Ф. 11-19 Ахметова С. С. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар)



бет4/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,88 Mb.
#28763
1   2   3   4

Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар


  1. Аудиторлық қорытынды есеп берудің маңызы.

  2. Аудиторлық қорытынды пікір түрлері және оның берілуі.

  3. Кері немесе бас тарту пікірінің ұйым қызметіне әсері.

  4. Аудиторлық пікір және оған әсер етуші факторлар.

  5. Аудиторлық есеп берудің негізгі элементтердің маңызы.

  6. Кіріспе бөлімде көрсетілетін элементтер.

  7. Кіріспе бөлім құрамы.

  8. Аналитикалық бөлімінің көрсетілу маңыздылығы.

  9. Қорытынды бөлімде көрсетілетін элементтер.

  10. Аудиторлық қорытындының кәсіпорын немесе фирма қызметіне әсері.


Практикалық сабақ 9.

Тақырыбы: Жабдықтау кезеңінің аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум

Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз.

1. Жабдықтау кезеңінің шоттарының және аудиторлық тексеру бағыттарының өзара байланысы қандай?.

2. Жабдықтау кезеңіндегі ақпараттар көздері.

3. Қаржылық қорытынды есепте жабдықтау кезеңінің шоттарының дұрыстығына қойылатын талаптар қандай?


  1. Ситуациялық есеп шығару.

Есеп 1.

Субьект 40000 тенге құны бар қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатып алды. Делдалдық ұйымның сыйақы төлеу шығындары келісім сомасының 10 %-н құрады. Бухгалтерлік есепте жазбалар жасалған.

Бағалы қағаздар сатып алынды

Дт 5000 «Акция» 40000

Кт 3390 «Басқалар» 40000

Делдалға сыйақы есептен шығарылды::

Дт 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» 4000

Кт 3390 «Басқалар» 4000

Делдалға қызметі үшін төленді:

Дт 3390 «Басқалар» 44000

Кт 1030 «Есеп айырысу шоты» 44000

Талап етіледі:



  1. Жазбалардың дұрыстығын тексеру

  2. Сәйкесінше қорытындылар жасау.

Есеп 2.

«Вега» АҚ 150000 тенгеге тауарлар сатып алды. Олар бухгалтерлік есепте былай жазылған: Дт 1310 Кт 3310. келесі бухгалтерияда тауар құнын қателесіп өндіріс шығындарына жатқызылған: Дт 8010 Кт 1310. тексеру кезінде бұл тауарлардың сатылғаны анықталды. Сатушыдан келген қаражаттар

Дт 1030

Кт 3390 240000 тенге болған.



Талап етіледі:

Тауарларды сату-сатып алу бойынша дұрыс корреспонденциялық шот құру.


Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Жабдықтау кезеңі аудитіне арналған тест дайындаңыздар.


Практикалық сабақ 10.

Тақырыбы: Өндірістік кезең аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум

Аудиториялық жұмыс:
1. Келесі сұрақтардың мәнін ашып, түсініктеме беріңдер.


  1. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не.

  2. Өндірістік шығындар есебін жүргізудегі жіберілетін қателер.

  3. Аудитор есеп саясатын сақтау мақсатында бекітетін мәселелер.

  4. Өзіндік құнды калькуляциялаудағы қарапайым әдіс.

  5. Өзіндік құнды калькуляциялаудағы тапсырыстық әдіс.

  6. Өзіндік құнды калькуляциялаудағы қайта жасау әдіс.

  7. Өзіндік құнды калькуляциялаудағы нормативтік әдіс.

  8. Шығындар элементтері.

  9. Өндірістік шығындар есебін аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін құжаттар.

  10. Үстеме шығындар түсінігі.

2. Жағдайды айқындап үйрену. Өндірістік кезеңнің аудиті бағдарламасын жасап, оны жүргізудегі аудиттің әдістерінің тиімділігін анықтаңыздар.


Практикалық сабақ 11.

Тақырыбы: Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: семинар талқылау

Аудиториялық жұмыс:
1. Жеке жоба.

Топтағы әрбір студент сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасуы кезеңі аудиті бойынша аудиторлық бағдарлама жасауы қажет.


2. Топтық ойын. Студенттер топқа бөлініп, әрбір команда аталған кезең бойынша аудиторлық тексеру тәсілдерін ұсынуы қажет.


  1. Төмендегі сұрақтар бойынша өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.




  1. Ұйымның таза табысы.

  2. Өнімді өткізуден түскен табыс түсінігі.

  3. Қаржылық шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру кезеңіндегі табыс бойынша ақпараттар.

  4. Негізгі қызметтен түскен табыс.

  5. Кәсіпорынның жалпы табысы.

  6. Сакту кезеңінің аудиторлық бағдарламасы өнімді өткізудегі бекітетін мәселелер.

  7. Қаржылық есеп беру құрамы.

  8. Қаржылық есеп беру кезеңіндегі тексерілетін құжаттар.

  9. Төтенше жағдайлардан түскен табыс түсінігі.

  10. Ұйымның қаржылық шаруашылық тексерудегі арифметикалық формулалар.


Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудитіне арналған тест дайындаңыздар.


Практикалық сабақ 12.

Тақырыбы: Ақша қаражаттар аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, топтық тапсырма орындау

Аудиториялық жұмыс:
1. Топтық тапсырма. Ақша қаражаттарының аудитін тексеру бағдарламасын жасаңыз және төмендегі сызбаны толтырыңыз (жалпыдан жекеге ):



2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Кассадағы ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру тәртібі қандай?.

  2. Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда қандай шоттар қолданылады?

  3. Ақша қаражаттар аудитін ұйымдастыруда қандай талаптар қойылады?

  4. Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда қолданылатын құжаттарға сипаттама беріңіз.

  5. Кассадағы ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру кезіндегі журнал ордерлердің маңызы.



  1. Банкідегі есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті.

  2. Банкпен кассадағы ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда қолданылатын құжаттар.

  3. Аудит барысында тексеруді талап ететін негізгі бекітулер.

  4. Тестілер жүргізу бақылау құралы ретінде сенімділігін бағалаңыз.

  5. Банк көшірмесін кім дайындайды және оның дұрыстығына кім жауапты?.



Өзіндік бақылау тапсырмасы.

  1. Ақша қаражаттарын есепке алу бойынша шотар корреспонденциясын түзіңіз.

  2. Ақша қаражаттарын дұрыс аудиторлық тексеру тәртібін баяндаңыз.


Практикалық сабақ 13.

Тақырыбы: Ұзақ мерзімді активтер аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, топтық тапсырма орындау

Аудиториялық жұмыс:
1. Тақырып бойынша төмендегі түсініктерге анықтама беріңіздер

1. Материалдық емес активтер туралы түсінік.

2. Материалдық емес активтердің түрлерін жіктеу және бағалау.

3. Материалдық емес активтерді анықтау және тану критерийлері.

4. Материалдық емес активтердің есебін құжаттау

5. Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу.

6. Материалдық емес активтердің есептен шығарылуын және амортиза-

циясын есептеу .

7. МЕА бағалаудың негізгі экономикалық әдістері.

8. Материалдық емес активтерді аудиторлық тексеру.

9. Материалды емес активтерді кіріске алудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру

10. Материалдық емес активтердің қозғалысын тексеру ерекшеліктері.

11. Материалды емес активтерді кіріске алу мен қозғалысын тексерудегі ақпарат көздері.

12. МЕА есебін ХҚЕС на сай ұйымдастыру.




  1. Төмендегі есептерді шешіп, жауаптардың дұрыстығын ауызша дәлелдеңіздер.


Есеп 1.

Тапсырма шарты: Авторлық құқықтың жыл сайынғы амортизация нормасын есептеңіздер

Берілген мәліметтер: «Астық» корпорациясы компьютер негіздері бойынша оқулық сатып алды.Пайдалы қызмет ету мерзімі – 4 жыл. Дегенмен авторлық құқық 50 жыл ішінде өз күшінде қалады.

Есеп 2.

Тапсырма шарты: Есептелінуге тиіс амортизация сомасын анықтаңыз.
Берілген мәліметтер: «АҚ мол » компаниясы әйгілі супермаркеттің әлемге танымал сауда маркасын сатып алды – 160000тенге. Компания басшылығы сауда маркасы құнының өзгеріссіз болмайтынына күмәнданып, қажет болса ол көбейеді деп тауып, амортизация есептемеуді қажет деп тапты.
Есеп 3.

Тапсырма шарты: Патент амортизациясын патент шоттарында көрсетіңіз.

Берілген мәліметтер: «Алтын дән» компаниясы «Цесна» компаниясынан 3 жылға патент сатып алып, 600000 тенге төледі. Патентке 3 жылда бірдей бөлу әдісімен амортизация есептелінеді.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.

  1. Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасын дайындаңыз.

  2. Материалдық емес активтерді есепке алуда қолданылатын шоттар корреспонденциясын жасаңыздар.


Практикалық сабақ 14.

Тақырыбы: Ұзақ мерзімді активтер аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: жазба жұмыс, сұрақ жауап, топтық тапсырма орындау

Аудиториялық жұмыс:


  1. Түсініктеме жазу .Тақырыбы: «Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді неден бастау қажет?». Егер өз ұсынысыңыз болса оны дәлелдеңіздер.

2. Тақырып бойынша төмендегі түсініктерге анықтама беріңіздер

1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және

оның аналитикалық есебін ұйымдастыру

3. Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу

4. Негізгі құралдарды жөндеудің және жал операцияларының есебі

5. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп

6. Негізгі құралдардың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау.

7. Негізгі құралдардың аудиторлық тексерудің бағдарламасы

8. Негізгі құралдардың қозғалысын тексеру

9. Амортизация есептеудің дұрыстығын тексеру


  1. Топтық тапсырма. Топ студенттері бөлініп, амортизация есептеудің түрлі әдістерін таңдап алып, оның тиімділігі мен кемшілігін анықтап, тиімді әдісті ұсынуы қажет. Осы тапсырма бойынша төмендегі кестені толытырыңыз.




Амортизация есептеу әдістері

Түзу сызықты әдіс

Өндірістік әдіс

Кумулятивті әдіс

Азайып отыратын қалдық әдісі

Артықшылығы














Кемшілігі














Қолданылу саласы













Есептеу тәртібі













Есептеу формуласы














Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Тақырыпты бекіту мақсатында студенттер келесі есептерді орындап, есептелген амортизация сомасының дұрыстығына баға беріңіздер.

Есеп 1.

Тапсырма шарты:

Фермаға шөп ұсақтағыш станок сатып алынды. Станоктың бастапқы құнын анықтаңыз және қажетті бухгалтерлік жазуларды жасаңыз.



Берілген мәліметтер:Станокты сатып алу құны ҚҚС-сыз 1025000 тенге, ҚҚС -12%, жеткізу бойынша транспорттық шығындар 23000 тенге, монтаж бойынша шығыстар- 12980 тенге.

Есеп 2.

Тапсырма шарты:Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жүк машинасының бастапқы құнын анықтаңыз.

Берілген мәліметтер: Жүк машинасының бағасы 60000 тенге. Шоферға офис тұрақжайына жеткізіп бергені үшін қызмет құны – 400 тенге. Тасымалдау кезіндегі бензин құны – 150 тенге, жыл бойындағы май ауыстыруға - 600 тенге.

Есеп 3.

(НҚ есептен шығуы.) Тапсырма шарты: Қажетті есептеулер мен бухгалтерлік жазбаларды жасаңыз:



  1. Берілген жүк көтергіш машинаның баланстық құнын есептен шығаруға.

  2. Жинақталған тозу сомасын есептен шығаруға.

  3. берілетін жүк көтергіш машинаның келісілген құнын көрсету.

  4. Есепті кезең соңында жүк көткргіш машинаны беруден алынған табыс пен зиян.


Берілген мәліметтер: «Астық» кәсіпорынына 2005 ж 1 тамызынан бастап басқа кәсіпорынға жарғылық капиталға салым ретінде беріледі. Жүк көтергіш машинаның бастапқы құны 700000 тенге, ал пайдалану мерзімі – 3 жыл, нормативті қызмет ету мерзімі – 6 жыл. Амортизация кумулятивті әдіс бойынша есептелген. Берілген жүк көтергіш машинаның келісілген құны 500000 теңгені құрайды.

Практикалық сабақ 15.

Тақырыбы: Міндеттемелер мен капитал аудиті.

Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, семинар практикум

Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз біліміңізді тексеріңіз, өз жауабыңызды фактілермен дәлелдеңіз:

  • Капитал бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі;

  • Капитал түрлері мен құрылымы және есебі жүргізілетін шоттар;

  • Капитал аудитінің бағдарламасын дайындауда алдыңызға қойылатын алғы шарттарды атаңыз.

  • Кәсіпорындарда жиі қолданылатын еңбекке ақы төлеу формасы қандай?

  • Еңбек ақыдан ұсталымдар қалай ұсталынады және оның мөлшері қалай анықталынады?.

  • Айлық есептік көрсеткіш- түсінігі, мөлшері мен өзгеру себебі.

  • Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысуда қолданылатын құжаттар мен шоттарға сипаттама беріңіз.

  • Салық ставкалары мен оның дұрыс есептелінуіне бақылауды ұйымдастыру тәртібі.

  • Басқа да несиелік борыштар аудитін ұйымдастыру тәртібі.


2. Топтық жоба. Капитал мен міндеттемелер аудитін жүргізу бойынша аудит жоспарын жасаңыздар.

3. Жеке тапсырма . Жеке тұлғаның жалықысы 50000 теңге . Ол төлейтін салық мөлшерін анықтаңыз. Меншігінде автокөлігі, үйі бар. Қандай салық түрлерін төлейді және қандай мөлшерде.

Заңды тұлға үшін салықтар тізімін анықтап, оның мөлшерін бекітіңіздер.


Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Келесі ситуациялық есеп шығара отырып, студент .

Есеп 1.

Еңбекке ақы төлеу мерзімімен аудиторлық тексеру мерзімі сәйкес келді. Сіз қандай әрекет жасайсыз?

Есеп 2.

Еңбек ақыдан ұсталымдар сомасының дұрыстығын дәлелдеу қажет. Жеке табыс салығы 10 %, әлеуметтік салық 3 %. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру себебін түсіндіріңіздер.Сіздің әрекетіңіз.

Есеп 3.

Еңбекке ақы төлеу мерзімімен аудиторлық тексеру мерзімі сәйкес келді. Сіз қандай әрекет жасайсыз?

Есеп 4. Еңбек ақыдан ұсталымдар сомасының дұрыстығын дәлелдеу қажет. Жеке табыс салығы 10 %, әлеуметтік салық 3 %. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру себебін түсіндіріңіздер.Сіздің әрекетіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер


      1. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник – Алматы: Экономика, 1995

      2. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности : УчебноеПособие – Алматы: «Қаржы қаражат»

      3. Ержанов М.С. Аудит 1 Алматы : 2005

      4. Ержанов М.С. Теория и практика аудита.- Алматы: Ғылым, 1994

      5. Аудит Учебник для вузов.В.И.Подольскии,А.А.Савин.-М.:ЮНИТИ ДАНА,2004

      6. Абленов Д.О. Аудит негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. 400 бет.

      7. Әжібаева З.Н. Аудит.: Оқулық - Алматы:2006


Қосымшалары:

  1. Адамс Р. Основы аудита. Пер с англ (Под. ред. Я.В Соколова) М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995.

  2. Банковский аудит – в2-х частях,-М.: БУ, 1994.

  3. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. – М.: ИИД «Филин», 1995

  4. Белобжецкий И.А. Бухгалтерский учет и внутренный аудит. В –2 х частях. –М.: Бухгалтерский учет 1994

  5. Бухгалтерско – аудиторский портфель. – М.: Саминтэк 1994.

  6. Данилевский Ю.А. Аудит: организация и методика проведения – М.: Финансы и статистика, 1992

  7. Данилевский Ю.А. Общий аудит , аудит бирж, внебюджетных фондов и инвестиционных институтов – М.: Бух учет 1996

  8. .Кармайкл Д.Р., Бенис М. Стандарты и нормы аудита. Перевод с англ.


Нормативтік заң актілері

1. ҚР Конституциясы 30.06. 95 ж. өзгерістерімен қоса.



    1. 20.11.1998ж . «Аудиторлық қызмет» ҚР Заңы

    2. 15.01.2001 ж. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ҚР Заңы.

    3. Казахстанские стандарты по аудиту. Алматы «Қаржы қаражат»1995 ж.

    4. Кодекс этики аудиторов РК. Алматы «Қаржы қаражат»1995 ж.

    5. Международные стандарты по аудиту.

    6. Халықаралық қаржылық есептің стандарттары. Москва 2005

    7. ҚР Салық Кодексі 2009 жыл.

    8. Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 Бұйрығы.

    9. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 Бұйрығы

    10. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы

    11. Қазақстан Республикасының Заңы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Жариялануы: "Егемен Қазақстан" 2007 ж. 12 наурыз  №  63-64 (24641

Ахметова С.С.


050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар) сабағын жүргізуге арналған

әдістемелік нұсқау

Мөр басылымы «_»______ 2009ж...

Қағаз форматы Х×Y1/16

Типографиялық қағаз. Офсеттік қағаз.Көлемі 2,5 б.қ.

Тираж ... дана.Тапсырыс*

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік- Қазақстан мемелекеттік университеті


Баспа орталығы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент,Тәуке хан даң,5



*Берілген мәліметтер АО қойылады




Каталог: archiv -> archiv mu sem prac
archiv mu sem prac -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
archiv -> Қазақстанның әскери тұтқындарының тағдырларында беймәлім парақтары Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды
archiv -> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қортындысы Кіріспе бөлім
archiv -> Сабақ «Ақшаның экономикалық мәні»
archiv -> Сабақ жоспары № Тақырыбы: шкм математика сабағын ұйымдастыру
archiv mu sem prac -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
archiv -> Сабақ-презентациясы сәуір Жітіқара қ. мемархив Жітіқара амм 3 «Лисаковск қаласының 45 жылдығына арналған «Қаладағы мұрағат тарихы»
archiv mu sem prac -> "Мемлекеттік бюджет" пәнінен семинар сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2008 ж. 24б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет