Ғылыми жоба Тақырыбы: Бөдене өсіру шаруашылығын дамыту жолдары Орындаған



Дата31.01.2018
өлшемі79,54 Kb.
#37028
Ғылыми жоба

Тақырыбы:

Бөдене өсіру шаруашылығын дамыту жолдары
Орындаған:

№52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы



Жақыпбек .Нұржан
Пәндік жетекшісі : Жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Т. Жұпарбаев

Ғылыми жетекшісі: Қосанов Самалбек Оразбайұлы

ҚМУ –нің география ғылымдарының кандидаты

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы



І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

А)Бөдене құсына сипаттама

Б) Бөдене жұмыртқасының пайдасы

В)Бөдене туралы ел жұрттың пікірі

Г)Дамушы елдердегі бөдене шаруашылығының даму саласы

ІІІ.Ұсыныс

Қорытынды:

Кіріспе:

Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.

Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады,

мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары , далалық ергежейлі бөдене,Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

А)Бөдене құсына сипаттама

Бөдене (лат. Coturnix coturnix) — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады. Біздін, бөдене Индияда, Африкада, ал бір азғанасы оңтүстік Европада және Закавказьеде қыстап шығады. Олар көбінесе ашық жерде, далада, тоғайлықта мекендейді. 12—15 кейде 20-ға дейін жұмыртка туады. Жұмыртқасынан шамамен 21 күннен кейін балапан шығады. Олар түрлі ұсақ омыртқасыздармен, өсімдіктермен, олардың жемістерімен және дәндерімен қоректенеді. Күзге қарай өте қатты семіреді, Қырым, Кавказ жерлеріне қайта ұшқан уақытта оларды көп аулап ұстайды.

Балапандар инкубатордан 17 күнде шығады екен және ширақ болады. Бірден жем-су беруге болады. Бөдене жылына 300 жұмыртқа туады. Қызық дерек: Бөдене — құс тұмауы, сальмонеллез ауруына ұшырамайды.

Б) Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диетикалық өнім. Әрдайым 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз: бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды; қан қысымы төмендейді; жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі; ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады.Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені

артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бөдене жұмыртқасынан дайындалған тағамды тұтынатын адамдарда радиациялық аурулар жеңіл түрде болатыны дәлелденген.Бөдене жұмыртқаларының емдік қасиеттері ертеден белгілі. Оларды демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, рахит, қаназдық, сәуле ауруларын емдеуде қолданады.Бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында таптырмайды және адам бетінің түсін жақсартады.

Шетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әртүрлі маскалар мен кремдер шығарылады. Бөденелердің басты артықшылығы – олардың кішігірім шұбар ала (түрлі-түсті) жұмыртқалары. Олар витаминдермен амин қышқылдарына өте бай, гипоаллергенді. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану – кезінде Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен.

В)Бөдене туралы ел жұрттың пікірі

Әлия Бекбанова, Қызылорда қаласындағы №2 емхананың дәрігері:

Сыр өңірінде демікпе, туберкулез, жүрек, өкпе, қаназдық, асқазанның зат алмасуының бұзылуы аурулары жиі кездеседі. Ал бөдене жұмыртқасының мұндай аурулармен ауырғандарға тигізер пайдасы мол.

Сапар Таңатаров, тарихшы:

– Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалар мен ақсүйектердің жеңсік асы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор. Жапондар екінші дүниежүзілік соғыста атом бомбасы жарылған қала тұрғындарына бөдене жұмыртқасын берген.

Мұхтар Байбатшанов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, бөдене зерттеушісі:– Бөдене көптеген үй құстары сияқты құнды диеталық ет пен жұмыртқаның қайнар көзі болып табылады.Қазақстанда кең тараған Жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап АҚШ-та лабораториялық жануар ретінде пайдалана бастады және «Аполлон» бағдарламасы бойынша, космостық зерттеу жүргізуге қатыстырылды.Қарап отырсақ, бөдене өсірудің түк қиындығы жоқ көрінеді. Бөдене жұмыртқасынан 37,8 градус жылылықта 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Бұл балапандар 45 күннен кейін әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Бір жұмыртқаның қара базардағы құны 25-30 теңгеден. Айтпақшы, бұдан бөлек етін де іске асырасыз. Бір жылдан кейін жұмыртқалауы сирейтіндіктен, сойып, етін кәдеге жаратқан жөн. Оны да мейрамханалар таңсық ас ретінде пышақ үстінен талап әкететін көрінеді.

Г)Дамушы елдердегі бөдене шаруашылығының даму саласы

Германдар отбасы қазірде 800 бөдене ұстап отыр. Күніне 600 жұмыртқаны 22
теңгеден өткізеді. Яғни, күніне 13200 теңге, айына 396000 теңге табыс табады. Осы сомадан жұмыртқаны тасымалдауға кететін және құстардың азығына жұмсалатын шығынды шегереміз. Германдар өнімді дүкенге қытай сөмкесіне салып, автобуспен апарады. Екі адамның барып қайтуына күніне 200, айына 6000 теңге жұмсалады. 1 бөдене күніне 30 грамм жем жейді, сонда 800-іне күніне 24 кило, айына 720 кг азық қажет. 1 кг жемнің құны - 50 теңге. Сонда 1 айға жұмсалатыны - 36000 теңге. Енді жұмыртқа сатудан түскен 396000 теңгеден жолақыға кеткен 6000 теңге мен жемге деген 36000 теңгені алып тастаймыз. Айтпақшы электр қуаты үшін 5000 теңгені тағы шегерейік. Таза табыс - 349000 теңге! Ауыл тұрғыны үшін бұл көл-көсір табыс. Ал енді сиыр асырадық делік. Қала маңындағы ауыл тұрғыны көп болса үш сиыр асырай алады. Ең сүтті сиыр көп болса 7-8 литр сүт береді. Шамамен 25 литр сүт алдық делік. Қол сүтінің қара базардағы орташа бағасы - 150 теңге. Сонда күніне 3750 теңге, айына 112500 теңге табыс табады екенсіз.

8 литр сүт беретін сиыр күніне кем дегенде бір бау (тюк) шөп, 1-2 кг жем жейді. Оның құны шамамен - 400 теңге. Үш сиырға күніне - 1200, айына - 36000 теңге.

Жол шығынына күніне 100 теңгеден, есептегенде айына - 3000 теңге.

Жоғарыдағы 112500 теңгеден осыларды шегеріп тастасаңыз қалатыны - 73500 теңге.

Ал бөдене өнімі нарығы әзірге бос тұр. Онда тұтынушы іздеп табаныңнан тозбайсың. Өсіруін білсең, сатып алушы самсап тұр. Бір мезетте қотара сатып, ақшаңызды шытырлатып санап аласыз.

Бір өкініштісі бізде осындай табысты бизнес түрі жергілікті билік тарапынан еш демеу көрмей отыр.



Ұсыныс

1.Бөдене асырайтын адамға пайызы аз несие алуға мүмкіндік туса, өндіріс көлемін бірнеше есеге арттырар еді

2.Ауданда бос тұрған ғимараттың бірін жалға алып, бөдене шаруашылығын жандандырар еді

3.. Қосымша бөдене етінен консерві жасайтынцех ашуға мүмкіндік болар еді

4.Бөдене , жұмыртқасынан мойенез өндіретін цех тар ашылар еді. Сонда кем дегенде осы ауылдың 15 тұрғынына жұмыс бере аласыз

5Жұмыртқасын сырттан іздемей өз ауданымыздан табар едік.



Қорытынды:

Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама

емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. Басқасын айтпағанда, адам ағзасының ауру-сырқауға қарсы қабілетін күшейтеді, ағзадағы темір радионуклидтерді шығарады екен.Бөдене асырау өте жақсы, қызықты, денсаулыққа пайдалы іс. қанша ауруға ем.Мысық асырағанша өзімізге пайдалы, халқымызға пайдалы іспен айналыссақ боладығой. тұқымын балдарымызға жегіссек, жапонияда бала бақшалардың бәрінде балаларға беріліп тұрады екен. Ал Қазақстанда бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса қазақстанның болашағы келешек денсаулығы мықты, өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

2.Қазақ энциклопедиясы

3.Сыр бойы газеті

4.7сынып жануартану оқулығы



5.Қазақстанның қызыл кітабы
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет