Ғылыми жетекшісі; Есіркепов Ж. М. П.ғ. к., доцент



Дата24.04.2017
өлшемі65,06 Kb.
#14729
    Бұл бет үшін навигация:
  • Summary .
ШАҒЫН АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақұлбек Н.Б. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Дене шынықтыру және БӘД» мамандығының 3 курс студенті, Қызылорда қаласы

Ғылыми жетекшісі; Есіркепов Ж.М. П.ғ.к., доцент
Аннотация. В этой статье рассматриваются особенности развития физических качеств учеников национальными играми в сельских малокомплектных школах. А также рекомендуются игры развивающие физические качества учеников.

Summary. This article discusses the features of the physical qualities of students national games in small rural schools. Also recommended the game to develop physical qualities of students.
Шағын ауыл мектептерінде дене тәрбиесін жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бір мезгілде 2-3 сыныптарға дене тәрбиесі сабағын өткізуді ұйымдастыру күрделі де қиын жұмыс. Әсіресе, шағын кешенді бастауыш мектептерде дене тәрбиесі мұғалімі ұлттық ойындарды сабақ барысында қолдануда үлкен қиындықтарға кездеседі. Себебі, оқушылардың дене даярлығы, қимыл-қозғалыстарды меңгеру дәрежелері біркелкі еместігімен қатар ойынға қызығулары мен білім деңгейлері әр түрлі болып келеді. Сонымен қатар, көпшілік жерлерде және осындай түрдегі ауылдық мектептерде сыныптағы оқушылар санының аздығына байланысты дене жаттығулары мен ойындарды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның барлығы ойын материалдарының білікті сұрыпталуын, бастауыш сынып оқушыларының ойын барысындағы қимыл-қозғалыстарының үнемі бақылауын қажет етеді.

Көптеген ауылдық мектептерде дене тәрбиесі сабағын арнайы мамандығы жоқ мұғалімдер жүргізетіндіктен, оқушылар жеткілікті білім мен қимыл дағдыларды қажетінше меңгере алмайды. Осыған байланысты біз мұғалімнің арнайы дайындығын, оқушылардың дене жетілу, дене даярлық және дамуы деңгейлерін тексердік.

Зерттеу жұмысы Қызылорда облысының Шиелі және Жаңақорған аудандарының шағын кешенді ауыл мектептерінде жүргізілді. Үш мектептің бастауыш сынып оқушыларын бақылау тобы, ал басқа үш мектептің оқушыларын эксперимент тобы деп алдық. Оқушылардың жас мөлшері 7-10 жас. Эксперимент 8 айға созылды. Зерттеу жұмысы келесі әдістерге сүйене отырып жүргізілді: ғылыми-әдістемелік тұрғыдан оқулықтарды талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама жүргізу, математикалық және логикалық талдау, тұжырымдау әдістері қолданылды. Барлық сабақтар мектеп алаңында ашық ауада өткізілді.

Тәжірибеде климат жағдайы ескерілді. Жаттығулар оқушылар ағзасының функционалдық қызметіне жақсы ықпал етуіне жағдай жасалды. Ұсынылған қозғалыс түрлерінде жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің реакциясы тексерілді. Тамыр соғу жиілігінің бастапқы деректері таныштық кезде екі топта да елеулі өзгеріс байқалмады. Бірақ, оқу жылының соңында экспериментті сыныптарда сынама деректері бойынша тамыр соғу жиілігінің ұлғайғаны және неғұрлым тез қалпына келетіні нақтыланды.

Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуы деңгейі 1-ші және 4-ші тоқсанда келесі көрсеткіштермен анықталды: дене ұзындығы, салмақ, өкпенің тіршілік сиымдылығы және аяқ-қол динамометриясы. Нәтижесінде барлық көрсеткіштер бойынша экспериментті сынып оқушыларының дене даму деңгейі бақылау сыныптарына қарағанда едәуір жоғары екенін көрсетті.

Оқу жылы көлемінде бастауыш сынып оқушыларының дене дайындығы мен дене қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ұлттық ойындарды пайдаландық. Ұлттық ойындарды дене қабілеттеріне байланысты саралаудан өткіздік. Екі топта да оқушылардың дене дайындық көрсеткіштері барлық тоқсанда белгілі тесттер бойынша талданды. Біздің мұндай саралау экспериментті сыныптардың дене даярлық көрсеткіштері бақылау сыныптарынан жоғары болғанын байқатты.

Біз оқушылардың дене қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Қара бөрік», «Қасқұлақ», «Айгөлек», «Теңге алу», «Ақ серек-көк серек», «Жігіт қуу», «Жалау ату», «Мүше алып қашу», «Ептілер», «Допты түсірмек», «Қасқыр мен ешкі», «Соқыр теке», «Ала күшік», « Төпетей тастамақ», «Аларман», «Белбеу ойыны», «Лақтыр ұста», «Арқадағы таяқ», «Көпір мен мысық», «Қоян», «Тоқта», «Қораздар соғысы», «Қындық-сандық», «Тартыс», «Шамаң келсе тартып ал», «Кісі көтеру», «Секіріп ойнау», «Бәлләй», «Ортаға түспек», «Жүрелей секіру», «Бөрік телпек», «Тырау, тырау тырналар», «Тау менікі», «Жаяу көкпар», «Атшылар жарысы», «Көген тартыс», «Төрт аяқтап жарысу», «Сыйқырлы таяқ», «Жаяу аударыспақ», «Шаршыдағы күрес», «Жырадығы қасқыр», «Сызықтан секір», «Айгөлек», «Арқан тарту», «Атқаума», «Бекем тұр», «Қандық-сандық», «Күн мен түн», «Қармаққа түсіру», «Шертпек», «Мәлкі тотай», «Қап киіп жарысу», «Бойға доп дарытпа», «Көген тартыс», «Бүркіт», «Шымбике», «Қанкөбелек», «Дәл басу», «Қызмай доп», «Бұғынай», «Қосқұлақ», «Кетті, кетті орамал», «Тапқыш», «Қолтұзақ», «Аударыспақ», «Итеріспек», «Аңшылар», «Сақина салмақ», «Кім ұрды», «Орныңды тап», Қазан мен доп», «Үкі», «Шортан мен шабақтар», «Ептілік», «Қу түлкі», «Қуғыншыдан құтқару», «Қозы, бота, құлын», «Байқап қал», «Тымақ ұру», «Қарт-құрт», «Кім шебер», «Жүгім жетпес мәреге», «Қамалды қорғау», «Аңшылар мен қояндар», «Кірпіше қарғу», «Тепе-теңдік», «Сап түзеген батырлар», «Түйе мен бота», «Алтын балық», «Жаңылма», «Дәл басу», «Қарагие», «Тауқырайдан», «Қол байлау», «Әуе таяқ», «Қарақұлақ», «Дүмпілдек», «Қырықаяқтар», «Қуып жет», «Үйшіксіз қоян», «Қуғыншы», «Ала күшік», «Кім бірінші», «Бұрыш», «Асау мәстек», «Ақсақ торғай», «Түйілген орамал», «Шақыру», «Таяқ талас», «Қуып жет», «Қуаласпақ», «Екі аяз», «Қуғыншылар», «Жігіт ойыны», «Арынды арқан», «Күзетші мен барлаушы», [1,2,3,4,5] және т.б. ұлттық ойындарды қолдандық. Көрсеткіш барлық сыныпта бастапқы деңгейден көп жоғарылады. Оқу жылының аяғында экспериментті сынып оқушылары «Дене тәрбиесі» пәні бойынша бағдарлама материалдарын бақылау сыныптарына қарағанда толық меңгеріп шықты.

Сонымен, бастауыш сыныптарда дене тәрбиесінің сабақ жоспарын дұрыс құрып, ұлттық ойындарды сабақ барысында тиімді пайдаланса және сабақты арнайы білімі бар маман жүргізсе оқу бағдарламасындағы материалдар толық меңгеріліп, оқушылардың денесі дұрыс дамып, жетілетіндігі айқындалды.

Дене тәрбиесі сабағында ойындар неғұрлым көп өтілген сайын бұлшық ет топтарының да оған қатысу мүмкіндігі мол болатындағы белгілі. Ал, ойынның көп болуы дене қабілеттері ғана емес, дененің жалпы дайындық деңгейлерін де дамыта түседі. Демек, оқушылардың дене бітімінің, тұлғасының дұрыс қалыптасуы ұлттық ойындардың тәрбиелік құрылымына да көп қатысты. Жалпы бастауыш сынып оқушылары 4 жыл мерзімінде 70-80-ге жуық ойын түрлерін меңгеруі тиіс. Міне, осы ойындарды толық меңгергенде ғана оқушылардың дене қабілеттері мен денесінің жалпы дамып-жетілуі ғана емес, сонымен қатар ерік-жігер қасиеттерімен бірге батылдыққа, тапқырлыққа, тез бағдарлауға, алғыр, зерек және сергек болуына көп септігін тигізетініне көз жеткіздік.
Әдебиеттер:


  1. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқулық. - Алматы, «Рауан», 1991.

  2. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары /Оқу құралы. - Алматы, «Қайнар», 1994.

  3. Құлназаров А., Тайжанов С. Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі / Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2004.

  4. Тайжанов С., Қасымбекова С.І. Қазақтың ұлттық ойындары / Оқу құралы. - Алматы, 2004.

5. Байзакова Н.О. Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі / Оқу әдістемстелік құралы. – 2009.

Тіркеу



11

Ф.И.О. (полностью) автора (ов)

Мақұлбек Нұрғазы Біржанұлы

22

Ученая степень, ученое звание. Для учащихся - класс, курс, специальность

«Дене шынықтыру және спорт» 3 курс

33

Сведения о научном руководителе: ФИО, должность, организация

Есіркепов Жандос Мергенбайұлы, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі

44

Наименование учебного заведения (полное название места учёбы или работы)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

55

Контактный телефон, факс, электронный адрес

87751252928, 87773656334. Zhandos-1978@mail.ru

66

Название секции, где будет напечатана статья

№7 секция. История Казахстана и Педагогика

77

Название доклада (не заглавными буквами – обычным шрифтом)

Шағын ауыл мектептерінде ұлттық ойындар арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту ерекшеліктері

88

Необходимое техническое оборудование (для презентации Доклада)

-

99

Форма участия

Статья жариялау (публикация статьи)

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет