Ертегілер әлемі (төменгі сынып оқушыларымен өткізілген саяхат ойынының сценариі) Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі66,07 Kb.
#7272
Ертегілер әлемі

(төменгі сынып оқушыларымен өткізілген

саяхат ойынының сценариі)
Мақсаты: кітаптың пайда болуы жайлы әңгімелеу, қазақ ертегілерін көп оқуға баулу.

Дайындық: балалар ата-аналарымен бірігіп кітаптар оқиды, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жаттайды.

Көрнекілігі: ертегі кітаптарының сөресі.

Қажетті қосымша заттар:

Ертегі авторларының фамилиясы мен ертегі атаулары жазылған карточкалар,

ертегі кейіпкерлерінің заттары
Жүргізуші: Қымбатты балалар! Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымыз. Сіздер бұл мерекеге көптен бері дайындалып: ата-аналарыңмен, әже-аталарыңмен бірігіп ертегілер оқыдыңдар.

Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда зұлымдықты жоятынына көз жеткіздіңдер.

Енді біраз уақыттан соң, өздерің бірте-бірте ешкімнің көмегінсіз-ақ кітап оқып, оның мазмұнын айтуды үйренесіңдер.

Кітап қалай пайда болды? /Әңгіме /

Бүгін біз сендермен өздерің оқыған ертегілерге саяхат жасаймыз. Сендердің мерекелеріңнің қызықты да, көңілді болуы үшін мұнда сендердің ата-аналарың да келген екен.

Қымбатты бүлдіршіндер! Қазір сендер өздеріңнің қаншалықты кітапқұмар екендіктеріңді көрсетуге тиістісіңдер.

«Ертегілер еліне саяхат» ойынын бастаймыз.

/Оқушылар екі топқа бөлінеді: 1-і топ - «Ақылдылар»

2-і топ - «Білгіштер»

Екі топтың әрбір дұрыс жауабын бақылау үшін, дұрыс жауапқа бір жетон беріледі. Мына жетондарды кім көбірек жинаса, сол «кітапқұмар» атанады.

Саяхат-ойынымыз 3 кезеңнен тұрады.



1-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық». Ертегіден үзінділер оқылады. Оқушылар бұл қай ертегіден оқылған үзінді екенін тауып, ертегінің атын атайды.

1 Ненің дәні бұл?- деді

Бірақ ешкім білмеді.

Шөже дәнді көрсетіп,

Қай ұяға кірмеді?
Бара жатқан жұмысқа,

Өз ісіне шын ұста-

Ненің дәні екенін.

Айтып берді құмырсқа.
Жауабы: Тамаша олжа тапқаның,

Дәні ғой бұл мақтаның.

Қабат-қабат қабыршақ

Қауашағы қап-қалың. /Қанапия Дәрібаев «Шөже»/


2 Шыңғысхан ұлын ұзақ күтеді, бірақ ол қайтып оралмайды, сонда ол жасауылдарын жоқ іздеуге жұмсап тұрып, оларға: Егер кімде-кім батылы барып маған суық хабар жеткізетін болса, соның көмейіне балқытылған қорғасын құямын, -деп қаһарлана жарлық береді.

/Ақсақ құлан/
3 Наргөздің Құмай дейтін қара ала күшігі, Мияу дейтін өзі аппақ, көздері қап-қара бала мысығы бар еді.Сол бала күшік Құмай бала мысық Мияуды қуып келе жатыр екен. Аузын ашып алып жақындап қалыпты. Мияу бір-ақ секіріп, бәйтерекке өрмелеп кетті. Бала күшік Құмай ыза болып бәйтеректі айнала шауып, арсылдап үрді.Мияу құйрығын бұлғаңдатып, көздерін қылмитып, Құмайды әрі-бері мазақтады да жоғары өрлеп кетті.

/Ғ.Мүсірепов» Жас бала қыз Наргөз бен бала күшік Құмай,

бала мысық Мияу/

4 Менің балам жер асты елінің ханы еді .Мен соның туған әкесімін. Қаламызға жақын жерде терең сай бар. Жиырма жыл болды, сонда бір жеті басты айдаһар мекендейді. Жұма сайын бір ұл, бір қыз, он қой алғызып жейді. Салығыма көнбесең, бүкіл ел-жұртыңды қалаңмен жұтамын дейді... Оны тек Бұлдырмерген ғана жеңеді деген соң, халқымызға бір жақсылық бола ма деп, сені іздеп шығып едім,- дейді ақсақалды шал жылап. /Алтын мүйізді киік. /
5 Мысық: Енді не қыламын?-деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

- Жаның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.

Тышқан қорыққанынан:

- Үйімде бір табақ тарым бар ,-дейді.

Мысық:

- Маған бір уыс тары бер,-дейді. /Мақта қыз бен мысық/


6 Ұзап кеткен қойды қалай табамыз? Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтаратын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, -дейді Ақ лақ.

/Екі лақ/
7. Тасбақа байғұс жер тырмалап,кене сорлы тарыны жиып, егіп әлекке түседі.Сөйтіәп бейнет шегіп, піскен соң ол тарыны орып, жинайды. Мұны бастырғанда бір аяқ тары болды. Біреуі барып, түлкіні шақырып келіп еді, түлкі келді дағы:

-Бір аяқ тарыны үшеумізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуміз жарысып, қай озғанымыз алайық,-дейді. /Түлкі, тасбақа және кене/


8 Түлкі тура түйенің өзіне барып:

-Қасқыр мен Аю сені жейді-ау, осы?...-дейді

Неге ? Менде нелері бар?-деп бақырып қалады ұзын мойын аңқау Түйе.

-Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе,етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.

Аңқау түйе сәл ойланып: «Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім...»- дейді.

/Қу түлкі мен ұмытшақ аю/
9. Бала үйіне қатты қамығып келеді. Әкесі: «Тағы не әмір етті патша?» -деп сұрайды. Бала «Алтын су тауып алып кел деді»-деп жылайды.Кемпір –шал мұны естігенде, естерінен айырылады. /Алтын балық /
10. ...Деп ойлап іздеп кетті қаршығаны,

Мұң шағып, ішкі шерін аршығалы.

Көлдегі көп үйректің арасынан

Шулаған қаршығалап зар шығады.


Тыңдаса, бұл дауысты жақын келіп,

«Бұлардың бәрін қылған бір қаршыға,

Мен мәңгі келіп жүрген бұған сеніп»,-
Деді де ,бір түкіріп ұшты аспанға,

/С. Дөнентаев «Бозторғай»/

Жүргізуші :Өте жақсы. Сендердің ертегілерді қызығып, ықыласпен оқығандарың шынымен-ақ көрініп тұр.
Жүргізуші :Ойынымыздың екінші кезеңі: «Мен қай ертегіденмін» деп аталады.

Кітапханашы: Мынау не қап? Қап, әттеген-ай! Қу түлкі тағы да біздің ертегілерімізді тонап кеткенге ұқсайды. Кәнеки балақайлар, енді біз осы ертегілердің өз заттарын өздеріне қайтарып беруге көмектесейік.


Заттар: Ертегі атаулары:
1 Күшік- Ғ. Мүсірепов «Жас бала қыз Наргоз, бала күшік Құмай, бала мысық Мияу»

2 Лақ - «Екі лақ»

3 Мақта (шөже) - Қ. Дәрібаев «Шөже»

4 Жұмыртқа - Мақта қыз бен мысық

5 Балық - Алтын балық
Саяхат – ойынымыздың 3 кезеңі «Ой-өрісті сергітейік» деп аталады. Мына сұрақтардың жауабын дұрыс тапқан балаға ұпай беріледі.

1. «Екі лақтың» қайсысы ақылды?

Жауабы: Ақ лақ



2. «Түлкі, тасбақа және кене» ертегісіндегі ең ақылды жануарды ата.

Жауабы: Кене



3. «Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісіндегі аңқау аңды тап.

Жауабы: Аю



4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысыққа кім көмектесті? Жауабы: Тышқан

5. «Алтын мүйізді киік» ертегісінде айдаһарды жеңген батырдың аты кім?

Жауабы: Бұлдырмерген.


Жүргізуші: Ендігі ойынымыз « Ата - анаңмен бірге » деп аталады.

Мына конверттегі суретті ата-аналарыңның көмегімен құрастырған кезде, ертегі кейіпкерлерінің бейнесі шығады. Ата-аналар осы ертегінің атауын дұрыс тапса, ұпай алады.


Жүргізуші: Балалар өздерің сондай білімді , алғыр екенсіңдер!. Ал енді қаншалықты епті, күшті екендіктеріңді сынап көрелік.
«Әтештер айқасы» /тек ер балалар үшін/

Ойын шарты бойынша шеңбер ішінде жалғыз аяқпен тұрып, қарсыласыңды иығыңмен ығыстырып, шеңбер ішінен шығарып жібер.
Саяхат-ойынымыздың қортындысын жариялау.

Қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

а) барлық ертегіні оқығаны үшін үздік оқырман;

ә) ертегі мазмұнын барлығынан жақсы білгені үшін;

б) ертегілерді ең көп оқыған отбасы.
Пайдалынылған әдебиеттер:


  1. Қазақ ертегілері .- Алматы: «Балауса баспасы» 2003. - 176 бет

  2. Қазақ ертегілері / құрастырған: А. Сәулебаева. Суретші: Г. Ф. Алматова .- Шымкент: ПТ «Шикула и К» , 2003.- 104 бет.

  3. Қазақ ертегілері (хайуанаттар туралы) «Балалар әдебиеті» баспасы, 2005.- 24 бет

Құрастырған: Жанашева К.А.

№2 балалар кітапханасы



- филиалының меңгерушісі
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет