«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата24.01.2020
өлшемі98,5 Kb.
#56452
Байланысты:
физ 8№1 ТЖБ
№1 ББЖБ 8сыныпфиз, 6сынып эссе, 8сынып ЖБББ, №2 ТБЖБ, Тірі табиғаттағы үдерістер
Күні : 24.10.2019. Сыныбы: Оқушының аты-жөні: _________________________

Пән мұғалімі: Ж.Серікбаева.
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының дұрыс тұжырымдалған нұсқасын таңдаңыз.

    1. Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады.

    2. Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тебілу күштері ғана болады, ал тартылу күштері ешқашан болмайды.

    3. Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тартылу күштері ғана болады, ал тебілу күштері ешқашан болмайды.

    4. Барлық денелер макробөлшектерден тұрады.

[1]


  1. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.

a) Ішкі энергияны өзгертудің тәсілін атап көрсетіңіз.



[1]

b) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз.



[1]


  1. Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген.


a) Екі термометр арасындағы байланыс формуласын жазыңыз.



b) Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.

[1]










t =....................................

оС







[1]






  1. Арман әр түрлі металдан жасалған, бірақ массаслары бірдей блоктарды қыздыру үшін тек бір ғана қыздырғышты қолданады. Қыздырғышты тек 300 секунд уақыт бойы қыздыратын функциясына қояды.

a) Қай металдан жасалған блок қаттырақ қызады?


Металл блок

Меншікті жылу сыйымдылық Дж/(кг۰оС)

Алюминий

900

Темір

450

Қорғасын

130

Дұрыс деген жауапты дөңгелектеп белгілеңіз.


алюминий темір қорғасын

[1]


b) Неліктен бұл жауапты таңдағаныңызды меншікті жылу сыйымдылығы тұрғысынан

сипаттап жазыңыз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [1]




  1. Арман зертханалық жұмыс жасау үшін массасы 200 г, температурасы 90 °С болатын ыстық суға массасы 100 г, температурасы 10 °С болатын салқын суды құйып араластырады. Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/(кг۰оС).

a) Берген және алған жылу мөлшерінің формуласын жазып көрсетіңіз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [1]


b) Орныққан температураны анықтайтын өрнекті жазып көрсетіңіз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [2]
c) Шыққан сұйықтықтың орныққан температурасын есептеп шығарыңыз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [2]


  1. Температурасы 10 °С, массасы 300 г су құйылған массасы 500 г болатын алюминий ыдысты 80 °С дейін қыздырады. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 900 Дж/(кг۰оС). Қыздыруға кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________



[3]



  1. Суретте жаңбырдан кейінгі жолдағы шалшық су бейнеленген.

a) Күні бойы су асфальт бетінен жоғалып кетеді. Бұл су бөлшектерінің шалшық судан ауаға бөлінуі нәтижесінен болады. Бұл қандай процесс? Дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеңіз.


конденсация кебу сәулелену

[1]
b) Бұл процестің тез жүруіне себепші болатын ауа-райының екі өзгерісін сипаттап жазыңыз.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [2]


c) Асфальт бетіндегі шалшық су 2 кг болса, ол толығымен буланып кетуге кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Меншікті булану жылуы 2,3·106 Дж/кг.
________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [2]




  1. Неліктен терең шахтада судың қайнау температурасы 100 °С емес?

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [1]




  1. Графикте мұздың еріп буға айналғандығы көрсетілген.



Графиктің қай бөлігі мұздың еруіне сәйкес келеді.

[1]


  1. Массасы 500 г болатын -10 оС-тағы мұздың толық еруіне кететін жылу мөлшерін анықтаңыз. Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы мен меншікті балқу жылуы сәйкесінше: 2100 Дж/(кг۰оС) және 330 кДж/кг.

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [3]



Жалпы балл: 25
Жинаған балы:

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет