Ермағанбетова Айдын Қабдырашқызы, Астана қаласы Райымбек батыр атындағы №50



Дата04.07.2018
өлшемі456,94 Kb.
#47120
Ермағанбетова Айдын Қабдырашқызы,

Астана қаласы Райымбек батыр атындағы

№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Меймандос қазақ – татулықтың жаршысы


Сынып: 7-cынып

Қатысқан оқушылар саны:24

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

ӘТН.Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланыстығын ажырату арқылы қолдану



Сабақтың мақсаты

Мәтінді оқи отырып сұрақтарға жауап береді және етістіктің шақ түрлерін анықтау арқылы райды,оның ішінде ашық рай түрін қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалым мәтіні бойыншаөз ойларын айта алады.

  • Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасымен тікелей байланыстылығын ажыратады.

АКТ қолдану

  • АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интербелсенді тақта)

Сабақта қамтылатын

білім беру

құндылықтары

  • Мәтін мазмұнындағы татулық ұғымын түсіну;

  • тыңдалым мәтінінде елжандылық, бауырмалдылықты тану, туған жерді сүю және өз елінің мәдениетінің дамуына үлес қосу;

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегенқұрмет, ынтымақтастық және шығармашылық, өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ойын еркін жеткізе алады.

Пән лексикасы және терминология: мәтін, меймандостық, татулық, бірлік, ынтымақ, рай түрлері, ашық рай,бұйрық рай, қалау рай, шартты рай.

Осыған дейін меңгерілген білім

«Ғаламтор қазақ тілінде», «Ғаламторға тәуелділік-ғалам дерті» тақырыптары аясында берілген мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, етістіктің есімше, көсемше, шақ, жазбаша жұмыс барысында дұрыс қолданады, оған қоса жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуда пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

0-2 мин

Сабақтың басы:

Дәптерге күні, айы тақырыпты жазу.

Талқылау


Сабақ барысы:

Мадақ сөздер




І.Ұйымдастыру сәті. Амандасу.

«Шаттық шеңберін» құрау.

Әр оқушы келесі оқушыға ыстық құрметін алақанын қауыштыру арқылы білдірсін.



Топқа бөлу. Оқушылар шаңырақ суретінде жазылған сөздер арқылы үш топқа бөлінеді. Достық , Бірлік, Ынтымақ топтары түзіледі.

Ширату жаттығуы. 6 сұрақ - иә, жоқ деген жауап

1.Біздің мектепте өзге ұлт өкілдері бар ма?

2. Олардың барлығы бізді қуанта ма?

3. Ең бастысы, әр тұлға үш тілде білім алуға ұмтылыс бар ма?

4. Кертартпалық мінез қажет пе?

5. Ендеше, «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру » құжат па?

6. «Қазақстанның бүгіні мен болашағы - халқымыздың ынтымақ – бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде,- деп Елбасы Н.Назарбаев дұрыс айтқан ба?»

Суреттер: Не болды? Оқушылар суретте не болып жатқанын және оның себебін түсіндірулері қажет.

Тірек сөздер жазу: қонақжайлылық, татулық, бірлік.



Оқушылар суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды.



Оқушылар тақырыпты болжаған соң сабақтың мақсатымен танысып, әр топ көшбасшысы таңдалады.

Мәтіналдыкезең. (Ойлан-Жұптас- Бөліс)

1. «Меймандос» деген сөздің мағынасы қандай?

2. Қазақ халқының қонақжайлылық мәдениеті қалай?

3. Қазақ халқының амандасуында «Ел аман, жұрт тыныш па?» қалың жұрттың есендігін сұрауда қандай мән бар ?

4.Татулық, бірлік, ынтымақ туралы мақал- мәтелдер айтыңдар.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Сұрақтарды жұбымен талқылап, жауап береді

1. Сурет мазмұнын болжайды.

2. Сұрақтарға жауап таба алады.

3. Мақал-мәтел біледі.


ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.

Мәтінмен жұмыс кезеңі

Әр топ берілген мәтінді оқиды.



Ітоп

Тыңдалым тапсырмасы.



  1. Мәтінге ат қой ?

  2. Меймандостық, татулық, бірлік, ынтымақ сөздерінің синонимдерін айт.

ІІтоп

Шеберлігіңді шыңда!

Мақал мәтелдердің мағынасын ашып жаз.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» --------------------------------

«Ырыс алды - ынтымақ», ------------------------------

«Бірлік түбі-береке»,-----------------------------------

ІІІтоп

Шеберлігіңді шыңда!

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып жаз.

«Ынтымақ түбі-игілік» ---------------------------------

«Бірлік түбі-тірлік», ------------------------------------

Төртеуі түгел, төрге шығар»,-----------------------

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтінді оқу арқылы негізгі ойды ажыратуда мақал- мәтелдердің тереңдігіне назар аударады.

1. Мәтін мазмұнын түсінеді.

2. Синонимдер қатарын құрайды.

3. Мақал-мәтел мағынасын ашады.


Рай туралы түсінік. Ашық рай

Етістіктің рай формасы сөйлеушінің болған немесе болып жатқан іс- қимылға, әрекетке деген көзқарасын, ойын, ниетін, істің болу-болмау туралы тұжырымын пікірін білдіреді. Қимыл иесінің іс-қимылға деген көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін: тілек, қалау, бұйрық, шарт, ниет, өтініш.

Ашық рай-осы шақта, келер шақта және өткен шақта бір істің, қимылдың болу-болмауы туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіретін етістік формасы. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасымен білдірумен тікелей байланысты.

Мысалы: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

ІҮ. Жаңа материалды бекіту.

Тапсырма. Берілген есімшелер мен көсемшелерді шақтарымен сәйкестендір. Жекелей жұмыс.

Бағалаған

Осы шақ

Атанды

Бұрынғы өткен шақ

Айтып

Жедел өткен шақ

Марқайып қалады

Бұрынғы өткен шақ

Болуға шақырған

Нақ осы шақ

Ұқтырып кеткен

Ауыспалы осы шақ

Тапсырма. Ұжымдық жұмыс.

Аудиотыңдалым 7,1 6 «Атамекен» сөзін жазған Қадыр Мырза Әлі, әнін жазған

Ескендір Хасангалиев.

Етістіктерді атап ашық рай түрінің білдірген шақ түрлерін атау.



Тапсырма.

Төменде берілген мақал-мәтелдердің керекті сөздерді пайдаланып аяқтап жазыңдар.Етістік шағын айту.



  1. Досы көпті жау ... 2. Өсер елдің баласы бірін- бірі... 3. Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда барамын... 4. Қадір тұт, бір-біріңіе құрмет көрсет, тірлікте сыйластыққа бар ма... 5. Алақанмен күннің көзін... 6. Ынтымақ болмай іс.... 7. Адам..., мал үйіршіл,. 8. Айырылған азады, қосылған... 9. Бөлінген ...

Керекті сөздер: жетер, алмас, жаба алмайсың, батыр дер, озады, депті, ұйымшыл, оңбас, бүлінеді.

Бағалау критерииі

Дескрипторлар

Рай, рай түрлері туралы түсінік алып, етістік шағына қатыстылығын біледі.

1. Есімше мен көсемшелердің шақтарын анықтай алады. 2. Ашық райды ажыратады.

Қ. Б.

Ү. Қорытынды. Бір минут.

Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді.



Слайд №1

Слайд №2 (Мақсаты)



Слайд №3

Компьютер.

Интербелсенді тақта

Слайд №4

Постерлер

Сары түс

Қызыл түс

Жасыл түс

ІІІ–слайд



Слайд №5

Слайд №6 (бағалау түрлері)

Сары түс


Қызыл түс

Жасыл түс



Слайд №8

Бағалау парақшасы

Оқулық

Мәтін материалы



Слайд №9

Слайд №10

Слайд №11Аудиотыңдалым

смайликтер

Слайд №12

Оқулық


Постерлер

Бағалау парақшасы

Слайд №13

Смайликтер



Сабақтың соңы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Қонақжайлық - татулық белгісі тақырыбына диалог құрастыру.

Кері байланыс.

«Мен үшін маңызды болғаны...»

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды.

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.
*......................... екенін түсіндім.

Тақтаға рефлексия жасау үшін дайын құрылымды шығарып, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.



«Атамекен» әні

Слайд №14

Стикерлер

Слайд №15


Дифференциация– Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Ақын-жазушылар шығармаларынан достық тақырыбына монолог жазу

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

«Бағдаршам» әдісі

Смайликтер

Бағалау парақшасы



Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері Құндылықтармен байланыс (тәрбиелікэлемент)

Рефлексия Мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

  • Сабақ мақсаты/ оқу мақсаты шындыққа қатысы бар.

  • Оқушылар қазақ халқының меймандостық дәстүрін танумен қатар өз ойларын ашық айта алды.Рай туралы түсініктері толығып, ашық райдың етістіктің шақ түрімен тікелей байланысты екеніне тұжырым жасай алды.

  • Оқушылар алған білімдерін өмірде пайдалана алады.

  • Сабақ мақсатына жетіп, оқу мақсаты орындалды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет