіндерді жасап өсіру ­­­­– еуропалық бақтың дәстүрлі үлгісі.

Егер осы өсімдікті көбейту жолын үйреніп алса, еш қиындықсыъ ауланы жайнатып отыруға болады. Көбейту жұмыстарын оқушылардың өзіне тапсырған дұрыс. Жамшитті қалемше арқылы көбейтіледі.

Көбейту әдісі:


  1. Ең алдымен өсімдіктің жанама жағынан жақсы қалемше кесіп алынады. Қалемшенің тез тамырлануы үшін астыңғы жапырақтары, бұтақшаларын алып тастайды;

  2. Дайын қалемшені арнайы тамырландырғыш (Карневсин) ұнтаққа батырып алу керек. Ұнтақтар гүл дүкендерінде сатылады. Ол қалемшенің жақсы және тез дамуына әсер етеді;

  3. Қалемшені түбекке отырғызады;

  4. Жас көшеттерді жақсылап суғару керек.

Түбекке де көп қаражат жұмсамай, қолданылған заттардың босап қалған пластмасс ыдысын қолдануға болады. Түбінен бірнеше тесік жасап, ұсақ тастардан суағар жасалынады. Осындай түбекте де өсімдік тамырланып, жақсы өсе алады. Пластмасс ыдыстардың шашылып, айналаны ластағанынша, экологиялық тұрғыдан пайдалы іске асуы жақсы емес пе?! Өсімдіктің бұтақты түрлерін жоғарыдағыдай әдіспен көбейтеді. Ең бастысы, өсімдіктерді ерте көктемде көбейтетіндігін ұмытпаңыздар. Мектептің ішіне көбейтуге арналған, шағын жылыжай орналастырған тиімді. Өсімдіктердің көптеген түрлерін көбейтіп, мектептің ауласына молынан отырғызуға болады. Оқушылардың еңбекқорлығын арттыратын бұл шара гүл мәдениетінің дамуына да өз септігін тигізері сөзсіз

Қорыта айтқанда көгалдандыруда алуан түрлі көркем дизамдар ретінде қолдануға болады. Ғимаратқа қарай олар өзінің заңдылығына бағынады. Кез-келген бақтаң сәнін келтіріп тұру үшін түрлі пішіндерге келтіріп, көркем дизайн жасайды. Арнайы техниканың арқасында оларды қырқып, ерекше қалыңдықта сақтайды. Әсіресе жамшиттен жасалған жасыл қоршаулар ұсынылады. Тіпті аралас жасыл қоршауға тапсырыс көптеп кездеседі. Сондай-ақ дүкендерде сәндік, әсемдік ретінде құмыра ыдыстарда мәңгі жасыл өсімдіктері сатылады. Ерте заманда оны медицинада ішек қуыс жолдарына, тұмау, жөтелге, сіңір тартылғанда, ревматизмге қолданған. Жәмшит көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Одан бақша мүсіндерін, жол жиектері мен қоршауларды және түрлі геометриялық пішіндерді жасап өсіру – еуропалық бақтың дәстүрлі үлгісі. Сабағы өндірісте бағалы ағаш болып саналады. Төрт мезгіл бойы түсін жоғалтпай, адамдардың көңіл күйін көтеретін, ауаны тазалайтын, шаң ұстауға қызмет жасайтын мәңгіжасылжапырақты ағаштар егілуі тиіс және олардың егілу заңдылықтары сақталған жөн.Оқушыларды ауладағы ағаштар мен гүлдерді суғаруға, баптап күтуге үйрету арқылы өсімдіктер әлемінің қыр-сырын ұғындыра түсумен қатар, еңбекке баулуға да мол мүмкіндік болды.Көптеген дамыған елдерде көз салар болса, Венгрияда арнайы гүл маманы тіптен жоқ екен. Себебі, ол елдің заңына сәйкес әрбір азамат гүл өсіріп, көгалдандыруды өзінің міндеті деп есептейді. Ал Жапонияда бірінші сыныптан бастап гүл өсіру мен көгалдандыру пәндік сабақ ретінде өткізіледі. Филиппинде әр азамат жылына аз дегенде алты ағаш егіп, көгалдандыруға ат салыспаса, азаматтығынан айырылады. Міне, осындай мысалдардан-ақ біз көгалдандырудың әлемдік деңгейде қандай орны бар екенін көре аламыз.Көгалдандыру ісін бастауымыздың себебі, денсаулығы мықты, білімді азамат тәрбиелеу. Екіншіден, әрбір оқушыға мектеп кезінен бастапкөшет отырғызу мәдениетін үйрету, қоршаған ортаны сүюге баулу. Үшіншіден, жаны сұлу, әдемілікке бойы құмар, елінің ертеңгі көгалдануына өз үлесін қосатын патриот ұрпақ қалыптастыру.Жәмшит көгалдандыруда таптырмас өсімдік. Жамшитті өсіру көгалдандыру жұмыстарының жемісі. Көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысайық! Қаламызға мәңгі жасыл түс берейік, ағайын!


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Агрономия негіздері, «Фолиант» баспасы, Астана – 2010;

  2. Агрономия негіздері, «Фолиант» баспасы, Астана – 2007;

  3. Әметов Ә.Ә., Ботаника, Алматы, 2015;

  4. Булыгин Н.Е., «Дендрология».

  5. «Гүлстан» журналы, №1, 11б, 2005;

  6. «Гүлстан» журналы, 32б, 2007;

  7. «Гүлстан» журналы, 25б, 2009;

  8. «Қазақстан» ұлттық энцклопедиясы, ІІІ том, Алматы, 2007;

  9. Өсімдік – табиғат қазынасы, «Қайнар» баспасы, 1981.

  10. www.google.kz

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет