«Физика пәні бойынша оқушылардың марафондық ғылыми жобалары конкурсын өткізу және ұйымдастыру тәжірбелерінен»



Дата08.09.2017
өлшемі0,52 Mb.
#30392
«Физика пәні бойынша оқушылардың марафондық ғылыми жобалары конкурсын өткізу және ұйымдастыру тәжірбелерінен »


Б.М.Оразбаева,

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы

Қима орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Қима ауылы

Физика бүгінде өркениетті ортадан өзінің лайықты орнын алған және дамыған ғылым, педагогикалық барлық талаптарды біріктіре отырып, оқушылардың оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуіне және баяндауына, есепті талдай алуына, пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген жағдайында ғана сабақ жоғары деңгейде өтеді.

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін сабақ та әр түрлі жан-жақты болу керек.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін жаңаша ұйымдастырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа өз еңбегінен ләззат алу мүмкіндігін дамытуға бағыттау, ізденпаздығын қалыптастыру, оқушыларға сұрақтар қою, эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Сабақта оқушылардың толғанысын, сөйлеу шеберлігін, ізденушілігін, байқампаздығын арттыру үшін қазақ және басқа халық ертегілерін, ақын – жазушылардың табиғат құбылыстары туралы өлең- жырларын, ұлттық ойындарды пайдаланған жөн. Оларға бағыт- бағдар беріп, сол ертегілердегі, ұлттық ойындардағы, мысалы: «Аңшылар», «Орамал тастау» , «Хан» , «Аламан бәйге», «Теңге алу», «Бәйге» бұл ойындардағы және төмендегі ертегілердегі физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тауып, сурет түрінде бейнелеуге тапсырмалар беремін.

Мысалы: «Баланың императорды қалай жеңуі» (корей халық ертегісінен) Сұрақ: Балаға император: «Мына ағаштың төменгі және жоғарғы жағы қайсы, соны шешіп бер» дейді.

Сен бұл сұрақты қалай шешер едің?

«Бауырсақ» (орыс ертегісі) тоғызыншы сыныпта қайталау сабағында осы ертегіні оқып, мына сұрақтарға жауып іздеуін сұраймын.

Сұрақтар:

Бұл ертегіде қандай физикалық заңдылықтар мен ұғымдар қолданылған?

Осы заңдылықтар мен ұғымдарды қалай бейнелеп салуға болады?

«Қасқыр мен түлкі» (орыс ертегісі), «Алдар көсе мен тоңғақ бай » (қазақ ертегісі), «Қоян қалай құйрықсыз қалды?» (якут фольклоры), «Шалқан» (орыс ертегі), Сырбай Мауленовтің «Табиғатпен жаным бірге » өлеңін тағы да көптеген ертегі, өлеңдерді пайдалануға болады.

Көркем әдебиеттер, тарихи деректердегі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар оқушылардың қабылдауына өте жақсы әсер етеді.

Физикалық есептерді шығару оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамытатын басты құралдардың бірі. Құбылыстарға байланысты проблемалық жағдайлар физикадан есептер шығару барысында туады да , бұл оқушылардың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ физикалық есептерді жүйелі түрде шығарта отырып, оқушылардың алған білімдерін тексеруге, бекітуге және еске түсіруге болады. Есептерді жүйелі түрде шығармай, теорияны жақсы меңгеру мүмкін емес. Есеп шығару кезінде мынадай жайттарды ескертемін:

1.Ойлау қабілетін арттыру негізінде оқушылардың берілген мәселені жіктеуге, біріктіруге, салыстыруға үйрету.

2.Физикалық есептерді шығарудағы басты шартын үйрету, оның орындалуын қадағалау.

Осы шарттарды орындағанда, олар физикалық заңдылықтардың мәнін түсінеді, физикалық шамалармен оның өлшем бірлігін есте сақтайды. Физикалық есептердің мынадай түрлері бар:

-сандық және сапалық;

-деректі және нақты;

-политехникалық;

-тәжірибелік;

-кестелік;

-мазмұнды;

-тарихи.

Осындай есептерді шығару кезінде:

-біріншіден, есептің мазмұнымен таныстыру;

- екіншіден, қандай шамалар берілген, нені анықтау керек екенін анықтау;

- үшіншіден, берілген шамалар арқылы ізделінетін шама қалай байланысқандығын анықтап алуы керек. Осыларды анықтап алғаннан соң:

- есептің шығарылатын жоспарын құру;

- берілген шамаларды бір өлшемге келтіру;

- есепке қажетті сызба, кесте, суреттер салу;

- шыққан шешіміне талдау жасау:

- оны тексеру.

Физикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада есептерін талдай отырып шығартамын. Соның қорытындысына қарап олимпиадаға қатысатын оқушыларды таңдап аламын. Бұл оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі, соған байланысты аудандық олимпиадаға қатынасатын оқушылар іріктеліп алынады.

Оқушылар назарына мазмұны жағынан бірнеше компонентті қамтитындай есептер ұсынамын. Осындай есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың физикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады.Сол себепті олимпиада есептерін таңдап алып шығарудың маңызы ерекше. Осы мәселені шешу жолында өзім жүргізіп жүрген кейбір шаралардан мысал келтірейін.

Оқу жылы басында ғылыми шығармашылықпен айналысатын оқушыға тақырып дайындап, керекті әдебиеттерді іздестіріп, оқушыны ойлануға бейімдейтін сұрақтар дайындап, оған жауап іздейтіндігін тапсырамын.

Оған қойылатын мынадай іс- әркеттер:

-физикалық құбылысты, объектіні өз бетінше көре білуі, көріп бақылаған құбылыс пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай білуі;

-бір физикалық объектіні нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата және ортақ белгілерді топтай білуі қарастырылып отырған физикалық құбылыстың және объектінің сипатын, олардың белгілері арасындағы байланысты таба білуі;

-фактілер туралы сұрақтарды тұжырымдау.

Қойылатын сұрақтарды топтарға біріктіру, неліктен басқаша емес?, не арқылы ерекшеленеді?, егер... онда не болады? Тағы басқа сұрақтар мөлшері әр кезде көбейіп, басқа объектілерді танып білу үшін көмектеседі. Қойылған сұрақтар бойынша проблеманы тұжырымдай білуі керек.

9 - 11 сынып физика курсы бойынша әр тарауға тест дайындалып оқу жылы аяғында оқушылардың білімін тексеру үшін физикалық марафонды іс тәжірибемде қолданамын. Оған екі пар сабақ керек (90 минут). Ол үшін мысалы: 11 сынып курсы бойынша 10 тарауды алып, әр траудан 10-15 сұрақтардан тест дайындадым. Ал 9 сынып жоспары бойынша төрт тарауға кинематика, динамика, механикадағы сақталу заңдары, механикалық тербелістер және толқындар.

Мысал келтіре кетейін: 9 сыныпта 14 оқушы бар , оларға журнал бойынша реттік номерлер бердім (1-ден 14-ке дейін). Алдын ала төрт стол дайындалды, оқушыларды төртке бөліп, әр столға мынадай төрт визитка дайындадым:

№1

1.Кинематика негіздері

2.Динамика негіздері

3. Мехникадағы сақталу заңдары

4.Механикалық тербелістер мен толқындар


№2

1.Динамика

2.Мехникадағы сақталу заңдары

3. Кинематика негіздері

4.Механикалық тербелістер мен толқындар


№3

1.Динамика негіздері

2.Механикалық тербелістер мен толқындар

3.Кинематика негіздері

4.Механикалық тербелістер мен толқындар


№4

  1. Мехникадағы сақталу заңдары

  2. Кинематика негіздері

  3. Механикалық тербелістер мен толқындар

  4. Динамика негіздері



Әр оқушы нөмірмен кіріп, таратылған тестке жауап жазады. Төрт столға

11 сынып оқушыларынан 4 көмекші алдым.Ол көмекшілер, оқушылардың әр тарау бойынша алған баллдарын бағалау парағына қойып отырды.

Бағалау парағы мынандай:



Оқушылардың реттік саны

Кине

матика


Дина

мика


Мехникадағы сақталу заңдары


Механикалық тербелістер мен толқындар


Оқушылар

дың аты жөні



Барлық алған балл саны



















































































































































Соңынан алған баллдары бойыншша әр оқушыға баға қойылады.Бұл марофонды орын арқылы (1,2,3) бойынша бағалауға да болады, мысалы:

1-ші орынға-5

2-ші орынға-4

3-ші орынға -3 деген баға қоюға болады.

Осы марафон арқылы оқушылардың алған білімдерін, біліктіліктерін, қай тарауды жақсы меңгергенің, қай тараудан нені білмейтіндігі айқындалады.



Бұл марофон әсіресе 11 сыныпқа тиімді, оқу жылы аяғында барлық тарауды қайталап, есіне түсіреді, оның әрі қарай жоғары оқу орнына түскенде де пайдасы зор.

Бүгінде қол жеткенге тоқмейілсуге болмайды, сондықтан да біз бүгінгі күн талабына сәйкес педагогика ғылымын батыл түрде практикаға пайдалануға бағыттаймыз.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет