Формативті бағалау әдістері



бет1/3
Дата30.01.2017
өлшемі474,25 Kb.
#8314
  1   2   3


  1. Формативті бағалау әдістері.

Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.

Формативті бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.

Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.


  1. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.

  • Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

  • Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.

  1. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды.

  2. Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.

  3. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.

Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арнлған.

  1. «20 секунд» әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.

Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз « Неге? Не себепті? Қалай?»- деген сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.

Мысал:

Оқушы ауланған ұлуларды зерттеп, олардың тіршілігі жайлы презентация жасайды. Сонда оқушы келесі мәселеге баса назар аударады: «Менің ойымша, дәл қазіргі уакытта аквариумда ұлулардың үш ұрпағы тіршілік етуде». Сол кезде ұстаз: «Не себепті сен олай шештің?» - деді. – Оқушы: «Себебі, біз бұл ұлуларды аулағанда олардың өлшемдері үлкен және орташа болған, ал қазір аквариумда тек кішкентай ғана өлшемді ұлулар қалды. Бұдан мен аквариумда ұлулардың үш ұрпағы бар екен деген қорытындыға келдім». Яғни, нақтылау сұрақтарын қою арқылы ұстаз оқушының білімін анықтай түсті.

Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсу.

Мысалы:


Ұстаз оқушыларға «Үш минуттық эссе» жазуларын ұсынады.Ұстаз төмендегі берілген тақырып бойынша сұрақтардың бірін жазып немесе оқып береді.

  1. Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?

  2. Қай сұрақ есіңізде қалды?

  3. Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?

Оқушылар жазбаларын жазып болған соң, мұғалім олардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін білу мақсатында тексереді. Ал түсінбеген жерлерін қосымша есеп, әдіс, мысал арқылы қайталап түсіндіреді.

Сабақ соңында мұғалім қатысушыларға сұрақтарға жауап жазуын ұсынады:



  1. Сіз үшін ең қиыны және ең түсініксізі не болды?

  2. Қай жаттығуды орындау барысында сіз қиналдыңыз? Бұл неліктен деп ойлайсыз?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинап алып олармен танысып, келесі сабаққа содан шыққан мәселелерді шешуге қарай ыңғайланады.

Мұғалім аралық тексеру жүргізу үшін қысқа тесттер дайындайды.

Бұл бақылауды бағалау уақыты сабақтың 3-5 минутын ғана алады. Бақылаудың негізгі талаптарын ескере отырып, оқушылар бірінің жұмысын бірі тексере алады. Келесі формативті бағалаудың әдістері ұстаз оқушының өз жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады.

Мысалы:


Мұғалім дәптерден жазба жұмысын тексергенде қате тұстарын әр түрлі таңбалармен, түстермен жазып көрсетеді. Бұл формативті бағалаудың әдісі қорытынды жұмыс жазған кезде қолданылмайды. Мұғалім оқушыны бағалаған кезде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн, себебі оқушы осы бағалауға сай қалыптасады.

  1. Формативті бағалаудың әдістері.

Кесте №4

Әдістері

Қолданыстары

Сұрақтар үшін карточканың индексі

Мұғалім оқушыларға екі жағында да тапсырмасы бар карточка тапсырады.

1 жағы: Өткен тақырыптың ең негізгісі

2 жағы: Өткен тақырыптан ұқпағаныңызды сұрақ қылып жазыңыз.


Қол белгісі

Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін я түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды.

  • Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

  • Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

Осы белгілерге сүйеніп мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін сабақтайды.

Бағдаршам

Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.

  • Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?

  • Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.

Бір минуттық эссе

Бірминуттық эссе – тақырып бойынша пысықтаудың біржүйесі.Эссе жазу үшін мұғалім бірнеше сауал қояды.

  • Бүгінгі білгеніңнің ең маңыздысы?

  • Қай сұрақтар сен үшін түсініксіз?

Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды

Сөздік үлгісі

(еске салу)



Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка) көмектесушілер жауап құрады.

Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс) _______ болып табылады, өйткені________т.с.с.



Қате түсінікті тексеру

Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате түсініктерді әдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің көзқарастарын айтуларын сұрайды.

Оқушылармен жеке әңгімелесу

Ұстаз оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді.

Үш минуттық үзіліс (пауза)

Ұстаз қатысушыларға сабақтың идеясы жайлы ойлануына, алдыңғы өткен тақырыптармен, білімімен және тәжірибесімен байланыстыруға, сонымен қатар түсінбеген жерлерін анықтауға үш минуттық үзіліс береді.

Температураны өлшеу

Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.

Қысқы-тест

Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:

  • Берілген көп жауаптардың ішінен

  • Дұрыс немесе қате жауап ішінен таңдау арқылы

орындайды

Элективтік тест (таңдаулы)

Мұғалім әрбір оқушыға «А,В,С,Д» әріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың әр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады. Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері және деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, әлде жалғастыра беру керек па соны анықтайды.

Формативті тест

Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.

Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы

Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ барысында қабылданған білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалауға және оларды қандай әдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу деңгейлерін және соған сәйкес білімдерін әрі карай жетілдіруі үшін жәрдемдеседі.

Формативті сұрау

Бұл әдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім «Неге? Қалай? Қайтіп?» деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.

  • Олар несімен ұқсас әлде айырмашылығы қандай?

  • Мінездемесі қандай______?

  • Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?

  • Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз?

  • Сіз қандай қорытынды жасай аласыз?

  • Сіз не істеуді ұсынасыз?

  • Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады?

Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар

Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау» деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.

Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық» деген тапсырма береді.



Ішкі және сыртқы шеңбер

Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді.

Бір сөйлемде барлығын айтып беру

Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады.

Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс)

Бағалаудың міндетті бір элементі – кері байланысты ұсыну. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім бағалау өлшемдеріне қарай өз түсініктемелерін жасайды және жеткен нәтижелерінің деңгейін бақылайды. Түсініктемелері анық және түсіндіре білуі керек. Жазба жұмыстарын тексере отырып, дұрыс жерлерін бір түспен, ал әрі қарай жетілдіру керек жерлерді екінші бір түспен белгілеп қоюға болады. Жазба жұмыстарға түсініктеме бергенде еске салу, ой айту немесе мысалдар көрсетуге болады.

Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс)

Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:

Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтады, осылайша ауызша кері байланыс орнатты. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады. Мұғалім оқушыға жаттығуды орындағандағы қателерін көрсетеді. Ол оның жұмысына ешқандай белгі қоймайды, бірақ оны бағалайды. Нәтижесінде оқушылар жетістікке жетулері үшін одан әрі биік нәтижелерге жетуі керек деп ұйғарады.



Өзін-өзі бағалау.

Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.

Екі жұлдыз және тілек (бірін-бірі бағалау)

Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, яғни шығарма, эсселерін бағалауға қолданылады. Мұғалім, оқушыларға сыныптастарының жұмыстарын тексеруді ұсынады. Оқушылар бір- бірінің жұмыстарын тексеру кезінде олар жұмыстарды бағаламайды, ал ондағы екі оң сәтті анықтап және бағыт береді. Олар «Екі жұлдыз» - бір сәт, яғни толыққанды жұмыс, ал екінші бірі «Тілек», мұнда одан әрі жұмысты толықтырулары қажет.

. 2.1.1. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау

Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары:

  • Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?

  • Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?

Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.

Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.

  • ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;

  • ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;

  • өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің

байланысын бағалауы;

Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.



  • Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;

  • Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;

  • Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)

  • Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;

  • Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;

Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.

Топтық жұмыстың бағалануы.

Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.



Топтық жұмысты бағалау

Кесте №5


Топ нөмірі

Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)

Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)

Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы

Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.

Барлық ұпайы

І

+

+

+++

+




ІІ

+

+










ІІІ

+

-

++

+




ІV

-

-

+

++++




V
















Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.


  • Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?

  • Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?

Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.

Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.

Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.


  • Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;

  • Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.

Оқушының жеке қабілетін бағалау.

а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)



Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.

Кесте №6


Оқушылардың аты-жөні

  1. Асан

  1. Шынар

  1. Бақыт

4.

5.

6.

Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады.

+

+

+










Идеялар ұсынады

-

-

+










Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды)

+

-

+










Топ қатысушыларына көмектеседі




+

++










Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды

+
















Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты)

++




+










Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды

+
















Ортақ ұпай



















Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.

б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет