Ғылыми кітапхана: бүгіні мен ертеңі



Дата08.06.2018
өлшемі23,61 Kb.
#41414
Ғылыми кітапхана: бүгіні мен ертеңі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасының тарихы университет тарихымен қатар дамып, 73 жылды артқа тастап биік белестерге ұмтылуда. Тарих беттерінде өз бедерін қалдырған кітапхананың даму сатысына бір сәт тоқталсақ, кітапхана 1948 жылы институттың жертөлесінде орналасып, кітап қоры жан-жақтан, оқытушылар, студенттердің көмегімен жинақталды. Кітап қоры осы жылдың аяғында шамамен 3190 данаға жетті.

1985 жылы институттың бас оқу ғимараты жанынан 2 қабатты, 6 оқу залы бар, 4290 шаршы метрді алып жатқан әсем ғимарат үйі кітапханаға пайдалануға берілді. Университеттің Ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ірі, әмбебап бай кітап қоры бар кітапхана болып табылады. Кітапхана құрылғаннан бері университеттің білім саласы мен ғылыми-зерттеу үдерістерін қамтамасыз ететін кітап қоры және кітапхана бөлімдері құрылды. Бүгінгі күні Ғылыми кітапхананың құрамы 6 бөлімнен тұрады. Олар: Кітап қорын толықтыру бөлімі, Құжаттарды ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі, Анықтама-библиографиялық және ақпараттық бөлімі, Оқырандарға қызмет көрсету бөлімі, Кітап қорын сақтау бөлімі және Электронды ресурстар орталығы.

Жалпы кітапхана қорында 1 076 761 дана басылымдар жинақталған, оның 937 187 данасы мемлекеттік тілде, 10 000 астам оқырманы бар ғылыми кітапхана жылына 788 285 оқырманға қызмет көрсетіп, 1413 789 данадан аса оқулықтар мен мерзімді басылымдар қолға беріледі.


Кітапхана көрсеткіштері (кесте)


Жалпы кітап қоры

Оның ішінде, мемлекеттік тілде

Жалпы оқырмандар саны

Оның ішінде, студенттер

Оқырман келімі

Жалпы кітап берілімі

1 076 761

937 187

10 090

6 240

788 285

1 413 789

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесі тең ететін -білім»,- деген болатын.

ХХI ғасыр ақпарат, білім, ғылым ғасыры екені әлемдегі адамзатқа аян. Ақпараттандыру, жаһандық интеграция заманында саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру, кітап оқу бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Бүгінгі заман талабында көзі ашық адамға білімнің ең керек екенін сезінген әрбір тұлға өз бағыт бағдары бойынша ізденіп, ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Сондықтан да, халқымыздың ғасырлар бойы сақтаған мұрасын XXI ғасыр жаһандану кезеңінде ғылыми озық ғалымдардың оқулықтарымен, оқытушылардың еңбектерімен және электронды басылымдармен толықтыру уақыт талабы. Университет кітапханасының кітап қорын толықтыру кафедралардың оқу жоспарына негізделіп жасалады. Сонымен қатар, танымы терең ғылыми кітаптармен, электронды оқулықтармен толықтыру мүмкіндіктері қамтылады. Қазіргі таңда кітапхана «Атамұра», «Жалын», «Фолиант», «Мектеп», «Жазушы», «Елорда», «Таймс»,

«Академкнига», «Ақнұр», «Экономика» т.б. баспалармен тікелей келісім- шартқа отыруы арқылы, сыйға тартылған кітаптармен және университет оқытушыларының ғылыми еңбектерімен кітап қоры толықтырылуда.

Жұмыс барысында Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының әдістемелік құралдарымен, яғни «Білім жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдар», «Қазақстан Республикасы білім жүйесі кітапханаларының кітапхана үдерістерін нормалау» т.б әдістемелік құралдарды, Университеттің 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын және университет ректорының бұйрықтарымен қаулыларын басшылыққа алып, жұмыс атқаруда.

Ғылыми кітапханада заман талабына сай «КаzakhSoft» компаниясымен өңделген «КАБИС. full» қазақша автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық-жүйесі Басқару; Жинақтау; Мерзімді жазылу мен тіркеу; Тізімдеу, мақалалар картотекасы; Оқырмандарды тіркеу модульдарымен ендірілген. Ғылыми кітапханада ақпаратқа бай қорын түгелдей оқырманға қызмет көрсетуде пайдаланады. Ғылыми кітапханада кітапхана қорына еркін қолжетімділік, кітапхананың ашық кеңістігі, оқырманның өзіне-өзі қызмет етуі, заманауи кітапханалық орта ыңғайлылығын жасау мақсатында Ғылыми кітапханада біршама жұмыстар істелінуде. Атап айтқанда, автоматтандырылған қазақстандық бағдарламасы арқылы оқырмандарға қызмет көрсету үдерісі жаңаша түрде жүргізіліп келеді. Кітапханадағы қызмет түрлері автоматтандырылып, ақпаратты жедел іздеу және оған тапсырыс беру жолдары жеделдетілді. Бүгінгі күн талабына сай кітап қоры электронды мәліметтер базасына көпсұраныстағы оқулықтар мен оқу-әдістемеліктер енгізіліп, құжаттарды оқырмандарға беру мен қайтару үдерісі штрих-код жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.



Келіп түскен жаңа құжаттарды оқырманға сапалы әрі жылдам жеткізу, қызмет көрсету кітапхананың маңызды бағыты болып табылады. Кітапхана сайтына жаңа келіп түскен әдебиеттер бюллетені тоқсан сайын қойылып отырады. Оқырмандар сұранысы дәстүрлі анықтамалық негізінде және электронды ресурстар арқылы да орындалуда. Ақпарат іздеуде кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша қызмет көрсетіледі.

Ғылыми кітапхананың электронды паркі жаңа толқындағы 60 компьютерлермен, көшірме техникасымен, принтерлер және «Qidenus» cканерімен жабдықталды. Көпсалалы оқу залында интерактивті тақтаның орнатылуы кітапхана қызметінің инновациялық дамуының көрсеткіші болды.

Электронды ресурстар қорында 6253 дана, оның ішінде 933 лицензияланған электрондық оқулықтар, 315 дана ПОҚ еңбектері сақталған. 5064 - сканерленген оқу-әдістемелік кешендер PDF форматқа көшіріліп, «КАБИС» бағдарламасы арқылы Lib.kazmkpu.kz/info кітапхананың электронды қорына енгізілген.
Оқырмандардың сұранысын толығырақ қамтамасыз ету мақсатында Ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясы, «Тұран» университеті кітапханаларымен келісім- шарттар жасалды. Осы келісімдерге сәйкес университеттің оқытушылары мен студенттері аталған кітапханалардың ресурстарын ЖОО аралық электронды кітапханасының ақпарат www.rmeb.kz. базасы арқылы пайдалануға толық мүмкіндігі бар. Ғылыми кітапхана оқырмандары халықаралық толықмәтінді ресурстарына ThomsonReuters «Web of Knowledge» (http://wokinfo.com), Springerlink (http://link.springer.com), Elsevier компаниясының сайттарына (http://www.elsevier.com) кіре алады.

Кітап қорын толықтырудың тағы бір негізгі түрі - мерзімді басылымдарға жазылу. Кітапхана жыл сайын 350-ден астам аталым, 1000-нан аса комплект Қазақстандық, Ресейлік және шетелдік мерзімді басылымдарға жазылу рәсімделеді. Соның ішінде 205 аталымы - мемлекеттік тілде.

Бүгінгі жаңа технология дамыған, ақпараттың сан алуан түрі бар заманда кітапты насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын тудыру кітапханалардың алдында тұрған үлкен міндет. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ол үшін кітапханашы терең білімді ақпаратпен қаруланған әмбебап маман болуы тиіс. Өз ісін сүйген әрбір кітапхана маманы оқырманның жан дүниесін терең сезініп, олармен жұмыс жүргізгенде ғана кітапханашы мен оқырманның арасында дәнекер нығая түседі. Қазақстанның болашағы білімді де, білікті ізденімпаз жастар. Сол жастар үшін болашаққа бағдар ететін ұлтты ұйыстырып ұлы мақсаттарға жетелейтін – Мәңгілік ел идеясы. «Кім кітапты көп оқыса сол интернетте отырғандарды басқаратын болады» - деп, Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, білім іздеп, ғылым соңына түскен жастар үшін кітапханалар есігі әрдайым ашық.

Жас ұрпаққа кітапты насихаттау мақсатында кітапханада көпшілік іс-шаралары, соның ішінде, кафедра күндері, мамандық күндері, «Ашық есік» күндері, әдеби сазды кештер, көлемді кітап көрмелері үнемі ұйымдастырылып отырады. ҚР Президент күніне арналған «Н.Ә Назарбаев - этносаралық үйлесімділіктің қазақстандық үлгісін қалыптастырушы», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Кемелді келешекке-кемеңгер басшымен» атты тағылымдық кеш, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ер есінде - ел есінде», Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтткен «...Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» атты, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған « «Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз», «Тәуелсіздікке жетелеген Желтоқсан», Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Алматы-алтын бесігім», «Мың жылдық тарихы бар алып шаһар» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Ғылыми кітапхананада оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және «Өнер және мәдениет» факультетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығының 3 курс студенттерінің қатысуымен ақиық ақын М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Шындықтан туған-шын поэзия» атты әдеби-сазды кеш, Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жүз жасаған бәйтерек» атты поэзиялық кеш, «Қазақ қызы-бүгінгі студент, ертеңгі ана» атты дөңгелек үстел, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай, «Шалқар» радиосының директоры, ҚР Президент сыйлығының иегері, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Қасиеттім-Желтоқсан!» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Биылғы жылдың айтулы іс-шарасы «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекемен кездесу болып өтті.

Әр өткізілген іс-шара тақырыбына сәйкес кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сол көрмелерде ұсынылған кітаптардың басым бөлігін оқырмандар кітапханадан алып оқуға ниет білдірді.

Биылғы оқу жоспары бойынша еліміздегі елеулі оқиғалармен, жаңалықтармен дер кезінде таныстыру, халқымыздың тарихы, тілі және дәстүрлері туралы әдебиеттерді насихаттау мақсатында сұхбат, семинарлар, тренингтер өткізу тәжірибесін жалғастыру, түрлі тақырыптарда кітап көрмелерін, дөңгелек үстелдер, әдеби кештерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жыл сайын қазан айында «Ғылыми кітапхана оқырмандарының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру» атты «Ашық есік» күнін дәстүрлі түрде өткізу үрдісіне айналған.

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» атты республикалық акциясының ұйғарымымен жыл кітабы таңдалды. Таңдау нәтижесі бойынша, ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сипатта бірінші болып қозғаған, зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдызы – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы ұсынылды. Осыған орай, оқырмандармен тарихи тағылымы мол «Дулаттың асыл мұрасы» атты әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды.

Кітапханашылар тек оқырмандарға қызмет көрсетіп қана қоймай, өз біліктілігінде көтеріп отырады. ЖОО-дағы ұйымдастырылған әртүрлі конференция, семинар, тренингтерге қатысып, баспасөз беттерінде ғылыми-танымдық мақалалары жарық көруде. Сондай-ақ университетте өткен іс-шараларға белсене араласады. Бұл кітапханашылардың шығармашылыққа деген талабын, талпынысын көрсетеді.

Кітапхананың негізгі мақсаты - білім беру нарығында жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университеттің ғылыми-зерттеу үдерістеріне кітапханалық-ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.

Жоғары оқу орны кітапханасының міндеті тек кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен шектелмейді, әрбір оқу орнын бітіруші тұлғаны бүгінгі қоғам сұранысына лайықты маман ретінде дайындап, рухани ой өрісін жетілдіріп, халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрімізді, ана тіліне деген құрмет әр оқырманның бойынан табылатындай қалыптасуына ықпал етіп, ұлттық тәрбиемен сусындату мақсатындағы шаралардың түрі қанат жаюда.



Ғылыми кітапхана директоры Б.Т. Бағашарова

Ұсыныс

Кітапсыз, әдебиетсіз ұлт өспейтіні бесенеден белгілі. Кітап – рухани азық. Жаңа технология дамыған, ақпараттың сан алуан түрі бар заманда кітапты насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын тудыру оңай жұмыс емес. Болашақта саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру, ол үшін кітап оқу бірінші орынға қойылуы тиіс. Университет кітапханаларында жастар, студенттер үшін тиімді мүмкіндіктер жасалу қажет.



Түйіндеме

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы жас ұрпақты патриоттық, өз елін, Отанын дәріптеу бағытында тәрбиелеуге мол үлесін қосуда. Ұлттық рухпен сусындатып, Қазақстанның болашағы білімді жастар қолында екенін әр азаматтың жадынға жатталып қалуына ықпал етіп келеді.



Резюме

Научная библиотека Казахского государственного женского педагогического университета вносит определенный вклад для воспитания у молодого поколения чувства патриотизма, чувства любви к своему народу, к своей Родине. Всю свою работу библиотека строит в рамках национальной духовности и делает все для того, чтобы каждый гражданин помнил, что будущее Казахстана в руках высокообразованной молодежи.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақ халқына жолдауы.- 2015 жыл, 30 қараша

  2. А.Насырова, З.Қосуақова. Оқу орындары кітапханалары – педагогикалық қызмет ордасы// Кітапхана. – 2011. - № 1-2.- 62-64 б.

  3. Білім беру жүйесі кітапханаларына арналған нормативтік-регламенттік құжаттар және әдістемелік құралдар.- Алматы, 2016.- 270 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет