Естественные и педагогические науки


Нұртазаева Н. Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың дара қасиетін дамытудағы педагогикалық ерекшеліктері // Бастауыш мектеп № 4. - Алматы, 2010



бет2/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
#38003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1.Нұртазаева Н. Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушылардың дара қасиетін дамытудағы педагогикалық ерекшеліктері // Бастауыш мектеп № 4. - Алматы, 2010.


2.Дандыбаева А.С. Оқу процесінде денгейлік тапсырмалардың пайдалану ерекшелігі «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер». Республикалық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды «Болашақ- Баспа», 2012. Том ІІІ. - 435 б.

3.Баймұханов Б. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері «Бастауыш мектеп». - Алматы, 2000. № 8, 9.


ӘОЖ 339.18(075.8)

СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алшынбаев К.І., Сералиева У.О.

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент,Қазақстан



Резюме

В статье рассмотрено физическое воспитание личности с учетом различных методик народной педагогики. Особое внимание обращено на развитие физического воспитание тела, способностей и психологических особенностей студентов

Summary

In the article P.E of personality is considered taking into account different methodologies of folk pedagogics. The special attention is turned on development physical education of body, capabilities and psychological features of students

Бүгінгі таңда болашақ мамандардың көпсалалы ұлттық мектептерде халық педагогикасындағы дене тәрбиесін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері арқылы жасөспірімдерге тәрбие беруде зор үміт артылып отыр. Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы дене тәрбиесіне зияны тиді.

Халықтық педагогика процесіндегі ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттық сананың қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, туған елдің мәдениеті мен тарихына, елі мен жерінің байлығына деген сүйіспеншілігі, азаматтығы көрінеді. Өз елін, ұлтын қадірлейтін адам ғана басқа елді де қадірлей біледі. Осы ретте, жаңарған қоғамның басты мақсаттарының бірі – әрбір сәбиден бастап жоғары оқу орындарындағы жастарға дейін туған елінің мәдени қазынасынан айырылып, рухани мүгедек болып қалмауы үшін, ана тілін, дінін, салтын, дәстүрлі еңбектің түрлерін меңгертуді оларды өмірлік қажеттілігіне айналдыру

Өркениетті республикамыздың көпсалалы мектептерінде жеткіншектерге дене тәрбиесін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктерін этнопедагогикалық мол қазынаға сүйене отырып тәрбиелеудегі ең өзекті міндеттердің бірі – дәстүрлі еңбекке баулу, кәсіптік мамандықты беру бағдарламасы арқылы болашақ мамандығына байланысты менеджмент, маркетинг, технология, бизнес, т.б. салалардан білім, тәрбие беруді ұйымдастыру, өнімді еңбекке және іскерлік бизнеске ұластыру. Сонымен қатар дене тәрбиесіне, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауды, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру мақсатында халық педагогикасы қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында және «Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» : «Жаңа формация мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман» болуы тиіс делінген.

Болашақ дене тәрбиесін ұйымдастырушы маманның тұлғалық бейнесін қалыптастыру шарттарын ұсынамыз:



  • болашақ мамандығына қажетті азаматтық, еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиетттерді жоғары бағалайтын және оны өз бойына қалыптастырумен бірге, қазақ халық педагогикасында дене тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктерін меңгерген, оларды шәкірттеріне дарыта білетін іскер де қабілетті, белсенді маман болуды көздеу;

  • қазіргі нарықтық экономикаға байланысты қоғам сұраныстарын тез сезіне білетін, қазақ халық педагогикасының ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ұлықтай отырып дене тәрбиесінің түрлеріне орай бәсекелік іс-әрекет жасай алатын, өз ісінің нәтижелі болуына сенімі мол жасампаз маман болуды көздеу.

Мұндай тұлға қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының жаңа сатысында жоғары мектептің мақсатты ұйымдастырылған дене тәрбиесі процесіне өзгеріс ендіруге ықпал жасайды.

Тәлімгердің осындай тұлғасын қалыптастыруда төмендегі шараларды іске асыру ұсынылады:



  1. Білім беру мен тәрбие жүйесінде жеткіншектерді дәстүрлі қазақ халық педагогикасында дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеуде педагогикалық-психологиялық қызмет көрсете алатын арнайы тәрбиеші-маман даярлау.

  2. Педагогикалық колледждерге, институттар мен университеттерге талапкерлерді қабылдауда басты талап – білім деңгейімен қатар, мұғалім мамандығына бейімділігін, әсіресе, дәстүрлі еңбекке , дене тәрбиесіне қабілеттілігін, іскерлігін ескеруі. Бұл үшін арнайы педагогикалық-психологиялық диагностика, тестілер, сауалнамалар жүргізу қажет.

  3. Студенттердің бос уақытын мазмұнды өткізуге материалдық жағдай туғызу; олардың бұл салада өзін-өзі басқарумен қатар дәстүрлі дене, еңбек іс-әрекетіне педагогикалық бағыттың болуын қамтамасыз ету.

  4. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болашақ мамандарды ауылшаруашылық еңбегіне қатыстыруда ең алдымен, аудиториядан тыс ғылыми-қоғамдық жұмыста, денешынықтыру, туризм, өлкетану, экспедиция, әр салалы клуб, отряд, қоғам, кооператив, ассоциация, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі, студенттік жәрмеңке, студенттік фестиваль, Наурыз мерекесі, сәндік қолданбалы өнер сайысы, т.б. өздері қажет деген жұмыстарды ұйымдастыру.

  5. Студент жастардың өз еріктерімен өздерін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық заңдылыққа сәйкес, саналы, мазмұнды іс-әрекеттеріне барынша мүмкіндік туғызу. Бұл әрекеттерді негізгі педагогикалық мамандықты меңгеруіне және оқу-тәрбие процесіне қайшы келмейтіндей етіп ұйымдастырып сабақтан бос уақыттарында жүргізілуін қарастыру. Студенттер аукционын («Спорт-болашақ кепілі») ұйымдастыру.

  6. Мұғалімдер даярлайтын орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін: «Қазақ этнопедагогикасы», «Қазақ халық педагогикасы», «Қазақ халық педагогикасындағы дене тәрбиесі», т.б. арнайы пән немесе курс ретінде оқыту.

  7. Ұстаз қызметі тиімді болуы үшін оларды әдістемелік жағынан толық қамтамасыз ету, дене тәрбиесі жұмысына арналған оқу-әдістемелік, көрнекі, техникалық, компьютерлік құралдар, кино-теле хабарлар, т.б. дайындау.

  8. Қазақ халық педагогикасының өзекті мәселелерін жариялап отыратын «Қазақстан мектебі» журналының жанынан жылына 4 рет шығып тұратын «Этнопедагогика» атты қосымшада дәстүрлі еңбек түрлерінің озық тәжірибесін үздіксіз жариялап отыру.

  9. Қалалық, облыстық, республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру; онда ұлт мәдениеті мен оқу-тәрбие жұмысының жетістіктерін, дене тәрбиесін халық педагогикасында психологиялық тұрғыда үнемі насихаттауды қарастыру.

  10. Мұғалімдер даярлайтын арнаулы орта және жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназия, лицейлерде халық педагогикасын насихаттау орталығы – этнопедагогикалық музей, дене тәрбиесіне жұмылдыру үшін, спортшеберлігіне баулу мақсатынад спорттық секциялар ұйымдастыру.

  11. Әр ауданда халық педагогикасы арқылы дене тәрбиесіннің психологиялық ерекшеліктерін жасөспірімдерге насихаттау үшін бір-екі тірек мектептерін ұйымдастыру. Оларда сынып жетекшілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қаысуымен халық педагогикасында қазақтың ұлттық ойындары арқылы өздерінің спорттық жетістіктеріне шыңдалуға арнайы семинар-кеңестерін, үлгілі тәрбие сағаттарын, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын мектепаралық спорттық жарыстар («Тоғызқұмалақ», «Спорт падишасы-шахмат» т.б.) ұйымдастырып өткізіп отыру.

  12. Оқу-тәрбие процесінде айтарлықтай нәтижелерге қолы жеткен, әсіресе халықтық дене тәрбиесі дәстүрін еркін меңгеріп, сабақ жүйесі мен тәрбие ісінде шебер қолдана білетін іскер тәрбиеші-ұстаздардың тәжірибелерін жинақтап, аудан, облыс, республика көлемінде кең тарату; осы мақсатта ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинар-кеңестер өткізіп отыруды дәстүрге айналдыру; озық тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінен арнайы әдістемелік көмекші құралдар, оқулықтар, альбом-буклеттер, т.б. шығару;дене тәрбиесін ұйымдастыруда жақсы нәтижеге қолы жеткен жеке ұстаздар мен ұжымдарға наградалар, атақтар, бағалы сыйлықтар белгілеу.

Дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы өз мазмұны бойынша жеке тұлғаны тәрбиелеудің түрлі салаларын қамтиды, сонымен бірге дене сапалары мен қабілеттерін дамытуға басым көңіл бөлінеді. Тәжірибелік тұрғыдан дәлелденгені - халықтық ойындармен және спорт түрлерімен шұғылданатын балалардың дене сапалары мен дағдыларын дамытуға әсер ету деңгейі басқа дене тәрбиесінің түрлерімен және құралдарымен салыстырғанда өте жоғары тұрады. Бұл шұғылданушылардың эмоциялық және психологиялық талпынысына үлкен қимыл белсенділігі мен ұзаққа созылған, тұрақты қызығушылығы тән болады.

Сонымен, қазақтың дене тәрбиесінің халықтық педагогикасында ағзаның қалыптасуы мен даму үдерістерін, шұғылданушылардың психикасын дұрыс ескеру үшін жастық дәрежелер айқын реттеліп отырады. Осы қағидаға орай, ойындар мен дене жаттығулары таңдалынып алынады, оның өзі ағзаға жастардың психикасына әсер ететін шамадан тыс жүктеме түсірмеу немесе қандай да бір жағымсыз әсерлер келтірмеу мақсатымен жүргізіледі.

Білім беру мекемелері мен ұйымдарындағы үйрету мен тәрбиелеу үдерісін білім алушылар (студенттер) түрлі оқу пәндері, соның ішінде дене шынықтыру шеңберінде меңгеретін білімдер бірлестігі негізінде құру қажет.

Бүгінгі күн сұраныстары біршама маңызды және өзекті мәселелердің қатарына дене шынықтыру оқытушысының жеке басын қалыптастыру мәселесін енгізіп отыр. Бұл мәселе болашақ дене шынықтыру мен спорт маманына жоғары кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіндегі ұлттық денелік білім беру тұрғысынан қарастырылады.

Қорыта келгенде, қазақ халық педагогикасында дене тәрбиесін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану қазақтың халықтық педагогикасындағы дене тәрбиесінде спорттық шеберліктерін жетілдіру мақсатында өркениетті елдердің озық тәжірибесі алынды, жұртшылық пікірі ескерілді.

Әдебиеттер


        1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 1999ж., 11 маусым.

        2. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы.-Алматы: Қазақстан, 1998. -31б.

        3. «Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы».Алматы,2005.

        4. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Кітап, 1992. -196б.

        5. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы: РБК, 1994. -140б.

        6. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. –Алматы: Рауан, 1993. -63б.

        7. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. –Алматы: Әл-Фараби, 1995. -463б.

        8. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы: Рауан, 1994. -40б.

        9. Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. –Алматы: Нұрлы Әлем, 2000. -116б.

        10. Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдараламасы. –Жамбыл, 1993. -15б.

        11. Халық педагогикасы – бала тәрбиесінде //Дайындағандар Қ.Бөлеев, А.Мейірманова, Р.Садуақасова. –Жамбыл, 1992. -81б.

ӘОЖ 37:А-8
ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Ахтаева Ж. С., Әділбек Д.
№ 74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В этой статье рассматриваются использование и недрение новых технологии

Summary
In this article uses the innovative technology and the quality of teaching
ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры деп аталып жүрген кезеңде шет тілдерін үйретудің бірнеше жаңа технологиялары өмірімізге дендеп енгеніне де біршама уақыт болды. Қазақстан әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін әлемдік жоғары инновациялық технологияларды білім деңгейін көтеру мақсатында қолдануы міндетті. Қазір барлық орта, кәсіптік білім, жоғары білім оқу орындарында инновациялық технологиялардың дамуы талап етілуде. «Инновация» - сөзі қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізі - тіл үйренушінің дербес қабілеті мен белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру, көрнекілік құралдарын көптеп пайдалану, қабылдау эмоциясына әсер ету болып табылады. Жалпы әдістеме ғылымында оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар.

Қазіргі кезеңде жаңа технологияларды қолданып, сапалы дәріс өткізуге мектептерде барлық жағдайлар жасалған. «Инновация», «интерактивті» сөздері қазіргі біздің оқу үрдісімізге кеңінен енді. «Интерактивті» сөзін қазіргі кезде «интербелсенді» деп те аударып жүр. Зерттеуші И.Зимняя интерактивті әдіс-тәсілдер жөнінде былай деген: «Интерактивные методики способствуют интенсификации процесса обучения. Они позволяют сделать знания более доступными, анализировать учебную информацию, творчески подходить к усвоению научного материала. Важным компонентом интерактивных методов обучения является создание комфортных условий, в которых обучающийся чувствует свою успешность, интеллектуальную состоятельность, что делает процесс обучения более продуктивным» [1,52].

ХХ ғасыр басында ұлтымыздың төл топырағында құнды дүниелеріміз бен сапалы білім берудің озық үлгісін жасаған отандық ғалымдардың әдістеме ғылымына қатысты өздерінің озық ойлы пікірлері, еңбектері зерделеніп, олардың оқыту үдерісіне қатысты жаңалықтары жаңа технологиялары тұжырымдалды. Оның себебі, оқыту технологияларының ең алғашқы белгілері көрнекті тілтанушы ғалым, қазақ әліпбиінің атасы А.Байтұрсынұлы, белгілі жазушы Ж.Аймауытов, алғашқы ұстаз Ы.Алтынсарин, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, майталман зерттеуші Қ.Жұбанов және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінен бастау алғандығында. Ғалымдардың зерттеу еңбектеріндегі әдістемелік тұжырымдары қазіргі таңдағы білім үрдісінде қолданылып жүрген оқыту технологияларымен салыстырылды. Салыстырып, салғастырудың нәтижесінде әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың қазақ әдістеме ғылымымен де сабақтас екендігі белгілі болды. Ғалымдардың қай-қайсысының да зерттеу еңбектерінің құрылымдық жүйесі жаңа технология қоятын талаптарға толығымен жауап бере алады.

Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясында білім алушының тілін дамыту және танымын кеңейту мәселелері басты назарда болды. Белгілі жазушы Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы қазіргі таңдағы білім берудің ұлттық моделін жасау идеясымен сабақтасады. Ж.Аймауытовтың тұжырымдауынша жеке тұлғаға бағдарлап оқыту білім алушының ынтасын тудыра, оқытып білім беру т.б. мәселелермен тығыз байланысты болып келеді. Алғашқы ұстаз Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы, қазіргі тіл сабақтарында білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру және шығармашылыққа баулу әдісі кең орын алды. Ол баланың өміріне, табиғатына жақын келетін мәтіндерді пайдаланудың тиімділігін нақты тұрғыда атап-атап көрсеткен. Оқушының тілдік қабілетін жетілдіріп, ұштау білім беру үдерісіндегі басты міндет болып табылады. Аталған, тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы осы міндетті шешуге толығымен жауап бере алады. Тілтанушы ғалым Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы баланы тұлғалық жағынан қалыптастыру мен дамыту және білімді деңгейіне қарай меңгертуді алдына мақсат етіп қояды. Ғалымның түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен суреттеу, көрнекілік, еңбек үдерісімен жүйелі ой меңзеуге бағыттау, білім алушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді сабақтастырып, құрал ету­ т.б. әдістері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен бағыттас.

Профессор М.Балақаев өз еңбегінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясын көтерген. Қазіргі кезде қоғамның дамуына байланысты жастардың арасындағы сөйлеу мәдениеті көңіл көншітпейтіндей жағдайда. Ғалым М.Балақаев айтқандай, «тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның шегі жоқ. Тіл адамдардың еңбек ету үдерісінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасаған және жасасып келеді. Оның орасан көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үдерісінде үйренеміз» [2,135], - деді.

Сонымен жалпы, сөйлеу мәдениеті дегеніміз - сөздің орфоэпиялық, орфографиялық, стильдік, грамматикалық жағынан дұрыс құрылуы, ойдың дәл, нақты, да түсінікті, әсерлі жеткізілуі. Дұрыс сөйлеу тілдік қабаттар тұрғысынан барлық нормаларды сақтау болса, сөйлеу шеберлігі - сөйлеудің дәлдігі, логикаға құрылуы, тазалығы, байлығы, орынды қолданылуы, көркемдігі, қарапайымдылығы және қысқалығы.дұрыс сөйлеу және сөз шеберлігі іскери тіл мәдениетінің негізі болып табылады. Сөзді дұрыс қолдану талаптарынан басқа іскери тіл мәдениетінде этикалық ережелер де бар: амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, өтініш жасау, ризашылығын білдіру, қарату сияқты сөйлесім формалары бар. Сонымен мәдениетті сөйлеу тек дұрыс сөйлеу ғана емес, сонымен қатар жүйелі, сөзді этикаға сай сыпайы қолдану мәдениетімен де байланысты.

Тіл мәдениеті сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуына ерекше назар аударуды қажет етеді. Сөйлеу барысында сөздің құлаққа түрпі тиетіндей емес жанға жағымды әуезді болып келуіне көңіл аудару шарт. Тіліміздегі жекелеген дыбыстардың бір-бірімен үйлесіп, бір-біріне ұқсата әсер етуі немесе түсіп қалып айтылуы тілдің тарихи тұрғыда ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылығы. Сөздерді әдеби тілде жалпы халықтық сипат алған ортақ нормаға сәйкес айту тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың бірі. Жалпы алғанда қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында айтарлықтай үлкен айырмашылық жоқ. Сөйлеу мәдениетіне жататын құндылықтар: мемлекеттік тілде еркін, жатық, таза сөйлеу. Озін салмақты, байыпты, байсалды ұстау. Ол тек жоғары біліммен ғана өлшенбейді. Ол адамның, тұлғаның сана сезіміне де байланысты.

Ғалымның тілдік білімнің нәтижесін құзыреттіліктер деңгейіне көтеруі қазіргі уақыттың талабымен толық сәйкес келеді. Сөз мәдениетін сақтау сөйлеушінің ішкі рухани бай, мол сөздік қорынан хабар береді. Сондықтан сөз мәдениеті тұлғаны интеллектуалдық тұрғы тұрғысынан тәрбиелеудің негізі құралы. Зерттеуші ғалымдардың жоғарыдағы аталған еңбектерінде қазіргі кезеңдегі қолданысқа енген білім беру технологияларының барлық түрі де көрініс тапқан. Сондықтан сол ой-тұжырымдарды басшылыққа алу болашақ мамандардың санасына ұлттық рух секілді қасиетті қалыптастыруға, ұлттық сананы оятуға, дәрістің сапасын арттыруға, оқытушы шеберлігі мен оқушы білімін жетілдіруге ықпал етеді. Тіл үйретуде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын елтану элементтері де мейлінше оята алады. Тілді үйрету, оқыту үрдісінде елтану сипатындағы мәтіндер бүгінгі таңда үлкен рөл атқарады. Осындай мәтіндердің арқасында, оқушылар үйреніп жатқан тілдің елінің реалийлерімен танысады, жағрапия, білім, мәдениет салаларында қосымша білім алады. Елтанулық мәтіннің оқушыларға маңызды, белгілі бір жаңашылдығы болуы керек. Елтану сабақтары шет тілін оқушыларға болашақта елтанушылық деректермен жекелеп танысу мүмкіндігін туғызады. Тілді оқыту кейде қоғамның талабына байланысты да өзгеріп отырады. Ал шет тілдерін оқыту: коммуникативтік мақсат; білімділік; тәрбиелік; жетілдіру атты төрт мақсатты көздейді. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат басты, маңызды, жетекші рөлді атқарады да, қалған үшеуі коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ал ағылшын тілін оқыту алты деңгей бойынша жүргізіледі. Олар: beginner, elementary, pre-intermediate, intermediate, upper-intermediate, advanced. Қазіргі мектеп бағдарламалары оқушыларды үш тілде еркін сөйлеуге үйретуге бағытталған. Оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделген: оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; ең бастысы тіл үйренушінің танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Ағылшын тілін үйренуші кез-келген тұлға сөзден фонетикалық, грамматикалық ережелерден басқа нені білуі тиіс? Тіл үйренушіге ең алдымен, бірінші кезекте тілдің елтануға қатысты мәселелерінен хабардар болып отыру қажеттігі туындайды. Техникалық погресс пен ғылыми ақпараттардың көлемінің ұлғаюы, оқу үрдісін жетілдіре түсу үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдалану өте тиімді болып табылады. Ал модульдік оқыту технологиясының мәні - оқушыларға меңгеретін материалдың мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу, әр оқушының шет тілін оқуға деген қызығушылығын арттырып, өз пікірі мен тұжырымын айта алуға тәрбиелеу. Модульдік оқыту технологиясы мұғалімнен ұйымдастырушылық пен әрдайым ізденімпаздықты талап етеді. Мұғалім алдына қойған мақсатқа жету үшін, ондағы оқушының рөлін, танымдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамытып, өздеріне деген сенімі мен қызығушылығын арттырып, орындап отырған жұмыстарын өздері қорытындылап, тұжырымдайтын дәрежеге жете алуы тиіс. Сонымен қатар оқытушы өзі де үнемі өзінің білімін жетілдіріп отыруы тиіс.

Шет тілін оқыту әдіскер-ғалым М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясымен де тікелей байланысты деп толық айта аламыз. Модульдік оқыту технологиясы оқытудың, білім берудің мақсатына - оқушылардың өздері орындаған өзіндік жұмыстарына, әр оқушының дайындық деңгейіне байланысты оқу материалдарын өзгертіп беріп отыру арқылы оқушыларға түсінікті, ұғынықты етіп тапсырманы қабылдату арқылы жетуге мүмкіндік береді. Мұнда әр модульге байланысты дидактикалық мақсат белгіленеді. Мысалы, тапсырманың кіріспе бөлімінде жалпы тапсырманы түсіну, тақырыпты меңгеру мәселелері меңгеріледі. Тілді меңгеру, сөйлеу дәрістерінде оқушылар оқуға, тыңдауға, сөйлеуге қойылатын талаптарға сай, жеңіл мәтіндермен жұмыстар жүргізсе, тапсырманы орындау қиынға соқпайды. Тілді үйретуде ойын элементтерін кеңінен, көбірек қолданған дұрыс. Оның себебі, оқушылар материалды тез меңгереді, ең бастысы, меңгерген тақырып есінде ұзақ уақытқа дейін сақталады. Себебі ойлау, пайымдау, түсіну, ұғыну оқушының ойлап, тұжырымдауының «жемісі». Бұл туралы Э.Оразалиева, танымдық әрекетке қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою, есте сақтау, сөйлеу т.б. тәрізді құрамды бөліктерді жатқызып, танымдық әрекетті «функционалды-прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат тіршілігіне аса қажет фактор» деп бағалайды [3,148-149].

Телеарнадан көрген жаңалықтар мен ақпараттарды мүмкіндігінше, сол үйреніп жатқан тілінде тотопқа айтқызу да тілдің қордағы сөздікті молайтады. Оқушы жаңалықтан естігенді, суреттен көргенді «миында бағамдап», сыртқа тілдік қоры арқылы шығарады. Оның себебі оқушының «миында қандай ой пайда болмасын, ол тілдік материалдың негізінде ғана туындап, адамның сөйлеу тілі арқылы көрініп, іске асады. Бұл туралы зерттеуші Ә.Әлметова «адамның сөйлеу тілі арқылы көрінетін ұлттық мәдениет қана лингвомәдениеттанудың нысаны» бола алатынын, тіл ұлттың негізгі белгілерінің бірі болғандықтан, сол халықтың мәдениетін» көрсетеді деп мәлімдеді. Шынайы тілдесу тілдік құзыреттілікпен шектелмейтінін, ол лингвоелтанушылық білімді қажет» ететінін дәйектеп, тілді үйретудегі лингвомәдениеттанудың рөлін айқындады» [4,132].

Ғалымның тұжырымдауынша, қазақ халқы туралы мәдениеттану мәліметтері сөйлеу әрекетінің кез келген өнімді, баяндау, оқыту түрлерінің қай-қайсысы болсын маңызды рөл атқарады. Күнделікті жаңалықтар белсенді, ұжымдық тілді үйренушілерге ықпал етіп, шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп алуына молынан мүмкіндік жасайды. Бұл оқытушының пәнді оқытудың, тілді меңгертудің міндеттерін нәтижелі, оң шешуіне әсер етеді. Тіл үйренушіге жүйелі білімді игерте отырып, оның пәнге деген қызығушылығын мейлінше арттыру қажет. Үйренушілерді тілдік факті негізінде өздіктерінен қажетті ақпараттарды алуға, оларды талдауға, салыстырып-салғастыруға, жинақтап және қорытынды жасау біліктіліктерін қалыптастыруға үйрету қажет. Қорыта келгенде, жаңа технологиялардың дәріс сабағын сапалы, қызықты етіп өткізуде қосатын үлесі ұшан-теңіз. Модульдік оқыту, проблемалық оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, ойындық технология, коммуникативтік технологиялар тілді жылдам, оңтайлы әдіспен үйрететін инновациялық технологилар түрі.



Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет