Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары



Дата18.02.2017
өлшемі354,53 Kb.
#10384
Түпқараған ауданы әкімдігінің

2012 жылғы «_____» желтоқсандағы

№ ______ қаулысымен мақұлданды

Форт-Шевченко қаласын дамытудың

2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары

Форт-Шевченко қаласы-2012



МАЗМҰНЫ

Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарының паспорты



1. Форт-Шевченко қаласын тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру





  1. 1.1 қаланың жалпы сипаттамасы

  1. 1.2 әлеуметтік-демографиялық жағдай

  1. 1.3 еңбек рыногы

  1. 1.4 кадрларды даярлау

  1. 1.5 әлеуметтік инфрақұрылым

  1. 1.6 инженерлік инфрақұрылым

  1. 1.6.1 жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау

  1. 1.6.2 электрмен жабдықтау

1.6.3 газбен жабдықтау

1.6.4 тұрғын үй қорының жағдайы

2) Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау

3) Моноқаланың бас жоспарын түзету

2. Форт-Шевченко қаласының экономикасын әртапатандыру және шағын және орта бизнесті дамыту 2013-2015 жылдарға арналған.












































Форт-Шевченко қаласын дамытудың

2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарының паспорты


Атауы

Форт-Шевченко қаласын дамытудың кешенді жоспары


Әзірлеу үшін негіздеме

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы»

Негізгі әзірлеушілер

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігі


Кешенді жоспардың мақсаты

Орташа және ұзақ мерзімді келешекте Форт-Шевченко қаласын орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту

Кешенді жоспардың міндеттері

Форт-Шевченко қаласын тұрақты жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

Форт-Шевченко қаласының экономикасын әртараптандыру және шағын, орта бизнесті дамыту.

Форт-Шевченко қаласының еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру.

Форт-Шевченко қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.



Іске асыру мерзімдері

2013-2015 жылдар

Негізгі іс-шаралар, басты инвестициялық жобалар

I. Форт-Шевченко қаласын тұрақты жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

Іс-шаралар:

1. Тұрғындар санының оңтайландырылуын ескере отырып, Форт-Шевченко қаласының Бас жоспарын әзiрлеу.

2. Форт-Шевченко қаласының экономикалық әлеуетін мейлінше жоғары санатқа көтеру үшін мақсатты қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу.
II. Форт-Шевченко қаласының экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.

Іс-шаралар:

1. Орта және шағын бизнесті дамыту:

1) Форт-Шевченко қаласында жаңа өндірістер құруға гранттар беру үшін конкурстық комиссия құру;

2) Жаңа өндірістерді құруға гранттар беру жобаларын қарау мен мақұлдауды конкурстық негізде өткізу;

3) Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі Серіктестік бағдарламасының шараларын жүзеге асыру;

4) Моноқаладағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету бойынша шаралар қолдану (шағын кредиттеу, кәсіпкерлікке оқыту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту).


III. Форт-Шевченко қаласының еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру.

Іс-шаралар:

1. Форт-Шевченко қаласы тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналасуына ықпал ету.

1) Форт-Шевченко қаласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарын оқыту:

кәсіптік оқу (жыл сайын 10 адам);

кадрларды қайта даярлау (жыл сайын 8 адам);

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту (жыл сайын 10 адам).

2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету:

әлеуметтік жұмыс орындарына (2013 жылы 15 адам, 2014 жылы 30 адам, 2015 жылы 35 адам);

жастар практикасы (2013 жылы 20 адам, 2014 жылы 30 адам, 2015 жылы 35 адам).

2. Форт-Шевченко қаласының жастарын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау

1) Форт-Шевченко қаласының жастарының ішінен кемінде 5 адамды жыл сайын Ақтау қаласындағы тренинг орталығында Халықаралық стандарттарға сәйкес оқу бағдарламалары бойынша кәсіптік оқыту үшін қаражат бөлу;
IV. Форт-Шевченко қаласы тұрғындарының оңтайлы санын есепке ала отырып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Іс-шаралар:

1. Форт-Шевченко қаласы тұрғындарының оңтайлы санын есепке ала отырып, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын (сумен, жылумен, электрмен, газбен қамту желілерін, канализация, жол, телекоммуникация, экология) қайта құрылымдау және (немесе) жаңадан салу:

тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын қайта құрылымдау және (немесе) салу;

2. Форт-Шевченко қаласын жайластырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу:

қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу;

қаланың көшелерін абаттандыру.

3. зұлматтарға, табиғи апатқа қарсы тұру инфрақұрылымдарын дамыту:

ғимараттар мен құрылыстарды сейсмологиялық күшейту;

қаланың шаруашылық және өртке қарсы сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу;

Суда құтқару станциясын құру.



Мақсатты индикаторлар

2015 жылға қарай:

1. Форт-Шевченко қаласының өндірістік өнім көлемінің

құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 1,0 есеге артып, 2020 жылға қарай кемінде 1,4пайыз құрайды;

Өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыспен қамту 1,1

есеге артады;

Форт-Шевченко қаласында 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын ашу;

Шикі мұнай өндіруді 2015 жылы 2010 жылы

өндірілген 1,350 млн.тоннадан 3,386 млн. тоннаға дейін арттыру;

Маңғыстау облысына 2010 жылмен

салыстырғанда жүк тасымалдау көлемін 1,2 есеге арттыру;

Форт-Шевченко қаласының болжанатын халық саны – 10,0 адам (2011 жылы 5,0 адам)


Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Форт-Шевченко қаласын дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын қаржыландыру көлемі 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде 10 512, 9 млн. теңгені құрайды, соның ішінде:

РБ – 6 595,7 млн. теңге;

ЖБ – 2 577, 2 млн. теңге;

Басқалары – 1 340,0 млн. теңге.




1. Форт-Шевченко қаласын тұрақты жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру


1) Экономикалық әлеуетті және келешегі бар жаңа мамандануды анықтау


1.1 Қаланың жалпы сипаттамасы

Түпқараған ауданы облыстың солтүстік-батысында Каспий теңізінің жағасында Бозашы түбегінде орналасқан. Солтүстік шығысы мен шығысында Маңғыстау ауданымен, оңтүстігінде Қарақия және Мұнайлы аудандарымен шектеседі. Аудан 1982 жылы құрылған. Ауданның аумағы 8076,9 шаршы км (Мұнайлы ауданы құрылғаннан кейін) немесе бүкіл облыс аумағының 7,6%-ын құрайды. Халық саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 22200 адам (стат. деректер) немесе облыстың барлық халықының 4,0% құрайды. Халық саны мен жер аумағының көлемі жағынан аудан облыста соңғы орында тұр. 2011 жылдан бері ауданға көшіп келгендер саны 582 адам болды, бұл халық санының жалпы өсімінің 3.8 % құрады.

1963 жылдан аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы ( халық саны 5100 адам - 23,0%) . Аудан тұрғындарының басым бөлігі ауылда тұрады, қала халқы облыс деңгеймен салыстырғанда 2% - ды құрайды. 1 шаршы км шаққанда 1,6 адамнан келеді, облыс көрсеткішінен төмен тұр. Облыстық орталығы Ақтау қаласынан 130 км қашықтықта орналасқан.
Кен өндіру өндірісі қарқынды дамыған сала болып табылады,негізгі номенклатурасы түйіршік, қиыршық тас, түйіршіктелген тас 96,3 % құрайды. Қалғаны ізбес тасы мен мәрмәрға тиесілі (Таушық және Аташ кенорындарында өндіріледі). 2011 жылғы кен өндіру және карьерлерді қазу физикалық өлшеу көлемі 421,8 мың куб. м. құрады. 2009 жылы аудан бүкіл облыста өндірілген өнімнің 77,6% өндірді. Жылдық орташа көрсеткіш 257,5 % құрады. 2011 жылы ауданның кәсіпорындары 4,3 млн.тонна шикі мұнай өндірді. /2010ж сәйкес кезеңіне 101,8%/ яғни бұл облыс деңгейінің 23,9% құрады. Табтғи газ өндіру есепті кезеңде 22,9% көбейіп және 214,8% млн.текше метр құрады /облыс деңгейінен 8,0%/.

Өндірумен айналысатын ірі компаниялар: «Түпқараған» ЖШС еншілес кәсіпорны және Каспиймұнайқұрылыс кәсіпорнының «Азимут» ЖШС. «АТК» ЖШС « Маңғышлақ-3» карьерінде ізбес тас, тас пен шағыл құм аралас қоспа өндіреді. Аталған кәсіпорындарда 298 адам жұмыс істейді. 2009 жылы өндіру секторындағы үлесі 67 % болды. Ол 2001 жылмен салыстырғанда 4,65 есе өсіп, ҚМЖ-мен 68 адам айналысты. Жасалған жұмыстардың көлемі 2009 жылы 267 млн тг құрады. Кәсіпорындардың қызметі 2001 жылдан бастап, отандық бизнестің қалыптасуы мен Каспий шельфінің игерілуіне қатысатын отандық кәсіпорындар санын арттыру бағдарламасының табысты орындала бастағандығын айқын көрсетеді.

«Түпқараған» ЖШС 1990 жылы құрылды. Қазіргі таңда бұл облыстың ең сәтті қызмет атқарып жатқан компанияларының бірі, мұнда тұрақты негізде 230 адам қызмет істейді. Өнімдерінің негізгі тұтынушылары - мұнай кен орындарын орналастырумен айналысатын компаниялар. Зауыт верфьтер құрылысын арналған блоктық-модульдік құрылымдар шығарады. ТМД аумағында бірінші болып, неміс технологиясын пайдаланатын өндірісті іске қосқаннан кейін тәулігіне 100 текше метрге дейін бетон бұйымдарын шығаруға қол жеткізді. Жоба шеңберінде жаңа зауыт өнімдерін сатуға тұтынушы компаниялармен келісімдері бар «Каспий Темір Бетон» ЖШС басқарушы компаниясы құрылды.

Фирма екі өндірістік бірлікке: құрылыс жұмыстарымен айналысатын Түпқараған ЖШС еншілес кәсіпорыны мен темірбетонды бұйымдар және тауарлық бетон шығаратын «Каспий Темір Бетон» ЖШС-іне бөлінеді. Екі кәсіпорын да Форт-Шевченко қаласындағы «Түпқараған» ЖШС-інің өндірістік базасында орналасқан. 2001 жылдан бері «Аджип ККО» компаниясының Баутин теңіз операцияларына қолдау көрсету базасында бас мердігерлердің бірі болып табылады. Кәсіпорын Түпқараған ауданындағы жұмыс көзімен қамтамасыз етушілердің бірі болып табылады. Шаруашылық қызмет көрсету блогы бар жатақхана және 50 орындық асүй қарастырылған әкімшілік тұрғынүй ғимараты құрылысы да жүргізілуде. «Түпқараған» ЖШС жұмыскерлерінің орташа жалақысы 01.01.2010 жылға 80000 теңге болды. Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі шамамен 4 347 826 теңгені құрайды.


1.2 Әлеуметтік-демографиялық ахуал


Форт-Шевченко қаласының тұрғындарының саны 2006-2011 жылдары 1,0 есе және 2012 жылғы 1 қаңтарға 5,0 мың адамды құрады.

Қаланың халық санының динамикасы мынадай: 2000 жылы – 3,9 мың адам, 2005 ж. – 4,2 адам, 2010 ж. – 5,0 мың адам. Бала туу көрсеткіші – жылына шамамен 465 бала, сонымен қатар, облыс халқының аумақтар бойынша көші-қонының оңды нәтижесіне орай халықтың көбеюі байқалады.

2006-2010 жылдардағы кезеңде туу көрсеткішінің тұрақты өсуі байқалды: 2006 жылы туылғандар саны 483 адамды, 2010 жылы 540 адамды құрады. Өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2006 жылғы 1,0 пайыздан 2010 жылғы 1,06 пайызға дейін азайды. 2006 жылы халық санының өсуі 3,8 мың адамды, 2011 жылы 5,0 мың адамды құрады.

Қалада көші-қон жағдайы көшіп кеткендер санынан келгендер санының басым болуымен сипатталады. 2006-2011 жылдардағы кезеңде көші-қон сальдосы 76 адамды құрады.


1.3 Еңбек нарығы
Қаланың халық санының өсуімен, экономикалық белсенді халық саны өсті, 2006 жылы – 0,9 мың адам, 2010 жылы – 1,7 мың адам. Экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 2006 жылы 0,2 мың адам және 2010 жылы 0,4 мың адам, өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны тиісінше –0,4 тен және 0,7 мың адамға өсті.

Халықтың жұмыссыздар саны 2005 жылы 132 адамнан 2010 жылы 403 адамға артты. Осы ретте, тіркелген жұмыссыздар деңгейі 2010 жылы – 10,6 пайыз, облыс бойынша орташа – 0,5 пайыз (2011 жылы– 8,5 пайыз, облыс орташа бойынша - 0,3 пайыз) құрады.

Қала құрайтын кәсіпорынның негізгі қызметінің персонал саны соңғы 10 жылда 2000 жылы 180 адамнан 2011 жылы 371 адамға артты.

Халықтың басым көпшілігі ТОО «Түпқараған»- ның, ТОО «АТК» өндірістерінде, сервистік қызмет көрсету кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған. Индустриалдық карта, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламары, сонымен қатар «зәкірлік» жобалар статусы бар жобалар аясында инвестициялық жобаларды іске асыруды назарға ала отырып (КДЖ паспортын қарау), Форт-Шевченко қаласының халқын жұмыспен қамту болжануда (1 кесте).

Осы болжам Кешенді даму жоспарын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қайта құрылымдауда қажеттілікті ескереді.

1-кесте



Форт-Шевченко қаласының жұмыспен қамтылған халық санын болжамдау


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны

адам

9200

9188

9818

9918

10018

10118

Оның ішінде: қалада




1842

1980

2118

2255

2390

2525

Өнеркәсіп

адам

290

310

355

386

398

470

Шағын және орта бизнес

адам



















Қала құрайтын кәсіпорындар

адам

120

171

193

198

253

310

Өздігімен жұмыспен қамтылғандар

адам

330

569

726

812

832

850


1.4 Кадр даярлау
2012 жылдың 1 наурызына Форт-Шевченко қаласында техникалық және кәсіби білім беретін 1 оқу орны бар: 1 мемлекеттік колледж. Бұларда күндізгі бөлімде 314 адам оқиды. Мемлекеттік оқу орындары: Маңғыстау облыстық политехникалық колледжі Форт-Шевченко филиалы Баутин поселкесінде.

2010-2011 оқу жылында мұнда оқитындар саны – 300, бітірушілер – 70, оның 84 пайызы жұмысқа орналастырылды, 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 314, ал бітірушілер 71 адам болды. Бұл оқу орнын 2014 жылы 80, ал 2015 жылы 82 адам бітірмек.

Жаңа жобалар бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты кеңейту, Ақтау тренинг орталығы базасында ірі өндірістік кәсіпорындардың оқыту орталығында мамандарды даярлауды ұйымдастыру, Форт-Шевченко қаласындағы мұнай және газ колледжiнің қосымша жаңа ғимаратын салу жолымен қайта жарақтандыру арқылы материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында өз бетімен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға қолдау көрсету жоспарлануда.

2-кесте

Қаланың өз бетімен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарын оқыту

адам


Атауы

2013 год

2014 год

2015 год

Даярлау (адам)

29

29

29

Қайта даярлау (адам)

15

15

15

Біліктілігін арттыру (адам)

10

10

10

Өз бетімен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды жұмысқа орналасуға қолдау көрсету

Әлеуметтік жұмыс орындары (адам)

58

58

58

Жастар практикасы (адам)

33

33

33


1.5 Әлеуметтік инфрақұрылым
Қалада 3 мемлекеттік медициналық мекеме бар, олар: орталық қалалық аурухана /балалар, инфекциялық/ (60 төсектік), қалалық Жедел жәрдем бөлімшесі, қалалық туберкулезге қарсы күрес ауруханасы (30 төсектік).

Туберкулезге қарсы күрес ауруханасы пайдалануға берілгеннен кейін койкалық және дәрігерлік қамту көрсеткіштерінің күрт төмендеп келе жатқаны байқалады. Койкалық қамтамасыз ету 2010 жылы 10000 тұрғынға шаққанда 74,4 құрады. Негізгі мамандармен қамтамасыз ету 10000 тұрғынға шаққанда 2010 жылы 37,3. 2011 жылы жаңа босанған ана өлімі тіркелген жоқ. Бала өлімінің деңгейі 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 17,2 немесе 2010 жылғы деңгейге 86,8 пайыз құрады. Туберкулезбен ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда 106,7 құрады (2010 жылғы деңгейге (77,4 пайыз).

Проблемалық мәселелер – жоғары мамандандырылған медицина мамандарының жетіспеушілігі болып отыр.

Жоспарда мына іс-шаралар қарастырылды: орталық қалалық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу.

2012 жылғы 1 қаңтарға 3 мектепке дейінгі мемлекеттік ұйым, 1 жалпы білім беретін мектеп, 1 «Дарын» қосымша оқу орталығы жұмыс істеуде.

Соңғы жылдары санының көбейіп келе жатқанына қарамастан, мектеп жасына дейінгі балаларды қамту (1 жастан 6 жасқа дейін) деңгейі төмен күйінде қалып отыр: мектепке дейін білім беру және тәрбие беру 2010 жылы – 55,9 пайыз ( 2011 жылы – 75,9 пайыз). Негізгі себеп – туу қарқынының өсуі.

Бұл оқушы орындарымен қамтамасыз етуге де қатысты: қаланың орта білім беретін 1 мектебінде сабақ 3 ауысыммен оқытылады. Қала бойынша оқушылар орынының жетіспеушілігі 300 орынды құрайды.

Кешенді жоспар шегінде осы жетіспеушілікті жою үшін 550 оқушы орнына арналған 1 мектеп құрылысы қарастырылған: өнер және кәсіпке бағдарлау мектебі /2013-2014жж/, 140 орынды балабақша.

Қалада спорт кешені, 4 спорт алаңы және білім беру мекемесінде 1 зал жұмыс істеуде.

Кешенді жоспар шегінде Форт-Шевченко қаласында 500 орынды мәдениет үйі қалалық кітапхана құрылысын салу қарастырылған (2013-2020 жыл).

Форт-Шевченко қаласында және оған іргелес жатқан селоларда 3 мәдениет ұйымдары жұмыс істеуде. Форт-Шевченко қаласында мәдениет үйі, қалалық тарихи-өлкетану мұражайы, орталық қалалық кітапхана жұмыс істеуде.


1.6 Инженерлік инфрақұрылым
Қалада қалаішілік жолдар торабы, өнеркәсіп аймағының жолдары және қаланы поселкелермен, өнеркәсіп аймағымен байланыстыратын жолдар бар.

Қала жолының жалпы қашықтығы 72 км, оның шамамен 70 пайызы өте нашар жағдайда.


1.6.1 Жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау

р/с №


жыл

Инженерлік инфрақұрылымның тозу дәрежесі, пайызбен

Электрмен жабдықтау

Жылумен қамту

Газбен қамту

Сумен қамту

Су бұрғыш

1

2000

30

50

50

70

0

2

2005

32

75

68

59

0

3

2010

48

10

40

40

0

Бағдарлама шеңберінде Кетік-Форт-Шевченко су жүйесінің 86,8 км құбырлар құрылысын жүргізу, су жинағыштар салу, су тұшыту жүйесін жасау қаралған. 2009 жылы құрылыстың І кезеңі аяқталды, Форт-Шевченкоге дейін келетін су құбыры мен канализация жүйесі салынды, сондай-ақ қолданыстағы жүйе мен сумен қамту нысандары қайтадан жөнделді. Қазір ІІ кезең жасалу үстінде, Форт-Шевченко қаласының су жинау құрылғыларының құрылысы жүргізілуде, поселкеішілік су құбыры салынып, каназизация тазарту жүйесі, су сақтағыштар істелуде.

2010 жылы Баутин поселкесінің ауыз су құбыры мен тұрмыстық қалдықтар канализациясы жасалды. Осы жылы Кетік су көзінен су құбыры тартылды. Форт-Шевченко қаласының ауыз су құбыры мен канализация жүйесінің ЖСҚ әзірленді. 2013-2014 жылдарда аудан орталығында су тұшыту зауытын салу жоспарланып отыр.

Су құбыры желілерінің барлығы коммуналдық меншікте.

Су құбырларымен жабдықталған қалалық тұрғын үйдің жалпы ауданының үлес салмағы 71,5 пайыз құрады (2010 жыл), канализациямен – 69,7 пайыз, жылумен – 65,9 пайыз, ванналармен (душтар) – 69 пайыз, ыстық сумен қамту – 69,2 пайыз, газбен қамту – 96,4 пайыз құрады.

Су құбырларымен жабдықталған ауылдық тұрғын үйдің жалпы ауданының үлес салмағы 1,0 пайыз құрады (2010 жыл), канализациямен – 1,0 пайыз, жылумен – 4,9 пайыз, ванналармен (душтармен) – 0 пайыз, ыстық сумен қамту – 0 пайыз, газбен қамту– 77,9 пайыз құрайды.

Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту белгіленген нормативтен шамамен 50 пайыз құрайды. Ауыз судың қымбатшылығынан және жетіспеушілігінен ауыз су тек шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Сумен қамту басым проблемалардың бірі болып табылады.

Кешенді жоспар аясында құдықтарды барлау және бұрғылауды жүзеге асыру, құрылыс ғимараттарының су құбырларын қайта құрылымдау, қалалық және ауылдық елді мекендердегі жергілікті су құбырларының желілерін жаңарту, сумен қамту жүйелерінің құрылысын аяқтау жөнінде іс-шаралар қарастырылды.




1.6.2 Электрмен жабдықтау
Қаланы электрмен қамтуды «Түпқараған электр жүйесі» МКК мен АҚ «МРЭК» жүзеге асырады.

Кешенді жоспар аясында бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін қайта құрылымдауды жүзеге асыру іс-шаралары және қаланың жаңа желілердің құрылысы көздестірілген.




1.6.3 Газбен жабдықтау
Қаланы және кенттерді газбен жабдықтауды бірыңғай оператор – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жүзеге асырады.


1.6.4 Тұрғын үй қорының жағдайы
Тұрғын салу көлемінің 2000-2010 жылдары 6,4 есе өсуіне қарамастан (2000 ж. 1,3 мың шаршы метрден 2010 жылы 20,6 мың шаршы метр). Форт-Шевченко қаласының жалпы тұрғын үй қоры 1883,8 мың шаршы метр. Мұнда негізгі үлес– 96 пайыз жекеменшіктің үлесіне. Мемлекеттік тұрғын үй қоры 1 пайыз. Негізінен 1-қатарлы кірпіш үйлер.
3-кесте

Форт-Шевченко қаласының тұрғын үй қорының негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштер

өлшем

01.01.2012

1

Тұрғын үйлер саны, оның ішінде:

үй

56

2

Көппәтерлі үйлер

үй

8

3

қаланың тұрғын үй қорының жалпы көлемі

мың. ш. м

1883,8

4

Жеке тұрғын үй қорының жалпы көлемі

мың. ш. м

91,13

5

Бос тұрған үйлер

мың. кв. м

-

6

Жайлылық деңгейі:

пайыз







- орталық жылу

пайыз

30 пайыз




- сумен қамту

пайыз

80 пайыз




- кәріз

пайыз

30 пайыз




- ыстық сумен қамту

пайыз

30 пайыз


2) Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау
Қала бюджетінің кірісі 2011 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 3,1 есе артты. Оның қомақты үлесі қаланың өз табысы есебінен қалыптасуда – 2006 жылы 67,12 пайыз, ал 2011 жылы – 32,88 пайыз.
4-кесте

2006 – 2011жылдардағы жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысы,

млн. теңге

Кіріс пен шығыс

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

жоспар

қаңтар-қазан

Кіріс, барлығы

2593,2

3109,9

3320,2

4765,0

5354,7

6272,4

4115,8

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік кіріс

1638,3

1792,6

2240,7

3577,8

3678,7

4167,2

4121,4

обл. бюджеттен трансферт

531,0

904,8

998,5

1103,9

1566,3

2082,7

1072,6

бюджеттің жалпы кірісіндегі өзіндік кірістің үлесі, %

63,2

57,6

67,5

75,0

68,7

66,4

100,1

Шығыс, барлығы

2802,2

2843,1

3468,2

4101,6

5583,7

6650,7

4156,7

Білім беру

434,5

476,2

1045,0

1230,1

1518,3

2198,7

1643,9

Әлеуметтік көмек

58,3

65,5

90,2

88,0

108,8

133,9

82,7

Мәдениет, спорт

58,9

59,2

73,4

99,9

101,0

116,5

87,6

Тұрғын үй коммун шаруашылық

772,2

338,3

1113,8

1679,9

1620,3

1573,4

900,8

Көлік және коммуникация

28,7

136,9

133,7

62,3

78,1

119,2

89,6

Басқалары.:

31,0

12,3

20,5

27,0

14,4

49,3

15,8

обл. бюджетке алым

1267,5

1017,2

739,8

740,0

1547,2



2035,5

1204,2

Дефицит/

профицит


-239,9

259,2

-162,5

-26,2

-247,2

-477,6

-40,0

Форт-Шевченко қаласының SWOT АНАЛИЗІ




Күшті жақтары

Осал тұстары

көптеген салалық және өңірлік бағдарламалары жүзеге асыру;

тұрғындар санының, соның ішінде, жас, келешегі мол, тұрғындар санының тұрақты өсуі;

мұнай мен газдың ұзақ мерзімді (30 жылдай) қорының болуы;

территориялық орналасу (аймақтың географиялық орталығы);

шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуі.


Инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Өнеркәсіп кәсіпорындарының общая техникалық және технологиялық дамуының кемдігі;

Қаланың өңдеуші өнеркәсібінің көбінде шикізат базасының әлсіздігі;

қала тұрғындары санының көптігі, тұрғындары табыстарының арасындағы алшақтық, ашылмаған жұмыссыздықтың көптігі;

әлеуметтік және экономикалық мәселелердің мұнай өндіру саласына шоғырлануы;

агроөнеркәсіп кешенін дамытуға табиғи-климаттық жағдайдың қолайсыздығы, сумен қамтудың төмендігі, суландыру ресурстарының жетіспеуі, тасымал судың қымбаттығы;

жеке тұрғын үй салуға инженерлік және көліктік инфрақұрылым жүргізілген жер учаскелерінің жетіспеуі.


Мүмкіндіктері

Тәуекел

ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты инвестициялық әлеует;

өңірдің ірі инвестициялық жобалары мен мұнай кәсіпорындары саласы үшін сервистік қызмет көрсетуге бағытталған шағын және орта бизнестің дамуы, жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері;

мұнай мен газ өндіру, басқа да пайдалы қазбалар үшін кенорындарында геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу.


тұрғындардың өзін-өзі азықпен қамту деңгейінің төмендігіне байланысты азық-түлік қауіпсіздігінің сақталмауы, бұл ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеріп жібереді;

жұмыссыздықтың артуы, қылмыстық ахуалдың және әлеуметтік ширығудың күшеюі;

мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымсыздығы (кезекте– 950 бала);

экологиялық қауіп – улы қалдықтарды көму мен залалсыздандыру полигоның болмауы.




Форт-Шевченко қаласының әлеуметтік-жағдайы талдау жасаудың нәтижелері мен қаржылық жағдайын диагностикалау қорытындылары
Неғұрлым алаңдатарлық тәуекел қалақұрушы кәсіпорындардың коммерциялық тәуекелі мен инфрақұрылымдардың тәуекелі (инфрақұрылым элементтерінің тозуы).

Сөйтіп, 2012–2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін бірінші кезектегі шара шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамтылған тұрғындардың неғұрлым көп бөлігін қолдау үшін кадрлар даярлау және қалада инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру шаралары болмақ.

Форт-Шевченко қаласының КДЖ жүзеге асыру бәсекеге қабілеттілікті көтереді, экономика құрылымдарын әртараптандыруға, кәсіпкерлікті, іскерлік белсенділікті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарта түседі және ұзақ мерзімді келешекте қаланың орнықты дамуын қамтамасыз етеді.
3) Моноқаланың бас жоспарына түзету енгізу
Бала туу деңгейінің өсуі мен ТМД елдерінен жергілікті ұлт өкілдерінің көптеп көшіп келуіне байланысты 2015 жылы Форт-Шевченко қаласының тұрғындарының саны 10 мың адамға жетеді деп болжам жасалып отыр.

Моноқаладағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету бойынша шаралар қолдану (шағын кредиттеу, кәсіпкерлікке оқыту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту).

Бизнестiң жол картасы – 2020, Еңбек өнiмдiлiгi – 2020 және өзге де осындай бағдарламаларды iске асыру аясында Форт-Шевченко қаласындағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және бизнес ахуалды жақсарту бойынша шаралар кешенi қабылдануда, оның ішінде:

Форт-Шевченко қаласының кәсіпкерлері үшін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша жартыжылдықта бір рет Ашық есік күнін өткізу жоспарлануда;



Орташа жақындықтағы келешекте аймақтарды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі проблемаларының, тосқауыл болушы факторларының, бәсекеге қабілетті артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

2004-2008жж бойы экономикалық өсімнің позитивті үрдістері негізінен шикізат өндіретін аудан экономикасының құрылымында түпкілікті өзгерістерге әкелген жоқ. Ауданның экономикалық кеңістігінің сапасы негізінен Форт -Шевченко қаласы мен оған жапсарлас жатқан аудандарда инвестициялық жобаларды іске асыру негізінде жақсаруда. Жалпы алғанда аймақтың кеңістіктік-құрылымдық дамуының теңсіздігі азаймай отыр. Келесі салаларда өң өзгерістер байқалады: құрылыс секторы, денсаулық сақтау, білім беру, жергілікті биліктің аймақтың ірі корпорацияларымен әлеуметтік әріптестігі дамуда.



Аймақ дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы негізгі проблемаларды, тосқауыл болатын факторларды, бәсекеге қабілетті артықшылықтар мен мүмкіндіктерді анықтаған SWOT-талдауда көрінеді.

Күшті жақтары

  1. Түпқараған ауданы пайдалы қазбаларға бай, олардың негізгілері болып саналатындар: мұнай – Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен орындары, 350 млн. тоннадан астам, қоңыр көмір – сол кезеңде бекітілген қор 34,7 млн.тоннаны құрады, фосфориттер, ас тұзы, минералды сулар, марганец.

  2. Ауданда маңызды ауыл шаруашылық әлеуеті де бар. Өзге аудандармен салыстырғанда сумен қамтамасыз етілуі жақсы, суға жақындығы аудан үшін проблемасы көп өсімдік шаруашылығы сияқты саланы дамытуға алғышарттар бола алады. Жиналған өнім көлемі бойынша аудан бірінші орынға ие болды. Жан басына шаққандағы мал саны бойынша алдыңғы қатарда. Балық шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдайлар бар.

  3. Облыста қолайлы бизнес-орта құрылуда, мұнай операцияларын қолдау жөніндегі жағажай инфрақұрылымын дамыту бойынша ірі жобаларды дамытудың инвестициялық климаты жақсаруда, шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша микрокредиттік ұйымдардың қызметі белсенді жүргізілуде.

  4. Аудан өзгелердің арасында жеке тұрғын үйді іске қосу бойынша алдыңғы қатарда тұр. 2006-2008 жылдарда бұл тартымды инвестициялық бағыттардың бірі. Құрылыс материалдарын шығаруда оң өзгерістер болды – бетон өндіруші зауыттың қуаттылығы өсірілді.

  5. Мұнайгаз машиналарын жасауды, өңдеу өнеркәсіптерінің бірқатар салаларын дамытуға оң үрдіс бар.

  6. Ауданның географиялық орналасуы, болашақта Маңғышлақ – Баутино темір жол бұтағының салынуы транзиттік әлеуеттің дамуына қолайлы.

  7. Ауданның тарихи-археологиялық, жағажай туризмін дамытуға туристік-рекреациялық әлеуеті бар.

  8. Білікті мамандарды тартуға ішкі көші-қон деңгейінің жоғарылығы тиімді әсер етпек. .

  9. Жеңіл және тағам өнеркәсібі салалары үшін бай шикізат базасы бар.

Әлсіз жақтары

  1. Континенталды, құрғақ климат. Аймақтың көпшілігі қоңыр топырақты бұталар өскен учаскелерден, жусанды-тұзды шөлден тұрады; жердің бетін сор басқан, өсімдігі сирек кездесетін құмды жағалау, мұның бәрі түптеп келгенде ауыл шаруашылығын жүргізуге өте қолайсыз.

  2. Жолдардың дамымауы мен автокөлік жолдарының апатты жағдайда болуы, инфрақұрылымның өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі обьектілері өнімнің өзіндік құнын өсіріп, оны денсаулық үшін сапасын төмендетіп, тозған жабдықтармен жұмыс істеп тұр. Дамымаған инфрақұрылым ең алдымен ауыл шаруашылығының өзге салаларының дамуына тосқауыл болады. Елді мекендердің республикалық жол мен жергілікті маңызы бар жолдардан тым қашықтығы.

  3. Болашақта даму кезінде аудан экономикасы еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне кездеседі. Ауданда облыстың білікті еңбек ресурстарының жетіспеушілігі байқалады және біліктілігі төмен оралмандардың көп келуі есебінен әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі туындайды.

  4. Экологиялық проблемалардың күрделенуі: судың, топырақтың өнеркәсіп қалдықтарымен, тұрмыстық қалдықтармен ластануы. Жануарлар әлемінің азаюы. Браконьерліктің көбеюі.

  5. Ауылды жерлерде 14,4% дейін жететін жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы. Өнеркәсіптік сектор мен құрылыста жұмыс істейтіндер табыстарымен салыстырғанда ауылдық жерлерде кедейлік деңгейінің әлі де төмендігі.


Қауіптер

  1. Кен орындарында экологиялық жағдайдың нашарлауы. Техногендік факторлардың әсерімен жер және табиғи ресурстардың нашарлауы.

  2. Әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігімен, судың жетіспеуімен байланысты халықтың ауданға қайта көшу деңгейінің төмендеуі.

  3. Білікті кадрлардың болмауы салдарынан еңбек өнімділігінің төмендеуі.

  4. Әсіресе ауылды жерлерде халықтың кедейлік деңгейінің жоғары болуы, облыс бойынша халықтың 32,4% табысы (тұтыну бойынша) өмір сүру деңгейінен төмен.

  5. «Солтүстік-Оңтүстік» МТК мен ТРАСЕКА қазақстандық учаскелерінің баяу дамуы салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттікті жоғалту.

  6. Облыстың көліктік-коммуникациялық дамуының жеткіліксіздігі салдарынан аймақтың инувестициялық тартымдылығының төмендеуі.


Мүмкіндіктер

  1. Қолда бар табиғи-шикізаттық ресурстар базасында аймақтық-кеңістіктік дамуда көрсетілген келесі кластерлерді кешенді дамыту мүмкіндігі.

  2. Транспорт және логистика, туризм және жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, машина жасау, құрылыс индустриясы салаларында жүйеқұрушы жобаларды іске асыру.

  3. Қала мен ауылдарды урбанизациялау перспективалары.

  4. Халық санының өсуі мен облысқа жоғары білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу.

  5. Экономиканың басым және ұсақ салаларында жаңа өндірістерді дамыту арқылы жұмыспен қамту деңгейін өсіру.

  6. Транзиттік жүк және жолаушы тасымалының белсенді жүргізілуінен аймақ табысының өсуі.

Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет