Есиргепова в. Ж



Дата05.02.2020
өлшемі24,32 Kb.
#57213
Байланысты:
Сарбаева Анар мақала
медиаплан каф ПП, медиаплан каф ПП, PHP - 3 дәріс


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ
ЕСИРГЕПОВА В.Ж.

Аға оқытушы, магистр, педагогика және психология кафедрасы



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
САРБАЕВА А.С.

5В010300 Педагогика және психология кафедрасы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Аннотация: В этой статье речь идет о роли дошкольных учреждений в развитии ребенка.
Ключевые слова: дошкольное учреждение, воспитание, дети, воспитатель.
Summary: This article is about the role of preschools in child deveiopment
Keywords: preschool institution, education, children, educator

Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі  ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.

Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау – әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.

“Бала тәрбиесі — бесіктен басталады”— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты “Білім туралы” занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.

Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 – 6 жастағыларды мектепке дайын.іау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның  біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін – өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады [1].

Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесінде ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытты негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде танграмм, ребус, кроссворд, мақал – мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайданылады. Жылдан жылға материалдық – техникалық базамыз әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молая түсуде.

Тәрбиешінің балаларға сенім артуы, оларды оқу үрдісінде де қолдап отыруы, балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, барлық вербальды және вербальсыз қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі де тиімді ұйымдастыруға көмектеседі [2]

Ал, мектепке жасына дейінгі баланың үшін мүғаліммен қарым-қатынас жасау маңызды қажеттілік. Осы жаста олар мүғалімді пір тұтып, оның абыройына деген асқан сенімділік танытатыны анық. Бұл сенім балалар бойында мұғалімнің балалар тұлғасына деген қызығушылығын көрсеткенде, өз жомарттығын, мейірімділігін, адалдығын, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін байқатқанда ғана пайда болады. Балалар өз сырларын сенетін адамдарына ғана айтады, ал басқа сенімдік танытпайтын адамдарды интуитивті түрде сезіп тұрады да, оларға сырын аша бермейді.

Барлық адамдарда қауіпсіздік, қорғаныш сияқты жетекші қажеттіліктер болады. Осы қажеттіліктер мектепке жасына дейінгі балаларда аса айқын байқалады, олар үнемі үлкендерден көмек күтіп, қамқорлықты қажет етеді. Балалардың сенімдерін ояту үшін мұғалім өз сырларын да оларға айтуына болады.

Мектепке жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениеті ұғымы бірқатар құрылымдық бөліктерді қамтиды. Қысқаша осы жастық кезеңді сипаттайтын мінез-құлық мәдениеті, сөйлесу мәдениеті, оқу еңбегінің мәдениетіне (оқу мәдениеті және жазу мәдениеті) тоқталып өтуге болады.

Мектепке жасына дейінгі баланың мінез-құлық мәдениетібала мінез-құлқының қалайша сырт көрініс беретінін, қалайша нақты түрде адамгершілік талаптары орындалатынын, осы нормалардың қаншалықты үйлесімді табиғи түрде баланың өмір сүру салтымен ұштасатынын, олардың қаншалықты өмірлік ережелер ретінде қалыптасуын қарастырады.

Кеңірек қарастырсақ мінез-құлық мәдениеті ұғымы адам мәдениетінің ішкі және сыртқы салаларын қамтиды: әдеп, қоғамдық орындарда адамдармен араласу және жүріс-тұрыс ережелері, жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарын сипаттайтын тұрмыс мәдениеті, балалардың мектептен тыс өзара қатынастары.

Мектепке жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениеті – балалардың қоршаған адамдармен сөздік қарым-қатынастарын және ғылымдар негіздерін меңгеру үрдісінде қалыптасқан ауызша сөйлеу қабілеттерінің деңгейі. Аталған жастағы балалардың сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру өте көлемді де күрделі жұмыс, себебі балаларда сөз қорлары сондай толық емес, сөйлеу екпіні де нақты, бірқалыпты емес, сөйлеудің әдеби формаларын да пайдалана алмайды.Мектепке жасына дейінгі баланың оку мәдениеті тек бұл үрдістің операционалдық-техникалық жағымен сипатталмайды, сонымен қатар мазмұнды жағы да кеп көңіл бөлуді қажет етеді. Оқу мәдениеті ең алдымен кітаптан алынатын ақпараттар мазмұнын түсіну және оны меңгеру мәдениеті. Балаларда оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелерімен айналысатын мұғалімдерден бұл іс-әрекеттің ғылыми-теоретикалық негіздерін білулері және оқудың жылдамдығы, материалды қабылдау сапасы, кері байланыс нәтижелілігі, тез оқу сияқты сипаттарына көп көңіл аударуларын талап етеді.

Мектепке жасына дейінгі баланың жазу мәдениеті – аталған жастағы балалардың каллиграфиялық қабілеттері мен іскерліктерін қалыптастыру деңгейі. Бұл үрдіс мұғалім жағынан үлкен педагогикалық шыдамдылық пен күш-жігерді талап етеді.

Сонымен қатар мектепке жасына дейінгі баланың ойлау процесіне де көп назар аудару қажет. Себебі, баланың айтайын дегені ең бірінші оның ойында пайда болып, тек содан кейін ғана ол ойлар ауызша айтылады. Осыған орай мұғалім өз бойында балалардың ойын алдын-ала сезу, байқағыштық қасиеттерін дамытуы керек. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы дер кезінде қолдап, оның ойын мақұлдап және оның ойын байқағанын білдіруі қажет.Бірақ осы жастағы балаларға ортақ жас ерекшеліктерді ғана ескере отырып қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жеткіліксіз. Балалар ұжымы түрлі даралықтардан құралады. Сондықтан қазіргі кезде балаға педагогикалық ықпалдың қажеттілігі мен маңыздылығына көп көңілаударылуда. Бұл мәселені шешуде педагогқа балалар отбасылары, қоршаған құрбы-құрдастары, үлкендер қандай ықпал бергенін, олардың қызығушылықтарын, ұжымда алатын орындарын мінездеріндегі түзетуді қажет ете қасиеттерін анықтау қажет. Әрбір баланы тереңінен танып білмей оларда қарым – қатынас мәдениетін жоспарлы мақсат жүйелі түрде жүргізу мүмкін емес.

Қарым-қатынас баланың рухани дамуындағы ең маңызды құралы ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаның рухани мәдениеті оның жалпы адамзаттық интелектуалдық, моральдық, эстетикалық құндылықтарға қатынасын көрсетеді. Қарым-қатынас барысында тәрбиешілер қарым-қатынас алдымен нені көздейтін қандай нәтиже беретінін, оны қалай ұйымдастырған дұрыс екенін ескеріп отыру керек. Тәрбиешінің балалармен қарым- қатынасы оқушы тұлғасының рухани даму міндеттеріне бағынады. Тәрбиенің гуманистік мақсаттарына бағытталған рухани бай қарым-қатынас қазіргі кездегі балабақшалардағы тәрбиешілердің негізгі қызметі болып табылады [3]

Сөз соңында қарым-қатынастар мен әрекеттерді рухани байьггу балалардың басқаларға қуаныш сыйлауға ұмтылыстарын, басқаларға жағымды жағдай туғызуға талпыныстарын анықтайды. Осындай іс-әрекет нәтижесінде әр бала өз іс-әрекетіне өзінің жеке “Менің бір бөлігін қосып, сүйіспеншілік білдіріп еңбекті бағалауға үйренеді. Ең бастысы балалар бойында кіші жастарынан бас өз қарым-қатынастарын басқалардан ұйымдастыруда ар-үят, намыс, адалдық басқалардың тұлғалық қасиетерін құрметтеу сияқты негізгі адамгершілік қасиеттер негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Балалардың қателіктеріне тәрбие тұрғысына қарау, яғни тәрбиешінің балаларға сенім артуы, оларды оқу үрдісінде де қолдап отыруы, балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, барлық вербальды және вербальсыз қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі де тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Ал, мектепке жасына дейінгі баланың тәрбиешімен қарым-қатынас жасау маңызды қажеттілік. Осы жаста олар тәрбиешіні пір тұтып, оның абыройына деген асқан сенімділік танытатыны анық. Бұл сенім балалар бойында тәрбиешінің балалар тұлғасына деген қызығушылығын көрсеткенде, өз жомарттығын, мейірімділігін, адалдығын, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін байқатқанда ғана пайда болады. Балалар өз сырларын сенетін адамдарына ғана айтады, ал басқа сенімдік танытпайтын адамдарды интуитивті түрде сезіп тұрады да, оларға сырын аша бермейді.Барлық адамдарда қауіпсіздік, қорғаныш сияқты жетекші қажеттіліктер болады. Осы қажеттіліктер мектепке жасына дейінгі балаларда аса айқын байқалады, олар үнемі үлкендерден көмек күтіп, қамқорлықты қажет етеді. Балалардың сенімдерін ояту үшін тәрбиеші өз сырларын да оларға айтуына болады.

Тәрбиеші грамматика мен емледен окушылардың білімін дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, жастардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін кластағы анағұрлым

білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып журеді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.

Балалар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар терінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуі тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім класпен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады [4]



Сонымен қатар тәрбиешілер балалардың өз бойындағы жағымды жақтарын танытуға, ішкі қабілеттерін ашуға көмектесетінін есте сақтаған абзал. Тәрбиешілердің бала жетістіктеріне деген ұмтылыстары, әр бала үшін қолайлы психологиялық жағдай жасау осы қарым-қатынас үрдісін жетілдіреді және балалардың дамуына септігін тигізеді.

Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелейік.   Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.
Әдебиеттер:

  1. Усова А. «Балабақшадағы оқыту», Алматы, 1987 – 126 бет.

  2. Бакраденова А. «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу программасы», Алматы, 1988 – 246 бет.

  3. Тарасова Л.Т. «Балабақша меңгерушілеріне арналған кітап», Алматы, 1987.

  4. Крупская Н. «Мектепке дейінгі тәрбие туралы», Алматы, 1988 -32 бет.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет