«Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм



бет1/6
Дата23.05.2017
өлшемі1,28 Mb.
#16701
  1   2   3   4   5   6
«Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» КММ
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын аяқтаған

химия және биология пәндерінің мұғалімі Оспанова С.К.

атқарған жұмысы жөнінде

ЕСЕБІ
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ғұлама бабаларымыз айтқандай, біз өткенге құрметпен бас иіп, жарқын болашаққа ұмтылуымыз қажет. Бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.

Кәсіби біліктілігімді жетілдіру үшін Қостанай қаласында Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курсқа қатыстым. Бұл курстың мақсаты ескіден жаңаға яғни оқу жүйесіне жаңалықтар енгізе отырып әлемдік деңгейде ойын еркін айтатын болашақ азаматтарды тәрбиелеу. Курстың бізге бергені жаңаша ойларымен, білім –біліктер. Бұл курс арқылы мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым.   2-айымызда «Мектептегі тәжірибе»кезеңінде өз бойымыздағы оң өзгерістерді, алған білімімізді ұжымымызға, оқушыларымызға, оқыту әдістерімізге ықпалдастыруымыз қажет болды. Ұстаз ретінде өзіме келесідей сауалдарды қоямын: Ақпараттандыру ғасырында болашақтың адамына қалай білім беремін? Бүгінгі оқушының келешекте бәсекеге қабілетті бола алатындай мектепте алған білімін қолдана алуы үшін нені үйрету керек? Оқушылардың үлгерімі мен білімділік сапасын көтеруде не істеуім қажет? Мен мектепке келгеннен кейін мектеп басшыларымен кездестім. Алдымен мектеп директоры Е.А. курстың мән- жайын айтып, мұғалімдермен кеңесіп семинар өткізгім келетінін айттым. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде оқып, танысқан Кембридж университетінің оқыту бағдарламасының  әдіс-тәсілдері туралы,  тізбектелген сабақтар топтамасы жайында, алда өткізер жоспарыммен таныстырып, бағдарлама, тапсырмалар туралы мағлұмат беріп өттім. 

Қазіргі менің мектебім қай деңгейде?Осы сұраққа жауап беруде төңірегінде зерттеу жұмысымның алғашқы қадамыдын мектеп туралы деректер жинаудан бастадым. Өзіме қажетті мәліметтер мен дәлелдемелерді бетпе-бет сұхбаттасу, сауалнама алу, интервью, фотоға түсіру, бейне таспаға түсіру, ресми және бейресми кездесу, қадағалау әдістері арқылы алдым. Мектептің объективті жағдайларын анықтау мақсатында мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен бастапқы сауалнама жүргіздім.

Саулнамаларды сараптау нәтижесінде төмендегідей мәселелер анықталды:


  1. Мұғалімдер жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс жұмыстарын жүргізбейді.

  2. Сыныптағы, мектептегі қалыптасқан психологиялық жағдайды жақсарту үшін іс-шаралар ұйымдастыру қажет.

  3. Мектептің мұғалімдері оқу кезінде ойлау қабілеттерін жандандыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі қолданылмайды.

  4. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдер бірлескен оқуға, өз бетімен «жаңалық» ашатын әдіс-тәсілдерді қолданбайды.

  5. Мұғалімдер мен оқушы қарым –қатынастары оқу сапасына ықпалды болатынын ескеру қажет.

  6. Мектептегі мұғалімнің көшбасшы ретінде рөлі өзгеруі керек.

Жоғарыда аталған әлсіз тұстарымызды әкімшілік және шығармашылық топтың қатысуымен өткізілген кеңесте талқыланды. Анықталған өзекті мәселеміз «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра аламыз ба?» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу ұйғарылды.

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынталандыру, бірін-бірі оқыту, бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілеттерін дамытуды дағдыландыруым керек деген мақсатымды іске асыру үшін тәжірибемді бастадым.

Оқытудың амал-тәсілдері туралы білім мен бірлескен тәжірибенің негізінде мектепте кәсіби қоғамдастық құрдым. Қоғамдастыққа кірген мұғалімдер: география, физика, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері. Аталған мұғалімдер ішінен Уристимбаева Лиана Маратовна тәлімалушы болып алынды. Тәлім алушыма ең қажетті нәрсе жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену, оларды орнымен қолдану, ізденгіш, өзара сенімділік, сыйластықтықтың орын табуы. Ой-тұжырымым: қазіргі заман тәлімгері – заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған тәлім алушы жанының бағбаны, тәлімгер мұғалім – тәлім алушыны қалыптастырушы, кәсіби дамуына бағыт беруші басты тұлға

Мақсаттқа жетуді және күтілетін нәтижелерді коучинг және тәлімгерлік арқылы жетемін деп жоспарладым. Бірінші коучинг сабағының негізгі мақсаты – І деңгей мұғалімінің алған білімі мен тәжірибесін мектеп мұғалімдеріне көрсетіп, таныстыру. Осы коучингте өзім Кембридж тәсілдеріне негізделген І деңгей бағдарламаның мазмұны және оны іске асыру жолдары туралы баяндама жасап, курстың мазмұнына тоқталып өттім.. Содан кейін “Оқытудағы жаңа тәсіл – ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс” тақырыбында мұғалімдермен келесі коучинг сабақ өткізілді. Коучинг сабақ барысында мұғалімдер оқушының рөлінде болып, әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындады, жаңа терминдермен танысып, өздерінің қабілеттерін байқады. Коучинг сабақ оқушыны бірлесе іс-әрекет жасауға, уақытты үнемдеуге, ережеге бағынуға, бір-бірінің пікірін тыңдап санасуға, ұйымшылдыққа баулыды.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болды. Коуч ретінде бірінші менің өзіме деген сенімділігім күшті және үнемі ізденісте болып, әріптестерімнің қажеттіліктеріне тиісті тәжірибені беру үшін дайын болуым керек екенін міндетіме алдым.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында үшінші коучинг сабағын тәлім алушы өткізді. Коучинг сабағы бағалаудың түрлерін, мақсатын және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға болатынын зерделеу мақсатында өтілді.

Бұл коучингке төмендегідей табыстылық критерийлер жасалынды: мұғалімдер оқыту үшін бағалау үдерісінің мәнін түсінеді және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін меңгереді.

Бұл тақырыпты алу себебім - коучингке қатысушы мұғалімдер 7 модуль ішінде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модуліне аса қызығушылық танытты. Оқыту үшін бағалау біздің балалар үшін тиімді, мұғалімдерді толғандыратын көптеген мәселелерді осы бағалау арқылы шешуге болады. 3-коучинг сабағына 6 мұғалім қатысты. Осы коучинг сабағына дейін мұғалімдер оқушылардың білімдерін жиынтық бағалаумен бағалап келген. Мұғалімдер кездесетін ұқсас мәселелер туралы айтып өтті: оқушыларды бағалау кезінде жиі сәтсіздікке ұшыраймын; мұғалімнің бағалауына оқушылардың көңілі толмайды; оқушылардың білімі әділ бағаланбайды, себебі барлығын бақылап үлгермеймін; Топтық жұмыс кезеңінде орта деңгейлі оқушылар үздік оқушылардың арқасында жақсы баға алып кетеді, бағалау әділ болмай қалады; бағалау кезеңінде оқушылар арасында дау туындап жатады; кейбір оқушылар сабақтың бір-ақ кезеңінде өте жақсы қатысып жақсы баға алғысы келеді. Мәселелер анықталғаннан кейін оқыту үшін бағалауға дайындаған презентацияма тоқталып мұғалімдерге түсініктеме беріп кеттім (бағдаршам, бас бармақ арқылы бағалау, смайлик арқылы бағалау, бағалау крийтерилері, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, өзара топты бағалау парақтары). Оқыту үшін бағалауға түсініктеме беріп болғаннан кейін өздерін оқушы орнына қойып «көбелек» әдісін пайдаландым. Мұғалімдер суреттерің өзара бағалағаннан кейін бағалау критерийлерін таратып бердім. Бағалау критерийлері арқылы өздерінің және бірін-бірінің суреттерін бағалады. Бағалары мұғалімдердің көбінде өзгерді. Мұғалімдерге бұл әдістер қатты ұнады. Мұғалімдер өздерінде кездескен мәселелерді біріге отырып шешу үшін постермен жұмыс жасады. Топтан екі мұғалім шығып сабақ барысында қиындық туғызатын мәселелерді атап, одан шығу жолдарын көрсететін тәсілдерді айтып қорғап шықты.

Келесі коучингтің тақырыбы «Оқу үдерісіне сын тұрғысынан ойлаудың элементтерін енгізу. Орта мерзімді жоспарлау» болды. Бұл коучингке төмендегідей табыстылық критерийлер жасалынды: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудің жолдарын біледі. Қысқа, орта ұзақ мерзімді жоспарлаудың қажеттілігін түсінеді. Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбы бойынша орта мерзімді жоспарлауды жасайды. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі туралы тәжірибеге негізделген деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылымды көздейді. Мұғалімдерге алдын ала тапсырма берілген болатын күнтізбелік тақырыптық жоспарларын әкелу, сонымен қатар мұғалімдерге арналған нұсқаулық бойынша материалдарымен танысу. Коучинг барысында бірлесіп орта мерзімді жоспар құрастырдық.

«Неге қол жеткіздік және ары қарай не істейміз?» тақырыбында коучинг өткіздік. Менің коучинг сабағына қатысқан мұғалімдерім топқа бөлуді, топпен жұмыс жасатуды, міндетті түрде сергіту сәтін жасатуды, өзі аз сөйлеуді, формативті бағалауды, постер жасауды үйренгендері туралы ой бөлісті. Коучинг сабағымда әріптестерім білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер негізіндегі оқушылардың білім сапасының өсуіне ықпал ететіндей тәжірибелік көмек алғандарына сабақ соңында өз пікірлерін білдірді.

Өзгеріс бастауға мектеп әкімшілігімен бірігіп шешім қабылданды. Алған тақырыбым бойынша жетістікке жетіп, сол арқылы мектепке кішкене болса да өзгеріс енгізу үшін өз ісімді жоспарлы түрде жүйелі жүргізуім қажет.

Оқытудың амал-тәсілдері туралы білім мен бірлескен тәжірибенің негізінде мектепте кәсіби қоғамдастық құруды жоспарладым. Қоғамдастыққа кірген мұғалімдер: география, физика, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері. Аталған мұғалімдер ішінен Уристимбаева Лиана Маратовна тәлімалушы болуға ықласын білдірді. Мектептен тыс жерде білім бөліміндегі әдіскер Г.С. және жақын мектептегі үшінші деңгей бағдарламасын меңгерген әріптестеріме сүйене аламын деп ұйғардым. Олармен коучинг сессияларында, тәлімгерлік жұмыс барысында және сабақтарда кездесіп отырамын. Мен өзгерістер енгізу барысында курсыдан өткен әріптестерімді жәрдемдесуге тарттым. Желі, телефон арқылы олардан кеңес алып, тәжірибе алмасуды ойластырдым.

Сондықтан маған қолдау көрсеткен, менің жұмысыма қызыққан ұстаздардан құрылған топпен ақылдаса отырып мектептің 6 аптаға арналған даму жоспарын жасадық. (1-қосымша). Мектептің даму жоспары мектептің бастапқы жағдайын ескере отырып, алдағы жұмысты жетілдіруге бағытталған басымдықтар мен міндеттерді анықтайды. Сондықтан құрылған даму жоспарына басымдықтар мен міндеттері: мектепте оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі ретінде мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту жұмысын арттыру және оқушылардың оқу сапасын көтеру үшін оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға үйрету, деп белгіленді. Мектеп негізінде қоғамдастыққа кірген мұғалімдердің қалауымен 2, 3, 8, 9, 11 сыныптарда сабақтар беретін командалық топ құрылды. Осы сыныптарда тізбектелген сабақтардың топтамаларын құрастыру қажет деп шештік. Екіншіден, мектеп мұғалімдерін біріктірген желілік қоғамдастық құру қажеттілігі туралы келісілді. Себебі бір-біріне жылдам кеңес, көмек, мәліметтер керек болса, немесе жалпылай пікіралмасу қажеттігі туындаса, желі арқылы бұл қолжетімді әрекет болады.


Мектептегі тәжірибе жүргізуде “Оқытудағы жаңа тәсіл – ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс” зерттеу тақырыбына тоқталдым. Алдыма қойған мақсатым оқу үрдісіне топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, көзқарастарын өзгерту, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру. Төмендегідей табыс критерийлер жасалынды:

  • Мұғалімдер әр сабақта жаңаша тұрғыдан жасауға талпыныс жасайды, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді.

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  • Мұғалімдер оқушылардың білімдерін жаңаша бағалау әдістерін меңгереді.

  • Оқушылар өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады.

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.

  • Оқу сапасы жоғарылайды.

  • Сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынталандыру, бірін-бірі оқыту, бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілеттерін дамытуды дағдыландыруым керек деген мақсатымды іске асыру үшін тәжірибемді бастадым.

Мектеп негізінде қоғамдастыққа кірген мұғалімдердің қалауымен 2, 3, 8, 9, 11 сыныптарда сабақтар беретін командалық топ құрылды. Осы сыныптарда тізбектелген сабақтар топтамаларын құрастырылды.

Әріптестерім коучинг сабағынан кейін өз сабақтарында топтық жұмысты пайдаланып көрді. Топқа бөлу әдістерін ұтымды пайдалана алды. Өз сабақтарында оңтайлы психологиялық атмосферасын қалыптастыруға тырысты. Оқушылармен жұмыс істегенде ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс түрін ала отырып, оқушылардың әрекет-тәсілдеріне үйренгенін байқадым.



15-18 қыркүйек аралығында 3 сыныпта тәжірибе ретінде математика пәні бойынша жаңа әдістерін қолдана отырып сабақтар жүргізілді. Мұғалім Кумарова Б.Р. сабақ жүргізер алдында орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастырды. Пән бойынша «2-сыныпта өткенді қайталау» тарауында жұмыс жүргізілді. Жоспар құру барысында жеті модульді көрінді. Топтық жұмыс – тиімді жұмысты ұйымдастырудың, білім алушылардың белсенділігін арттырудың тиімді әдіс-тәсілі екендігіне сынып ұжымымен бірлесе отырып, көз жеткіздік. Алғашқы сабақ барысынан балалар өз шығармашылықтарын көрсете білді. Сабақ барысында оқушылардың барлығы да қызу түрде сабақтың кезеңдеріне ат салысты. Белсенділігі мен қабілеті төмен оқушылар теңбе-тең жұмыс барысын ұйымдастыра білді. Әр оқушы өз ойын жетік айтып, білімдерін ортаға сала білді. Өздерінің бірін-бірі тыңдап, пікірлерін айтып, бір-бірінің білімдерін толықтырып, топтық жұмыста бір ұжым екендіктерін көрсетті. Қолданылған технологиялар: сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сабақ барысында «Ыстық орындық», «Шляпа», «Кубизм», «Инсерт» әдістері қолданылып, постер арқылы сабақ қорытындыланып отырылды. Мысалы, "Есеп не үшін қажет?" сауалы бойынша әр топ кластер құрып, өз ойларын ортаға салды. Ең тиімді де әділ тәсіл ол бағалау әдістері. Сабақ алдында «бағалау критерийлері» қойылып, сол критерийлерге байланысты білім алушылардың өзін-өздері және бірін-бірі бағалаулары әділ түрде жүзеге асырылды. Ал сабақты немесе бір жұмысын қорытындылау мақсатында «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілі бойынша басқаның да жұмысына сыни тұрғыдан қарауға жаттықтырады. «Кері байланыс» тәсілі баланың сабаққа деген көз қарасы мен ойын білуге, сабақ барысында қолданылған тәсіл балаға қызықты болғанын білуге көмектеседі.

Білім алушылардың ойынша топтық жұмыста балалар өздерін еркін сезініп, ойларын ортаға салуда еш қобалжу болмайтындығын және білімдерін тиянақтауға зор әсерін тигізетіндігін айтты. Ал ата-аналардың ойынша бұл әдісті қолдану барысында балалар тақырып бойынша білімдерін жетік айтып, өз қателерімен ата-аналарын таныстырып, сабаққа деген белсенділіктерінің артқанын айтқан. Сонымен, топтық жұмыстың оқушы бойындағы дарындылығы мен ұжымда өзін-өзі ұстау, көмекке келу, білімдерін қолдана білу, білімін толықтыруға көмектесері анық.


Каталог: user-files
user-files -> С. И. Пискун Мектеп директоры м а. Ә. Е. Тасболатова “» 2014ж “» 2014ж «Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»
user-files -> Оспанова сауле кусмановна
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы
user-files -> Сабақ Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. қалап қана қойған аз, оны жасау қажет
user-files -> Шебер сынып жоспары Тақырыбы
user-files -> «Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі» кмм
user-files -> Жұмыс тақырыбы: Өз өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктер жайлы білгім келді
user-files -> Пәнаралық байланыс
user-files -> "Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет