Ермексаз және менің СҮйіктікейіпкерлерім қабдолла Әдемі Мұратқызы №1 Егіндікөл орта мектебі



бет1/12
Дата28.01.2018
өлшемі1,09 Mb.
#34229
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЕРМЕКСАЗ ЖӘНЕ МЕНІҢ СҮЙІКТІКЕЙІПКЕРЛЕРІМ

Қабдолла Әдемі Мұратқызы

1 Егіндікөл орта мектебі



Егіндікөл ауданы

Ақмола облысы

Мазмұны:

Абстракт------------------------------------------------------------------- 2

Кіріспе.Ғажайып ермексаз әлемі------------------------------------3-4

Негізгі бөлім. Менің сүйікті кейіпкерлерім-----------------------5-7

Ермексаздан жапсырмалау тәсілдері-------------------------------8-11

Қорытынды ----------------------------------------------------------------12-13

Сын-пікір--------------------------------------------------------------------14

Қосымша --------------------------------------------------------------------15-16

Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------------------------17

1

Абстракт

Зерттеу мақсаты: Ермексаздан мультфильм кейіпкерлерін мүсіндей отырып, оларды жаңа қырынан ашу. «Қап,бәлем!» мультсериалындағы Қасқыр мен Қоян кейіпкерлерінің қасиеттерін жаңа қырынан ашып көрсету.Ермексаздан оларды мүсіндеу арқылы ішкі сезімдерін көрсету

Зерттеу міндеттері:

-Ермексазбен жұмыстың баланың шығармашылық дамуына пайдасын көрсету

-Ермексазбен жапсырмалау тәсілдерін көрсету

- Сүйікті кейіпкерлерді мүсіндей отырып,оларды жаңа қырынан көрсету



Зерттеу пәні: Этномәдениет

Зерттеу обьектісі: «Қап бәлем!» мультсериалы, «Қасқыр мен Қоян» кейіпкерлерінің ермексаздан жасалған мүсіні, әдеби кітаптар, интернет сайттары

Зерттеу әдістері:мультсериалды көру, салыстыру, практикалық жұмыс.

Зерттеудің болжамы: Менің сүйікті кейіпкерлерім «Қасқыр мен Қоян» ғасыр өтсе де ,өзінің өзектілігін жоймай , 21ғасыр балаларының сүйікті кейіпкерлері болып отыр. Өйткені уақыт өтсе де ақкөңілділік, сабырлылық,тапқырлық сияқты қасиеттер өз маңызын жоғалтпайды. Егер қасқыр мен қоян менің заманымның кейіпкері болса, былай болар еді: келешекте қасқырдан креативті көшбасшы кейіпкер шығуы мүмкін. Ал қоян болса тек қана орындаушылық қасиеті басым қызметкер болар еді.

Зерттеудің жаңашылдылығы:Ермексазбен мультфильм кейіпкерлерін мүсіндей отырып, оларды жаңа қырларынан тану.

Зерттеудің практикалық маңызы: Ермексазбен жұмыс барысында саусақ моторикасы дамиды.Оқушының жазу каллиграфиясы жақсарады.

2

Кіріспе. Ғажайып ермексаз әлемі.

Әлем қандай ғажайып. Бәрін біліп, көргің келеді.Сол кезде саған ата-анаң көмекке келеді. . Ата-ананың міндеті осындай қиын кезеңде балаға көрген білгенің шығармашылықпен түсінуге үйрету .Бұл кезеңде бізге(балаларға) ермексаз көмекке келеді.Ермексаздан жапсырмалау –баланың қабылдауы мен қиялын дамытады. Баланың көркем жазуына да әсер етеді. Өйткені ермексазбен жұмыс барысында оқушының саусақ моторикасы дамиды.Халықта айтады : Жүз рет естігенше,бір рет көзбен көр. Одан да жақсысы бір рет сезіну.Бала өмірге ашық көзбен қарайды. Оған «бұл не?»деген ғана сұрақ қызық емес, «Бұл қалай құрылған?» деген сұрақ та қызықтырады. Әрине бала өзін қызықтырған нәрсені қайталап жасауға тырысады, бірақ өзінің ыңғайына қарай.Ермексаздан жапсырмалау балаға қоршаған орта туралы білгенің көрнекілеп көрсетуге мүмкіндік береді. Өйткені жұмсақ , созылғыш материал кез-келген форманы жасауға ыңғайлы.Ермексаздан жапсырмалау барысында балаға «көбірек», «азырақ» , «ұзындау», «қысқалау» деген ұғымдарды түсіндіру оңайға түседі. Кішкентай ғана ермексаздың бөлігі баланың ой-қиялын дамытады. Кішкентай шеберге қажет формаларды қалай жасау керектігін түсіндіріп,ермексаз бөлшектерін қалай қосу керектігін көрсетіп, баланың ой-қиялына , қимылына толық еркіндік беру керек.Ермексаздан жапсырмалау-баланың ең бірінші шығармашылық жұмысы. Сондықтан баланың жұмысы өзіне жағымды болу үшін, сапалы ермексазбен ,ыңғайлы құралдарды балаға алып берген жөн. Қазіргі таңда дүкендерден әртүрлі ермексаз түрлерін табуға болады.Қалай таңдау жасауға болады? Ең маңыздысы баланың жас ерекшелігіне көңіл болу керек.Ермексаз бағасы мен түстерімен ғана ерекшеленбейді, қаттылығымен де ерекшеленеді. Ең жұмсақ ермексаз –ермексаз көркемсуретіне арналған. Жапсырмалау процессінде ол қолға қатты жабысады. Сондықтан кішкентай балаға онымен жұмыс істеу ыңғайсыз.Қатты ермексаз- көркем модельдерді дайындауда қолданылады. Бұндай ермексазбен жұмыс істеу үлкен адамдардың өзінен біраз физикалық күшті қажет етеді.Бұл да балаларға жарамайды. Балаңызға орташа деңгейдегі қатты ермексазды алып берген дұрыс.Онымен жапсырмалауға кішкентай баланың да күші жетеді, және де қолы мен астына қоятын тақтайшасы да таза қалпында болады.Ермексаздың түсін таңдау да аса маңызды. Кішкентай балаларға ермексаздың қанық , ашық түстерін таңдаған жөн.Ашық ,қанық түстер баланы өзіне тартып, қызықтырады. Жасаған

3

бұйымдары да ашық , тартымды болады.Ермексазды таңдауда олардың бөлшектері бір-бірімен қалай қосылатынына да көңіл бөлу керек. Өйткені кейбір ермексаз түрлері қалыпты жақсы ұстағанымен, бөлшектерін бірге қосу қиын болып жатады.

Ермексаздан жапсырмалау құралдары көп емес.Бірақ та балаңыздың жұмыс істеуіне ыңғайлы болу үшін ,баланы қажетті құралдармен қамтамасыз еткен дұрыс.Жапсырмалауға арналған тақтайша- ермексаздың бөлшектерін илеуге ғана емес , сонымен қатар жұмыс столын таза ұстайды.

Стеки-жапсырмалауға арналған арнайы пышақтар.Екі түрін : жалпақ пластмасса және металл ілмек түріндегісін қолданған дұрыс.Сонымен қатар стакан сумен, жұмсақ, дымқыл мата, қағаз майлық қажет.Сумен жапсырмалау кезінде қолды сулап отырады.Ал матамен тақтайша мен стекиға жабысқан ермексазды сүртіп отырады.Қағаз майлықпен құралдарды тазалап және әр түс ауысқан сайын қолды сүрту үшін қажет. Ағаш тістазалағыш немесе сіріңкенің басын алып тастап, ермексаздан жасалған бөліктерді бір-бірімен қосу үшін пайдалануға болады.

4

Негізгі бөлім. Менің сүйікті кейіпкерлерім.



Менің ермексазбен жұмыс істеуге деген қызығушылығым үш жастан басталды. Анам маған үш жасымда алғаш рет ермексазбен жұмыс істеу тәсілдерін үйретті. Кейін өзім үйде жалғыз қалғанда осы ермексазды ермек қылдым. Өзімнің сүйікті кейіпкерлерімді мүсіндейтін болдым. Маған әсіресе «Қап , бәлем!» мультфильмі қатты ұнайтын. Ол мультфильмді көруге де анам кеңес беріп еді. Өйткені бұл анамның балалық шағындағы 20 ғасырдың үздік мультсериалы еді. Сол мультфильмдегі басты кейіпкер «Қасқыр мен Қоян» менің сүйікті кейіпкерлерімнің бірі.Менің ең алғашқы мүсіндеген кейіпкерлерім де осылар.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет