Ф дыбысы және әрпі



Дата25.01.2017
өлшемі11,94 Kb.
Ф дыбысы және әрпі
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі
Мақсат - міндеттері: 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
2. Сөздік қорларын дамыту.
3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу.
Құралдар: әліппе - дәптер, Ф дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер

Ұйымдастыру Өткен сабақтағы әріптерді естеріне түсіру, қайталау

Негізгі Суреттерге қарап заттарды атау. Фонтан, фото, футбол т. б.
Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу.
Ф әрпін ауада, тақтада жазу.
Ф баспа түрі.
Суреттерге қарап, сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Тордағы әріптерден сөз құрау. Те/ле/фон сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сурет бойынша әңгіме құрайды, одан сөйлемді бөліп алып, ал сөйлемнен Ф дыбысы бар сөзді табу.

Жұмбақтар шешу.


Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
(Телефон)

Қос аяқ жүрген қуып,


Жел мықтап үрген.
Бірде жөн, бірде лағып,
Қашады зыр - зыр қағып.
(Футбол)

Қыста дем алып, жазда тынбайды,


Көкке атылып, жерге құлайды.
(Фонтан) Өтірік өлең оқиық!
Фабрикада азып жүр,
Фонар жағып, шіл тершіп.
Фантастика жазып жүр,
Фонармен мың борсық.

Тапсырмалар.


а) Жалғасын тап.
Фут -, фон -, магнито -, теле -, т. б.
ә) Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.
Фатима финал кофта фонар т. б.
б) Ф дыбысын қатыстырып создер ойла.
Жұмбақтар шешейік!
Арқасы тіреп жабысып,
Екі "р" қалған қабысып,
Бұл қай әріп? (Ф)
Иілген ұршық -
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)
Қос бүйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
"Орамал тастамақ" ойыны. Орамалды алған бала ф дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды.

Қорытынды - Сонымен Ф дыбысы қандай дыбыс?


- Ф әріпі сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ф әрпінен басталатын сөздер айтыңдар
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау
Каталог: uploads -> doc -> 0a4c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a4c -> Сабақтың тақырыбы: Менің әжем Сабақтың мақсаты : «Атам мен әжем» мәтіннің мазмұнын айтап, талқылау
0a4c -> Шешендік сөз Жиренше шешен мен Қаракөз айым
0a4c -> Сабақтың тақырыбы : Отбасымның демалысы. Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлай отырып, тақырыпты өз бетінше оқып үйренуге жағдай жасау
0a4c -> Құмжарған орта мектебі Тақырыбы: «Ежелгі Қытай мәдениеті» ( ашық сабақ) 6-сынып Өткізген: А. А. Бисеналина


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет