Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет12/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49

Ованес Туманян

(1869 - 1923)
Ованес Туманиян – армян жазушысы және қоғам қайраткері. Лорий өзінің Дсех селосында діни қызметкерінің үйінде туды. Жергілікті мектепте оқыды, содан соң оқуын Тбилисиде, армиян гимназиясында жалғастырды. Тамаша шәкірт ретінде танылды. Оның өлеңдері күрделі компазициясымен, бай ұйқастарымен, ырғаты алуан түрлілігімен ерекшеленді. Алғашқы ақының шығармалары «Мурч» (Балша).

Туманяның ХІХ ғасырдың соңында шыққан алғашқы кітаптары кеңінен танымал болды: «Ит пен мысық» (1886 ж), «Маро» (1887ж) т.б ақын туған жерін жырлайды, оның қасіреттке толы тарихы туралы қайғы шегеді оның отанына жолдаған үндеуінде азаматтық және жеке сарындар табиғи түрде үйлесіп жатады.

Туманянның шығармашылығының кемелденген шағы реализім мен халықшылдық кезеңі ХІХ ғ- ң соңы 10 жылдығы мен ХХ ғасырдың басына жатады. Бұл кезеңде «Лореци Сако», «Ануш», «Көне соғыс», «Давит Сосунений» дастандары «Шреніздікке қарай», «Тмук қамалының алынуы» атты философиялық дастандары, баяндамалары мен өлеңдері жазылды.

Ақынның ең озық туындылары болып табылатын «Лореци Сано», «Маро», әсіресе «Ануш» дастандарында армяндық патриаркалдық ауыл, қаһрамандарды қайғылы нәтижеге алып келетін онының әлеуметтік тұрмысының қарам – қайшылықтары бейнеленген. Бұл туындылардың халықшылдығы олардың қақырайға қызыл сөздерден ада, алайтуда халықтың тіліне тән сипаттамалардың дәлдігінен бай тілінде байқалады.

Армян эпосының бірнеше нұсқаларының негізінде Туманян армян әдебиетіндегі батырлық аңыздың ең озық оң деңгейлі – «Давит сасунешей» дастанын жазды.

«Тмук қамалының алынуы», «Ануш», «Туған өлке» (1915ж) дастандарында ақын халық лерикасының қисынын келтіргені сонша өзге өлеңдер белгісіз жыршылардың туындылары халық шығармаларының жаңа сериясы секілді көрінеді. Расында да ақының таланты оның образдары мен идеяларына ғажайып ақындықты беріп тұрады, оның өлеңдерін мыңдаған адамдар жатқа айтты, олар жырға айналып отырды.

О.Туманян Кавказдың көптеген халықтарының туыстастығының жаршысы болды. Егише Чаренцтің айтуы бойынша оның есімі «Туыстастықтың туына, бейбітшіліктің өсиетіне» айналды. Тециан Табидзе оны «Армян – грузин достығының алтын дауысы» деп атады. Ақының көптеген туындылары мерзімдік басылымда тек армян тілінде ғана емес басқа тілдерде де шықты.


Теодор Драйзер.

(1871 - 1945)
Американ жазушысы әрі қоғам қайраткері. Индияна штатының Терре – Хат қаласында Германиядан келген көп балалы кедей отбасында дүниеге келген. Ол ақшаның жетіспеушілігінен оқи алмады, өзін асырау үшін мейрамханада ыдыс жууыш, жер өлшеуіш және т.б. болып үнемі жұмыс істеуге мәжбүр болды.Ол істемеген жұмыс болмады. Қыйындықтарға қарамастан ол білім алуды армандады. Мектепті тәмәмдағаннан кейін Индианадағы университетке оқуға түседі, алайда оқуын тастауға мәжбір болды. Осы ақшаның жетіспеушілігі оның дүние танымында өз ізін қалдырды. Бүкіл өмірінде ол әртүрлі адамдармен кездесті, жақсыны да ,жаманда да көрді, көп қыйыншылықтарды басынан кешірді сондықтан солар туралы жазуды армандады. Бұл құлшыныс оны Чилноның, Сект – Лустың, Питсбурчтың, Нью – Йорытың газеттеріне алып келді. Жоғары білімі болмаса да ол газеттрде өзінің мақалалары мен жазбаларын жазып шығарады.

1900 жылдан оның шығармашылығы басталды. Драйзердің алғашқы романы «Керри әпке» (1900 ж) оны жазушы ретінде бүкіл Америкаға әйгілі етті. Романды басып шығаруға 13 жыл бойы рұқсат берген жоқ, алайда оны қол жазбалық нұсқа да оны көпшілік оқып шықты. Ал осы уақытта кітап Ангиляда бассылып шықты жазушыға ауыр тиді бірақ бәрібір ол өзінің «Дженни Герхардт» (1911) деп аталатын екінші романын жазуды жалғастырды.

Т.Драйзердің дұшпандары оның даңқы шықанына алаңдады. Алайда мыңдаған оқырман өзімен кездесуге аысқты, оның жаңа туындыларын асыға күтті. «Данышпан» (1913), «Тат» (1921) Романдар Американдық оқырмандардың көңілінен шықты. Алайда осыған қарамастан бас кесерлер, Драйзерге күмәнмен қарады. «Американдық қасірет»(1925) романынан кейін Драйзердің талантына ешкімде тосқауыл болмады.

«Американдық трагедиялар» Драйзер реалитін шеберліктің шыңына жетті. Клайд Гриффитстың бірте - бірте азғындау жолын суреттей отырып, Драйзер американдық, буржуазиялық қоғамның тұлғаны тұңыртып жіберетін сипатын көрсетеді.

1928 жылы Драйзер «Эрнита» повесін жазды. Мұнда ол өзінің шығармашылығындағы алғашқы жағымды обырыс жазды.

Эрнита – американдық қыз. Қоғамның өміріне деген қанатсыздықтық тереңдеп кетуі, оны өзге анағұрлым саналы әрі әділеттіліке қайда. Бірақ әділеттілік қайда, өз күш жігерінің нендей мақсат жолында жұмсауында болады, адамның нағыз бақыты ненде – оны міне осындай сұрақтар толғандырды.

30-шы жылдардың басында Драйзер өзінің ең ірі публицистикалық туындыларының бірі – «Қасіретті Американы» (1931) жазды.

«Қасіретті Америка» американдық өмірдің өзіндік ерекшеліктері туралы, жұмысшы табы мен фермерлердің жағдайлары туралы, банктер, темір жол компаниялары туралы баян ететін 22 тараудан тұрады, американың ата заңы мен сот істері жайлы ой толғандырулардан тұрады.

40-шы жылдардағы американ әдебиетіндегі ең ірі көркем туындысы. Драйзердің «Тірек» және «Стойк» романдары болды. Қайтыс боларынан алдын ол «Тіректі» аяқтап үлгерді. «Стойк» аяқталмаған күйде қалды. Екі романда 1946 жылы ол қайтыс болғаннан кейін басылып шықты.

«Стоик» романымен Драйзер «Тілек трилогиясын» аяқтады «Стоиктың» болған уақыты ХХ – ғасырдың басына тура келді, оның негізгі кейіпкерлері – Каупервуд пен оның ғашығы «Тетеаның» беттерінде алғаш рет пайда болатын Беренис Флеминг. Каупервудтың жыртқышының әрекеттерінің мысалында американ капиталының Англияға экспансиясы әдемі көрсетілген. Чинагадағы қалық темір жолдарға концессияны ұзартуды сыркөзге ұшырай отырды, Каупервуд өз операцияларын Еуропаға - Лондынға ауыстырады. Ол Лондын метропометенініңі бағытарының кесініне айналды. Міне осы жерде ол өз жолына бәсекелестерін құрта отырып, темір жолдардың жалғыз ғана иесіне айналуға тырысты.

«Эрнитадағыдай», «Стоиктегі» өмір қалыптасу мен даму үрдісіне қарастырылады. Беренис дүниенің әділетсіздігіне көзі жете отырып, шынайы өмірді тану жолына өтеді. Романның соңғы тарауларында Драйзер оқырманның атты құқықсыздықты, қанауды, қайырмылықты жойып өмірді бақытты ету үшін батыл өзгерістердің қажеттілігіне қарай жетелейді. Автор «Тілек трилогиясын» осындай лайықты филммен аяқтады.

Анри Барбюс.

(1873 - 1936)
Француз жазушысы әрі қоғам қайраткері. Шурнамест отбасында дүниеге келген. Сарбоннаның әдебиет факультетінде оқып, сол жақтта философиядан диссертация қорғады. Университетті тәмамдағаннан кейін ол әдеби қызметпен шұғылдана бастады.

1895 жылы Барбюстың «Жалдамалы жақтаушы» атты алғашқы өлеңдер жинағы шықтты. Олардың көпшілігінің пессимистік көңіл күйде болуы, шынай әлемді емес әлеммен алмастыру, жалғыздық сардары декаденттердің әлемді қабылдауына жақындау болды, сондықтан олар мұны мақұлырақ көрді. Ақынның болашаққа,өмір мен сұлулыққа деген сенім еңбекшілер туралы сөз болатын тұстарда байқалды. («Романс», «Тігінші» ж.б.)

«Жалбарыныштылар»(1903) романында пессимистік көңіл – күйлер басым. Оның қаһраманы, Мансимилиан – «адам жүрегінде» аққиқатты іздей отырып, өз қайғы – мұңдарының шеңберінде тұйықталып қалатын драмалы адам.

«Тамұқ» раманы (1908) өмірдің анағұрлым шынай бейнесін береді. Сол жылдары жазылған «Біз» атты әңгімелер жинағында реалистік бағыт басымдау болды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Барбюс майданға өз еркімен қатардағы жауынгер ретінде аттанады. Өз жұбайына майданнан жазған хаттарында ол соғыстан оның романтикалық жамылғысын жұлып алды, француздың әскери қолбасшылықты әшкерлейді, алайда халықтың қаһармандығын көрді. Барюс хаттарының сарыны «Шалын» (1916) кітабының негізі болып енді. Ол кітап туралы М.Горкий былай деп жазады. «Бұл - әулиелік ызаға толы қарапайым кітап, бұл – соғыс туралы жай ғана, қатаң түрде, байсалды және ақиқатының шексіз күш – қуатымен айтатын кітап».

«Жалынның», «Взводтың күнделігі» атты тақырыпшасы мен «Круи түбінде және 119 төбеде менің жанымда апат болған», «Жолдастарымды еске алу» атты арнауы бар. Бұл қарапайым адамдар «көпшілігі ерұрпақтың егіншілері мен жұмысшылары» көмір қазушылар.Потерло мен Бекюв, автомабилдің бояушы Тарлуар, қаптамалар шеберханасында жұмыс істеген капрал Бертран, қайықшы Фуяд, дәрі – дәрмек сатушы Андэ Мениль, жалдамалы жұмысшы Ламюз және т.б. Бұлардың бәрі қарапайым жауынгерлер.

«Жалынның» құндылығы соғыс сұмдығының шынайы бейнесінде ғана емес, сонымен бірге бәріненде маңыздысы – солдаттардың бірте – бірте көздерінің ашылуын, «бір – біріне опасыздық пен қарама – қарсы тастамаған отыз миллионың құлдардың» көзерінің ашылуы көрсетуде болып отыр. «Жалынды», «Айқынды»(1919) романы қайталайды. Романың соңында солдаттардың көрген азаптары шегіне жеткенде, олардың ашу – ызысы лықсып сыртқа шығады.

«Айқындықта» лирикалық көріністер мен эпикалық көріністер араласып кетеді. Әңгіме, мінезі даму үстіндегі қаһарманын атына айтылады.

1924 жылы Барбюс «Түйіндер» атты романды жазады. Оның түпкі ойы қамалып жатқан адамзатты көп ғасырлық қасіреттің тарихын суреттейді. Барбюс кішкетай ғана адамдардың қасіреттерінің толастамайтындығын тұжырымдай отырып қоғамды ерте кезден бастап сол заманға бейнелеп көрсетті.

Алайда 20-шы жылдарда Барбюс негізінен реализмді жаңа дәуірдің талантарына сәйкес тереңдете әрі жаңарта отырып оған берік болып қала берді. «Шынайы новестер» (1928) атты новеллалар жинағы осының дәлелі. Бұл әңгімелерде басты назар өз заманына аударылды.

«Кісі өлтіргіш біреу ғана ма? Естеріңізде болсын: олар мыңдаған!» деген көп мағаналы көптақырыптағы әнгімесінде 180 соғыс туындысын «шертіп шықаны» ордермен марапаталған майор Матис секілді офицерлердің қатыгездігі көрсетілген. Топас әрі адам баласы жек көруші, кінәсіз солдаттарды жазасыз, тергеусіз атып салған генерал Бутегурдың жексұрын обырызыда бұдан кем түспейді.Бүлік шығарған солдаттарды атудың қорқынышты көрінісі «Солдаттарға қалай кек қайтарады» әңгімесінде келтірілген.

Барбюс әдеби сын саласында жемісті еңбек етті.1932 жылы оның золя атты кітабы жарық көрді. Ол едәуір шамада Барюстың эстетикалық манифесі болып табылды. Жаңа өнердің негізі ретінде ол заманауи жазушының халықпен байланысының болуының қажеттілігін тұжырымдады.



Генрих Манн

(1871 - 1950)
Неміс жазушысы Любектің көне ақсүйекшісі бюргерлік отбасында дүниеге келген. Әкесі сенатр болды. Мектепті бітіргенен кейін Г. Манн білімін Берлин университетінде алды. 1892 жылы әкесі қайтыс болғанан кейін, оның отбасы Мюнхеенге көшіп келді.

Оның «Кисельдік жағалаулар елі» (1900) атты алғашқы романда буржуазиялық әлемнің реялистік символы - «жерұйықтың» жиынтық образын береді. Кішкентай адам – студент Андреас Қумзеге «жерұйық» ретінде көрсетілген (29 жылдан соң дәл осы образ өзге романда қайта жаңартылды.) ол, 1902 – 1903 ж-ғы Берлиннің батыс кварталы болды. Манн әзіл, карикатура, мысқыл тәсілдерін пайдаланды, неміс әдебиетіне, обырыз – мағынаны енгізді.

1902- 1903 ж.ж Г. Манн «жебеуші әйелдер. Немесе герцогиня Ассидің үш романы: трилогиясын жазды. Бұл трилогияның басты қаһарманы сұлу әрі талантты әйел Виолетта Асеи, жебеуші әйелдердің есімдерімен аталатын бөлімдерге сәйкес құмаршылықтың үш кезеңнен саяси күрестен (Диана), өнерден (Миневра), сезімдік махаббаттан (Венера) өтеді.

«Жебеуші әйел» трилогиясының кейін Г. Манн «Махаббатты қуу» романын жазады.

1905 жылы Г. Манн өзінің ең озық сатиралық туындыларының бірі- «Мұғалім Унрат (Гнус) немесе бір тирактың Ақыры» атты романын жазады. Орталық образ оқушылар Унрат («таза емес») деп атап кеткен мұғалім Рат үлкен түйіндеуге дейін өседі.

«Бір достық туралы» (Флобер мен Жорт Сандтың) атты үлкен мақаласында, «Гете мен Вольтер» мақаласында Г. Манн идеялық өнер қағидаларын тұжырымдайды. Ол әдебиеттің екі алыбы- Гете мен Вольтердің арасындағы айырмашылықты атап көрсетеді: Гете барлығына жанымның алып мұнарасынан адамзат үшін күрес жүргізеді.

«Шын бағынған» романы- Г. Манның ең маңызды туындыларының бірі. Жазушы басты қаһарманы - Дидриге Геслингтің мінез - құлқын қалыптастырған жағдайда (оны бала кезінен бері дөрекілік пен жағымпаздық қоршап тұрды) екжей- тегжей етіп ашып көрсетеді. Осы романмен «Империя атты трилогиясы ашылады. «Буржуазия туралы» романынан кейін «Кедейлер» атты (1918) «пролетариат туралы роман» келеді. Трилогияның үшінші бөлімінде, «Бас» романында (1921) әскерилермен, дипломаттармен, өнеркәсіпшілермен қатар зиялылар әлемі де суреттелген.

«Бас» романында Геслинг бас иген германдық үкіметтік басшылықтың іріп- шірігендігі көрсетілген. Оқиға ХІХ ғ- р мен ХХ ғ- р шегінде болады.. Г. Манн өз романын тарихи деп есептейді, себебі мұнда ол ойдан шығарылған есімдермен болса да шынайы тарихи қайраткерлерді бейнелейді (империялдық канцлер Ланна - бұл 1900- 1909 жылдар аралығында Германияның канцлері болған Бенгард Бюлов)

1933 жылы фашистік төңкерістен кейін Г.Манн Германиядан кетуге мәжбүр болады. Фашистер алаңдарда оның кітаптарын өртеді, ол көркем Академиядан шығарылып, герман азаматтығынан айырылды. Алдымен ол қысқа уақыт Прагада тұрды, содан соң Францияға өтті, ол оны гитлершілдер басып алғаннан кейін ол Америкаға қоныс аударды.

1933 жылы Амстердамда Г. Манның «ношиемін өмірден алынған көріністер» қоса берілген «Ыза- Кек» атты публицистикалық туындысы шықты. Г. Манн қан - құйлы фашистік басшылар- Гитлердің, Герингтің, Геббельдің образдарын береді.

Г. Манның ең озық туындыларының бірі және ХХ ғасырдың ең озық тарихи романдарының бірі- «Генрих ІV- ң жастық шағы» және «Генрих ІV- ң кемеленген шағы (1935- 1939)» атты дилогиясы осы кезеңге жатады.

1943 жылы «Лидице» атты кинораманы, 1944 жылы- Г. Манның ең ірі публистикалық туындысы - «Ғасырға шолу» кітабы, 1949 жылы- «Жарықта қабылдау» және «Тыныс» атты романы шығады. «Лидице» кинороманы Чехословакиядағы бүкіл дүние жүзін толқытқан оқиға туралы. Фашистік биліктің өкіл - башысының өлтірілуіне жауап ретінде жаннай адам өлтіру басталды, екі ауыл - Лидице мен Лещканы фашистер күл - талқан етіп өртеп, олар тұрған жерде жыртып тастады.

«Ғасырға шолу» - бұл формасы бойынша ерекше туынды, Мұнда публлицистикалық пайымдаулармен қатар көптеген қосымша новеллалар (мәселен «Капитан Ланедорер») мен айқын портрет- образдарда бар.

Томас Ман

(1875- 1955)
Неміс жазушысы Томас Манн, Генрих Манның інісі Любекте дүниге келді. Өзінің ағасы Генрихпен бірге ол Италияда екі жыл өмір сүрді, мұнда ол антикалық әдебиетті зерттеді. 1930 жылы нацистік опозицияның күшеюі кезінде Амстердамға, кейінірек Брюссельге, Парижге (1933), Швейцария мен Чехословакияға қоныс аударады. Ең соңында ол өз ағасының жанына - Америкаға кетеді.

Олардың отбасы Мюнхенге қоныс аударғаннан кейін Т. Манн радикалды - сатиралық «Семплицисимус» журналында қызмет ете бастады, мұнда оның «Кішкентай Фридеман мырза» (1897) атты новеллаларының жинағы пайда болады. Бұл жинақ оның әдебиеттегі атағын шығарады, ол 1907 жылы жарияланған «Будденбраш» романы жас жазушыны немістің ірі сөз шеберлерінің қатарына қосты.

Бұл уақытта еуропалық әдебиетте роман- ироникаларды шығару кеңінен тарай бастаған болатын. («Трибо отбасы», «Форсайттар туралы аңыз».) Будденброктардың отбасылық хроникасы бір кездері қуаты толыған немістің сауда аристократиясы басшылығының гүлденуі мен құлдырауы жөніндегі этикалық әңгімені білдіреді.

«Буденброки» романының: Томас Манның болашақта шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін маңызы зор болды. Мұнда фокустағыдай, Т. Манн өзінің суретшілер туралы новеллаларында және «Сиқырлы тау» романында зерттей түскен ол үшін өмірлік маңызы бар проблемалар жинақталған.

Оның «Тонио Крегер» атты бағдарламалық новелласының қаһарманы өмірден және өзінің өнерінен түңілген талантты жазушы өзінің шығармашылық жолына қорытынды жасауға, қоғамнан жатсынуының себептерін ашуға тырысады. Бұрынғы рухани құндылықтарды қайта бағалаудың осынау күрделі негізінде Т. Манның ең маңызды шығармаларының бірі- «Сиқырлы тау» (1924) атты философиялық романы пайда болды.

Өзінің бұдан бұрынғы туындыларының бірінде де жазушы рухани және тәндік құлдырау әлемін осы романдағыдай күшпен суреттеген емес. Сиқырлы тау туралы аңызды жазушы швейцария санаториіндегі туберкулезбен ауратындардың өмірі туралы повестің реалистік қабығымен қаптайды. 20-шы жылдардың ортасында ол Иосифпен оның аға інілері туралы ........тілдік аңызды негіз етіп алған көлемді эпосты жазуға кіріседі. Петрологияға ұластырып кеткен бұл кітапты жазып шығуға ол 16 жылын сарп етті.

1933ж 10 ақпанда фашистет билікті басып алған сәтте Талас Манн Веймарда өзіне тілектес котоликтің алдында «Динард Вагнердің қасіреті мен ұлылығы атты мақаласын оқып жатты. Бұл мақаласында ол Вагнер мұрасын фашистік бұрмалаушылықтардан тазартты. Келесі күні-ақ Манн жеңіл - желпілей жалғыз чемаданы мен Амстредамға, Брюссельге Парижге дәріс алуға аттанды, міне осы сәттен бастап оның эмиграциясы басталды.

Өзінің шығармашылығының шыңына Т.Манн 1947жылы шықты оның шығармашылығының соңғы кезеңінің ең дәуір туындысы оның көп жылдық ойға шомуының жемісі «Доктор фаустус» романы.

«Доктор фаустустың жаршысы. Бір романтикалық романы» (1949) атты әлемді мақаласында Манн бізді бір ізінше өзінің шығармашылық зетханасына жетелей түсті. Ол «фаустустың тарихын, оның үлесіне тиген сыртқы оқиғалардың қысымымен және бейберекеттілігі мен үздіксіз байланыста «Қайта қалпына келтіріп жатқандығын тікелей мәлімдеді» Бұл роман «Ақымақ Германияның» пайда болуына алып келген рухани түп негіздер жайындағы, фашизмнің өніп-өсуі мен күйреуі жайындағы роман.

Неміс сазгері Адриан Леверкюннің қасіретке толы өмірбаяны оның жастықшағындағы досы, философия профессоры Серенус Цейтблоленың атынан айтылады. Өмірбаян 1943 жылы 27мамырдан, яғни Манның Доктор Фаустусты жазуға кіріскен күннен басталады. Бұл хронологиялық сәикестік әңгімеленушінің образын едәуір дәрежеде жазушының өзіне ұқсастыруға мүмкіндік береді.

Кездейсоқтықтардың нәтижесінде Адриан жалған елестердің шырмауына түсіп қалды. Өның өзіне бір кездегі Фауст секілді ібілістің өзімен шарт жасасқандай болып көрінеді де тұрады. Романдағы маңызды эпизоттардың бірі - Ф.М.Достаевскидің әсері мен жазылған Леверкюннің шайтанымен әңгімесі. Есі шыға отырып, ол апаттан алдын өзінің шарасыз, жанды жегідей жейтін шығармасы – «Доктор Фаустың қасіретті шағымдары» атты ораториясын жазады. Ол мұны адам рухымен жасалған барлық пен жақсылыққа қарама - қарсы қояды.

Джек Лондон

(1876-1916)
Джек Лондон Сан - Францияда кедей отбасында дүниеге келді, Өзінің балалық шағы туралы айтқанда ол төсеке қарны тойып жатқанда бірде - бір күнді есіне ала алмайтын. Мектепті қиыншылықпен бітіргеннен кейін, Лондон фабрикаға жұмысқа тұрады,Жұмыс іздеп жүріп Америка мен Канаданың көптеген қалаларында болды.Ол қай жерге барса да үнемі өзін - өзі шыңдаумен болды, себебі ол университетке түскісі келді. 1895жылы оның арманы орындалды. Алайда бір жылдан кейін әкесінің қайтыс болуына байланысты университетті тастауға мәжбүр болды. Бұдан соң Лондон жұмыс іздеп Аляскаға кетеді, алайда оның байып кету арманы бұл жерде де орындалмайды. Керісінше ол бұрынғыдан да бетер кедейленіп, ештеңе таппастан кері қайтады. Бұл оқиғалар оның өмірінде терең із қалдырып, оның дүниеге деген көз қарасын түбегейлі өзгертті. Ақща табу үшін ол күні - түні жұмыс істейді, алайда ол одан бай болмайды. Сонда ол өзінің өмірінде көргендері жайлы жыза бастайды.

1899 жылы қаңтарда Сан - францискалық «Овэрлэнд манели» журналы оның солтүстік жайлы «Жолаушылар кеткендері үшін» атты алғашқы әңгімесін жариялады. Осыдан кейін сол журналда 1899 жылдың өн бойында «Ағарған үнезін», «Қасқырдың баласы», «Қырқыншы миляда», «Алыстағы өлкеде», «Священиктің құқығы бойынша», «Корольдің жұбайы», «Қарлы соқпақтың даналығы» әңгімелері басылып шықты, яғни бұл әңгімелер «Солтүстік адиссеямен» бірге Лондонның әдеби даңқының бастамасы болған «Қасқырдың баласы» атты алғашқы жинаққа енген болатын. Оның даңқы «Оның әкесінің құдайы» (1901), «Қардың қызы»(1902), атты жинақтарға енген жаңа әңгімелердің шығуынан кейін, әсіресе, «Бабалар үні» (1903) жарияланғаннан кейін арта түсті. Соңғы туындысы оны Американы ең ірі жазушыларының бірі ретінде танамал етіп, атағын дүние жұртқа паш етті.

«Ағарған үнсіздікте» ол сенімді дос ретінде көрінеді. Мейсон өлгеннен кейін ол оның әйелі мен баласын өз қамқорлығына алады. Оның кең пейілділігі мен қара басының қамын ойламайтындығы Наасқа деген қатынасынан көрініп тұрады. Ол Наасқа қарызға ақша бергенімен, оны кері қайтарып алуды көздемейді («Солтүстік одиссея»).

Солтүстікте көптен бері тұрып келе жатқан көне тұрғындарға қарама - қарсы Лондон алтынға дүрлігудің басталуынан кейін келгендердің бәрін «жаңалардың» немесе «иичакалардың» айырықша тобына бөн леді. Кент пен Рассмунсен міне осы топтан болады. Алайда олардан басқа келімсектердің арасында кеңінен тараған типтер Монтанадан келген кішкентай («Кемпірқосақтың соңында»), ойын құмар Ла-Пирл («Ешқашан да ұмытылмайтын нәрсе»), Аризонадан келген Джек («Маркус О Брайеннің жоқ болып кетуі») секілді авантуристер болды. Бұл адамдардың бәрі де капиталистік дүниенің жыртқыштың, өзімшіл моралының заңдары бойынша өмір сүреді. Солтүстікке келгенімен олар оның заңдары мен есептескісі келмейді, оның этикасын бұзады. Олар үшін достықта жолдастықта жоқ. Күш пен қатыгездік - олар бас иетін қағидалар міне осылар.

Солтүстік ізгілікті әсері жайлы ой «Смок Беллью» жинағында анық сезіліп тұрады. Нәзік, әрі ерке өскен Смок Беллью Аляскаға келеді де қайта туады. Солтүстік одан жаңа, ержүрек батыл адамды жасап шығарады, ал жаңа ел оның екінші отанына айналады.

Лондонның сүйікті қаһармандарының бірі - Мэйлмют Кид жан-жақты суреттелген. Ол солтүстік көне тұрғыны, ол оның әдет-ғұрыптарын жақсы біледі. Ол үлкен құрметке бөленген, және де барлық талас тудырар жағдайларда ол сөзі шешуші мәнге ие төрешіге айналады. Өзінің батыл әрекеттерімен достардың қанда жекпе - жектен аяқталғалы тұрған мағынасыз жанжалын басып тастайтын міне сол («Қырқыншы милде») Солтүстік оларды ол жақта байып кету мүмкіндігі бар болғандықтан емес, бұл қарапайым қарым - қатынастар бар, адам өзінің қабілеттерін, күш - қуаты мен табандылығын жүзеге асыра алатын өлке. Оларда өрелер секілді алтын іздейді, кейде оны табады да, алайда ол ешқашан да олар үшін өзіндік мақсат болмайды, өмірдің мәні болып табылмайды. «Адам тек ақшаға бола өмір сүрмеуі тиіс»,- дейді Ситка Чарли. Солтүстік әңгімелердің жағымды қаһармандары - өздерінің көңіл -күйлері мен мінез-құлықтары бойынша нағыз, шынайы романтиктер.

Лондон өзін социалистік деп есептеді, алайда оның көзқарасы дәйекті болған жоқ. Маркстың кітаптарының жанында столда дарашылдың философиясын білдіретін Ницшенің шығармалары да жатты. Лондонның Клондайкстың әсерлері оны осындай философияға жақындатпай қоймады, міне сондықтан ол оны ғылыми социялизм қағидаларымен ымыраластыруға тырысты. Осынау ішкі күрестің іздері Лондонның ең үздік «Теңіз қасқыры» (1904), атты романын қоса алғандығы көптеген туындыларда анық байқалып тұрады.

Қасқыр Ларсен - қайғылы қаһарман, мінезі аса күрделі, өздігінще күшті, әрі бүтін, алайда оның ұстанатын «Ойына келгенді істей беру» философиялы көбінесе оның шәйкес өмірінің табиғи нәтижесі болып, соңында оны адамға дайындалып қойылған тағдарға қарсы шығатын біріншіден жыртқыш-кәсіпкерге айналдырып жібереді.

Лондонның «Темір табан»(1908) романы американ әдебиетінің тарихындағы ең революциялық роман. Кітап шынайы жаңашыл, алысты болжаған және сонымен бірге өз заманың бейнесі символдық мәніне дейін талданып қорытылған туынды, роман-құжат әрі утопия болды.

«Темір табанның» соңын ала Д.Лондонның өмірбаяндық «Мартин Иден» (1909) атты романы жарық көрді. Лондоның таланты өзінің гүлденген мағына жеткендей болып көрінді, бірақ бір нәрсе үзіліп қалғандай болды; кейіпкерлер жансыз болып шыға берді, көркем идеалар ұсақ болып көрінді. Лондоның реализмның өзі ең басты нәрсесінен философиялық ойдан айырылды. Енді оны бірде қызықтылық ығыстырса, бірде уағыз ығыстырды. Романда жазушы өмірінің қиын, бірақ тамаша кезеңі суреттеледі. Бұл кезеңде оның бақ құсы,салтанатты сәті келмегенше оған қонуға асықпады. Сол «Мартин Иден» романында Лондонңың шығармашылық таңы атып келе жатқан кезде басынан кешірген жәнеде өмірінің соңына дейін ауыздықтай алмай кеткен оның көптеген ішкі қарама-қайшылықтары ашық көрсетілген.

«Айлы алқап» (1913)-кейінгі Лондон үшін бағдарламалық роман. Оған бұл жерде жаңа тақырып табылғандай, жаңа «ақиқаттың» есігі ашылғандай болып көрінді, алайда ол өз үмітіне алданып қалды. Жазушы дағдарысқа тап болды; ол тірнектен жинаған әдеби абыроиын өзін - өзі қайталаумен ұстап тұру мүмкін еместігін түсінді. «Жеңілдету» бағдарламасын ұсынған кітаптар сатылмады; «Уақыт күтпейді»нің табысы соңымен емес, қарқынды жазылған солтүстік және «қалалық» тараулармен түсіндіріледі.

«Үлкен үйдің кішкентай ғана қожайыны»(1915) кей жерлерде бұрынғы Лондонның шыңдалған шеберлігін еске түсірді, алайда мұндай жекелеген табыстар кітапқа араша бола алмады.

1911жыл Лондонның ең озық новеллаларың бірі «Мексикандық» атты новелласымен белгілі болды. Онда «ерлер оиыны» болып табылатын бокс поэзиясы оған қатысушылардың бірі көтеріліске қаже мылтықтар үшін жұдырықтасатын Фелипе Ризераның таза пак революциялық идеалымымен рухтанған. Соңғы рет Лондонның талантты полинезиялық («Оңтүстіктегі теңіздерінің ертеглері»1911 жылы « Менмендік храмы (1912) және гаваиасы («Макалоаның ши тоқымаларында» 1919) әңгмелерінде жорық етті.


Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет