Ерлік – даңқы мәңгілік



Дата04.05.2020
өлшемі14,73 Kb.
#65674
түріЛекция
Байланысты:
Ерлік даңқы-мәңгілік. Ж. Алимова
Ерлік даңқы-мәңгілік. Ж. Алимова

Ерлік – даңқы мәңгілік

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті. Оқу-зерттеу ғимараты. Жүз он екінші аудитория. Тарих пәнінен алғашқы лекцияны профессор: "Студенттер, білесіздер, биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл, сондықтан сендердің туған жерлеріңнен шыққан батырлар жайлы сөз қозғасақ"- деп қолқа тастаумен бастады.


Әдеттегідей, алфавит бойынша "А" әрпі. "Бастаңыз, Алимова!". Досбол Қорлыбайұлы: " Бәрінен де сөз бастау-қиын, тауып айтсаң, мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады" деген ғой, алайда үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғаз Маңғыстаудан білім қуып барған мен үшін қойылған сұраққа бірден ләм деу қиынға соққан жоқ. Неге?
Мектеп тәмамдамай тұрып, "Маңғыстау облыстық өлкетану-тарихи мұражайына" бас сұққан болатынмын.
Сөзімді "Мұражай қорындағы ерекше бір жәдігер –қызыл кішкене қалтаға салынған қасиетті бір уыс топырақ"-деп бастадым. (Гүбірлеген аудитоияда шыбын ызыңы да естілмей қалды және қолдарын жақтарына таянған студент портреттері пайда болды.) "Бұл жәдігерді мұражай қорына 1988 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Табишев Сақтап Табишұлы сыйға берген"-деп өзімше марқайып сайрадым. Әңгімемді қатарластарыма сұрақ қойып сабақтадым: "Күнделік жазған тарихи адамдарды білесіздер ме?"-деген ем, " Робинзон Крузо, Робинзон, Арал"- деген пышпыштаған дыбыстарды естідім. (Профессор үнсіз тыңдап отыр, шамасы менен мұндай нақты факттарды күтпеді-ау)
Мен күлдім де: "Мұстахи Ләтіпұлының жазба блакноттарынан әр секундтың, әр минуттың, әр сағат пен әр күннің қиыншылықтары мен қатар, елден, үйден хат алғандағы қуаныштарын, Ұлы Жеңіс күнгі жүректерінің жарыла қуанғандығын оқисың. Оқып отырып бірде автормен бірге қорқасың, бірде қайраттанасың, бірде қуанасың. Мұстахи ағаның қасында өзің жүріп, фашистермен соғысып жүргендей әсер аласың."-деп білімдерін жаңа дүниемен толтырғандай болдым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын оқып жүрген маған бір поэзиямен әу демесем, ұяттау болар деп, Әбу Сәрсенбаевтың:

Сен құрметте оны!


Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын, - деп басталатын өлең жолдарын оқып, осылайша көк аспанның астында, қара жердің үстінде аман-есен болуымыз, "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүруіміз жетпіс бес жыл бұрын біз үшін қасық қаны қалғанша жан беріспеген Бабаларымыздың арқасы"- деп сапалы әңгімемді аяқтадым.
Әдетте, екі сөз айтсаң, үш сұрақ қоятын Профессор алғаш рет сөзімді бөлмеді. Құдды бір мұғалімді мойындатқандай боп, өзіме іштей риза боп тұрмын...
Осы сәттен мен ой түйдім, қандай екенін білесіздер ме? Елбасы өзінің бір сөзінде "Өткеннің тарихы-бүгіннің баға жетпес байлығы" деген. Иә, сөз жанды! Тарих-факт, тарих-өткен өмір, тарих-құндылық!
"Ел естісін мақтайды, ескісін сақтайды", халық үшін саусақ ұшындай адал пайдасын тигізген адамды біз құрметтейміз, есімін сөзге тірек етіп марқая сөйлейміз және ауыз толтырып мақтаймыз! Әр батырының ерлігін дастан қылып жырлаған қазақ халқы Ер есімдерін ешқашан ұмытпайды. Ұрпаққа дәріптейді. Бұл- маған да, саған да ортақ міндет! Ерлік даңқы-мәңгілік боп қала бермек!

Жайна Алимова

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы



Байланыс нөмірі: 8771 116 26 44

Электронды пошта: zhayna.alimova@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет