Fractals and their computer modeling Серия «Математика». №3(75)/2014



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#71091
  1   2   3
Байланысты:
Сланбекова Жер 2014-75-3
Арнайы пәндер олимпиадасы, Арнайы пәндер олимпиадасы, Сланбекова Жер 2014-75-3, CSS, 77 сабақ. Лоренц түрлендірулері, баяндама ГДА, 13-апта 1 АБ СӨЖ


Fractals and their computer modeling  

Серия «Математика». № 3(75)/2014 

131 

References 



1  IT practical training: Teaching aid for university students / A.V.Mogilyov, N.I.Pak, Ye.K.Henner / Editorship 

of Ye.K.Henner, Moscow: Publ. centre «Akademiya», 2002, 608 p. 

2  Kultin N.B. C/C ++ with tasks and examples, Saint Petersburg: BHV-Petersburg, 2005, 288 p. 

 

 



 

 

 



ƏОЖ 004.738.5(574) 

А.Е.Сланбекова, Ш.К.Каменова, А.Б.Келдібекова 



Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: SlanbekovaAE@mail.ru) 

Жер учаскесін есепке алуды автоматтандыру 

Мақалада Microsoft Office пакетінің Access МҚБЖ-сымен жəне Microfoft Visual Studio 2010 пакетінің 

С# бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері, функциялары, əдістері, негізгі элементтері жайлы түсініктер 

қарастырылды. С# бағдарламалау тілінің ADO.NET технологиясы қолданып, бағдарлама интерфейсі 

жəне  деректер  қорының  негізгі  атқаратын  функциялары  жасалды.  Бұл  модельденген  деректер 

қорында  мəліметтер  жинағы  кесте  түрінде  көрсетілді.  Деректер  қорында  ізденістер,  сұраныстар, 

деректерді  енгізу,  жаңарту,  керексіз  деректерді  жою  сияқты  көптеген  қажетті  операцияларды 

орындауға мүмкіндік жасалды. 



Кілт сөздер: кортеж, тег, атрибут, каркас, конструктор, код, модель, шаблон, интерфейс, утилиттер, 

платформа. 

 

Жаппай  компьютерлендіру  жаңа  ақпараттық  технологияларды  оқыту  саласында  бизнесте, 



өндірісте,  ғылыми  зерттеуде  жəне  əлеуметтік  өмірде  кеңінен  қолданудың,  дамудың  жаңа  деңгейін 

жасайды. 

Компьютерлердің пайда болуы жəне дамуы біздің заманның ең маңызды үрейі болып табылады. 

Компьютерлердің  бірінші  үлгілерінің  пайда  болу  сəтінен  бастап 25 жыл  өтті,  бірақ  қазір  оларсыз 

көптеген  адам  өміріндегі  өнеркəсіп  аймақтарында  жұмыс  істеу  мүмкін  емес,  олар:  экономика, 

басқарма,  ғылым,  инженерлік  жұмыс,  білім,  мəдениет  жəне  тағы  басқа  салалар.  Компьютерлерге 

қызығушылық  ылғи  да  өсе  береді,  ал  оларды  пайдаланушылардың  саны  көбейіп  жатыр. 

Компьютерлерді  пайдаланушылардың  санына  жаңадан  үйренушілер  де,  сондай-ақ  ЭЕМ-нің  басқа 

кластағы мамандары да жатады [1]. 

Елбасы «электронды жүйеге көшіп, халықтың біліктілігін көтеру керек» деп атап көрсеткендей, 

XXI ғасыр — ақпарат дəуірі. Барлық салаларда даму басталды, яғни барлық жүйе автоматтандырыла 

бастады.  Автоматтандыру  біраз  салалардың  қызметін  жеңілдетумен  қатар,  халыққа  қызмет 

көрсетудің уақытын барынша қысқартты. 

Жер  учаскелерін  есепке  ала  отырып,  автоматтандыруда  біз  жер  ресурстарын  тиімді  пайдалана 

аламыз. Кең байтақ қазақ өлкесі жер ресурстарына аса бай. Осы байлығымызды ысырап етпей тиімді 

пайдаланып келер ұрпаққа мұра етіп калдыру аса маңызды іс. 

Автоматтандыру  біраз  салалардың  қызметін  жеңілдетумен  қатар  халыққа  қызмет  көрсетудің 

уақытын  барынша  қысқартады.  Жер  учаскелерін  есепке  ала  отырып,  бос  аймақтарды  халық 

мүддесіне пайдалануға, беруге немесе елімізге аса маңызды нысандарды салуға мүмкіндік береді.  

Жер учаскелерін есепке алу өте маңызды жұмыс болып табылады. Есепке алу жер ресурстарын 

тиімді  əрі  үнемді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Жер  учаскелерін  есепке  алумен  Ғылыми  орталық 

айналысады.  Ғылыми  орталықтың  жұмысы  учаскелерді  есепке  алумен  қатар,  карталар  мен GPS 

навигаторларды жасау болып табылады. GPS навигаторлардың маңызы аса зор, жолсызда жол табуға, 

өзіңе  керекті  мекенжайға  қиындықсыз  жетуге  мүмкіндік  береді.  Кең  байтақ  Қазақстанымыздың 

географиялық  жағдайларымен  танысып,  əрбір  түкпірінде  не  бар  екенін  білу  əрқайсысымызға  өте 

қызық.  Сол  қызығушылығымызды  географиялық  картадан  ғана  біле  аламыз.  Осы  күнделікті 

қолымызға ұстап жүрген карталарды жобалауда — осы Ғылыми орталықтың жұмысы [2]. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




А.Е.Сланбекова, Ш.К.Каменова, А.Б.Келдiбекова 

132 


Вестник Карагандинского университета 

Бағдарлама  құру  кезінде Microsoft Office пакетінің Access МҚБЖ-сымен  жəне Microfoft Visual 

Studio 2010 пакетінің С# бағдарламалау тілі көмегімен жүзеге асырылды.  

Access  МҚБЖ-сымен  кестелер  құрылып,  кестелер  арасына  байланыс  орнатылып,  кестелердің 

негізгі мəліметтері енгізілді. 

С#  бағдарламалау  тілінің ADO.NET технологиясы  қолданып,  бағдарлама  интерфейсі  жəне 

деректер  қорының  негізгі  атқаратын  функциялары  жасалды.  Берілген  операциялық  жүйе  көп 

қолданылатын,  көпесепті,  көптерезелі  болып  табылады  жəне  жұмыстың  мультипроцессорлық 

режимін  қолдайды.  Жабдықтарды  аппараттық  қолдайтын  жүйе  үлкен  стандартты  сандарды 

оңайлатуға мүмкіндік бере алады.   

1975 жылы Microsoft бағдарламамен қамтамасыздандырудан дүниежүзілік атақты лидер атанды. 

Бұл  фирма  қызметтік  жəне  өздік  қолданыстар  үшін  кең  көлемді  бағдарламалық  қажеттіліктерді 

ұсынады  жəне  операциялық  технологиялардың  жаңа  жетістіктерін  жұмыста,  үйде  жəне  оқу 

орындарында қолдануға болады.  

Visual Studio 2010 C# тілі (1998–2001ж. С# тілі бойынша жұмыс істейді, 1.0 — 2002 ж.; 2.0 — 

2005 ж.; 3.0 — 2008 ж.; 4.0 — 2010 ж.) программалау тілі облысында ең ірі жаңалық болып табылады. 

Бұл  программалау  тілі XXI – ғасырда  құрылған. Microsoft қойнауында  жарыққа  шығып,  ол  өзінің 

бірінші  қадамында-ақ  күшті  қолдауға  ие  болды.  Бұл  тілді  халықаралық  қауымдастық  мойындаған. 

C# тілі жаңа тіл жəне интенсивті түрде дамып жатыр. Тілдің əрбір жаңа нұсқасында жаңа қасиеттер 

қосылып отырады. 

Visual Studio 2010 C# тілін  құрған  топтың  жетекшісі Microsoft қызметкері  Андерс  Хейлсберг. 

Ол программалаушылар  əлеміне Microsoft-ке  келмей  тұрып  белгілі  болған.  Хейлсберг  ең  атақты 

құрастыру ортасының бірі — Delphi-дің жетекші құрастырушыларының қатарында болды. Microsoft-

та ол Java – J++ тілдерінің нұсқаларын құруға қатысты. Андерс Хейлсбергтің өзі айтып кеткендей, C# 

компонентті  программалау  тілі  ретінде  құрылды,  бұл  тілдің  басты  қасиеті,  яғни,  ол  құрылған 

компонентті қайталап қолдану мүмкіндігін береді.  

Visual C#.NET(C#) тілін  оқу  басқа  объекті  бағытталған  бағдарламалау  тілін  білгенге  оңай. 

Мысалы:  бұл  бағдарламалау  тілі Delphi бағдарламалау  ортасына  ұқсайды,  бірақ  барынша 

жетілдірілген. C#.NET Frameworkпен бірге қарапайым қосымшаларды оңай құруға мүмкіндік береді, 

алайда оны түсініп білу үшін көп күш, білім керек. Жұмыстағы шаблондарды құру жобалау шеберлігі 

мен практикада аса маңызды. Қосымшаларды құру барысында қателіктерді өңдеуіштің өзі C++ пен 

Java-ны  білетін  бағдарламашыларға  қиын  емес.  Бірақ C# тілі  типтелген  объектті  бағытталған  тіл 

болып табылады [3]. 

Мəліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) əр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін 

ақпаратты  жүйенің  дамығанын  талап  етеді.  Сонда  сол  деректермен  автоматтандырылған  жинауды, 

өңдеуді  жəне  манипуляциялауды  іске  асырады.  Мəліметтер  базасы  деп  деректердің  электрондық 

сақтаушысын  айтады.  Оларға  қатынас  бір  немесе  бірнеше  компьютерлер  көмегімен  іске  асады. 

Əдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. 

Мəліметтер  базасы  ақпаратты  сақтауды  жəне  де  мəліметтерге  ыңғайлы,  тез  кіруді  қамтамасыз 

етеді. Мəліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. 

Деректер  базасындағы  ақпарат  қайшылықсыз,  артықсыз,  тұтас  болуы  керек.  Мəліметтер  базасын 

басқару  жүйесі  деректер  базасын  құруға,  толтыруға,  жаңартқанға,  жоюға  арналған  программалық 

жабдық болып табылады. 

Мəліметтер базасында жобалау кезеңдері: 

Мəліметтер базасында белгілі бір пəндік облыс (ПО) туралы ақпарат көрінеді. Пəндік облыс деп 

нақты 


зерттеу 

үшін 


қызығушылық 

білдіретін 

шынайы 

əлемнің 


бөлігін 

айтады. 


Автоматтандандырылған  ақпараттық  жүйелерде  пəндік  облыстың  көрінісі  мəліметтердің  бірнеше 

деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады.  

Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ-нің ерекшеліктеріне тəуелді болады. Əрі қарай біздер 

МББЖ-ге  деректер  базаларын  жобалауда  сұрақтарын  қарастырамыз,  құрылымдық  деректер 

модельдерін  қолдаймыз.  Модельдер  логикалық  жəне  физикалық  деңгейде  бөлек  түрінде 

қолданылатына  қарамастан,  методологиялық  көзқарастан  модельдердің  деңгейлерін  жəне  деректер 

базаларының жобалау кезеңдерінің бəрін бір белгілеуге болады. 

Деректер  базасының  даталогиялық  моделі  (ДМ).  Даталогиялық  модель  логикалық  деңгейдің 

моделі  болып  табылады,  жəне  ол  деректер  элементтерінің  логикалық  арасындағы  байланысты 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Жер учаскесін есепке...  

Серия «Математика». № 3(75)/2014 

133 

бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына да тəуелді болмайды. Осы модель ақпараттық 



біліктіліктер терминдеріне құрылады, нақты, МББЖ рұқсат етілген [4–5]. 

Бірлескен  объектілердің бір файлда сипатталуына  қарағанда,  тағы бір  тəсілі  бар,  əрбір  төменгі 

деңгейдегі  класс  тобы  объектілеріне  бөлек  өзіндік  файлдарды  атап  көрсетуге  болады.  Осы  екі 

вариант кез келген МББЖ қолдану мүмкін. Сипаттаудың басқа тəсілдері нақты жəне нақты емес ДБ 

логикалық құрылымда класс топтарының суреттеуімен байланысты класс тобын нақты суреттейді — 

жазуында  қасиеттердің  мағыналары  үшін  жолдар  белгіленуі  əр  түрлі  класс  топтарының  жалпы 

объектілерге  жəне  класс  топтарының  қасиеттің  шешіміне  жолдардың  орнына  класс  топтарына 

тəуелді  болған  тəуелді  тізімімен  бір  жол  қолданады,  оның  құрамынан  қандай  класс  тобы,  қандай 

суреттейтін  объектіге  жататыны  белгілі  болады.  ДБ  класс  топтарының  нақты  бөліктен  құрылымын 

принциптің орындалуы МББЖ-ның спецификасынан тəуелді болады. 

ДБ  логикалық  құрылымын  жобалауында  негізгі  мағынасын  пəндік  облысының  қасиеті 

иемденеді. Бірақ ақпаратты өңдеу сипаты да жұмыста шешімін қабылдауға əсерін тигізеді. Мысалы, 

жиі қолданылатын ақпаратты бірге сақтау ұсынылады, көп жағдайда бірге өңделетін жəне, керісінше, 

бірге  көп  қолданылмайтын  əр  түрлі  файлдарға  бөліктеу.  Көп  қолданылатын  ақпаратты  жəне 

информацияға жолдамалар жиілігі аз болатын əр түрлі файлдарда сақтау керек, соңғысын мұрағаттық 

файлдарға кіргізгені жақсы болар еді. 

МББЖ  дəстүрлі  бөлінеді:  типтер  бойынша  мəлімет  модельдер  реляциялық,  иерархиялық  жəне 

желілік.  Олардың  жазу  байланыстылығына  сипаттауға  негізделеді.  Олардың  терминологиялық 

айырмашылығын қарамастан, кез келген модельдің негізгі компоненттері жазу құрайтын файлдардан 

тұрады. 


Классикалық  иерархиялық  модельдерде  бір  файл  болады,  сол  файл  құрылымға  кірер  есік 

болады. Қалған файлдар өз арасында байланыста болады. Солардың əрбіреуі түбір шыңнан басқасы 

жəне  бір  нəтижелік  шын  бар  болады  (ата-ана)  жəне  кез  келген  бағынышты  шыңнан  (балалар) 

негізделеді.  Файл  «ата–ана»  жəне  тудырған  файл  жазу  арасында  қатынас 1:М  болады  (кейбір 

жағдайларда 1:1). 

Желілік  модельдерде,  егер  оған  ешқандай  шектеу  қоймаса,  ұстанымда жүйеге  кез  келген файл 

нүктелік кірер есік болады, файлдың əрбіреуі сандық бассыздық басқа файлдармен қатынаста болуы 

мүмкін жəне жазулар арасында байланысқан файлдар арасында кез келген қатынастар болуы мүмкін 

(1 : 1, 1 : М, М : М). Бірақ, шыңдығында, МББЖ-да модельге əр түрлі шектеулер қойылады. Желілік 

МББЖ əр түрлі файлдармен болуы мүмкін. Олардың ішінде файлдар екі типті болады: негізгі жəне 

тəуелді. Қандай МББЖ-де жүйелік деректерге кірер есік тек қана негізгі файлдар болады, өз арасында 

байланыстылық тек əр типті файлдар болады. 

Көптеген МББЖ-де М : М деген қатынас қолданбайды. Сондай модельдерде əрбір байланыс жұп 

файлдар арасында бөлінген түрде ауысқанда жəне əрбіреуінің ішінен бір файл осы жұпта «иеленуші» 

болып жарияланады, ал басқасы — «мүше». Жазулардың ішінде қатынас «иеленуші» жəне «мүше» 1: 

М болады. 

Иерархиялық  жəне  желілік  модель  файлдар  арасындағы  қатынас  жүйелік  деректер  құрылымы 

сипатталғанда  аңықталады  жəне  физикалық  беріледі,  əр  түрлі  көрсеткіштер  арқылы.  Реляциялық 

модельдерде  өзіндік  аталымы  қолданады,  бірақ  ол  модельдің  елеулігін  өзгертпейді.  Көп  жағдайда 

жалғыз модельдік шектеуге əр түрлі МББЖ-де əр түрлі аталымдар қолданады. Логикалық деңгейде 

элемент  көп  жағдайда  атрибут;  сонымен  қатар  ол  үшін  «бағана»  термині  қолданады, «жол»  т.б. 

Жиынтық  атрибуттардың  жиынтығы  жолды  құрайды  (синонимдік  терминдер — «қатар» «жазу», 

«кортеж»).  Жолдардың  жиынтығы  қатынасты  құрайды («таблица», «деректер  базасының  файлы»). 

«Деректер  базасы»  ұғымы  барлық  реляциялық  МББЖ  қатынастардың  көптігін  қолдануы  болмайды 

(сол сияқты ДБ жасағанда бөлінген қатынастар (файлдар) сипатталады, ол бүкіл деректер базасына 

дербес ақпараттық бірлікке ешқандай сипаттау қарастырмаған). 

Реляциялық  модельде  файлдар  арасында  байланыс  нақты  түрде  қарастырылмайды.  Олар 

динамикалық түрде деректердің өңдеу кезіндегі сəйкес жолдардың тендік мағыналарда орнатылады.  

Желілік жəне иерархиялық модельдерде жазу құрылымы кез келген болуы мүмкін. Реляциялық 

модельдерде жазу құрылымы сызықтық болуы қажет. Анықталуы бойынша, əрбір қатынастың өзіндік 

кілті  болады  атрибут  (қарапайым  кілт)  немесе  атрибуттардың  жиынтығын  (құрама  кілті) 

сəйкестіретін  кортеж.  Кейбір  жағдайларда  қатынастарда  бірнеше  мүмкін  болатын  кілттер  болады. 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



А.Е.Сланбекова, Ш.К.Каменова, А.Б.Келдiбекова 

134 


Вестник Карагандинского университета 

Өкінішке  орай,  реляциялық  МББЖ-дің  ішінен  барлығы  кілттік  концепциясын  қолданбайды,  себебі 

осы  жағдайда  көптеген  проблемалар  (көбінесе  кілттің  уникалды  болуын  тексеру  жəне  кейбір 

шектеулерін  қадағалауды  ескеру)  қолдануға  жүктеледі.  Тəуілділiгіне  қарамастан,  МББЖ  жазуда 

кілттердің сипатталуын талаптардың бар немесе жоқ болуын ескермей, деректер базасын жобалаушы 

деп  түсіну  керек,  қандай  кілт  əрбір  қатынаста  болады.  Бірнеше  мүмкін  болатын  кілттердің  ішінен 

біреуі таңдалады да бірінші кілт болып сипатталады. 

Атрибут немесе атрибуттар группасы қарастыратын қатынастарда кілт болатыны сипаттайтын, 

ал басқа қатынастарда, керісінше, кілтті саналатын сыртқы кілті болып аталады. 

Егерде  кез  келген  кесте  өзінің  құрамында  сыртқы  кілтті  ұстайтын  болса,  онда  ол  құрамына 

бірінші  кілті  ұстайтын  кестемен  логикалық  түрде  байланысқан.  Сол  қатынастың  өзіндік  белгісі 

«біреудің — көбілерге» (құрамында сыртқы кілті ұстайтын кесте осы қатынастың «көбілер» жағында 

орналасады).  Өзінше  түсініктері  бойынша  «ата-ана»–«бала»  иерархиялық  модельде  файл 

«иеленуші»–файл  «мүше»  желілік  модельдерде  жəне  байланыс  «кілт»–«сыртқы  кілт»  реляциялық 

модельдерде біртүрлі қатынасты береді — жазудың ішінде сəйкес файлдарда 1: М қатынастың болуы. 

Реляциялық  МББЖ-де  көбінде  «көзқарас» (viev)  мағынасы  қолданылады.  Ол виртуалдық  кестенi 

сипаттайды.  Бірнеше  жолдармен  бағаналардың  жалпы  мағыналар  логикалық  қосылу  нəтижесінде 

жəне  мүмкін  жолдардың  біріккендігін,  көптүрлігін  кірістіреді.  Берілген  немесе  таңдалған  шартпен 

болады.  Осы  мағына  деректер  банкінің  дəстүрлі  «сызбанұсқа»  мағынасын  кеңейтеді.  Айыру  жəне 

жалпы модельдердің əр түрлі кластардың түсінігі деректер базасының құрылымын жобалауда жалпы 

қатынасты  қолдануға  мүмкіндік  береді,  модельдердің  бір  түрден  екінші  түрге  өзгертілуі 

мүмкіндігінің,  құралдарын  қолдануға  көбінесе  тілдік  бір  модельдің  класымен  жұмыс  істеуге 

арналған. 

Visual Studio-да  жұмыс  істеуде  басқару  құралы,  бастапқы  мəтіннің  редакторы,  қолданушы 

интерфейсінің  конструкторы,  шеберлер,  компиляторлар,  жинақтауыштар,  құрал-саймандар, 

утилиттер, документация жəне жөндеушілер бар. Ол 32- жəне 64-разрядты Windows — платформасы 

үшін, сонымен қатар .NET Framework жаңа платформа үшін де қолданбалар құруға мүмкіндік береді. 

Маңызды  жетістіктің  бірі — құрастырудың  біртұтас  ортасында  əр  түрлі  тілдермен  жəне 

қолданбалардың əр түрлі типі мен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.  

Сонымен, Visual Studio-ның негізгі артықшылығына келесілерді жатқызуға болады:  

 кірістірілген редактор WISIWYG (What You See Is What You Get) («Не көрсең, соны аласың»). 

Оның  көмегімен Visual Studio орнықты HTML мазмұнды,  соның  ішінде  шрифттер  мен 

стильдерді баптауға мүмкіндік береді; 

 кодты құруға байланысты  негізгі  есептердің  автоматтандырылуы  арқасында  жазуға  арналған 

кодтың аз болуы; 

 Visual Studio-да  кодты  теру  кезінде  программалаудың  интуитивтік  стилі,  яғни  шегіністерді 

автоматты  түрде  орналастырып  қою  жəне  түстік  кодтауды  қолдану  сияқты  кодтың 

форматталуы,  яғни,  бұл  кодты  оқуды  едəуір  жақсартады  жəне  кодта  қателерді  жіберу 

мүмкіндігін азайтады; 

 Visual Studio-ның көптеген мүмкіндіктері: іздеу мен алмастыру функцияларының ыңғайлығы, 

сонымен  қатар  кодтың  блогын  уақытша  жасырып  қалатын  түсіндірмелерді  автоматты  түрде 

қосу жəне өшіру, тез жəне тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Visual Studio-да жөндеуге (debug) байланысты бірнеше құрал-саймандар бар. 

Жер учаскелерін есепке алуды автоматтандыруда деректер қоры негізінде жасалады. Ең негізгі 

макеті Microsoft Office Access 2007 ортасында моделденіп, ары қарай Microsoft Visual Studio 2010 C# 

(си шарп) тілімен байланыстырылып, тұтынушыға түсінікті тілде беріледі. Деректер қорының негізі 

кестелерден  құралады.  Кестелер  бір-бірімен  тығыз  байланысып,  əр  түрлі  сұрауларды  қамтамасыз 

етеді.  Сұраныстардың  көмегімен  өзгерістер енгізуге, сақтауға, жаңа  мəлімет  қосуға,  жоюға болады. 

Сұраныстардың түрлері көп. Ата-тегі бойынша барлық иеліктерін көруге, жер учаскесінде салынған 

нысанның  қай  фирманың  жобалағанын,  қай  құрылыс  компаниясының  салғанын,  қашан  салынып 

пайдалануға  берілгенін  күнін  көруге  болады.  Егер  субъект  жер  учаскесін  дұрыс  пайдаланбаған 

жағдайда  жер  учаскесін  заңмен  қайтарып  алып,  қандай  құжат  нөмірімен  жойылғанын  барлық  база 

бойынша  көруге  болады.  Жаңа  қоныстанушылардың  жер  учаскесіне  жасалатын  барлық  құжат 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Жер учаскесін есепке...  

Серия «Математика». № 3(75)/2014 

135 

нөмірлерін,  қандай  жолмен  пайдалануға  алғанын  жəне  қандай  мақсатта  пайдаланатындығы  толық 



көрсетіледі. Деректер қоры төмендегідей мақсатта құрылады: 

1. Берілген  өрістер  бойынша  кестелер  құру.  Оларға  тұрғындар,  жеке  меншік  жəне  мемлекет, 

жеке  есепшот,  салық  төлеуші,  өндіріс  орны  немесе  заңды  тұлғалар,  дайын  нысан,  нысан  (объект), 

жылжымайтын мүлік актісі, заңдастыру бойынша комиссияның қабылдап алу жəне жіберу актісінің 

шешімі  (мұнда  тұтынушының  жер  өлшемі  мен  комиссия  шешімі  сақталады),  сату  жəне  сатып  алу, 

аудан, зерттеу, заңды тұлғаларға қойылатын шектеу талаптары жатады. 

2. Кестелерді өзара байланыстыру. 

3. Microsoft Visual Studio2010 С# (си шарп) бағдарламалау тілінде интерфейсті жобалау. Мұнда 

бас  мəзір  құрылады.  Бас  мəзірді  ашқанда  «Кестелерді  көру», «Мəліметтер  қоры», «Баспа»  жəне 

«Анықтама» батырмалары болады. «Кестелерді көруді» таңдағанда кестелердің тізімі беріледі, өзіне 

керек  бір  кестені  таңдап, «Кестені ашу»  батырмасын  басқанда,  кесте ашылады,  бұл  терезеде  толық 

іздестіру қамтамасыз етілген.  

4. Мəліметтер  арқылы  сұраныстар  қалыптастыру.  Құрылған  кестелердің  ішінен  өзінде  бар 

берілген  мəлімет  арқылы  толық  деректер  қорынан  жекешілігін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 

Тұрғындардың аты, əкесінің аты, тіркелген акт нөмірі арқылы, қабылдау күні мен қатар жеке тұлға 

екенін  растайтын  СТН, ƏЖК  құжаттары  нөмірі арқылы,  сонымен  қатар  тұратын қала  немесе  аудан 

арқылы табуға болады.  

5. Microsoft Visual Studio2010 С# (си шарп) бағдарламалау ортасымен біріктіру.  

Бағдарламаның  интерфейсі  ең  негізгі  құрылымдық  бөлім  болып  табылады.  Бағдарламамен 

жұмыс істеудің қолайлы болуы өте маңызды. 

Пайдаланушыға  арнап  интерфейс  құру  кезінде  пайдаланушыға  түсінікті  болатындай  мəзір 

жүйелері  болуы  тиіс,  сол  жүйелер  бойынша  керекті  терезелерді  ашып  операцияларды  орындауға 

ыңғайлы  болуы  қажет.  Интерфейс  пайдаланушыға  барынша  түсінікті  түрде  жасалуы  тиіс.  Басқару 

тəсілін таңдау — қолданушының өз еркі. 

Берілген бағдарламалық өнімнің интерфейсі қолданушы интерфейсінің барлық талаптарына сай 

болуы  тиіс,  яғни жай  қолданушы  мен  компьютер  арасындағы  байланыс  болуы  қажет. Түстік гамма 

қолданушы көзіне жағымды болуы тиіс. Бағдарламаны пайдаланып отырған қолданушының жұмыс 

жасау  барысында  көздерінің  шаршамауы  интерфейстің  құрылымына  байланысты,  сондықтан 

интерфейстің беткі түсі өте ашық немесе өте күңгірт болмағаны жөн. 

Деректер  қорына  рұқсат  алу  үшін  енгізілген  пароль  қате  болған  жағдайда,  қолданушыға 

парольді енгізуге тағы да бір рет мүмкіндік беру. Егер ол мүмкіндікте парольді қате енгізсе, деректер 

қорын жауып тастау. 

Көрсетілген бағдарламада кестелері қолданушы көре алатын болған сон кестені бұзып тастаудан 

қорғау үшін, кесте режимі тек қана көру үшін болу керек. 

Кестеге  қолданушы  жаңа  мəнді  енгізген  жағдайда,  жаңа  мəн  енгізіліп  болған  сон  енгізу 

жолақтарын біртіндеп тазалау қажеттігі тумау үшін енгізіліп болған мəндерді тазарту мүмкіндігі болу 

қажет. 

Деректер қоры жұмыс істеуге арналған үшін формалардың барлығы бірдей болып рəсімделгені 

жөн. Қолданушы терезе өлшемін өзгерткен жағдайда ақпарат көрінбей қалмауы үшін, терезе өлшемін 

өзгертуіне  байланысты  іс-əрекет  қолданылуы  тиіс.  Қолданушы  кішірейтілген  терезені  қолданған 

жағдайда  ақпарат  сəйкесінше  сол  терезе  өлшеміне  ақпарат  сəйкес  болуы  тиіс.  Яғни  сол  терезе 

бойымен көрінуі қажет. Ал терезені бүкіл мониторға созылған жағдайда ақпарат бүкіл терезе бетіне 

үлкеюі тиіс. 

Енгізілетін мəліметтер типін дұрыс енгізбеген жағдайда бағдарлама жұмысы қалыпты жағдайдан 

ауыспауы үшін бағдарламада ерекше жағдайды өндеу керек. Яғни қолданушы дұрыс типті енгізген 

жағдайда хабарлама шығару немесе сол типті мəліметтер енетін батырмаға ғана əсер ету қажет. 

Деректер қорына енгізілген, өшірілген немесе түзетілген жазба туралы мəлімет шығаруы тиіс. 

Қолданушы бағдарламаны түсінбеген жағдайда бағдарламаны түсіну үшін ақпарат алатын бөлімі 

болған жөн. Ол бөлім қолданушыға түсінікті, нақты əрі ықшамды болуы тиіс. Деректер қорындағы 

кестелердегі  мəліметтерді  өшіру,  жаңарту,  енгізу  т.б  арналған  сұраныстар  мен  бағдарлама  коды 

келесі түрде жазылады.  

 

Ре



по

зи

то



ри

й К


ар

ГУ



А.Е.Сланбекова, Ш.К.Каменова, А.Б.Келдiбекова 

136 


Вестник Карагандинского университета 

Кестеден мəліметтерді өшіру үшін құрылған сұраныстар: Delete from  Тургындар 

where (Тегi Is null or Тегi ?) and ((Аты Is null or Аты  ?)  

Кестеге жазбалар қосу үшін арналған сұраныстар: Insert inti Нысан 

    (Жарамды, Жоба_фирма, Құрылыс_ком, Комиссия_саны)   values        (?, ?, ?, ?) 

Кестедегі жазбаларды іздестіру сұранысы: select      Сату_сатып_алу.* from         Сату_сатып_алу 

where (Бағасы Is null or Бағасы=?) 

Іздеу  батырмасын  басқанда,  шақырылатын  процедуралар: private void button1_Click(object 

sender, EventArgs e) 

this.салык_тTableAdapter.FillBy(this.dataSet11.Салық_т, textBox1.Text); 



this.салык_тTableAdapter.FillBy1(this.dataSet11.Салық_т, textBox2.Text); 

this.салык_тTableAdapter.FillBy2(this.dataSet11.Салық_т, Convert.ToInt32(maskedTextBox1.Text)); 

this.салык_тTableAdapter.FillBy3(this.dataSet11.Салық_т, maskedTextBox3.Text); 

Енгізу батырмасын басқанда: private void button1_Click(object sender, EventArgs e) 



this.queriesTableAdapter1.InsertQuerySalyk(textBox1.Text, textBox2. Text, Convert.ToInt32 

(maskedTextBox1.Text),maskedTextBox2.Text); 

this.салық_тTableAdapter1.Fill(dataSet1.Салық_т); 

Жаңарту батырмасын басқанда: 



private void button2_Click(object sender, EventArgs e) 

this.queriesTableAdapter1.UpdateQueryST(textBox1.Text, textBox2.Text, Convert.ToInt32(maskedTextBox1.Text), 



maskedTextBox2.Text, this.Тегі); this.салык_тTableAdapter1.Fill(dataSet1.Салық_т); 

Өшіру батырмасын басқанда: private void button3_Click(object sender, EventArgs e) 



this.queriesTableAdapter1.DeleteQuerySSal(textBox1.Text, textBox2.Text);  

this.салық_тTableAdapter1.Fill(dataSet1.Салық_т); 

Бағдарламаны іске қосу үшін WindowsFormsApplication2.exe файылын басып оның бірінші беті 



көрсетіледі. «Деректер қорына қосылу» батырмасын басканда «Бас мəзірге» өтесіз.  

 

 



1-сурет. Бастапқы бет терезе 

Бұл  жұмыста  барлық  жер  учаскелерінің  тізімі,  ауданы,  қандай  мақсатта  пайдаланып 

жатқандығы, иесінің аты-жөні, барлық лицензиялары, төлем түбіртектері мен басқа мəліметтер толық 

көрсетілген (1-сур.). 

 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Жер учаскесін есепке...  

Серия «Математика». № 3(75)/2014 

137 

 

2-сурет. Бас мəзір терезесі  



Заманауи  программалық  платформаларды  жəне  программалауды  автоматтандырудың  құрал-

жабдықтарын қолдану ақпараттық жүйенің программалық қамтамасыздандыруын құрудың ажырамас 

талабы  болып  табылады. Microsoft фирмасының .NET платформасы  көптеген  программалық  жүйе 

құрастырушыларының  тəжірибесі  шоғырланған  жаңа  құрастыру  жүйесі  болып  табылады.  Арнайы 

.NET  платформасы  үшін Microsoft фирмасы C# — толық  функционалды  объекті-бағдарланған 

программалау  тілін  құрастырып  шығарды.  Бұл  тіл C++, Java тілдерінің  ең  жақсы  сапаларын  өзіне 

алды (2-сур.). 

Қуатты  функционалдығына  қарамастан, C# тілі  қарапайым,  сенімді  жəне  қауіпсіз  тіл  болып 

табылады. C# тілін  мақсатты  түрде Windows-қолданбаларын,  сонымен  қатар Web-қолданбаларын 

құруға қолданады. 

Компилятор арқылы құрылған компоненттер өзі құжатталатын, сондай-ақ программалық кодтан 

өзге  құрамында  компонентті  сипаттайтын  метаақпарат  бар,  сондықтан  əр  түрлі  платформада 

орындалуы да мүмкін. Басқа маңызды факторлардан келесілерді атап өтсек болады: 

 Visual Studio 2010  C# .NET Framework каркасы  мен  параллель  құрылды  жəне  бірге  дамып 

жатыр, яғни толық түрде оның барлық мүмкіндіктерін ескереді; 

 Visual Studio 2010 C# толығымен объекті-бағдарланған тіл болып табылады; 

 Visual Studio 2010 C# мұрагерлік жəне əмбебаптану мүмкіндігі бар қуатты объектілік тіл болып 

 табылады; 

 Visual Studio 2010 C# C++ тілінің  мұрагері  болып  табылады.  Тілдің  жалпы  синтаксисі  жəне 

оның жалпы операторлары С++-тан C#-қа ауысуды жеңілдетеді; 

 өзінің ата-анасының негізгі қасиеттерін сақтай отырып, тіл қарапайым жəне сенімді болды; 

 операциялық  жүйеге  қондырма  болып  келген .NET Framework каркасының  арқасында, C# 

программалаушылары виртуалдық машинамен жұмыс істеудің артықшылықтарын алады; 

 .NET Framework C# -та қолданбаның алуан түрлілік типін қолдайды; 

 сенімді  жəне  тиімді  кодты  құруды  жүзеге  асыруда C#-тың  жетістігіне  əсер  ететін  маңызды 

факторлардың бірі болып табылады. 

Жер учаскелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған Мəліметтер қоры комитеттің барлық 

жұмысын бақылап, жаңа тұрғындардың үй алуы немесе жер сатып алуына байланысты мəліметтерді 

дұрыс  сақтап,  бақылау  үшін  деректер  қоры  қажет  болады.  Сол  себепті  келесі  деректер  қоры 

модельденіп жасалды. Бұл деректер қорында мəліметтер жинағы кесте түрінде көрсетіледі. Деректер 

қорында ізденістер, сұраныстар, деректерді енгізу, жаңарту, керексіз деректерді жою сияқты көптеген 

қажетті  операцияларды  орындауға  мүмкіндік  жасалды.  Жəне  осы  операцияларды  орындау  кезінде 

деректердің  дұрыс  енгізілуіне,  жойылуына,  жаңаруына  бақылау  жасалды.  Олар  процедуралар, 

функциялар көмегімен жүзеге асырылады. 

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын 

құдіретті күш тек білімге ғана тəн. Білім — қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын 

ұрпақ  пен  ұрпақты  сабақтастыратын  құрал.  Сондықтан  ұрпақтарымыз  елдің  ертеңі,  үміт  күтер 

азаматы  екенін  ескере  отырып,  тұлға  ретінде  қалыптастыру,  олардың  білім  деңгейлерінің  əлемдік 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ



А.Е.Сланбекова, Ш.К.Каменова, А.Б.Келдiбекова 

138 


Вестник Карагандинского университета 

стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тəрбиелі азамат тəрбиелеу — бүгінгі күннің 

басты талабы. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.cyberforum.ru/ado-net 

2  Евсеева О.Н., Шамшев А.Б. Работа с базами данных на языке C#. — Ульяновск, 2009. — 170 c. 

3  Standard ECMA-334. C# Language Specification — 4rd edition (June, 2006). — Р. 322. 

4  Харитонова И.Л. Microsoft Access 2000: разработка приложений. — СПб.: БХВ-Санкт-Петербург, 2000. — 819 с. 

5  Троелсен Э. Язык программирования C# 2010 и платформа .NET 4.0 = Pro C# 2010 and the .NET 4.0 Platform. — 5-е 

изд. — М.: Вильямс, 2010. — С. 1392. 

 

 



А.Е.Сланбекова, Ш.К.Каменова, А.Б.Кельдибекова 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет