Факультет: тарих-педагогика Кафедра: Қазақстан тарихы



Дата09.08.2017
өлшемі245,2 Kb.
#23016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖқұжаты

№ 1 басылым

31.08.2016



ФР 042-1.02-2016-01


Практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау



Факультет: тарих-педагогика

Кафедра: Қазақстан тарихы
«ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ»

пәнінен практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау


5В011400 – «Тарих» мамандығының студенттері үшін

СЕМЕЙ

2016

АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауым. проф. м.а., т.ғ.к. Мукатаева З.К. _______ 31.08. 2016 ж.


«Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің тарихы»пәнінен 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттері үшін практикалық (семинар) сабаққа әдістемелік нұсқау
2. КЕЛІСІЛДІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының отырысында әдістемелік нұсқау


№1 хаттама, «_31_»___08_____ 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.А. Мухаметжанова

Тарих-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында оқу үрдісінде әдістемелік нұсқауды пайдалану ұсынылды


№1 хаттама, 31.08.2016 жыл

Төрайым _____________ Абішева Ш.Ш.



Мазмұны


1

КІРІСПЕ

4-5

2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

5-9

3

ӘДЕБИЕТТЕР

10


1. Кіріспе

Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің тарихы ежелгі шығыс елдерінің тарихының жалғасы және жаңа заман тарихына дейінгі кезеңді қамтитын аралық деңгейде болғандықтан, жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, процесстері, басталады. Феодализмнің қалыптасуы, дамуы құбылыс, заңдылықтарын үйретуге мүмкіндік береді.

Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихын оқып білу ол елдердегі феодалдық қатынастардың дамып жетілуініңжалпы заңдылықтарын түсінуге және Батыс Еуропа елдеріндегі процестен біраз ерекшелігі бар екендігіне көз жеткізуге мүмкіншілік береді. Батыс елдеріне қарағанда Шығыс елдерінде, атап айтқанда Қытайда, Орта Азия мен Закавказье елдерінде феодалдық қатынастар ертерек қалыптасты. Шығыс елдеріндегі осы процестің хронологиялық шеңбері бірдей болмағандығы бағдарламада көрініс тауып отыр. Бағдарлама Шығыс елдеріндегі жер иелену мен феодалдық салықтар түрлеріндегі ерекшеліктерді ашып көрсетуді көздейді. Отра ғасырлық Азия және Африка елдерінің мәдениетіне баса назар аударылады, бұл мәдениеттің орта ғасырлық Еуропа елдерінің Мәдениетінен әлдеқайда жоғары болғандығын көрсетуге мән беріледі.

Оқыту барысында тарихи методологияның жетістіктері қолданылады. Өркениеттілік, формациялық таным жолдары жоққа шығарылмайды, олардың тиімді жақтары ескеріліп, студенттердің өзіндік көзқарасын қалыптастыру жүзеге асырылады.


Пәнді оқытудың мақсаты: Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің тарихы оқытудағы негізгі мақсат ортағасырлық Азия және Африка елдерінің тарихи дамуының негізгі мәселелері, құбылыстары, заңдылықтарын оқыту.
Пәнді оқыту міндеттері: Студенттерді: Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің қоғамдық дамуының негізгі процесстерімен, заңдылықтарымен таныстыру, жеке елдер мен аймақтардың даму ерекшеліктерін көрсету. Ортағасырлық шығыс қоғамының адамзат тарихында алатын орнын, маңызын, ерекшелігін ашып көрсету.

Құзыреті (оқыту нәтижелері)

Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек:

білу:

  • Курстың пәнін, міндеттерін білуге тиіс;

  • Мамандық бойынша мемлекеттік стандарт, типтік бағдарлама негізінде курсының негізгі мазмұнын білуге тиіс;

  • Тарих ғылымындағы Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің тарихын зерттеу барысы, жетістіктерін білуге тиіс;

  • Тарихи материалдарды сын тұрғысынан талдай білуі тиіс;

  • Тарихи деректермен жұмыс істей білу, сын тұрғысынан қарастыру;

орындай алу:

  • Деректердің шынайылық дәрежесін анықтау;

  • Тарихи деректерді сыни талдаудан өткізу.

  • Курс барысында алған теориялық білімдерін педагогикалық практика барысында, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе білу барысында қолдана білуге тиіс.

  • логикалық ойлау іскерлігі.

Дағдысының болуы:

  • өз ойларын дұрыс баяндап, жеткізе білу дағдысы;

  • ғылыми зерттеушілік дағдысын қалыптастыру арқылы жобалық жұмыстарды ұйымдастырып, жүйелеу қорғау

  • күрделі тарихи процестерді, оқиғалар мен орта ғасырлық мемлекеттердің даму проблемалары сол заманның тарихи тұлғалардың зерттеуге аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдысы.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ» пәнінен практикалық (семинар) сабақтың тақырыптары

1 кесте


ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР

1 тақырып. Қытай орталықтанған мемлекеті

Семинардың мақсаты: ІІ ғасыр аяғы мен ІІІ ғасырдың басы Қытай үшін ішкі саяси өзара қырқысу кезеңі , Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” қатысты материалдарды саралай отырып Суй, Тан және Сун империясының қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, Вань Ан Ши реформалары маңызын анықтау.



Жоспары:

  1. Қытай империясы жоғары дамыған кезіңінде.

  2. Суй империясынан Тан империясына қарай.

  3. Тан кезеңі: Қоғамдық – экономикалық, саяси дамуы. Конфуциандықтың ролі. Мәдениеттің «алтын ғасыры».

  4. Тан және сыртқы әлемі: доктрина және практика. Кореяға және оңтүстікке шапқыншылықтар.

  5. Сун империясы.

  6. Вань Ан Ши Реформалары.

Тақырыптық глосарий

Семинарға дайындық кезінде хроноголиялық бірізділік бойынша

қарастырып отырған кезең бойынша кестені толтырыңыз:

Мемлекет басшысының ішкі сыртқы саясаты



Мемлекет басшысы

Билік жүргізген жылдары

Ішкі саясаттағы оқиғалар

Сыртқы саясаттағы оқиғалар




































































































1

2 тақырып. Жапония.

Семинардың мақсаты: Ямота патшалығы кезеңінің қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, «17 бап заңы», «Тайхере» заңдар жинағына сараптама жасау



Жоспары:

  1. Ямота патшалығы кезеңі.

  2. Тайка көткрілісі. Мемлекеттің құрылуы.

  3. «17 бап заңы», «Тайхере»заңдар жинағы.

Тақырыптық глосарий

1

3 тақырып. Жапония.

Семинардың мақсаты: Фудзивара, Тайра, Комакура кезеңдері қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, самурайлар қалыптасуы мен сегундық биліктің ерекшеліктерін анықтау



Жоспары:

  1. Жапонияның әлеуметтік экономикалық дамуы:жаңа белгілері.

  2. Әлеуметтік құрылымы: Самурайлар қалыптасуы.

  3. Фудзивара, Тайра, Комакура кезеңдері.

  4. Сегунат кезеңі.

Тақырыптық глосарий
Хронологиямен жұмыс

Тарихи уақыт

Тарихи оқиға


































1

4 тақырып. Корея.

Семинардың мақсаты: Корея үш патшалық кезеңінде.(Пекче, Когуре, Силла) және Коре династиясының кезеңіндегі қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, Ли династиясының қалыптасуы мен тәуелсіздік үшін күрестің мақсаты мен маңызын ашу. Ким Бу Сик, Ким Бу Ый, Юн Он И, Лим Ван, Ли джо, Пак Сын Джун, Чон Гы Ген, Чон Хан, Чон Чи Сан секілді көрнекті конфуцийшілдік ғалымдар, алғашқы тарихи еңбек «Самгук саги»(Үш мемлекеттің туралы тарихи жазбалар) жайлы ақпарат әзірлеп, конфуцийшілдіктің ықпалын, Корея мәдениетінің жетістіктерін, ортағасырлық мәдениетке қосқан үлесін айқындау



Жоспары:

  1. Корея үш патшалық кезеңінде.(пәкче, Когуре, Силла).

  2. Коре династиясының кезеңі.

  3. Ли династиясының қалыптасуы. Тәуелсіздік үшін күрес.

  4. Корея мәдениеті.

Тақырыптық глосарий

Хронологиямен жұмыс

Тарихи уақыт

Тарихи оқиға


































1

5 тақырып. Вьетнам.

Семинардың мақсаты: Вьет мемлекеті мен Дайвьет мемлекеттерірің орталықтандыру мен әскери, әкімшілік реформалар саралап, діні, мәдениетіндегі ерекшеліктерін анықтау



Жоспары:

  1. Вьет мемлекеті.

  2. Дайвьет. Мемлекетті орталықтандыру. Әскери, әкімшілік реформалар.

  3. Дайвьеттің сыртқы саясаты.

  4. Діні, мәдениеті.

Тақырыптық глосарий

Хронологиямен жұмыс

Тарихи уақыт

Тарихи оқиға


































1

6 тақырып. Иран.

Семинардың мақсаты: Сасанидтердің атымен Иранның қайтадан гүлденуі, Византиямен кескілескен үздіксіз күрестері , Иран жеріндегі халық қозғалыстарына тоқталыңыз. Иран сасанидтер кезеңі мен Сефевид әулеті кезеңіндегі қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, Сыртқы саясаттағы шапқыншылықтарының нәтижелерін саралап, діні, мәдениетіндегі ерекшеліктерін анықтау



Жоспары:

  1. Иран сасанидтер кезеңінде.

  2. Иран сыртқы шапқыншылықтар кезінде.

  3. Сефевилер мемлекетінің құрылуы.

  4. І Аббастық соғыстары.

  5. Діні, мәдениеті

Тақырыптық глосарий

1

7 тақырып. Үндістан.

Семинардың мақсаты: Солтүстік Үндістандағы феодалдық мемлекеттер жөнінде мәлімет бере отырып, Үнді қоғамының құлиеленушілік құрылысының белгілерін айқындап, Гуптар кезіндегі касталық құрылымын талдаңыз. Гуптар империясы кезіндегі қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, Эфталиттердің шапқыншылығының себеп салдарын айқындау



Жоспары:

  1. Гуптар империясы. Чандрагупта ІІ.

  2. Эфталиттердің шапқыншылығы

Тақырыптық глосарий

1

8 тақырып. Үндістан.

Семинардың мақсаты:  Дели сұлтанаты мен Ұлы Моғолдар империясы кезіндегі қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, діні, мәдениетіндегі ерекшеліктерін анықтау



Жоспары:

  1. Дели сұлтанаты.

  2. Ұлы Моғолдар империясы.

  3. Әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы.

  4. Моғолдар және сыртқы әлем

Тақырыптық глосарий

1

9 тақырып. Арабтар.

Семинардың мақсаты: Арабтар мемлекетінің құрылуы мен Ислам дінің пайда болуы және Омейядтар және Аббасидтер кезіндегі қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, Араб жаулаушылықтарының нәтижелері мен ислам дінін таратудағы тарихи маңызын көрсету



Жоспары:

  1. Арабтар мемлекетінің құрылуы. Ислам діні.

  2. Омейядтар және Аббасидтер кезеңі.

  3. Араб жаулаушылықтары.

  4. Жер, салық түрлері.

  5. Араб ғылымы мен мәдениетінің жетістіктері

Тақырыптық глосарий


1

Араб ғалымдары мен ойшылдары.






Ғалымдар

өмір сүрген уақыты

шығарма-лары

Не туралы жазды

































































































12 тақырып. Осман мемлекеті

Семинардың мақсаты: Осман мемлекетінің құрылуы мен империялық кезеңдегі қоғамдық – экономикалық, саяси дамуын негізгі мәселелерін талдап, Европа мен Ресей арасындағы қарым қатынастарын саралап, Османлылар мәдениетінің ортағасырлық мәдениетке қосқан үлесін айқындау ортағасырлық мәдениетке қосқан үлесін айқындау. Сүлеймен Канунидің заңнамалық қызметі. Осман империясының ішкі саясатына талдау жасау.



Жоспары:

  1. Осман мемлекетінің құрылуы.

  2. Осман империясы. Әскери – лендік жүйе.

  3. Осман мемлекеті және Еуропа.

  4. Осман мемлекеті және Ресей.

  5. Османлылар мәдениеті

Тақырыптық глосарий
Семинарға дайындық кезінде хроноголиялық бірізділік бойынша

қарастырып отырған кезең бойынша кестені толтырыңыз:

Мемлекет басшысының ішкі сыртқы саясаты

Мемлекет басшысы

Билік жүргізген жылдары

Ішкі саясаттағы оқиғалар

Сыртқы саясаттағы оқиғалар












































































1

13 тақырып. Моңғолдар мемлекеті.

Семинардың мақсаты: Монғолдардың әлеуметтік-экономикалық құрылысы, мемлекеттің құрылуындағы негіздер, сыртқы әскерлер, Шыңғысханның ролін саралап, Монғол шапқыншылықтарының бағыттары және сипаты көрсете отырып, шапқыншылықтың әлемдік саяси картаға әкелген өзгерістерін айқындау және моңғол империясының ыдырауының себеп салдарын айқындау



Жоспары:

  1. Монғолдардың әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Мемлекеттің құрылуындағы негіздер, сыртқы әскерлер, Шыңғысханның ролі.

  2. Монғол шапқыншылықтары: бағыттары және сипаты.

  3. Монғол империясының ыдырауы. Әдебиеттерде берілген баға.

Тақырыптық глосарий

Семинарға дайындық кезінде хроноголиялық бірізділік бойынша

қарастырып отырған кезең бойынша кестені толтырыңыз:

Мемлекет басшысының ішкі сыртқы саясаты



Мемлекет басшысы

Билік жүргізген жылдары

Ішкі саясаттағы оқиғалар

Сыртқы саясаттағы оқиғалар




































































































1

14 тақырып. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуы: ортақ белгілері және ерекшеліктері(салыстырмалы - сипаттама).

Семинардың мақсаты: Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуының негізгі кезеңдері атап көрсету арқылы Батыс және Шығыс феодализмінің ортақ белгілері, ортағасырлық Шығыстың қоғамдық дамуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау, саралау



Жоспары:

  1. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуының негізгі кезеңдрі.

  2. Батыс және Шығыс феодализмінің ортақ белгілері, ерекшеліктері.

Тақырыптық глосарий

1

15 тақырып. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуы: ортақ белгілері және ерекшеліктері(салыстырмалы - сипаттама).

Семинардың мақсаты: Батыс және Шығыс елдеріндегі саяси дамудың ерешеліктері мен ортақ белгілерін айқындау, қортынды анализ жасау, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін қарастыру, Ортағасырлық Шығыс және Батыс қоғамдарының мәдени және діни даму үрдістерін салыстырмалы зерттеу, Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесін айқындау



  1. Саяси даму қортындылары.

  2. Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.

Тақырыптық глосарий

1



Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабақтары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.)

Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.



Семинар (лат. seminarium – рассадник, көшет) – жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген сұрақтар, проблемаларды баяндама немесе бірігіп талқылау түрінде студенттердің өз бетінше зерделеуіне негізделген, оқу үдерісінің нысаны. Тәжірибелік сабақтарға қарағанда семинар теориялық сипатқа ие және белгілі бір пәнде терең бағытталған. Семинар сабақтары студенттердің оқу-танымдық қызмет барысында дербестік танытуға бағыттай отырып, білімді нығайтуға көмектеседі. Семинар барысында орта ғасырлық деректермен, қосымша әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс нәтижесінде алынған білім жүйеленеді, тереңдетіледі, қадағаланады.

Семинар сабағының бірден-бір мақсаты - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу.Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерді зерттелінетін салалардың ерекшелігіне қарай, теориялық білімді пайдалану дағдылары мен машықтарына ие болу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Негізгі мақсаттық бағытына байланысты семинардың үш типін ажыратамыз:

1) белгілі бір оқу курсын терең зерттеуге арналған, осы курстың материалымен тақырыптық байланысты семинар;

2) әдіснамалық тұрғыдан маңызды курстың немесе белгілі бір тақырыпты негізді түрде дайындауға арналған семинар;

3) арнайы семинарға ұласуы мүмкін, жекелеген өзекті мәселелерді ғылыми өңдеуге арналған зерттеу типіндегі семинар.

Арнайы семинар белгілі ғалымның жетекшілігімен белгілі бір проблемаға байланысты жас зерттеушілердің қарым-қатынасының мектебін білдіреді. Тәжірибелі жетекші ғылыми шығармашылықтың ауа-райын қалыптастырып, студенттерді ұжымдық ойлау қызметіне бағдарлап, зерттеу жұмысының тиімді әдістерін пайдаланады. Қорытынды сабақта оқытушы студенттік ғылыми жұмыстарға толыққанды шолу жасап, қорытындылайды, қарастырылған проблемалардың ары қарата зерттелу мүмкіндіктерін аша отырып, қызығушылық білдірген студенттердің осы проблемаларды зерттеуге қатысу мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Семинар сабақтары дәріс сабақтарымен тығыз байланысты, дегенмен де семинардың оқу материалы дәріс материалын қайталамайды. Оқытушының жетекшілік рөлі оқу жұмысын тиянақты жоспарлаудан, маңызды сұрақтарды семинарда талдауға бөліп шығарудан, дербес дайындалу үшін әдебиеттерді таңдаудан, талқылау үдерісіне басшылық жасаудан көрінеді.

Семинар сабағының міндеттері:

- оқу пәніне сәйкес студенттердің білімін тереңдету және кеңейту

- зияткерлік мәселелері міндеттерді шешу және дағды қалыптастыру

- студенттерің қабілеттерін жетілдіру мақсатында дәлелдер және оны жоққа шығаруды жетілдіру

- теориялық деңгейі жетілген студенттер дайындау

Семинар сабағының функциялары:

- танымдық

- тәрбиелік

- дамытушылық



Семинардың ерекшелігі:

- оқытушымен студент арасындағы тікелей диалог арқылы тұрақты қарым-қатынастың болуы

- Семинар кезінде дәріс материалын қайталамауы тиіс, бірақ оның негізгі ережелерін талқылау үшін білім беру мәселелерінде өзара байланысты жоққа шығармау.

Жүргізу әдісіне байланысты семинар келесі түрлерге бөлінеді.



Семинар-сұхбат семинар жоспарындағы барлық сұрақтар бойынша бүкіл студенттердің сабаққа дайындалуын білдіріп, тақырыпты белсенді талқылауға студенттердің елеулі бөлігінің тартылуын білдіреді. Оқытушының қысқаша баяндамасынан кейін, жоспардағы нақты сұрақтар бойынша бірнеше студенттердің жан-жақты мәлімдемелері тыңдалып, басқа студенттердің жауа

Семинар-дискуссия, немесе семинар-диспут қандай да болмасын проблеманы ұжымдық талқылау және шешу үшін семинарға қатысушылардың диалогтық сөйлесу мүмкіндігін білдіреді. Талқылау үшін оқытылатын пәннің ең өзекті мәселелері таңдалынады. Участники Дискуссияға қатысушылар өз ойларын нақты құруға, өз пікірлерін ұстап тұруға, сын пікірлерге дәлелді түрде қарсы тұруға үйренеді. Семинар сабақтарының ең тиімді нысаны қатысушылардың сәйкес орналасуы қағидасындағы «дөңгелек үстел». Осыған байланысты диалог арқылы дискуссия тақырыбын бірігіп өрбіту үшін, студенттерді қарым-қатынас, өзара әрекет мәдениетіне үйрету қажет.

Семинардың аралас нысаны баяндамаларды талқылау, қатысушылардың еркін сөйлеуі, жоспарланған дискуссиялар түрінде өтеді.

Студенттердің семинарға дайындалуына педогогикалық жетекшілік ету оқытушының баяндамалардың жоспарын құруға көмектесуінен, әдеби қайнар көздерді конспектілеуге үйретуден, рефераттар мен баяндамалардың мәтінін дұрыс рәсімдеуге, өзіндік жұмыс барысында туындаған сұрақтарға байланысты кеңес беруден көрінеді.



Семинар сабағының құрылымы:

1. Ұйымдастыру

2. Оқытушының кіріспе сөзі. Оқытылып отырған курстың тақырыбы, мақсат, міндеті және семинар жоспары.

3. Семинардың негізгі бөлімі. Баяндама, реферат және сұраққа жауаптарын тыңдау, талқылау пікір білдіру және дұрыс қорытынды жасау т.б..

4. Оқытушының қорытынды сөзі. Студенттің сұрағына жауап беру, оларды бағалау.

5. Үйге тапсырма.



Семинарға дайындық

- студенттерді дайындау - оқытушылар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік материал әзірлеу

- оқытушының дайындығы.

Реферат жазу жұмысы тақырыпқа қатысты әдебиеттерді сұрыптап алудан басталады. Әдебиеттермен танысуды, оқуды және деректерді жүйелерді аяқтағаннан кейін рефераттың жоспарын құру ойластырылады. Жоспар құрастырған кезде оны бөлімдерге бөлудің бірыңғай ұстанымын сақтау маңызды. Әрбір бөлімнің негізгі тақырыпқа қатыстылығы және айтылған мәселенің қайталанбауы ескеріледі. Реферат жазу жұмысы материалды жүйелі түрде мазмұндауды, зерттелуші мәселеге қатысты түрлі көзқарастарға баға беруді, онда өзіндік ой-пікір көрсете білуді қажет етеді.

Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен құрылуы тиіс. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, оның зерттелу жағдайы қысқаша талданады, қарастырылатын мәселелердің ауқымы анықталады, жұмыстың міндеті қойылады.

Реферат жұмысының негізгі бөлімін екі-үш тарауға, ал тарауларды параграфтарға бөлуге болады. Тараулар мен параграфтардың атаулары олардың мазмұнына сәйкес келуі қажет. Тақырып бір сұрақтан келесісіне логикалық өту арқылы біртіндеп ашылады. Мазмұндаудың дәлелділігіне көңіл аудару маңызды. Әрбір көрсетілген деректің тезисі мен аргументтері болуы керек.

Қорытындыда қысқаша байламдар, теориялық тұжырымдар жасалады. Қорытынды бөлімдегі тұжырымдар мүмкіндігінше қысқаша болғаны дұрыс. Жұмыстың мазмұнында қарастырылмаған нәрселер туралы қорытындыда айтуға болмайды. Рефератта бірінші жақтағы есімдіктер мен етістіктер қолданылмайды. Мысалы: «менің пікірім бойынша», «мен ойлаймын» және т. б. деп жазудың орнына «автордың пікірінше», «автордың есептеуі бойынша» деп қолданған жөн. Аяқталған пікірді екіншісінен азат жол арқылы бөліп көрсетеді. Цитаталар мен сандық мәліметтерді пайдаланған кезде міндетті түрде деректерге сілтеме жасалады. Рефераттың соңында жұмысты дайындаған кезде пайдаланылған әдебиеттердің, деректердің тізімі беріледі. Олардың атаулары, жарық көрген жері мен уақыты көрсетіледі. Әдебиеттер тізімін жасағанда алдымен деректер, одан кейін оқу құралдары, монографиялар және мақалалар көрсетіледі.

Реферат компьютерде терілген кезде Microsoft Word редакторы, «times» типті, № 14 шрифт пайдаланылады. А-4 форматты парақтың сол жағынан

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР


5.1 Негізгі әдебиеттер:

  1. Васильев Д.Д. История Востока в 2-х тт. Т.1. – Люб.изд.
  2. История Востока. Т.2. Восток в средние века. – М., 1995


  3. История Востока. Т.3. Восток на рубеже средневековья и нового времени.XVI-XVIII вв. – М., 1999.

  4. История народов Восточной и Центральной Азии с древнейших времен до наших дней. – М., 1986.

  5. История стран Азии и Африки в средние века. Чч.1-2. – М., 1986.

  6. Кобищанов Ю.М. Теория большой феодальной формации.\\ВИ,1992, №№ 4-5.

  7. Маркс К. Формы, предшествующие капиталистическому производству. – Соч. 2-е изд. Т.46.,ч.1.

  8. Новая история стран Азии и Африки. XVI-XIX вв.: учебник для студентов вузов. Под ред. А.М. Родригеса : в 3 ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2004.


5.2 Қосымша әдебиеттер:

  1. Бичурин И. Собрание сведений о народах Средней Азии в древние времена. – Люб.изд.

  2. Босфорт К.Э. Мусульманские династии: справочник по хронологии и генеалогии – М., 1971

  3. Гумилев Л.Н. Хазары. – Люб.изд.

  4. Гумилев Л.Н. Тысячелетие вокруг Каспия. – Люб.изд.

  5. Ислам: энциклопедический словарь. – М., 1991.

  6. История Индии в средние века. – М., 1968.

  7. История Ирана. – М., 1977.

  8. Конрад Н.И. Запад и Восток. – М., 1966.

  9. Плетнева С.А. Кочевники средневековья: поиски закономерностей. – М., 1982.

  10. Эволюция восточных обществ: синтез традиционного и современного. – М.,1986.


5.3 Интернет-ресурстар

5.3.1 Akorda.kz, http://www.tarihibilim.kz/;e-history.kz;

5.3.2 http://kazakhstan.awd.kz/; http://www.president.kz;

5.3.3 http://www.unesco.org/culture/asia/index.html



5.3.4 http://kazchronic.host.kz/
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет