Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады



Дата07.01.2020
өлшемі23,23 Kb.
#55514
Байланысты:
Тұтығу әдістері
Л дыбысы, Л дыбысы, Л дыбысы, Л дыбысы, Л дыбысы, Мусина Гульзат Нурхановна Та ырыбы «Логопедиялы саба тар, ойын
Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарқаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.

Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.

Бұлар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болады.

Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдығының бұзылуымен анықталады.

XIX ғасыр аяғында психиатор И.А.Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған орай оны “бала ауруы” деп атады.

Тұтығудың пайда болу себептері. Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:



  1. Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің байланыстырып сөйлеуі қалаптасу кезінде пайда болады. Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі.

Тұтығудың бұл түрі орталық және перифериялық нерв системасындағы сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.

  1. Ал органикалық тұтығу орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.

Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады.

Көп тараған себептерінің бірі олар үшін әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі болып табылады. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесінің шамадан тыс салмақ түсіру және сөздерді қиындықпен айтылуы қосылып сөйлеуінің тосынан тоқталуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталауына әкеп соғады. Одан балаларда әрқашан солай болуы керек деген сенімділік пайда болады. Потологиялық тітіркенгіштік жасалады, тұтығу пайда болады.

Кейбір балаларда тұтығу дыбыс айту кемшіліктерінің салдарынан болады.

Сөйлеу тез және тосыннан болғандықтан да тұтығу болуы мүмкін: бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарды кідіріп қалады да, тұтығу басталады.

Жалпы сөйлеу тілі толық жетілмеген балларды ойын айту үшін грамматикалық  сөз тіркестері мен элементарлы сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады.

Тұтығудың белгілері. Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Тырысу формасы бойынша – клоникалық, тоникалық, аралас,  таралуы бойынша – дем алу, дыбыс шығару, артикуляциялық, аралас және жиілігіне қарай сипатталады,

Тоникалық тарауда бұлшық еттердің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады. “К-іт-ап” Клоникалық тырысуда дыбыс немесе буын қайталана береді “м-м-м-мысық”.

Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар – сөйлеу кезінде  бетте, мойында, денеде, аяқ-қолда пайда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әр түрлі болып келеді: көз қысу, танауын желпілдету, басын төмен салбырату, шайқалту, саусақтарын қысу, аяқтарын соғу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру. Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұтыққан адам сөйлеуін жеңілдету үшін сөйлеуін еліктеу сөздерінен бастайды: (а-а, ну, былай, сосын, сол т.б.). Мұндай құбылыс эмболофразия деп аталады.

Тұтығуға тән белгілердің бірі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену.  Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтықпа сөйлеу кемістігінің ішінде ең күрделісі болғандықтан тексеруді жан-жақты, комплексті жүргізу қажет. Олар медициналық, логопедиялық және  психологиялық.

Медициналық тексеруді дәрігер психоневролог немесе невропотолог жүргізеді  Мұнда баланың туған кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктерді анықтайды.

Сөйлеу тілінің дамуына қосалқы әсер ететін баланың ішкі дамуында жағымсыз фактілер байқалады. Дәрігер сол сияқты тұтығудың табиғатын анықтайды. Олар функционалды және органикалық болып бөлінеді.

Логопедиялық тексеру мынадай бағытта жүргізіледі.



  1. Тұтығудың себептері мен түрін анықтау (түрі, дәрежесі, ілеспелі қимыл-қозғалыстың болуы, болмауы, логофобия, тұтығудың барысы).

  2. Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау (баяулығы, шапшаңдығы, секіріс түріндегісі).

  3. Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолымен істеуіне тиым салғаны, оң қолмен істеуге үйретуі туралы мағлұмат алуға болады.

  4. Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру.

  5. Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу: оның алғашқы сөзі қашан пайда болады, қай уақыттан бастап сөйлей бастады, одан әрі қарай дамуы қалай болды.

  6. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу.

  7. Жанұядағы қарым – қатынас сипаты.

  8. Отбасы жағдайымен танысу.

  9. Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау. Ата-анасының тұтығудың пайда болуы мен күшеюін қандай жағдаймен байланыстыратынын білу. Тырысудың формасын, орнын, жиілігін анықтау. Сөйлеу қабілетінің сақталуы.

  10. Тұтығуына баланың өз реакциясын қалай екендігін білу.

  11. Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы. Егер осы кемшіліктер табыла қалса, артикуляциялық аппаратының органдарының қозғалысы мен құрылысын қосымша тексеру қажет. Сол сияқты барлық фонемалар кемшілігі мен фонематикалық қабылдауын анықтау.

  12. Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу.

Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шарларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысында жеңіл түрде болады, бірақ жеңіл де әрең байқалатын тұтығуы бірте – бірте күшеюі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының  өзгеруіне себепкер болатын ауыр да тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады және жақсы оқуына кедергі жасайды.

Бірақ мұндай көзқарас жақын арада ғана қалаптаса бастады. 1930 жылға дейін СССР-де логопедиялық көмек тек жеткіншектер мен үлкендерге ғана көрсетіліп келді. Балалар психиатры мен педиатрлары баланың жас кезінде тұтығуға көңіл аударудың қажеті жоқ, тек емдеу, сақтандыру шараларын жүргізу ғана қажет деп келді.

1930 жылдардағы бұл көзқарас бекерге шығарылды. Тұтығуды мектепке дейінгі кезеңде түзетудің алғаш рет негізін салып, дамытқан В.А.Гиляровский болды. Ол тұтығудан айықтыру жұмыстарын жүргізетін арнайы балалар мекемелері, балалар алаңы немесе жартылай стоционар болуы керек деп пайымдаған.

1931 жылы Мәскеуде тұратын балалар үшін бала-бақша ашылды. Онда Е.Ф.Роу логопедиялық жұмыстар жүргізуді және Н.А.Власова жұмыс істеді, 1932 жылы Санк-Петербургте ұзартылған күн топтары ұйымдастырылды. Онда М.Ф.Брунс жас балалардың тұтығуын түзетумен айналысты.

Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада дәлелденіп отыр.

Тұтығудың комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады.:



  1. Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

  2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістікке құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуын бөлу, белгілеу.

  3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы.

  4. Логопедиялық ритмика. Ол әр түрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады.

  5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету- тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлеуге дағдыланады.

Баламен бірқалыпты қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет