Еркіндікке бет түзеген көш- керуен Н. Тілендиевтің «Көш- кеуен»



бет4/9
Дата05.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#3255
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жәнібек батыр: Қасқыр талаған қойдай быт-шыт болған қайран жұртым, елдік қалпың тозып ебелек болдың ба? Жау таптар, арқа тұтар асқарың жоқ- жермен жексен болған жетім жұртпысың ?

Бөгенбай батыр:

Уа , хан ием, осылай үнсіз қырыла береміз бе? Ерлерді жинап неге қарсы шықпасқа?



Бұхар жырау: Әй, Абылайшам, қазақ далаға біткен дарақ, дауыл да шайқайды, жел де тербейді. Ежелгі дұшпан ел болмас, дүрбіт пен шүршіттен дәрмен күтпе Абылай, қилы кезеңде қия кесер жол тап! Жый жұртыңды.

Абылай хан: Батагөй жырауым. Өзің барла, батырларым ерлерді жинап атқа қонайық. Елімнің еркіндігі үшін, жерімнің бостаңдығы үшін жауға қарсы шығайық!

( Бәрі жиналып сахнадан шығып кетеді. Халық күйі « Ел айырылған» орындалады.)

1-Жүргізуші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» заман болды. Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бастап, азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңді, Шапырашты Наурызбай, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шыққан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржолата қуып тастады.

Халық батырлары ел намысын қорғады. « Елім» деп туған ер Сыпатай халық бірлігін қорғап, достық туын көтерді.

Мықтымын деп қоймаған қоқаңдауын,

Ықтырды көп Сыпатай Қоқан ханын.

Ойран етті ниетін басқыншының,

Ойлап өтті бірлікті – отан қамын.



Репресия

2-Жүргізуші: 1930-1938 жылдар. Қазақ халқының бас көтерер зиялы ұлдары Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин,Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіровтер қанды қырғын, шегінен асқан заңсыздықтың құрбаны болды.

( Сахнаға сол жылдардағы репрессия құрбандарының бейнесіндегі оқушылар шығады.Арқанның ішінде құрбандар тұрады.Слайд жүріп тұрады)



Ахмет Байтұрсынов: Түбім түрік, мен өзім,

Ахметпін, Қазақпын.

Болмай қалса керегім,

Отына сал тозақтың.

Білім деген бір тума,

Көзін ашпас аса көп

Ұйықтап жатқан ұлтына,

Ызыңдадым Маса боп.

Белді бекем буған соң,

Бар азапты көрдім мен.

Қазақ болып туған соң,

Қазақ болып өлдім мен.





Каталог: files -> sites -> 1384418080685817 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы көрнекті қайраткерлер. Сабақтың мақсаты: Білімділік
sites -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Диплом бойынша мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс орны, атқаратын қызметі
sites -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
sites -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
files -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет