«Ерлікке тағзым ету ұрпақ парызы»



Дата05.11.2016
өлшемі101,63 Kb.
#992
«Ерлікке тағзым ету - ұрпақ парызы»

Атырау облысы Мақат ауданы

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі
Кенжеғалиев Орақ Әбуұлы

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы


Байтубетова Қарлығаш Каримжанқызы

тарих пәнінің оқытушысы


Мақсаты: Студенттерді Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем шығармалар арқылы ой -өрістерін қеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:

1.Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығының ақиқаттығы. Ол жастарымыз үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі –өнегесі болып қала бермек.

2.Халқымыздың ұлы перизенті, ерлік ерен үлгісі болған Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі тұту.

3.Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Мультимедиа проекторы ,кітап көрмесі, фотосуреттер, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының әдісі: Шығармашылық ізденіс,көрініс, әңгіме, лекция.

Тәрбие сағатының түрі: Кіріктірілген, семинар сабақ.

Тәрбие сағатының құрылымы:

1.Ұйымдастыру

2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»

3. «Жарияланбаған соғыс» ардагерлерімен кездесу.

4. Колледж түлегі жауынгер «Ұлан» Төребекұлы Сұлтанбекпен кездесу.

5.Халық қаһарманы Б.Момышұлының өмірін үлгі тұту

6.Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі ІІ бөлім бастығы капитан Қалиев Мейрамбек Нұроллаұлы шақыру учаскесіне әскери есепке алынған студенттердің тіркеу куәліктерін салтанатты түрде табыс ету.

7.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды.


І-Жүргізуші

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым ету - ұрпақтың парызы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.



ІІ-Жүргізуші

Әкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.

Әнұран.


I.Жүргізуші. «Ұлы Отан соғысына» және «Жарияланбаған соғысқа» қатысқан бауырларымызды, Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.Рахмет!

ІІ-Жүргізуші

-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер 


Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!

І-Жүргізуші

Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,


Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

ІІ-Жүргізуші

Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, Ел ерсіз болмайды»деп дана халқымыз айтқандай, қан майданда қол бастап еліміздің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес, сондай-ақ биыл Кеңес әскерлерінің Ауған аумағына шығарылғанына 25 жыл толып отыр.

І-Жүргізуші

Армысыздар, ардагерлер лектегі,

Өмірлерің –ерлік күрес мектебі!
ІІ-Жүргізуші

Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер, әскери кәсіп адамдары!

Өткенін ескермеген өшеді,

Өткенін қастерлеген өседі,- демекші,

берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда. Ендеше, келген қонақтарымызға қошемет білдірейік.

Оралбаев Саламат Сәтібергенұлы

Иманғалиев Есмұрат Есенұлы

Текеев Серікбол Аманұлы

Қалиев Мейрамбек Нұроллаұлы

Жауынгер Төребекұлы Сұлтанбек

Көркемсөз: «Жауынгер хаты» Оқитын: Қаби Айберген 175 топ студенті

І-Жүргізуші

Отан – оттан да ыстық! Азаматтық парыздың ішіндегі ең үлкені – Отан қорғау! Жауынгер жүгі қашан да салмақты. Солардың арқасында біз той тойлап, ештеңеге алаңдамай өмір сүріп жатырмыз!


II.Жүргізуші

Құрметті ардагер ағалар! Сіздердің өмірлеріңіз – жеке бір адамның жер бетіндегі тіршілігі емес. Сіздердің өмірлеріңіз – Отан тарихымен, халық өмірімен бірігіп кеткен өшпес, өнегелі өмір. Сіздер қандай құрмет болса да соған лайықсыздар!


І-Жүргізуші

Білеміз, жас өседі, туады ерлер,

Қастерлеп, әке жолын қуады ерлер.

Тумайды, сіздерден соң, тумасын-ақ,

Соғыс деген сұм тажалға куәгерлер!

( Ән – «Сарбазым») орындайтын №176 топ студенті Арыстанғали Динара


II.Жүргізуші

Құрметті ардагер ағалар! Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше,сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!

(Ардагер ағалардың естелік әңгімелері тыңдалады)

Кеш қонақтары Оралбаев Саламат Сәтібергенұлы, Иманғалиев Есмұрат Есенұлы, Текеев Серікбол Аманұлы. Сөз кезегі өздеріңізде.


Еркін микрафон жұмыс жасайды:

1.Сізбен бірге қазақ жауынгері болды ма?

2.Ауғаныстанға аттанғандығынызды тума-туыстарыңыз білді ме?

3Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екендігін байқадыңыз.

4.Соғыстың алдында сіздерге оқу-жаттығу істерін жүргізді ме?Әлде қару беріп жібере салды ма?

5.Ауғаныстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз,соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

6.Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жақын ақиқаттардың жанасатындары бар ма?

7.Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз.Сіздерге Үкімет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп отыр?



4. Колледж түлегі жауынгер «Ұлан» Төребек Сұлтанбекке сөз кезегін береміз.

Ашық микрафон (Сұрақтарыңыз бар ма?)

  1. «Ұланға» қабылданудың негізі неде?

  2. Басқа әскери бөлімдерге қарағанда «Ұланның» артықшылығы қандай?

  3. Әскери өміріңіз несімен ерекшеленді?

Музыкалық сәлемдеме

I.Жүргізуші

Келесі бөлім:

Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі тұту

Бауыржан Момышұлының қысқаша өмірбаяны. Танысытратын: №169 топ студенті Сұлтанғалиева Динара.


Архивте жатқан асыл қазына. №170 топ студенті Амантай Райлым
Болгар әуе күштері- Ұшқыш Поручек Лило Иванов Неновтың

Бауыржан Момышұлына жолдаған хаты. Оқитын №169 топ студенті Аманжол Ақбілек.

Генерал -полковник Кеңес одағының батыры Иван Михайлович Чистяковтың Бауыржан Момышұлына берген мінездемесі. Таныстыратын: №170 топ студенті Орынғалиев Қуан.

«Ақиқат пен аңыз» роман- диалог авторы Әзілхан Нұршайыховтың Бауыржан Момышұлы мен кездесуі. Баяндама.Оқитын №169 топ студенті Жақыпова Бибі Айша.


Әскери академияда оқып жүргендегі Бауыржан Момышұлының Тактика сабағындағы жазбаша жұмысынан үзінді. «Көрініс»

I.Жүргізуші

«Ақиқат пен аңыз» романында халқымыздың даңқты перзенті. Ұлы отан соғыының қаhарманы, гвадия полковнигі Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік сапары сөз болған. Шығарманың басты жетістігі - аты аңызға айналған замана қаhарманының жарқын тұтас тұлғасын жасауында. Біз Бауыржанның ірі азаматтық келбетін оның әрбір іс- әрекетінен, сөзі мен мінезінен айқын аңғарып отырамыз. Кейде естелік түрінде, енді бірде қаhарманның қазіргі қалпын суреттеу арқылы оның бейнесі толыса түседі.

Бауыржан Момышұлы дивизия басқарып жүргенде, қол астындағы жауынгерлердің әр бірінің тағдырына әкесі сынды алаңдайтын. Бірде- біруінің босқа оққа ұшпауын ойлайтын. Кез- келген шығынның орынның толтыруға болған мен, бірақ адамның шығының толтыруға болмайтындығының қадірлей білген.

Жүргізуші: Бұл көрініс К.Е Ворошилов атындағы бірінші дәрежелі Суворов орденды Жоғарғы әскери академияда оқып жүргенде Бауыржан Момышұлының Тактика опартивтік өнер сабағындағы жазбаша жұмысынан үзінді.

1-ші көрініс.

Бір күні оперативік өнерден сабақ беретін мұғалім генерал майор Бирман әскери академия тындаушыларына жазбаша жұмыс жазғызды. Бір тақырып берді де соған сиппатама берулерін сұрады.



Жүргізуші: Бауыржан Момышұлы желдірте сүйкететпейтін, жай жазатын ойланып -толғануы көп адам. Бейнелерді, қимылдарады көзге суреттей етіп айқын елестететін теңдеулер іздеп шығармада сөздердің сирек қолданатын синонимдерін табуға тырысды. Сөйтіп отырып Бауыржан Момышұлы берілген тақырыптың төрттен үшін сипаттап болған кезде қоңырау соғылып, ұстаз генерал майор Бирман берілген уақыт бітті деп шығарма жұмыстарды жинап алады. Толық аяқталмаған жазбаша жұмысын Бауыржан Момышұлы генерал майор Бирман қолына тапсырады.

Бауыржан Момышұлының жазған кітаптарның тәрбиелік маңызы зор: «Екі түрлі ұғым бар: Ұлттық рух- бұл асыл қасиет; Ұлшшылдық- бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көр кеуделілік. Бұл мәселені дұрыс түсіне білу қажет. Ұлттық рухтың керемет қасиеті бар, ол өз ұлттыңды тану, бізге бұл асыл қасиетті дамыту керек. Халықтардың бауырмалдық ұлы сезімі Ұлы Отан соғысында үлкен сыңға түсті, бұл сұрақтан сүрінбей өтті, әр көптеген адамдардың көзін ашты осының шындығы келесі көріністе.

Сонымен үш күнен кейін

2-ші көрініс

Бұл оқиға екілік алмаған Бауыржан Момышұлы үшінде, академияғада бір қиын жағдай болды. Әскери академиядағы төтенше жағдайға теңеуге болады.



Жүргізуші: Ертеңіне Бауыржан Момышұлы әскери академия басшысы армия генерал Захаровтың кабинетіне шақырылады. Академия бастығы армия генералы кеңес одағының батыры Захаров генерал майор Бирман екеуі отыр.Бирман өзінеше дұрыс баға қойуын дәлелдеп бағуда соған жұмыстануда. Бауыржан Момышұлының үстінен арыз айтып отырғандай.

Академияның кадр бөлімінің бастығы майор Озеров полковник Бауыржан Момышұлы кабинетіме келсін.

Осылай деп, Захаров алдында жатқан дәптердің беттерін ақтарып, әр бетке байыптап көз жүгірте бастайды. –Рас, қайталанбаған екен,- деді ол біраздан кейін дәптердің соңғы бетін жауып.

Генерал Захаорв осылау деп, алдында жатқан екі дәптерді бірінен соң бірін ақтарып қарап, қызыл карандашпен керекті сөзінің астын сызып жатты.

Жүргізуші: Үш мақсат қойып жазбасам оны шығарма демеймін дегенде әскери академия бастығы армия генералы Захаровта Бауыржан Момышұлының жауабына жете зер сала ойлана бастағандай болды.

3-ші көрініс

Жүргізуші: Генерал Захаров алдында жатқан Бауыржан Момышұлының жазба жұмысынан оған 2 деп қойған Бирманның фамилиясының үстіне қызыл карандашпен айқыш- ұйқыш екі сызды да жаңадан 4 деп баға қойды. Одан төменрекке «Академия бастығы Совет Одағының батыры армия генералы» деген сөздері бар мөрді соғып дәперді Бауыржанның қолына берді.

Кадр бөлімінің бастығы майор Озеров келеді.

4-ші көрініс

Бұйрық №4. Такикалық оперативттік өнер сабағынан дәріс беретін мұғалім генерал майор Бирман өзінің төл міндетін тиянақты орындамағаны, әскери академия тыңдаушыларының еңбектерін дұрыс дағаламағаны үшін қатаң сөгіс жариялансын.

Соңы

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы 1946 жылы К.Е Ворошилов атындағы 1 дәрежелі Суворв орденді жоғары әскери Академияғат түсіп, 1948 жылы 14- ақпанда толық курсын бітіреді. Мемілекеттік Емтихан комиссиясының шешімі бойынша Академияны «жақсы» деген дипломмен аяқтайды. Қазақ халқы намысты қолдан жібермеген ер жүрек халық. Батыр халықтың ұрпақтары екенімізге мақтануымыз керек. Ата- бабаларымыздан келе жатқан ұлттық дәстүрімізді жалғастыру басты мақсатымыз болуы қажет.

Құрметті көрермендер! Батыр қолбасшы Бауыржан Момышұлының т ұла бойы тұңған талант, сол аталнты аталарыңның еңбегін өмірлеріңе шырақ ете біліңдер дегіміз келеді.

Сөйтіп, әскери академиядан генерал Бирман кетеді де Бауыржан Момышұлы қалады.

Көріністі дайындаған: Орах Әбуұлы Кенжеғалиев Алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі.

Жүргізуші: Жақыпова Бибіайша Қанатқызы 169 топ студенті

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын сомдаған: 175 топ студенті Амиров Айбек Серикұлы

Академия бастығы, Совет Одағының батыры, армия генералы рөлінде175 топ студенті Сәрсенбаев Аян Сарсенбайұлы

Оперативтік өнер сабағының мұғалімі, генерал майор Бирман, 175 топ студенті Толеков Айбол Ғалидоллаұлы

Академия кадр бөлімінің бастығы майор Озеров сомдаған: 169 топ студенті Багитов Нұрсұлтан Сансызбайұлы

Ұсыныс беруші: колледж кәсіподақ төрайымы Баян Қайыржанқызы Ташимбаева

Музыкалық сәлемдеме «Смуглянка» әні Орындайтындар: 170 топ студенттері



II.Жүргізуші

1. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан Амиров Ертуған және ІІ бөлім бастығы капитан Қалиев Мейрамбек Нұроллаұлы Шақыру учаскісіне тіркелген 1997 жылы туылған ер-азаматтарға әскери есепке алғандықтарын анықтайтын тіркеу куәліктері салтанатты түрде табыс етеді.



I.Жүргізуші

-Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап


Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар- .

ІІ-Жүргізуші

Қуанам адам болып туғаныма,

Ата жолын, дәстүрін қуғаныма,

Есімдері ескірмей жасай берер,

Ұрпақтары артында тұрғанында!

І-Жүргізуші

Осымен «Ерлікке тағзым ету ұрпақ парызы»атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.Уақыттарыңызды бөліп келгендерініңізге көп-көп рахмет!

Музыкалық сәлемдеме «Атамекен» хормен

7 .Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды.



8. Естелік фото-суретке түсу.
Каталог: uploads -> doc -> 0040
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0040 -> Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы. (Интелектуалды ойын)
0040 -> 5 санына көбейту және бөлу кестесі Математика 3-сынып Алматы облысы Панфилов ауданы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет