Ғылыми жобаның тақырыбы: Асқабақтың емдік қасиеті Орындаған: 4 "Б" сынып оқушысы



Дата01.04.2017
өлшемі25,37 Kb.
#13121
  • Орындаған:
  • 4 "Б" сынып оқушысы:
  • Елтай Жанерке
  • Ғылыми жетекшісі:
  • Байжұманова Г
  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
  • "Өнер" факультеті
  • "Бейнелеу өнері" кафедрасының
  • п.ғ.д,. профессоры Қ.Ералин
  • Жоспары:
  • Кіріспе.
  • Асқабақ туралы түсінік
  • II.Негізгі бөлім.
  • Асқабақтың түрлері
  • Асқабақ жемісінің құрамы
  • Асқабақ майы
  • Асқабақтан жасалынатын тағамдар
  • Асқабақ халық емінде
  • Асқабақ еті ем болатын аурулар
  • Асқабақ шырыны ем болатын аурулар
  • Асқабақ тұқымы (дәні) ем болатын аурулар
  • Асқабақ мәйегі ем болатын аурулар
  • III Қорытынды бөлім
  • IV Пайдаланылған әдебиеттер
  • Кіріспе
  • Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар.Мұртша- түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады. Жатыны ұзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0, ал аналық гүлдің формуласы: Т(5)К(5)А0Ж(3). Жемісі - қабақ. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері (қауақ, бәлішқауақ) бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.
  • Асқабақ (cucurbita) – асқабақ тұқымдастарына жататын бір және көп жылдық шөптесін, қолдан өсірілетін өсімдік, усыз, дәмді жеміс. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген. Асқабақ Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады.
  • Бір және көп жылдық өсімдік – асқабақтың қазақ жерінде 13 түрі өсіріліп келеді. Оның 60-80 келілік ірі жемісті мал азығына, мускатты тәтті, хош иісті түрлері тағамда пайдаланылып, дәмді де нәрлі құнарлылығымен қазақтарға да ежелден белгілі болып отыр.
  • Асқабақтың түрлері: Қазақстанда көбінесе асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде «Волгалық сұр-92», «Мозолевтік-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріліп, өнім алынады. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Жалпы, қатты қабықты асқабақтық түріне кәді мен табақша асқабақ та (патиссон) жатады. Оларды жас, тұздалған күйінде тамаққа қолданады.
  • Асқабақтың түрлері
  • Асқабақ жемісінің құрамы
  • 15-18 пайыз құрғақ заттар, 8-10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибафлавин бар. Дәніндегі май мөлшері: 20-40 пайыз. Қазір көптеген асқабақтың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері жақсы кукурбитация затының бар екендігі анықталып отыр. Және де асқабақтың құрамында 90,3 пайыз су, белок, клетчатка, күл де кездеседі. Адам денсаулығына пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше бай. Олар: С, В1, В2, В5, Е, РР және ағзадағы зат алмасу процесін жеделдетін Т, қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері және калий, калций, темір. С дәрумені – 8 мг. Қабығынан тазартылған (кілегей қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатылған түрде) қолданылады, асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин (А провитамині) алынады.
  • Асқабақтың сабағының ұзындығы 2-10 метр, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес, гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті, тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әртүрлі, шырыны жұмсақ, дәмді. Мінеки, асқабақтың негізгі сипаты осындай. Ол – экологиялық таза өнім.
  • Асқабақ майы
  • Асқабақ майы. Ол – денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктегі зат. Асқабақ майы 90 пайызға жуық қанықпаған майларды, 45-60 пайызға дейін линолді қышқылды құрайды. Асқабақ майында омега-3, омега-6 май қышқылдары өте бай.
  • Тұрмыста асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Осы майдың өзіне тән ерекшеліктері: түсі – қошқыл жасыл немесе қою қоңыр, иісі өткір, хош иісті, дәмі тәтті. Яғни, асқабақ майы – биологиялық белсенді зат. Құрамындағы белсенді май қышқылдары: пальмитин, стеарин, олеин, линол қышқылдары, стериндер, фосфолипидтер, каротинойдтар; дәрумендер мен микроэлементтерге де бай. Асқабақ дәнінің майын дәрі ретінде капсула, флакондарда сақтап, пайдаланады. Асқабақ майының құрамында қанықпаған май қышқылдары болғандықтан, ол жануар майының ең жақсы алмастырушысы болып саналады. Өйткені, жануар май қышқылдары қанықпаған, сол себепті эмульсия түзбейді де ағзаға қиын сіңеді. Асқабақ майында қанықпаған майлар бар, ол тағамның сіңіп, жеңілдеп, зат алмасуының тездеуіне жәрдемдеседі. Соның нәтижесінде, ағзадағы асқорыту, зәр шығару мүшелерінің жұмысы күшейеді. Қазір дамыған елдерде асқабақ майы биологиялық белсенді зат – фитопрепарат ретінде қолданылып жүр.
  • Асқабақтан жасалынатын
  • тағамдар (Самса)
  • Самса — бірқатар Азия елдеріне кеңінен таралған мәзір түрі.  Әдетте самса салмасы әртүрлі болып келеді (картоп қосылған, ет, асқабақ, орамжапырақ, т.б,). Бүгінгі самса асқабақпен дайындалады. Самса салмасы әртүрлі болумен қатар, самса қамыры да түрліше болып келеді.  Қатпарлы қамыр — үгілмелі. Мен көбіне қатпарлы қамыр дайындайтынмын. Ол үшін илетентін қамырға сары май міндетті түрде қосылады. Ал бүгінгі самса үшін сәл өзгеріс енгізілді. Қамырд ыжұмыртқа қосылған тұзды суға илеп аламыз да, жұқа етіп жайып ерітілген сары майды (слив. масла) жағып шығамыз. Манты секілді орап, айналдыра жинап, пищевой пленкамен мұқият жауып шығып, тоңазытқышта түнге қалдырамыз, майы жақсылап сіңуі үшін. Ертесіне:
  • Салма құрамы: асқабақ, пияз, фарш (сиыр етінен, тұз, бұрыш. Асқабақты майда етіп турап, пиязды да майдалап, фарш, тұз, бұрышпен жақсылап араластырып аламыз:
  • Қамырды шетінен кесіп алып, майланған тақта үстінде жұқалап жаямыз. Суреттер сөйлесін, рет-ретімен:
  • Қызып тұрған пішінге самсаларды келесі бетімен орналастырып шығамыз, бетіне жұмыртқа жағып шығамыз:
  • 180 градуста, алдымен астынса саламыз, көтерілген соң үстіне салып, пісіріп аламыз:
  • Қамыры да, өзі де керемет самса дайын болады:
  • Ас болсын! 
  • Асқабақ халық
  • емінде
  • Австрия патшасы (1773 жылы) асқабақтың шипалық қасиетіне әбден тәнті болғандықтан, мынандай жарлық шығарған: «Асқабақ денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан, тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде ғана пайдаланылсын». Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де кездеседі. Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы жоғары адамдарға асқабақ шәрбатының (сиропының) шипалы әсер ететіндігі айтылады. Сол ерте заманнан жеткен тағы бір деректер: көру қабілеті нашарлағанда да, қаназдықтан жапа шеккенде де, артық салмақтан арылғысы келгенде де адамдар асқабақтың еміне жүгінген. Және де асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандыруда да өте шипалы.
  • Асқабақты жегенде ұрығын жуып, кептіріп, дәнін алады. Асқабақ – усыз, дәмді жеміс. Дәні, сабағы, еті әйелдердің ағзасындағы емшек сүтін молайтады. Асқабақтың уытты қайтару, қабынуды жазу, ауырғанды басу тәрізді де қасиеттері көп.
  • Бір ғажабы, асқабақты қысқа сақтағанда, ол толықтай пісіп, жетіледі. Сондықтан да оның күзде пісіп үлгірмеген пәлектерін де қалдырмай жинап алу қажет. Халық емшілері асқабақты несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге қолданады. Асқабақтың несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеттерінің бар екендігі, паразиттерді жоятындығы дәстүрлі медицинада да зерттеліп, дәлелденген. Осыған орай дәрігерлер асқабақты жүрек қан-тамыр аурулары, гипертония және зат алмасуда қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде де ұсынады.
  • Асқабақ еті ем
  • болатын аурулар
  • 1. Адам бойына тараған апиын уын қайтару үшін асқабақтың етін жаншып, суын сығып алады. Сосын оны уланған кісіге тиісті мөлшерде ішкізеді. Бұл апиын уын қайтарады.
  • 2. Асқабақты ем-дәмде қолдану адамды арықтатады. Себебі, оның құрамында жасанды талшықтың, судың, жасұнықтың көп мөлшері бар. Ол ағзадағы асқорыту үдерістерінде тездетіп, оны уыттардан тазартады.
  • 3. Отқа немесе ыстық суға күйіп қалғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңу қажет. Ол жараның жазылуына көмектеседі.
  • 4. Өкпеге шығу шыққанында, асқабаққа 250 грамм сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Оған май мен тұз қоспайды. Сонда өкпе шығуы жойылады.
  • 5. Іштегі құртты түсіру үшін шикі асқабақ етінен ерексектерге 500 грамм, балаларға 350 грамм жегізеді. 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, құртты түсіреді. Бұл дәріні 2-3 күн ішу қажет.
  • 6. Ағза жүдесе, адам бойын әлсіздік болса, асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ, май, жаңғақ, бадаммен қосып жесе пайдасы мол.
  • Асқабақ шырыны ем
  • болатын аурулар
  • 1. Орталық жүйке жүйесін тыныштандыру үшін асқабақтың шырынын немесе қайнатпасын балмен араластырып, ұйқы алдында ішеді. Ол ұйқы дәрісіндей әсер етеді.
  • 2. Бүйрек, бауыр ауырғанында, күніне, стақан асқабақ шырынын ішіп тұру керек. Шырынды жаңа дайындалған күйінде ғана ішеді, себебі үйдегі жағдайда оны сапалы күйінде сақтау қиын.
  • 3. Жүкті әйелдердің жүрегі айнығанында асқабақ ішсе, ол оны басады.
  • 4. Бүйрек ауырғанда тәулігіне жарты стақан балғын шырынын ішкен немесе қайнатылғанынан жеген де шипалы.
  • 5. Асқазан, ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе жасап ішеді.
  • Асқабақ тұқымы (дәні) ем
  • болатын аурулар
  • Халық емшілері ежелден-ақ асқабақ дәні арқылы таспа және сазан құрттарды түсіріп, әйелдердің босанғаннан кейінгі аяқ-қолының ісінуінде, көкжөтелде, көтеуде (геморройда) асқабақпен емдеген. Олардың асқабақ дәнін балмен араластырып жегізіп, адамдарды ішек құрттарынан құтқарғаны жөнінде ертедегі медициналық жазбаларда жиі айтылады.
  • 1. Адамның ішегіндегі таспа құртты түсіру үшін 60-120 грамм асқабақ дәнін суға қайнатып, ашқарынға дәнімен қоса ішеді. 2 сағаттан соң 2 грамм таза сорды сумен ішу керек.
  • 2. Сазан құртын түсіру үшін 30-60 грамм асқабақ дәнін талқандап, оны бал немесе шекер (қант) суымен ішеді де 2 сағаттан соң таза сордан 20 грамдай ішіп, ішті өткізеді. Сонда сазан құрты түсіп қалады.
  • 3. Асқабақ дәні (тұқымы) көкжөтелге де шипалы ем. Көкжөтелден жазылу үшін асқабақ тұқымын қыздырған тас кірпіштің үстіне қойып кептіреді, сосын оны талқандайды. Ұнтақты қара шекер суымен күніне бірнеше рет ішсе, көкжөтелден құтылады.
  • 4. Көтеуді (геморроайды) емдеу үшін асқабақ тұқымының 1 келісін суға қайнатып, оны күніне екі рет булап, емді бірнеше күн жалғастырса, аурудан жазылады.
  • 5. Балалардың жұтқыншағы жиі қабынады. Оған себеп көп. Сондайда тиісті мөлшерде асқабақ тұқымын науатқа қосып қайнатады, оны күніне 10-16 грамнан ішіп, емделеді.
  • Асқабақ мәйегі ем
  • болатын аурулар
  • Біз жоғарыда Шығыс медицинасында, оның ішінде қазақ емшілерінің шипасында асқабақтың етін, дәнін, шырынын, қайнатпасын пайдаланудың ежелгі рецептерін ұсындық. Уақыт көші алға қарай жылжыған сайын халық емдері де жаңарып, жетіліп, дами бермейді ме. Кейінгі кезде халық емшілері, асқабақтың емдік қасиетін зерттеушілер асқабақ мәйегімен мынандай ауруларды емдеуге ақыл-кеңестерін айтуда:
  • 1. Теріге қышыма, есекжем шыққанында, денені күйік шалғанында үккіштен өткізілген асқабақ мәйегінен компресс тартылады.
  • 2. Бауырдағы боткина дертінде 3-4 ай қатарынан үзбестен асқабақ мәйегін жейді. Бұл ем бауырдың қызметін жақсартады.
  • 3. Лямблиоз (құрт) дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып тастайды да жылы су құяды. Ол жарты сағат беті жабық ыдыстың ішінде тұруға тиісті. Дайын болған тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақаннан ішеді. Емдік курс 20 күн. Бір айдан соң емді қайта жалғастырған жөн.
  • Қорытынды:
  • Ардақты ағайын! Мінеки, қарапайым асқабақтың мың бір дертке қандай дәру екенін көрдіңіздер ме? Олай болса, Сіздің дастарханыңызда асқабақтан дайындалған да дәмді тағамдар, шипалық шырын, қайнатпалар орын алсын!
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • I том
  • Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  • Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0

Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет