Еркіндікке бет түзеген көш- керуен Н. Тілендиевтің «Көш- кеуен»



бет7/9
Дата05.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#3255
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ілияс Жансүгіров: Ілияспын! Өлеңге мұрагермін,

Иесімін мынау ел, мына жердің.

Құлагерді жазып ем жүрегіммен

Тағдырына тап келдім Құлагердің.

Жетісумын, Алтаймын, Сарыарқамын,

Жарылмады жүректе жанартауың

Түгел көріп қайтейін кетсе алып,

Қазақстан жерінің бар алқабын.





Мағжан Жұмабаев: Мағжанмың мен, зарлымын жаралыға,

Сұм өмір-абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі

Сондықтан жаным күйіп- жанады да.

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,

Жел еркесі-желдің жөнін кім сұрар?

Қазақ елі бір ауыз сөзім саған:

Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған.



1-Жүргізуші: Талайдың түбіне жеткен отыз жеті,

Тарихтың қара түнек ол бір беті

Айырып жан – жарынан баласынан

Ерлерді арамыздан алып кетті.



( Динаның «Жеңіс» күйі орындалады.Ұлы Отан соғысы слайд көрсетіледі)

1-Жүргізуші: 1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік , достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Қан сасыған сұрапыл сұм соғысқа Қазақстаннан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Республикадан барлығы 2 миллион адам отан қорғау жолыңда от кешті.

( Сахна қараңғыланады. Эпидоскоп арқылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан батырларының суреттері көрсетіледі. Ә. Еспаевтың « 28 ер» әні орындалады. Сахнаға қолында гранатасы бар шекесін дәкемен ораған қазақ жігіті шығады. Гуілдеп соққан боран мен атылған мылтықтың дауысы естіледі.)

Жігіт: Бармын тартып батысқа ,

Жортуыл, қырғын, түн қату

Өлтіру, өлу атысқа!

Жігіттің жігі болғаны,

Жаудан елін сақтаса,

Жау шапқанда еліне,

Қояндай бұғып қашпаса .

Атой сап жауға кіремін,

Ұлы Отаным сен үшін!

Менің жаным Отандық,

« Отан!» деп өлем өлсем де,

О,сүйікті, Отаным



« Балам» деп көм көмсең де!

( Қолындағы гранатасын лақтыра бергенде оқ тиеді. Әлсірей құлаған жігіттің анасының дауысы естіледі.)



Каталог: files -> sites -> 1384418080685817 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы көрнекті қайраткерлер. Сабақтың мақсаты: Білімділік
sites -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Диплом бойынша мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс орны, атқаратын қызметі
sites -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
sites -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
files -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет