Физика пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру



Дата08.11.2019
өлшемі0,57 Mb.
#51442
Байланысты:
№8 Жорықбаева Л

Физика пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру

Жорыкбаева Лиза Бекболатовна

№8 Төле би атындағы гимназия
Аңдатпа: Осы мақалада қазақстандық орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу туралы мәселе қарастырылған. Енгізіліп жатқан критериалды бағалау жүйесі оқушылардың дамуына, олардың оқуға уәждемелерін көтеруге бағытталған. Әр оқушы мен оның ата-аналарына түсінікті болатын, тұрақты кері байланыстың және бағалау критерийлердің рөлі маңызды болып жатыр.

Аннотация: В этой статье рассматривается вопрос о переходе казахстанского среднего образования на обновленное содержание. Оно подразумевает не только передачу знаний, сколько всестороннее развитие личности обучающегося. Насколько успешно проходит обучение, и в чем обучающийся испытывает затруднения должна показывать эффективная система школьного оценивания.

Annotation: This article is devoted to the question of the transition of Kazakhstan secondary education to the updated content. The implemented criteria-based assessment system aimed at the development of the student, increasing his motivation to learn. Important is the role of evaluation criteria and regular feedback, understandable for each student and his parents.
Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы"



А. Байтұрсынов

Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау әдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, осылайша, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді және олардың психикалық үдерісіне ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген және оқу үдерісін ұйымдастыруға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл бағалаудың барлық элементтерінің арасында теориялық негіздеме және өзара байланыс болуын қажет етеді (оқу мақсаттары, түрлері, құралдары және бағалау нәтижелері), бұл тәсілдің практикалық маңызы мен төмендегідей артықшылықтарын көрсетеді:



  • оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады;

  • оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады;

  • баға оқушылардың нені оқығанына қарай қойылады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды;

  • баға қоюдың нақты алгоритмі оқушыға белгілі, соған сәйкес оқушы өзінің оқу үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады;

  • оқушылардың өзін-өзі бағалауға және оқуға деген ынтасы артады.

Бағалау ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде оқушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен критериалды бағалаудың түріне сәйкес өзгешеленуі мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау оқудың бір бөлігі болып табылады және оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:

  • оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс- тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;

  • қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді;

  • қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады;

  • оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындар ұйымдастыру және оны қадағалау арқылы.

Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс бере отырып, оқушыларға пәнді меңгеру мен түсінуде көмекші болу арқылы олардың оқудағы алға ілгерілеуді қадағалайды, сонымен қатар бағалау критерийлеріне сәйкес объективті көзқарасты ұстана отырып, оқушыларды оқуға ынталандырады.

Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына түсінікті де анық, оқушыны жетістіктерге ынталандыратын сипатта болуы тиіс.



Тапсырма

Суретте дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графикпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

a) Графиктің әр бөлігіне сәйкес дененің

жылдамдығын анықтаңыз.

АВ бөлігінде: _____________

ВС бөлігінде: _____________

СD бөлігінде: _____________

b) Дененің барлық жолдағы (графикте АD



аралығы) орташа жылдамдығын анықтаңыз.

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................Дескриптор:



Білім алушы

- график бойынша жолдың АВ бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді

- график бойынша жолдың ВС бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді

- график бойынша жолдың СD бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді

- орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады

- АD бөлігіндегі орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді



Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өз бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе қорытынды жұмысы өзге біреулердің қатысуынсыз орындалады және белгіленген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.

Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы оқушыны оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады.

Критериалды бағалау келесі қағидаттарға негізделеді:


  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарын басшылыққа алады. Оқу мақсаттары сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер тұрғысында анықталған: білік немесе дағды, білу немесе түсіну. Оқу бағдарламасының әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, олар мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыларды бағалап, оларға оқудың келесі кезеңі туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды.

Шынайылыққа «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағатанарлықсыз» арқылы бағалануы мүмкін жұмыстың деңгейін көрсететін нақты бағалау критерийлерін мұқият әзірлеу арқылы қол жеткізіледі.

Бағалау үдерісін зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Адамның тіршілік әрекеті көптеген факторларға тәуелді: білімділік (қабылдаутын, өңделетін материал көлемі), психологиялық (уәж, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері), педагогикалық (әдіс-тәсілдерді таңдау), эмоциялық (алаңдаушылық деңгейі), адамгершілік (бірмәнді, нақты, анық, қатаң, икемді тәсілдер), т.б. Бағалау үдерісінде барлық факторлар бір-бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырады. Білімділік немесе педагогикалық факторларды ғана жеке бағалауға болмайды, себебі басқа факторлар да оқу нәтижелеріне немесе бағалауға әсер ете алады. Баға оқушылардың білім, білік-дағдыларын әртүрлі критерийлер бойынша бағалау нәтижелерінен құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі, осы материалды түсіну және қолдану, материалды пәннің талабына сәйкес рәсімдеу, материал бойынша жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу.

Тапсырма әзірлеу кезеңдері


Кезеңдердің сипаттамасы




Кезең

Сипаттамасы

Жоспарлау

Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды анықтау.

Құрастыру

Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру.

Сараптама жасау

Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау,

өзгерту енгізу.



Қолдану

Тапсырмана белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес қолдану.

Талдау

Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгерту енгізу.

Құрастырылған тапсырманың анықтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты) шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаларын (негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.

Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы қолдану ұсынылады.

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.


Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген жауаптары, әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша ақпараттар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі.
«Физика» пәнінен жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Қай суретте ауырлық күшінің векторы дұрыс кескінделген?



  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

[1]

2. Суретте әр түрлі заттардан жасалған көлемдері бірдей үш дене көрсетілген. Олардың тығыздықтары   . Ең кіші массаға ие денені табыңыз.

А) 1 дене

В) 2 дене

С) 3 дене

D) Денелердің массалары бірдей

[1]


3. Жүріп келе жатқан адам жолдың ернеуіне сүрінген кезде ...

A) Артқа қарай қозғалады

B) Тыныштықта қалады

C) Алға қарай қозғалады

D) Оңға қарай қозғалады

[1]


4. Күнделікті өмірден инерция құбылысына екі мысал келтіріңіз.
[2]

5. Неліктен жолға мұз қатқан кезде автокөліктің тежелу жолы өте үлкен болады? Жол апатынан қалай құтылуға болады?


[2]
6. Суретте бос мензурка, сұйық құйылған мензурка және мензуркадағы сұйыққа бірдей шарлар салынған сурет көрсетілген.

а) Суретте берілген мәліметтер бойынша сұйықтың тығыздығын анықтаңыз.

[2]

b) Бір шардың көлемін, массасын және шар жасалған материалдың тығыздығын табыңыз.



[4]

7. Суретте серіппенің қатаңдығын анықтау жолы көрсетілген.

a) Серіппенің ұзаруын анықтаңыз.

__________________________________[1]

b) Жүк салмағын анықтаңыз.

__________________________________[2]

c) Серіппе қатаңдығын анықтаңыз.



_______________________________[2]



8. Графикте серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі көрсетілген.


Серіппенің k қатаңдық коэффициентін анықтаңыз. [2]

Жалпы: [20]
Балл қою кестесі




Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1




2

В

1




3

C

1




4

Көліктің жедел тежелуі кезінде жолаушылардың алға қарай ұмтылуы және т.б. мысалдар

2

Әр мысал үшін 1 балл қойылады

5

Үйкеліс аз болғандықтан

Үйкелісті көбейту керек



1

1





6

а) V = 40 см3, m = 40 г

ρ = m/V = 1 г/см3

1

1





b) V = 30 см3, m = 234 г

V1 = 6 см3

m1 = 46,8 г

ρ = m/V = 7,8 г/см3

1

1

1



1




7

2 см

1




m = 2 кг

Р = mg = 20 Н

1

1





k = F/Δl

k = 20/0,02=1000 Н/м

1

1





8

Графиктен күш пен серіппенің ұзаруының мәндерін алады

k = F/Δl = 5 Н/м

1
1




Жалпы балл

20





Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

  • Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

  • Жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

  • Оқушылардың білім сапасын арттырады;

  • Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

  • Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

  • Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу -  жиынтық бағалаудың  нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың тиімділігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.


Пайдаланған әдебиеттер
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші басылым. 2016 ж.

2. «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы» Астана 2016 3.http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері 3.К.С.Құдайбергенова«Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: 2012 «Принт АСС»

4.Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқужетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгікритерий – Педагогика, 2009 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет