Физикалық ЖӘне коллоидтық химия



бет4/12
Дата07.12.2019
өлшемі1,52 Mb.
#53158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1 fiz himiy lab gumjstar


Зертханалық жұмыс № 4
ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ИНДИКАТОРДЫҢ ДИССОЦИАЦИЯЛАНУ КОНСТАНТАСЫН АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: индикатордың диссоциациялану константасын анықтау үшін спектрофотометрия әдісін қолдану.

Қышқыл-негіздік индикатор деп – ерітінді рН-на тәуелді түсін өзгертетін заттарды атайды. Әдетте қышқыл-негіздік индикаторлар әлсіз қышқылдық (HInd) немесе әлсіз сілтілік (IndOH) қасиет көрсететін органикалық еріткіштер болып табылады:

HInd ↔ H+ + Ind

IndOH ↔ Ind+ + OH


Жоғарыдағы теңдеуде көрсетілгендей, диссоциация тепе-теңдігі ерітіндінің рН-на тәуелді екенін көруге болады.

Индикаторлар бір түсті немесе екі түсті болуы мүмкін. Екі түсті индикаторларда диссоциацияланбаған молекулалар (HІnd немесе IndOH) мен органикалық иондар (Ind+ немесе Ind) әртүрлі түстерге ие. Екі түсті индикаторларға мысал ретінде метилоранжды жатқызуға болады, ол Hind түрінде қышқыл ортада қызыл түске, ал Indформасында сілтілік ортада сары түсте болады.

Бір түсті индикаторларда түс болады немесе диссоциацияланбаған молекулалар немесе органикалық иондар болады. Бір түсті индикаторларға мысал ретінде фенолфталеинді жатқызуға болады, ол қышқылдық ортада түссіз, ал сілтілік ортада қызыл түсті болады.

Бұл жұмыс Indанионы түс беретін фенолфталеин диссоциациясы константасын анықтауға негізделген.



Активтілік арқылы өрнектелетін индикатордың диссоциациялану константасын Ка,инд қарастырамыз. Егер индикатор әлсіз қышқыл болса, онда:
Ка,инд (1)

мұндағы: аInd-, аHind – аниондар мен диссоциацияланбаған молекулалар активтіліктері.

Ка,инд
мұндағы: [Ind-], [HInd] – аниондар мен диссоциацияланбаған молекулалар концентрациясы; , - сәйкес активтілік коэффициенттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет