Факультетінің деканы


Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар



бет9/10
Дата10.11.2016
өлшемі1,65 Mb.
#1401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1 семианар.

Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Мақсаты: Курстың жалпы құрылымын, оқу материалдарының мазмұнын түсіндіру. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының туу, қалыптасу және даму кезеңдері, зерттелу тарихынан мағлұмат беру.

Негізгі сұрақатар: 1. Қазақтың ағартушы – демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. 2. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы; 3. 1928-1938 ж. әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері; 4. 1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитетінің әдеби білім жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулыларының маңызы. 1939-1958, 1985-1990 жылдар. 5. Білім беру жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген ықпалы. 6.1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; (Алматы 1998).

Әдістемелік нұсқаулық: Семинар бойынша әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының туу, қалыптасу даму тарихына хронологиялық таблица құру (электорнды нұсқа: презинтация жасау)

Пайдаланылатын әдебиеттер: жоғарыда семинар сабақтарының соңында көрсетілген.
2 семианар.

Тақырыбы: Әдеби базалық білім аймағы.

Мақсаты: мектептегі әдебиет курсының мазмұныны мен құрылысының теориялық және практикалық маңызын меңгерту. Әдеби базалық білімнің негізгі салаларын айқындау.

Негізгі сұрақтар: 1. Оқу аймағына кіретін әдеби материалдардың мазмұны. 2. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшілігіне баса назар аударылатындығы. 3. Әдеби білім аймағына енгізілетін шығармашылықтар көлемі мен түрі. 4. Пәнаралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі ролі. 5. Жоғарғы сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) тығыз сабақстастығы. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа өту процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене түсетіндігі.

Әдістемелік нұсқаулық: әдеби базалық білімнің мән-маңызын саралап, әдебиет оқуықтарына енген материалдардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне қатыстылығын саралау (реферат жазу).

Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген

3 семианар.



Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.

Мақсаты: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курстың өзіндік ерекшеліктері мен оқытылу жолдарын талдау

Негізгі сұрақтар:1. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отырады. 2. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушының жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. 3. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты.

Әдістемелік нұсқаулар: Әдебиет оқулықтарын жасаудағы басқа ғылым салаларының маңыздылығын саралау. Әр жылдарда шыққан әдебиет оқулықтарын салыстырмалы талдау арқылы қазргі әдебиет оқулықтарына баға беру. Жаңа буын оқулықатырының ғылыми мәні.

Пайдаланатын әдебиет: Жоғарыда көрсетілген
4 семианар.

Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту.

Мақсаты: мектеп оқушыларына көркем шығарманы қабылдатудың басты-басты кезеңдерін меңгерту

Негізгі сұрақтар: 1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Аламты) «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат міндеті. 2. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. 3. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. 4. Салыстырмалы талдау.

Әдістемелік нұсқаулар: Мектеп бағдарламасында көрсетілген көркем туындыларды талдап, нақты сызба кестелер жасақтау. Көркем туындыны талдаудың үлгелерін жасақтау. Пайдаланатын әдебиет
5 семианар.

Тақырып: Лириканы оқыту

Мақсаты: Қазақ әдебиеті пәнінде лирикалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын меңгерту, оны оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету

Негізгі сұрақтар: 1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеу пәнінің ғылыми жүйесі негізделген оқулығын шығару, жаңа сипаттамаға әдебиеттің қалыптасуы жолдарына тән негізгі кезеңдерін қарастыру 2. Ұлттық әдеби сынның тууы және қалыптасу белестерінің зерттелуі. 3. Әдебиет библиографиясын түзу 4. Қаламгерлер шығармашылығын монографиялық тұрғыда қарастырған еңбектер.

Әдістемелік нұсқаулар: проблемалық сұрақтар арқылы магистранттардың жазбаша жауаптарын алу.

Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
6 семианар.

Тақырып: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

Мақсаты: Қазақ әдебиеті оқытуда стеднттерге көркем шығарма мен жұмыс істеу кезеңдерінің теориялық және практикалық кезеңдерін меңгерту

Негізгі сұрақтар: 1. Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар; көркем шығарманы танытудың құралы, жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтын, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері. 2. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу;

Әдістемелік нұсқаулар: реферат қорғау, әдеби теориялық ұғымдарды зертеуші ғалымдардың еңбектерні салыстыру

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
7 семианар.

Тақырып: Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» романынан үзінді) (3 сағат, 6-сынып)

Мақсаты: Студенттерге қазақ әдебиетін оқытуда жекелеген авторлардың туындыларын оқытудаға қатысты мағлұмат беру

Негізгі сұрақтар: 1. Көркем мәтінмен жұмыс. Сабақ жоспарын құру. Ерекше сый-қонақ күткен ауыл. Көкшетаудан келген Біржан әнінің зор құдіреті, сырлы сезім сиқыры. Абайдың ән қадірін, ән қасиетін ардақтап, Біржанды қадірлі қонақ етіп, өнер сүйер жастарды жинап, үлгі-өнеге көрсетуі, желекті жас келін Әйгерімнің ән салуына еркіндік беруі, өзі сол ортада болып, басшылық етуі. Өнер мен ескілік салт-сана арасындағы бітіспес күрес. 2. Әдебиет теориясы. Типтік образ туралы. Қосымша оқуға: «Жетім әңгімесі».

Әдістемелік нұсқаулар: Сабақ жоспарын құру. Презинтация жасау. сөздікпен жұмыс, терминдерді анықтау. Көркем шығарманың поэтикалық тілінен мысалдар жинақтау. Интернет ресурстарын пайдалану.

Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
8 семианар

Тақырып: Әдебиет сабағы негізгі міндеттер

Мақсаты: әдебиет сабағының мақсаты, өзіндік ерекшеліктері меңгерту.

Негізгі сұрақтар: 1. Сабаққа қойылатын талаптар. 2. Сабақ талдау мәселелері; а) дидактикалық талдау; ә) психологиялық талдау; б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсаттында жүргізілетіні;

Әдістемелік нұсқаулар: Ғылыми зерттеу еңбектер арқылы қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды анықтау.

Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
9 семианар.

Тақырып: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқыту.

Мақсаты: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын мектепте оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеу. Жазушы шеберлігіне үңілу.

Негізгі сұрақтар: 1. 5-сынып, «Соғыс», «Қызғыш құс», (2 сағат), 2. 7-сынып, Махамбет Өтемісұлы «Тарланым». (1 сағат). 3. 8-сынып, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен құстан туған құмаймын», «Бұл дүниенің жүзінде» (2сағат). 9-сынып, 3сағат. 10-сынып, 3-сағат. 4. Махамбет Өтемісұлының өмірі, өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман тілегін жоқтауы. Шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық сарындары.5. Әдебиет теориясы: Өлең туралы мәліметті кеңейту.

Әдістемелік нұсқаулар: Сабақ жоспарын құру, әр сыныптың жас ерекшелігіне сәйкес сабақ көрнекілік құралдарын таңдау, әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдау, прецинтация.

Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
10 семианар.

Тақырып: Абай Құнанбайұлы шығармашылығын оқыту

Мақсаты: Абай Құнанбайұлы шығармашылығын мектепте оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеу. Жазушы шеберлігіне үңілу.

Негізгі сұрақтар: 1. 5-сынып, Абай. «Қыс», «Ғылым таппай мақтан ба»(2 сағат); 6-сынып, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Құлақтан кріп бойды алар», «Әсемпаз болма әр неге», «Отыз бірінші қара сөз» (3 сағат); 7-сынып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жиырма тоғызыншы қара сөз» (4-сағат); 8-сынып, (4сағат); 9-сынып, 5сағат; 10 сынып, (10 сағат); 11-сынып;

Әдістемелік нұсқаулар: Электорнды слайт арқылы көрсету. Сабақ жоспарларын құру, көрнекліктер дайындау, Абай шығармашылығына қатысты альбомдар дайындау (электорнды слайдтар).

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
11 семианар.

Тақырып: Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар түзілісі.

Мақсаты: Студенттерге сабақ жоспарын құрып үйрету, күнтізбелік сабақ жоспарының маңызды құжат екендігін меңгерту.

Негізгі сұрақтар: 1. Күнтізбелік (календарлық) – тақырыптық жоспар. Сабақ кестесіне сай тақырыптың өтілетін күні, уақының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны.

Әдістемелік нұсқаулар: дайын күнтізбелік сабақ жоспарының үлгілерімен таныстыру, қазақ тілі мен әдебиеті журналдарындағы, кітаптардағы сабақ жоспарларымен таныстыру.

Пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
12 семианар.

Тақырып: Әдебиет сабағында оқу-тәрбие жұмысын үйлестіре жүргізу

Мақсаты: көркем әдебиеттің өмірмен байланыстылығын, тәрбие құралы екендігін меңгерте отырып, мектеп бағдарламасындағы материалдарды байлданыстыра оқыту

Негізгі сұрақтар: 1. Сабақ мақсатын және онда жүзеге асатын, шешілетін басты-басты мәселелерді ғылыми түрде нақты жоспарлау – мұғалімдер жұмысындағы, оқу процесіндегі ең негізгі, ең күрделі процесс екені белгілі. Сабақ мақсатын кешенді жоспарлау, ең алдымен, өтілгелі отырған оқу материалының мазмұны, тақырып ерекшелігі, солардың негізгі түйінді дәлелінен туындайды. 2. Тақырып мазмұны, сонда қамтылатын негізгі ұғымдар.

Әдістемелік нұсқаулар: Интернет материалдарына шолу жасау. Қазіргі интернеттегі матеирадар. Қазіргі әдістемелік ізденістерге, материалдарды талдау үлгісіне шолу жасау.

Пайдаланатын әдебиет: Жоғарыда көрсетілген
13 семианар.

Тақырып: Поэмаларды оқыту.

Мақсаты: поэма жанрының өзіндік ерешелігін, мектеп бағдарламасындағы поэмалардың тақырыптық-идеялық ерекшелігіне талдау жасау.

Негізгі сұрақтар: 1. Поэма жанрының теориялық негіздері 2. Проза мен поэзияны талдау моделі. Көркем шығармалардың тілін таныту модулі.. Мектеп бағдарламасындағы поэмалар. Тақырыптық-иедялық, көркемдік поэтикалық қуатын таныту. 3. Поэмаларды оқытуға қатысты дайын сабақ үлгілері 4. Батырлар жырын оқыту. «Қобыланды батыр» жырының тарихилығы. Лиро-эпостық поэмаларды оқыту. Психологиялық поэманы оқыту. Сюжетсіз поэманы оқыту. Романтикалық поэманы оқыту. Пәлсапалық лирикалық поэманы оқыту. Поэзиялық шығармалардың тілін талдау.

Әдістемелік нұсқаулар: Мысалдар теру, әдебиет материалдарын нақты өмірлік материалдармен салыстырып, жазушының шығармашылық фантазиясын зерделеу. Поэмаларды прозалық шығармалармен жанрылық тұрғыдан салыстыру, сюжетті және сюжетсіз поэмаларды салыстыру

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген.

14 семианар.



Тақырып: Көркем шығармаларды модульді оқыту.

Мақсаты: қазақ әдебиеті бағдарламасындағы көлемді тақырыптық тарауларды оқытуда ірі блокті модульдік жүйені пайдалана оқытудың маңыздылығын түсіндіріп, жоспарлап үйрету.

Негізгі сұрақтар: 1. Модульді оқыту әдісі. Кіріспе. 2. Прозалық шығармаларды оқыту. Прозалық модульді оқыту-педагогика ғылымының бір саласы. Прозалық шығармалардың тақырыбы мен идеясын, композициясын таныту модулі. 3. Проза, поэзияны талдау моделі. Көркем шығармалардың тілін таныту модулі.

Әдістемелік нұсқаулар: қазақ тілі мен әдебиеті журналдарындағы модульдік технологияға қатысты материалдарды шолу, соған сәйкес белгілі бір сынып тақырбына жоспар құру.

пайдаланатын әдебиет: жоғары көрсетілген
15 семианар.

Тақырып: Сабақ үлгілері мен түрлері.

Мақсаты: дәстүрлі сабақ үлгілері мен қатар дәстүрден тыс сабақ үлгілерімен таныстырып, сабақ жоспарларын құруға үйрету

Негізгі сұрақтар: 1. Сабақ түрлері. 2. Өтілетін тақырыптың ерекшелігі. 3.Сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, сабақ мақсаты. 4. Қазіргі сабақтардың тиімді түрлері. Дәріс сабақ. Семинар сабақ. 5. Пәнаралық байланысты оқытуға негізделген үштік сабақтары.

Әдістемелік нұсқаулар: салыстырмалы типололгиялық талдау. Сабақ үлгілеріні құру, слай арқылы презинтация жасау.

пайдаланатын әдебиет: жоғары көрсетілген


СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1апта

Тақырыптар: №1 СӨЖ мазмұны: Әдебиет пәнінің тарихпен байланысы. №2 СӨЖ мазмұны: Абайдың халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. №3 СӨЖ мазмұны: Ұлттық мектеп тұжырымдамасы.

Мақсаты: дәріс, семинар сабақтарындағы өткен теориялық материалдарды практикалық тұрғыда меңгеру

өткізу түрі: пікірлесу, проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Тапсырмалар, сұрақтар: 1. Әдебиет пәнінің тарихпен байланысын нақты мектеп бағдарламасындағы материалдар негізінде оқыту жолдары. 2. Абайдың халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. (қарасөздері мен өлеңдеріндегі ағартушылық ойлар) 3. Ұлттық мектеп тұжырымдамасын талдау, қазіргі мектептегі қазақ әдебиеті пәнінің оқытылу жайынан (ашық әңгіме)

әдістемелік нұсқаулар: ғылыми әдебиеттер мен баспасөз беттерінен баяндама әзірлеу (нақты бір сұраққа)

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген

2 апта
Тақырыптар:

4 СОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптың күнтізбелік жоспар жасау №5 СОӨЖ мазмұны: С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы бойынша сабақ жоспары; 6 СОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақты түрлендіріп өткізудегі модульдік технология



- мақсаты: күнтізбелік сабақ жоспарын жасауға үйрету, күнделікті сабақ жоспарларын жасауға дағдыландыру

- өткізу түрі: презинтация

- тапсырмалар, сұрақтар: тест құрау (25)

- әдістемелік нұсқаулар: Бағдарламадағы авторлар әр сыныптың жас ерекшелігіне сәйкес оқулықтан тыс материалдар туралы студенттердің өз бетімен ізденуіне талап теу, ондағы деректер туралы, олардың әдеби маңызы туралы сұрақтар дайындап келу

- пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілнен
3 апта

Тақырыптар:

7 СОӨЖ мазмұны: Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылықтары №8 СОӨЖ мазмұны: Абай өлеңдеріндегі сезім, ой даналық тұтастығы №9 СОӨЖ мазмұны: Қазіргі ақындар шығармашылығы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.

- мақсаты:

- өткізу түрі : әдеби пікірді қорғау сабағы

- тапсырмалар, сұрақтар:1. Салыстырмалы талдау сабағы (әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылықтарын талдау) 2. Әр сыныптағы Абай өлеңдерінің ішінен жаттауға ұсынылған өлеңдерді нақышына келтіріп жаттау. 3. Әдеби талдау сабағы: оқырмандар конференциясының жоспарын презинтациялау.

- әдістемелік нұсқаулар: қазақ тілі мен әдебиеті журналдарынан дайын сабақ үлгілерімен танысу, кесте-таблица жасақтау, слайдтар жасау.

- пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген.

4 апта

Тақырыптар: №10 СОӨЖ мазмұны: Жоғары сынып (10-11) оқулықтарындағы берілген туынды №11 СОӨЖ мазмұны: Тұрмыс салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарға және наурызға байланысты жырлар. (5 сынып, 5 сағат) №12 СОЖӨЗ мазмұны: Ертегілер: «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік», «Аяз би», «Сырттандар». (15 сағат, 5 сынып).

мақсаты: Қазақ әдебиеті пәні бойынша мектепте оқытылатын тақырыптарды саралап, студенттерді сабақ жоспарын жоспарлауға төселдіру

өткізу түрі: ғылыми танымдық пікірді қорғау сабағы

тапсырмалар, сұрақтар: Жоғарыда аталған тақырыптарға қатысты сабақ жоспарларын жасақтау, тест тапсырмалары құру

- әдістемелік нұсқаулар: қазақ тілі мен әдебиеті журналдарынан дайын сабақ үлгілерімен танысу, кесте-таблица жасақтау, слайдтар жасау.

- пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
5 апта

Тақырыптар:

13 СОӨЖ мазмұны: Әдеби ертегілер. Ә.Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз) (2 сағат, 5-сынып)

14 СОӨЖ мазмұны: Пән аралық байланыс

15 СОӨЖ мазмұны: М.Жұмабаев. «Балалық шақ», «Қысқа жолда», «Сағындым» (2 сағат, 5 - сынып)



мақсаты: Қазақ әдебиеті пәні бойынша мектепте оқытылатын тақырыптарды саралап, студенттерді сабақ жоспарын жоспарлауға төселдіру

өткізу түрі: әдеби айтысқа негізделген пікір қорғау сабағы

тапсырмалар: Жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша сабақ жоспарын слайт арқылы құру. Поэтикалық көркемдегіш құралдарды жинақтау.

әдістемелік нұсқаулар: ғылыми зерттеу еңбекетрден дәйекті мысалдар теріп, жинақтау, қорғауға жүйелеу

пайдаланатын әдебиет: пайдаланылған әдебиеттер
6 апта

Тақырыптар:

16 СОӨЖ мазмұны: Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықты ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастырудың жолдары.

17 ОЖСӨЖ мазмұны: Қосымша әдебиеттер мен ғылыми сын зерттеу еңбектерімен жұмыс.

18 ОЖСӨЖ мазмұны: Пубилицистикалық шығарманы талдау мен бағалаудың әдіс-тәсілдер;



мақсаты: қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту, қызығушылықты ояту, эстетикалық талғам туралы студенттердің біліктілігін арттыру, әдебиет сабақтарында қосымша ғылыми еңбектермен жұмыс істеу.

өткізу түрі: кіші академия сабағы (рефйерат қорғау)

тапсырмалар: әдістемелік еңбектерден аталған тақырыптар бойынша проблемалық сұрақтар дайындап келу, реферат қорғаушылармен пікір алмасу, тест дайындау.

әдістемелік нұсқаулар: зерттеу әдісі. Фактілер мен құбылыстарды салыстыра пайдалану, болжау жасау, тұжырымдау

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
7 апта

Тақырыптар:

19 ОЖСӨЖ мазмұны: Жазу жұмыстарының түрлері, сипаты.

20 ОЖСӨЖ мазмұны: Әдеби-теориялық ұғымдар жүйесі.

21 ОЖСӨЖ мазмұны: Сабаққа қойылатын талаптар.



- мақсаты: ғылыми теориялық білімдерін практикамен ұштастыру

- өткізу түрі: практикалық талдау сабағы, жаттығу жұмыстары

- тапсырмалар: әдебиет сабағы бойынша шығарма, мазмұндама, сөздік жұмыс, эссе т.б үлгілерін жинақтау, белгілі бір сынып бойынша өз беттерімен жазба жұмыстарын жаздыру.

- әдістемелік нұсқаулар:. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру.

- пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілен
8 апта

Тақырыптар:

22 СОӨЖ мазмұны: Айтыс сабақтары, шешендікке тәрбиелеудің жолдары;

23 СОӨЖ мазмұны: Әдеби монтаж, инсценировка құрастыру;

24 СОӨЖ мазмұны: Зерттеу іздендіруге байланысты тапсырма түрлері



мақсаты: ғылыми теориялық білімдерін практикамен ұштастыру

өткізу түрі: практикалық талдау сабағы

тапсырмалар: Әдебиеттен дәстүрден тыс сабақтардың үлгілерін құруға, әдеби материалды тереңірек меңгертуге үйрету.

әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Тест жинақтарымен жұмыс.

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
9 апта

Тақырыптар:
25 СОӨЖ мазмұны: Поэзиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық және әдістемелік принциптері;

26 СОӨЖ мазмұны: Жазба жұмыстарының түрлері

27 СОӨЖ мазмұны: Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын тану (поэтикалық талдау);

мақсаты: ғылыми теориялық білімдерін практикамен ұштастыру

өткізу түрі: практикалық талдау сабағы

тапсырмалар: қазақ әдебиеті оқулықтарындағы, дидактикалық материалдардағы пайдалана отырып, практикалық тапсырмаларды орпындау.

әдістемелік нұсқаулар: туындыны алдын-ала оқу, жазушы туралы жазылған мақалаларды, сын, зерттеу еңбектерді оқу. Қажетті мағлұматтарды жазу. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру.

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда берілген
10 апта

Тақырыптар:

28 СОӨЖ мазмұны: Әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы; білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру;

29 СОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебитін оқыту әдістемесінің оқу-әдістемелік кешенін дайындау;

30 СОӨЖ мазмұны: Абай аудармалары



мақсаты: ақындық шеберлік пен стильдік ерекшелік байланысын түсіндіріп, ғылыми теориялық тұрғыдан талдауға бейімдеу

өткізу түрі: практикалық талдау сабағы

тапсырмалар: 1. білім берудегі ынтымақтастық педагогикасын әдебиет пәнінде жүзеге асыру 2. Абай аудармаларын мектепте оқыту

- әдістемелік нұсқаулар: Қажетті мағлұматтарды жинау. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.

- пайдаланатын әдебиет: жоғарыда берілген
11апта

Тақырыптар:

31 СОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетінің оқытылу тарихы

32 СОӨЖ мазмұны: Орыс әдіскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері

33 СОӨЖ мазмұны: Ү-ҮІІ сыныптардағы әдебиет пәні материалдары



мақсаты: ғылыми теориялық білімдерін практикамен ұштастыру

өткізу түрі: практикалық талдау сабағы

тапсырмалар: мектеп оқулықтарындағы материалдарға қосымша дидактикалық материалдыра жинақтау.

әдістемелік нұсқаулар: Дидактикалық материалдарды оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жинақтау. Арнайы тапсырылған әдебиеті оқып, тезис, жасау. Берілген сұрақтарға жауап беру. Компьютерлік технологияны пайдалану.

пайдаланатын әдебиет: жоғарыда көрсетілген
12апта

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет