Физика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы



Дата22.08.2017
өлшемі51,42 Kb.
#23962
Физика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің физика пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 9, екінші деңгейде – 10, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес физика пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.



Тақырып



Мазмұны

01

Механика: Кинематика негіздері

02

Механика: Динамика

03

Механика: Жұмыс. Қуат. Энергия

04

Механика: Сақталу заңдары

05

Молекулалық физика және термодинамика:

Молекулалық физика. Жылу құбылыстары



06

Молекулалық физика және термодинамика: Термодинамика

07

Электродинамика: Электростатика

08

Электродинамика: Тұрақты ток

09

Электродинамика: Магнетизм

10

Механика: Механикалық тербелістер мен толқындар

11

Электродинамика: Электромагниттік тербелістер мен толқындар

12

Электродинамика: Оптика

13

Атомдық және ядролық физика: Кванттық физика

14

Атомдық және ядролық физика: Атомдық және ядролық физика

Тест жоспары:

Механика: Кинематиканың негізгі ұғымдары – 3 тест тапсырмасы

Механика: Динамика – 3 тест тапсырмасы

Механика: Жұмыс. Қуат. Энергия – 1 тест тапсырмасы

Механика: Сақталу заңдары – 2 тест тапсырмасы

Молекулалық физика және термодинамика:

Молекулалық физика. Жылу құбылыстары – 2 тест тапсырмасы



Молекулалық физика және термодинамика: Термодинамика – 2 тест тапсырмасы

Электродинамика: Электростатика – 2 тест тапсырмасы

Электродинамика: Тұрақты ток – 2 тест тапсырмасы

Электродинамика: Магнетизм – 1 тест тапсырмасы

Механика: Механикалық тербелістер мен толқындар – 2 тест тапсырмасы

Электродинамика: Электромагниттік тербелістер мен толқындар – 1 тест тапсырмасы

Электродинамика: Оптика – 2 тест тапсырмасы

Атомдық және ядролық физика: Кванттық физика – 1 тест тапсырмасы

Атомдық және ядролық физика: Атомдық және ядролық физика – 1 тест тапсырмасы

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Жалпы білім беретін орта мектептерде физика пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес оқушылары меңгеруі тиіс:

1) Теорияларды (классикалық механика, молекулалық – кинетикалық теория, электродинамика, кванттық физиканың элементтерi);
2) Ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, механикалық және электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант, фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем).
3) Физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері, период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды);

4) Заңдар, қағидалар және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);


5) Физикадан игерген кинематикалық, динамикалық қоғалыс, электродинамика және кванттық физика туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;

6) Бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы.



Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.
Каталог: upload -> specifications ENT 2015 kaz
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
specifications ENT 2015 kaz -> Биология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет