Естественные и педагогические науки



бет5/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
#38003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Әдебиеттер


  1. Барминцев Ю.Н. Мясное и молочное коневодство.М.: Сельхозиздат, 1963.-С.211.

  2. Керимбаев Д.К. Некоторые вопросы историй и развития коневодства в Казахстане // Коневодство.-1951. -№5. –С.1-10.

  3. Гофман П.А. Содержание табунных конематок. //Коневодство и конезаводство. -1931.-№ 8-9.-С.449-454.


ӘОЖ 575.5
ГИПОКИНЕЗИЯНЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ
Айтбаева Ж.С., Тулепова Ф.К., Айтбекова М.И.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье докладывается об актуальной проблеме последних лет – гипокинезии, которая приводит к заболеваниям сердечно-сосудистой системы
Summary

In the article given a report about the issue of the day of the last years – hipokinesis that results in the diseases of the cardiovascular system

Қазіргі жаһандану кезінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі қоғам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық әлеуметтік жақтарын жаңарту жайында әлеуметтік мәселелер күрделеніп отыр. Ал нарықтық қатынасқа көшу мен экономикалық реформалау жаңа технологияның қарыштап дамуы елімізде әлеуметтік мәселені алып келді. Прогрестік жетістіктер, (компюьтер, автокөлік, ұялы сымтетік т.б) адамдарды артық қозғалыс пен ауыр жұмыстан көбірек босатқан сайын соғұрлым қозғалыс белсенділігінің орнын толтыру тәуелдігі артып отыр. Мұндай жағдайда дене тәрбиесімен жалпы айналысудың маңызы зор. Дене тәрбиесімен айналысу әйелдер үшін маңыздылығы басым, себебі саналы және сапалы ұрпақтың болуы аналар денсаулығына байланысты. Соңғы кезде демографиялық келеңсіз құбылыстармен (бала туылудың кемуі, өмір сүрудің қысқаруы) бірге физиологиялық пісіп жетілмеу көп көрініс беріп тұр. Физиологиялық пісіп жетілмеу бұл дене сапалары мен дағдылардың қалыпты дамымауы, семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының қисаюы, жалпақ табандылық т.б. Бұл құбылыстар адам өмірінің соңына дейін теріс із қалдыруы мүмкін. Олар жасөспірімдік кезеңде жыныстық дамуды тежеп дене және ақыл-ой жұмыс қабілетін төмендетіп, ерте қартаюға әкеп соғады.

Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездесуде. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан, әрбір жетіншісі-миға қан құйылуынан қайтыс болады.

Осы сырқаттардың негізгі себептері, одан сақтану шаралары туралы арнайы газет журналдар, радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанмен, халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді. Басы ауырып балтыры сыздағанша, ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер әлі де аз емес. Өкінішке орай, бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі.

Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруларының ең жиі кездесетіндері оның жолдарының тартылуынан немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы. Халыққа тарап кеткен ұғымдай, инфаркт тек жүректе ғана емес, бүйректе, көк бауырда, мида, бұлшық еттерде, қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфарты.

Аурудың пайда болып, бойды жайлауынан көп жағдайлар әсер етеді. Ол ішкі және сыртқы ортадағы факторлар, мешкейлік, арақ-шарапқа құмарлық, шылым шегіп никотинмен улану, қимыл-қозғалыстың тапшылығы, физикалық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы, ашу-реніш, қайғы-қасірет, жұқпалы ауруларға жиі шалдығу, тұқым қуалаушылық жатады.

Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп. Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп жүрген гипертония ауруы, жүрек ишемиясы, жүрек инфаркті, стенокардия, коронаросклероз, жүрек қақпақшалар ауруы, көк тамырлардың кеңеюі.

Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді. Өйткені оның қызметі нашарлайды, басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді. Осы кезде әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға болады. Негізінде жүрек тұсында шаншу, сыздап ауру, соғысы жиілеу, ентігу, әлсіздік байқалады. Кейінен аяқ- қол сыздап, мұрынның ұшы, саусақтар көгеріңкіреп кетеді. Мұндай белгілер денедегі қанның, оттегінің тапшылығынан болады. Бұл көбінесе жүректің нашарлауынан, қан тамырларының өзгеруінен болады.

Жалпы жүрек –қан тамыр ауруларының арта түсуіне өмірде мейлінше кеңінен тараған зиянды әдеттің бірі - қозғалыстың аздығы. Сонымен қозғалыстың аздығынан жүректің ишемиялық ауруларына душар ететін себептердің экзогендік, эндогендік, функциялық тұрғыдан алып қарағандағы қалыптасқан факторларының жиынтығы. Ең маңызды деп есептелінетін факторлары мыналар.

1. Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар. Бұлардың қатарына өмір сүрудің кейбір сылбыр әрекетін, күнделікті тіршіліктің түрлі жағдайларын, холестеринге темекі тарту, алкоголизмге салыну сияқты зиянды әдеттерді қосуға болады.

2. Ішкі факторлар. Адам организмінен байқалатын биохимиялық көрсеткіштер мен физиологиялық реттеуші механизмдердің жұмысындағы өзгерістерді қамтиды. Мұндай өзгерістердің пайда болуына бір жағынан экзогендік әсері (өмір сүру ерекшеліктері,диеталық тағамдар), ал екінші жағынан генетикалық ерекшеліктер, яғни тұқым қуалаушылықтың бейім тұруы сияқты ерекшеліктер ықпал етеді.

Ішкі факторларға сонымен қатар гиперхолестеринемия, гипертриглицеринемия, гиперлипопротеинемия түрлері, көміртегілерге қарсы төзімділіктің бұзылуы, шамадан тыс семіріп кету, артериялық гипертония, адамның белгілі психологиялық ерекшелігі сияқты басқа да толып жатқан факторларды қосуға болады. Жоғарғы калориялы тағамдар ішу, олардың құрамында майдың мол болуы, дене еңбегімен аз айналысу, көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуы сияқты жағдайлар гиперхолестеринемия сырқатының меңдей түсуіне соқтырады.

Жүректің ишемиялық ауруларының пайда болуына липопротеиттердің (белок аралас майлы заттар комплексі) өзара алмасуының бұзылуы да күшті әсер етеді. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда, липидтер фракцияларының ұштаса өзгеріске ұшырауы да жүректің ишемиялық ауруларына алып барады. Организмдегі майлы заттардың алмасуын қамтамасыз етуде вегетациялық орталықтар (орталық нерв жүйесі) мен ішкі секреция бездері (қалқанша безі, жыныс безі, бүйрек безі, гифофиз (ми безі) және басқалары) маңызды рол атқарады.

Гипокинезия (дене қимылының кемдігі) адам денсаулығына, әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды әсер етеді. Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының техникаландыруына, өзін-өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты, адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде. Дәл қазіргі таңдағы цивилизациялы қоғам дене еңбегін азайтуда орасан зор табыстарға ие болуда. Мұның өзі транспорттың дамуына, өндіріс процестерінің автоматтандырылуына байланысты. Біздің елімізде сан мыңдаған миллиондаған адамдар жыл сайын лифтілері, кір-қоқыстарын сыртқа өзі тартып шығаратын құбырларды пайдалануда. Барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті өмір сүруде. Соңғы кездегі адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден-бір себебі осы гипокинезияға байланысты. Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген мүшеде ауру қозады. Мысалға, қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу, ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды. Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі органдардың, жүйелердің қызметі де баяулап, қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды, ауру туады.

Адамдардың дене белсенділігінің деңгейі, олардың тек жұмыс қабілетіне ғана емес, денсаулық жағдайына да әсер етеді. Көптеген зерттеуші ғалымдар, гипокинезия жүрек-тамыр ауруларының этиологиясында семіздік пен тірек-қимыл аппаратының бұзылуында едәуір орын алатынын дәлелдеген. Жүректің ишемиялық ауруларында миокард қан айналымының бұзылуы себебінен қажетті мөлшерде оттегі және қоректік заттардың жеткізілуі кемиді. Миокард инфаркті - өте қауіпті кең таралған жүрек ауруы. Ел ішіндегі екі өлімнің негізгі себебі миокард инфаркты және мидағы қан айналымының бұзылуы болып табылады.

Дене белсенділігі жоғары адамдарда бұл аурулар жоққа тән. Осы бағытта көптеген зертеулер жүргізілген және де жүргізілуде. Авторлардың басым көпшілігі жүрек-тамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болатындардың саны, дене белсенділігінің төмен адамдарда 2 немесе 3 есе жиі кездесетіндігіне тоқталған. Белсенді қозғалыс режимдерін ұстанған адамдар бірінші инфарктен кейін өмір сүре алады. Бұл жерде өмір сүру кезеңдеріндегі әр уақытта дене қозғалысының белсенділігі өте қажет екенін атап айтқан жөн және де балалық жасөспірімдік кезеңдеріндегі жүрек-тамыр жүйесіндегі ауытқулар жойылып кетеді.

Екінші қауіпті фактор липидтер алмасуының бұзылуына байланысты - дене салмағының артуы. Толық адамдар қанындағы сары суда холестерол мен триглицеридтер мөлшерінің жоғарылауын болдырмауға бірден-бір себеп. Салмақ артуының басты себебі бұлшық ет жұмысы кезіндегі шығындалған энергия мен тағамнан келіп түскен энергия пропорциясының әртүрлігі. Қазіргі кездегі постуталаттанған липопротеидтің жоғары тығыздығының (ЛПЖТ) антиатерогендік функциясын есепке ала отырып, жоғарыда келтірілген фактілер, қан сарысуындағы липидтер тасымалдануының нашарлауы және атерсклероздың пайда болуы, тамақтану режімінің бұзылуы мен гипокинезияның бірлесуінен деп қорытындылайды.

Сонымен бірге гипокинезия холестеролдың, этирифицирленген полиенді май қышқылдары құрамының артуына, перекисті тотыққан осы қышқылдар өнімдерінің қан плазмасындағы липидтерде жинақталуына жағдай туғызады. Балалар мен жасөспірімдерде гипокинезия қалыпты кездегі жүрек соғуының жоғарылауына, тері асты майының қалыңдауына, дем шығару қарқынының артуына, қандағы холестерол құрамының көбеюіне әкеледі

Қозғалыс аппаратындағы өзгерістер - бұлшық ет атрофиясы, шеміршек, сүйек, буындар мен байламдарда кездесетін дегенеративтік процестер негізінен пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тірек-қимыл аппаратының пассивті құрамдарына әсер етіп,оның жағдайын да анықтайды. Мұндай статикалық мәліметтер түрлі арқа ауруларының басты себептерінің бірі, арқа бұлшық еттерінің жағдайы болып табылады. Статикалық жұмыс қалпындағы ширығу, бұлшық еттердің босаңсуы уақыт өте келе, бұлшық ет ұлпаларында спазм және дегенеративтік өзгерістерге әкеледі. Арқа ауруларымен ауыратын 5000-дай адамды тексергенде, олардың тек 20%-ы ғана зақымдану немесе органикалық патология табылған. Ал отырып жұмыс істейтіндерде кездесетін арқа және сүйек аурулары, қимылдың аздығынан. Арқа еттеріндегі әлсіздік 6-16 жас аралығындағы балалар жасөспірімдерде де байқалған.

Гипокинезия буын жағдайына да көп әсер етеді. Ұзақ уақыттық статикалық жүктемелер әсерінен буын шеміршегі жалпақтанады, ондағы зат алмасудың бұзылуынан, дегенеративтік өзгерістер пайда болады да буындағы қозғалыс амплитудасы шектеліп, серпімділігі азаяды.

Қимыл-қозғалыс кемшілігінің жоғарыда көрсеткендей, денеге әсер етпейтін жері жоқ. Аз қозғалыстың салдарынан жоғарғы реттеуші орталық, ішкі ағзалар, шеткері орналасқан қан тамырлары, сүйек буындары көптеген өзгеріске ұшырайды. Адамның жұмысқа деген қабілеті төмендеп, қоршаған ортаға бейімделу қасиеті кеміп, «тіршілік жүйесі» әлеуметтік және биологиялық құбылыстарға төтеп бере алмай қалады.

Гиподинамия (қимылдың кемдігі) ең алдымен ми қыртысын зақымдайды. Оның себебі, әрбір қимыл-қозғалыстан бастап, өте күрделі гимнастикалық жаттығуларға дейін, барлығы тек жоғары реттеуші орталықтың бақылаумен ғана орындалады. Сондықтан ми және бұлшық еттер, буындардың қимыл-қозғалысы бір-бірімен тығыз байланыста.

Орталық нерв жүйесінен түскен бұйрық арқылы қатты екпінді қозғауға, не ақырын қимылдауға болады. Ал қозғалысқа түскен бұлшық ет керісінше миға қарай нерв талшықтары арқылы орындалған жұмыстың қорытындысын жібергендей хабар береді.

Сонымен жоғары нерв жүйесі бір жағынан бұлшық ет, буындарының, ішкі ағзалардың қызметін қадағаласа (қан айналым, өкпе,жүрек, бауыр, ішкі секреция бездерінің жұмыстарын) екінші жағынан, өзі осы мүшелердің толық ықпалында болады.

Денсаулықтың кепілі, адамның еңбекке деген қабілеті, қандай жаста болса да, дамылсыз соғып тұрған жүрекке байланысты. Барлық қимыл-қозғалыс денеде өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы. Жүрек бұлшық еті ретпен жиырылып-жазылып, қанды қолқа тамырға итеріп шығарады, ол ары қарай тарамдалып, кішкене тамыршалар арқылы бүкіл денені жуып шығады.

Қорыта келе, адам денінің саулығына кепіл бола алатын дене қозғалысын белсендіре отырып салауатты өмір салтын қалыптастыруды әрдайым естен шығармауымыз керектігін ғылыми тұрғыда баяндай келе, осы мақсатта жүргізілетін шараларды алдағы уақытта талдау арқылы тиімді түрде іске асыру жақтарын қарастыруды ұсынғым келеді.



Әдебиеттер

1. Щульман В.А., Никулина С.Ю., Матюшин Г.В., Кужель Д.А. Сердечная аритмия. Генеалогия и генетика: Учебное пособие- Ростов н/Д.: Красноярск, 2006.-144с- (Высшее образование).

2. Пономарёв В. В. Гиперкинетический синдром в неврологической практике // Медицинские новости. — 2003. — № 5. — С. 27-31. Архивировано из первоисточника 20 янв 2014.

3. Шток В. Н. Экстрапирамидные гиперкинезы: синдромы, нозологические формы, направления фармакотерапии // Русский медицинский журнал. — апрель 2003. — № 8.


ӘОЖ: 323.141(574)
Ерте қола дәуірінде жерлеу орындарының әдет-ғұрыптық дәстүрлері туралы кейбір мәселелер
Ақылбек С.Ш.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті Академиялық инновациялық институты, Шымкент

Резюме

В данной научной статье рассматривается некоторые вопросы о традиционных аспектах мест погребения у племен раннего бронзового века

Summary
This article discusses some of the scientific questions about the traditional aspect of the place of burial in the Early Bronze Age tribes
Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болды, сондықтан адам табиғат күшін киелі рух деп білді. Бұл күштер ең алдымен күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылылық береді, – Мұның бәрі қайырымды, қүдіретті рухтармен байланыстырылады. Күн тәңірісінің белгілерін сәндік заттардан – бір ортадан жан-жаққа тарайтын сәулелер түріндегі өрнегі бар қаптырмалардан, балшық ыдыстардағы меандрлардан көруге болады.

Қола дәуіріндегі тайпаларда отқа табыну болды. Мұны сол заманда кең тараған өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Қола дәуірІ-нің әр түрлі кезеңдеріндегі қабірлерде өртенген сүйектердін. қалдықтары кездесті. Ежелгі адамдардың үғымынша, от денені жамандықтардан тазартты және өлген адамды зүлым рухтардаа қорғады.

Кейде өлік қойылған кабірлерде күл мен көмірдің қалдықтары кездеседі, мұны да отқа табынушылықпен байланыстыруға болады. Кола дәуірінде өлікке қызыл жоса себілетін немесе молаға бір түйір қызыл жоса салынатын жерлеу ғұрпы кедінен колданылды. Адамдардың санасында кызыл түс отты білдірді яіәне күнмен қатар оттың қүдіретті күші, зүлым рухтардан қор-ғайтьш қасиеті бар деп есептелді. Сонымен бірге қызыл бояу – қаннық белгісі болды; қая да киелі деп есептелді. [1]



Қола дәуірінін, тайпаларында ата-бабаларына сыйыну және о дүниеге сену кеңінең тарады. Олар бабаларының аруағынын, желеп-жебеуіне жетуге тырысты, ол көмектеседі, қамқор болып қорғайды деп үміт етіп, сонымен қатар одан қорықты да. Сондықтан қола дәуірінің тайпалары өлген адамды о дүниеде қажет болады деп тамақпен, киіммен, еңбек құралдарымен, қарумен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Оған үйге ұқсас бейіт салды, біраз уақыт өткен соң қосымша тамақ әкеліп, жәшіктің жанына, қоршау тақталардың түбіне немесе обаның топырағына көмді, мұның өзі, сірә, бұл кезде бата қылу ғұрпының пайда болғанын көрсететін болу керек.

Қола дәуірінде Құрбан шалу ғұрпы шықты. Қоныстардың қасында Құрбан шалатын арнайы орындар болды. Олар таспен қоршалған дөңгелек алан, немесе топырақ үйілген төбе болды. Ғұрып орындарын қазғанда күйген дәннің қалдықтары, астық түйгіштер, хайуандардың сүйектері, күлдің орны, ыдыс-аяқтың, келісаптардың сьңықтары шықты. Құрбан шалатын екі орынды зерттегенде руда үсақтайтын тас Құралдар да табылды.

Қола дәуірінде күнге, отқа, айға, жүлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалынды. Петровка II қонысында қорғаныс орларына салынған өткелдің қасында оттың, малдың қаңқалары мен бас сүйектерінің қалдықтары бар шұңқыр табылды, ал ордың арнаулы тарамында құрбан шалатын орын сақталған, онда үш ыдыс, сиырдың жақ сүйектері, қойдың бас сүйектері мен сирақ сүйектері шықты.

Қола дәуірінің әр түрлі кезеңдеріндегі қабірлерде жыртқыш аңның (қасқырдың, түлкінің) және үй хайуанының (иттің, жылқының) тістері кездесті; олар тек сәндік заттар ғана болып қоймаған, сірә, олар киелі деп есептелген, адамды зұлым рухтардан сақтайтын және өз күшінің біразын адамға беретін амулет, «бойтұмарлар» деп саналған. [2]

Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Кремация қазылып қойған молаға жақын жерде жасалды, одан соң күлі молаға қойылды, ал өртелген жерге тас тақталар үйілді.

Бұл замандағы тайпалардың кісі жерлеуінде өлікті өртеу негізгі ғұрып болғанымен, бірден-бір ғұрып болған жоқ. Өлікті молаға салу ғұрпы да болды, ол, әсіресе, Қазақстан қоласыныд Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады.

Нұра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес. Әдетте ол аласа төмпешік болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салынған тақта тастардан дөңгелетіп немесе тік бүрышты етіп қоршайтын болды. Мола қоршаудың ішіпде казылды. Өлік қабырғалары жалпағынан салынған тақта тастармен шегенделген лақытқа, тас жәшіктерғе салынып, тік бұрышты етіп қазылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы орындалғаннан кейін лақыттар тас тақталармен жабылды. Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін ерекше айқын сипаттайтын нәрсе – балшық ыдыстар. Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртқа қарай иіліп, мойны мен бүйірі иіліп барып жалғасатын құмыралар болып келеді. Түбі жайпақ, кейде шығынқы, сүйір болады. Бұл ыдыстар вазаға ұқсас. Ыдыстардын, көбінің көлемі мен сыйымдылығы бірдей. Олар үш бұрыштардың, меандрлардың, қатарлас каннелюрлердіқ қиюласуы түрінде ернеуінен орта беліне дейін салынады, кейде ыдыстын, түп жағы да сәнделеді. Өрнек тарақ тәрізді және тегіс қалыппен түсіріледі. Нұра заманындағы бейіттерде қола заттар біршама аз табылған [3].

Корымдардың дені Бұғылы I, Ақсу-Аюлы I қорымдары секілді болып келеді. Оның бірнеше қоршаудан тұратын біріншісі Шерубай-Нұра өзені алқабының батыс жағында, Бұғылы тауының етегінде орналасқан. Бұғылы I қорымында қазылып ашылған дөнгелек және тік бұрышты қоршауларда тік бұрышты қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған тақта тастармен шегенделген (цисталар) болып келеді. Бейіттегілердің көпшілігі өлікті өртеу ғұрпы бойынша жерленген. Лақыттарда мол өрнектелген бір-екі балшық ыдыс болды, кейбіреуінің түбі вазаның түбіндей әсем, бұлармен бірге балшық ұршықбас, дөңгелек қола айна, кола моншақтар мен тізбектер шықты.

Молалардан және олардың жанынан үй жануарларының (жылқының, қойдың) – батаға сойылған малдардың сүйектері табылды.

Ақсу-Аюлы I қорымы Ақсу-Аюлы өзенінің оң жақтағы биік жағалауына орналасқан. Қорымның орта шенінде жағаны бойлай қатарласқан сегіз оба ерекше көзге түседі. Үйілген топырақ астынан жалпағынан салынған тақта тастардан дөңгелете қаланған қоршаулар шықты. Қоршаулардың ішіндегі шұңқырларда тік бұрышты цисталар құрастырылған, олардың бұрышында әдетте адамның қураған сүйектері мен екі-үш қыш ыдыс жатады.

Нұра кезеңінің соңына таман өлік салу ғұрпы кремация ғұрпын бірте-бірте ығыстыра бастайды. Бұл бірсыпыра ескерткіштерден, мәселен, Орталық Қазақстаннын, солтүстік-шығыс аудандарындағы ескерткіштерден көрінеді. Бұларда жерлеу ғұрпы аралас: өлік өртеу де, өлік салу да кездеседі, осының өзінде соңғысы көбірек. [4]

Атасулық, андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты болды. Өлгендер жерленгенде бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстікке немесе оңтүстікке бейімдеңкірей салынатын болды. Онын, үстіне, Нұра кезеңінің мұрасы ретінде әлі қолданылып келе жатқан қазулы шүңқырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш бітімді тас жәшіктер тарады. Ол жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңкырының төрт жағынан қойылатын болды. [5]

Құрбан шалынатын орындар да Орталық Қазақстандағы (Атасу өзені алқабының таулы жерлеріндегі, Нұра, Қарасу, Жарлы, Ақбілек өзендерінін, алқаптарындағы) кемелденген қоланың өзінше бір үлгідегі ескерткіштері болып табылады. Олар әр уақытта жазық жерде, маңайына қарағанда дөңестеу, коныс-тар мен қорымдардан онашалау жерде орналасады. Қөбінесе олар сопақ немесе дөңгелек бітімді, жалпағынан салынған сегіз-тоғыз шомбал тастан құралады.

Құрбан шалу аландарында табылған заттар Құрбан шалудың тек діни ұғыммен ғана емес, сонымен қатар өндірістік процеспен де едәуір байланысты болғанын көрсетеді. Оларды қазғанда еңбек құралдары – тас кетпендер, қол диірмендер, астық түйгіштер табылды. Боқсайдағы (Атасу өзені) ғұрып орындарында ағаш көмірі мен күлдің калың қабаты, сондай-ақ қалыңдығы 40 сантиметрдей органикалық қалдықтар (сірә, сүттен жасалған тамақтың калдықтары) шықты.

Нұра өзеніндегі (Бесоба аулы, Жамантас койнауы) құрбан шалу алаңында кварцты құм қосып, алебастрдан жасалған екі мүсін табылды; бірі добал орақ сияқты, екіншісі параболалық үш бұрыш тәрізді. Бұлардық екеуі де, тегінде, еңбек құралдарын бейнелесе керек. Мұнда сонымен қатар ұзыншалау тас келісап, түбі жайпақ ыдыстар керамикасының фрагменттері болды.

Қемелденген кола дәуіріндегі Орталық Қазақстан халқының шаруашылығы мен тұрмысын қоныстардан табылған археологиялық заттарға қарап топшылауға әбден болады. Мұндай қоныстар әдетте тау қойнауларында немесе даладағы өзендер мен көлдердің үскірік пен аңызақ соқпайтын жағаларында орналасты. [6]

Петровтық мәдениеттің ескерткіштері алғаш рет өткен ғасырдың 70-80 жылдарында Солтүстік Қазақстанда анықталып бөлінсе, федоровтық және алакөлдік мәдениеттердің ескерткіштері алғашында андроновтық мәдениеттің федоровтық және алакөлдік кезеңдері ретінде белгілі болған. Қазақстан археологтары жоғарыда аталған мәдениеттердің ескерткіштерімен Орталық Қазақстанның сәйкес ескерткіштерінің ұқсастығын және жергілікті өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларды нұра және атасу кезеңдеріне бөлді. Бірақ та федоровтық және алакөлдік ескерткіштердің андроновтық тарихи-мәдени бірліктен дербес мәдениеттер болып бөлінуіне байланысты нұра мен атасу кезеңдерін де мәдениеттер деп санауымыз керек. Терминологиялық түсінбеушіліктен аулақ болу үшін нұралық типтегі ескерткіштерді федоровтық (федоров-нұралық) деп, ал атасулық алакөлдік (алакөл-атасулық) болып белгіленеді.

Әдебиеттер


  1. Тугаринов А.Я. Андроновские могилы. // Сибирская живая старина 1926. №1. С. 153-158

  2. Грязнов М.П. Погребение бронзовой эпохи В Западном Қазахстане. Казахи: Антропологические очерки. Л., 1930.Вып. 2. С. 149-162

  3. Үмітқалиев Ұ. Ә. Оразбаев және соңғы қола дәуірі бойынша зерттеулері // “Оразбаев оқулары -2” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 412 б. 76 б.

  4. Оразбаев А.М. Северный Казахстан в эпоху бронзы. //Труды Института Истории археологии и Этнографии. Том 5. Алматы, 1958. 216-283 бб.

  5. Оразбаев, А.М. Төлеубаев Ә. Т, Омаров Г.К. Могильник эпохи бронзы Сабындыколь. Этнокультурные процессы на территории Казахстана. -Алматы, «Санат», 1996-152 б.

  6. Смағұлов О. Ата баба (тек) // Қазақ. – Алматы: Білім, 1994, – 6-31 бб.


ӘОЖ: 908(574)
ҚАЗАҚСТАНДА 1917-1945 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет