Есмағанбет Қымбат Қабланқызы «Жалтыр №4 орта мектебі»мм сыныбы: 7 Пәні:өзін-өзі тану Тақырып



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі376,73 Kb.
түріСабақ
  1   2
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Есмағанбет Қымбат Қабланқызы

«Жалтыр №4 орта мектебі»ММ

Сыныбы:7

Пәні:өзін-өзі тану

Тақырып: «Қарым – қатынас мәдениеті».

Құндылық: дұрыс әрекет жасау

Қасиеттер: әр нәрсені өз уақытында істеу, өзгелерді жамандамау, әділ болу.

Оқушылар саны: 11 оқушы

Сабақ мақсаты: Қарым-қатынас жасау барысында дұрыс әрекет құндылығын ашу.

Міндеттері:

Оқушыларға жауапкершілік маңызын түсіндіру;

Қоршаған ортада қарым-қатынас кезінде әділ болуға дамыту.

Өзгелерді жамандамауға тәрбиелеу.



Ресурстар: оқуқұралдары,компьютер, үнтаспа.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен) (теңізге саяхат) Мұғалім: Бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз. бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • Қандай әсер алдыныз?

  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы «Теректің асқақтығы» атты өсиет әңгіме



  • Терек айналасындағылармен неліктен осылай жасады?

  • Теректің ендігі өмірі қалай болуы мүмкін?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық кайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» 
Дәйексөзді көзкарас, себеп, мысал жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылау қажет. 

Абай






  1. Мұғалім сыйы

З. Ахметованың «Шуақты күндер» атты тақырыбымен танысу, оқушыларға әңгімелеп беру.
Бір-біріне сұрақ қойып жауабын айтып, әңгімелеседі: 
1.Автордың айтар ойы неде деп ойлайсыңдар? 
2. Шегенің ақылды адамның қолына түспегенде тағдыры қалай болар еді деп ойлайсың? 
3. Адамдар арасында да осындай жағдайлар кездесе ме? Мысал келтіріңдер. 
4.Өздерің қандай тұжырым жасадыңдар? 






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Қарым-қатынас кедергілері және және кекілжіңнің алдын алу, жағдаяттарды талдау. 
* Ауырып келген оқушы сыныпқа келсе,оның партасына жаңадан келген оқушы отырып қойыпты. Ауырып келген оқушы қарым қатынасты бұйрық беруден бастайды: « Тез арада менің партамды босат!» 
Екі адамның карым катынасы туралы сахналау, пікірлесу. 

*Айгүл мен Айнаш сыныптас. Олардың әдебиет кітабі біреу. Оқытушы оқулықтан ертең оқып келуге тапсырма берді.Олардың арасында кім оқулықпен бірінші сабаққа дайындалуы қажет екендігі жөнінде келіспеушілік пайда болды. 


Сахналау,пікірлесу. 
* Сыныпта топпен жұмыс кезінде топтың жауабын Арман топтың атынан емес өз атынан айтты. Арманға оқушылар бұл жұмыс шарттың бұзғандық екенін ескерткені сол еді, ол ескертуді кінә тағу деп қабылдап , ренжіп қалды. 

Сахналау,пікірлесу. 




  1. Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С.Қали. Әні Қ.Махан






  1. Үй тапсырмасы.

«Адамгершілік, сүйіспеншілік, әдептілік» қасиеттері жайлы тақпақ шығарады. Келесі сабақта сыныпқа жариялайды.




  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл –күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта жақсы көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзінде асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңізді ашуға болады. »

Рахмет .Сау болыңыздар!












Каталог: 237F667F899F6FEC
237F667F899F6FEC -> Ұбт-ға психологиялық дайындық
237F667F899F6FEC -> Анықтама ағылшын тілі пәні бойынша мектепішілік бақылаудың қорытындысы 2015 жылдың 27 қарашасынан
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектептің жаратылыстану- математика бағыттағы мұғалімдерінің 2014 2015 оқу жылына
237F667F899F6FEC -> Аты-жөні: Туған жылы: Білімі
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 2016 жылы 08. 02-13. 02 аралығындағы «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты пән апталығының қорытындысы
237F667F899F6FEC -> Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң
237F667F899F6FEC -> Жалтыр №4 орта мектептің жаратылыстану- математика бағыттағы мұғалімдерінің 2014 2015 оқу жылына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет