Генетика ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



Дата19.05.2017
өлшемі227,42 Kb.
#16430

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Агротехнология факультеті
Зоотехнология генетика және селекция кафедрасы

050801 Агрономия



Генетика

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сейтханова Күмісжан Қабдылуахитқызы «Зоотехнология, генетика және селекция » кафедрасының аға оқытушысы.

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі – 10. 00 – 17.00 А1-117 аудитория


2. Пән бойынша мәліметтер: Генетика және өсімдіктер селекциясы курсының ұзақтығы 15 апта, барлығы - 3 кредит бөлінген, 135 сағат, оның 12 –сі аудиториялық, 123 – өздік жұмыстарға арналған. Курс емтиханмен аяқталады.

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

7

2

30

15

15

-

-

-

60

15

емтихан

Бар-лығы

2

30

15

15

-

-

-

60

15

емтихан

4. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Генетика ғылымы биологиялық ғылымдардың ішінде тірі ағзалардың өзгергіштік және тұқымқуалаушылық қасиеттерін зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз тірі ағзалардың қасиеттерін белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтың ата тегінің айнымайтын көшңрмесң болмауы, ол ұрпақ арасындағы ұрпақ пен ата тек арасындағы тұқым қуу арқылы немесе қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгерістер. Тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің универсалды заңдары кез келген ағзалар үшін әділ және генетика ғылымы біріктіруші ғылым ретінде барлық биологиялық ғылымдар жүйесінде қолданылады.



5. Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Курсты оқу нәтижесінде студенттер табиғатта өтетін процесстерге генетикалық ғылыми тұрғыда түсінікиеме бере алуы қажет. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын, хромосомалық теория негіздерінг, жыныс, популяция генетикасын, ген, геном, генофонд, белгі, тұқым қуалау, өзгергәштік, мутация ұғымдарын түсініп, мутация түрлерін және генетика заңдылықтарын тәжірибеде қолдануды білуі керек.



6. Пререквизиттер:

  • Цитология;

  • Биохимия;

  • Биометрия;

  • Экология;

7. Постревизиттер:

Курсты соңында студенттер табиғатта өтетін процесстерге генетикалық ғылыми тұрғыда түсінікиеме бере алуы қажет. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын, хромосомалық теория негіздерінг, жыныс, популяция генетикасын, ген, геном, генофонд, белгі, тұқым қуалау, өзгергәштік, мутация ұғымдарын түсініп, мутация түрлерін және генетика заңдылықтарын тәжірибеде қолдануды білуі керек.



8. Тақырыптық жоспар

№ р/б

Тақырыптың аталуы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәрістер

тәжіриб.

СӨЖ

1

Кіріспе. Генетика пәні, тарихы.

0,5

-

2

2

Тұқым қуалау және оның өзгергіштігі. Тұқым қуалау және оның әр түрде көбеюдегі өміршеңдігі.

1

1

3

3

Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері. Кариотиптің түрлік ерекшелігі

1,5

1

3

4

Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері. Өсімдіктегі ретсіз жыныстық көбеюдіңтүрі

1

1

4

5

Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен принциптері. Гибридологиялық әдіс. Тұқым қуалау және будандастыру мен телудегі өзгергіштігі.

2

1

4

6

Тұқым қуалағыштың молекулалық негіздері. Тұқым қуалаушылықтың химиялық негізі.

3

2

10

7

Генетикалық код. Ген жаратылысы. Белок синтезі.

1

3

10

8

Өзгергіштік, себептері және зерттеу әдістері. Өзгергіштіктің түрлері және оның пайда болу себептері.

2

1

4

9

Жыныс генетикасы. Жыныстың анықталуының хромосомалық механизмі.

1

1

5

10

Онтогенездің генетикалық негіздері. Экспрессивтілік және пенетранттылық

1

1

5

11

Популяциялық генетика және эволюцияның генетикалық негіздері. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Генетикалық гомеостаз

1

3

10




БАРЛЫҒЫ :

15

15

60

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Генетика ғылымы биологиялық ғылымдардың ішінде тірі ағзалардың өзгергіштік және тұқымқуалаушылық қасиеттерін зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз тірі ағзалардың қасиеттерін белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтың ата тегінің айнымайтын көшңрмесң болмауы, ол ұрпақ арасындағы ұрпақ пен ата тек арасындағы тұқым қуу арқылы немесе қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгерістер.



10 Курс компоненттері

Пәннің теориялық мазмұны

1. Кіріспе. Генетика пәні, тарихы.

Генетика – тұқым қуалағыш және өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Генетиканың зерттеу әдістері. Генетика пәнінің даму кезеңдері. Генетиканың биологиялық ғылымдар жүйесінде алатын орны.



2. Тұқым қуалау және оның өзгергіштігі. Тұқым қуалау және оның әр түрде көбеюдегі өміршеңдігі.

Тұқым қуалаушылық дегеніміз тірі ағзалардың қасиеттерін белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтың ата тегінің айнымайтын көшңрмесң болмауы, ол ұрпақ арасындағы ұрпақ пен ата тек арасындағы тұқым қуу арқылы немесе қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгерістер.



3. Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері. Кариотиптің түрлік ерекшелігі.

Генетика ғылымының зерттеу бағыттары. Цитогенетика. Генетиканың тәжірибелік маңызы. Жасушаның бөліну жолдары. Хромосоманың құрылымы, морфологиясы және құрамы. Кариотип.



4. Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері. Өсімдіктегі ретсіз жыныстық көбеюдіңтүрі. Генетиканың тәжірибелік маңызы. Гаметагенез. Өсімдіктің ретсіз жыныстық көбеюі..

5. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен принциптері. Гибридологиялық әдіс. Тұқым қуалау және будандастыру мен телудегі өзгергіштігі.

Г. Мендельдің үшінші заңы. Ди- және полигибридтік будандастыру кезіндегі байқалатын ажырау заңдылықтары. Гибридологиялық талдау әдісінің негізгі қажеттілігі және символикасы. Г. Мендельдің бірінші және екәншә заңдары. Доминанттылық, рециссивтілік ұғымдары.



6. Тұқым қуалағыштың молекулалық негіздері. Тұқым қуалаушылықтың химиялық негізі. Молекулалық генетика тарихы, жетістіктері. Биологиялық макромолекулалар ДНҚ, мРНҚ, тРНҚ, рРНҚ, АТФ, ақуыздар, олдарды зерттеу әдістері.

7. Генетикалық код. Ген жаратылысы. Белок синтезі. Генетикалық код, оның қасиеттері. Белок синтезі. ДНҚ молекуласының жаңғырылуы, репликация, сплайсинг, элонгация. транскрипция, рибосомадағы процестер. Жакоб-Мано ұсынған оперон моделі.

8. Өзгергіштік, себептері және зерттеу әдістері. Өзгергіштіктің түрлері және оның пайда болу себептері. Өзгергіштіктің эволюциялық маңызы. Гендік өзгергіштік. Геномдық (хромосомалық) өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік. Полиплоидиның өсімдіктер селекциясындағы маңызы. Модификациялық өзгергіштік. Реакция нормасы. Мутациялық өзгергіштік. Мутациялардың пайда болу себептері.

9. Жыныс генетикасы. Жыныстың анықталуының хромосомалық механизмі.

Жыныс генетикалық белгі реінде. Жыныстың хромосомалық механизмі. Жыныспен тіркес берілетін белгілер. Белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы. Толық және толық емес тіркесу.



10. Онтогенездің генетикалық негіздері. Экспрессивтілік және пенетранттылық.

Онтогенез түсінігі. Гендердің дифференциалды белсенділігі. Гендердің структурасы мен функциялары. Гендер және морфогенез. Цитоплазмалық тұқым қуалау. Экспрессивтілік және пенетранттылық.



11. Популяциялық генетика және эволюцияның генетикалық негіздері. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Генетикалық гомеостаз Харди – Вайнберг заңы. Популяцилардағы генетикалық эволюцияның негізгі факторлары. Популяциядағы генетикалық салмақ. Гендер дрейфі. Генетикалыұ гомеостаз.
4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны және тізімі

1. Тұқым қуалау және оның өзгергіштігі. Тұқым қуалау және оның әр түрде көбеюдегі өміршеңдігі.

- Тұқым қуалаушылық ұғымы.

- Өзгергіштік ұғымы.

- Тұқым қуалау мен өзгергіштіктің биологиялық маңызы.

- Ген, рецессивті аллель, доминантты аллель ұғымдары.

- Белгілердің айқындалуына аллельдің әсері.

- Аллельдердің көптілігі

2. Жыныссыз көбеюдің цитологиялық негіздері. Кариотиптің түрлік ерекшелігі.

- Генетика ғылымының зерттеу бағыттары.

- Цитогенетика.

- Жасушаның бөліну жолдары. Митоз.

- Мейоз, мейоздың биологиялық маңызы.

-Хромосоманың құрылымы, морфологиясы және құрамы.

- Кариотип.

3. Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері. Өсімдіктегі ретсіз жыныстық көбеюдіңтүрі.

- Овогенез, кезеңдері, ерекшеліктері.

- Сперматогенез, кезеңдері, ерекшеліктері.

- Өсімдіктегі ретсіз жыныстық көбеюдіңтүрі.



4. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен принциптері. Гибридологиялық әдіс. Тұқым қуалау және будандастыру мен телудегі өзгергіштігі.

- Г. Мендельдің тәжірибесі. бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы.

- Г. Мендельдің ажырау заңы.

- Гибридологиялық талдау әдісінің негізгі қажеттілігі және символикасы

- Г. Мендельдің үшінші заңы.

- Пенетт торын толтыру.

- Толық және толық емес доминанттылау.

- Летальді гендер.

- Г. Мендельдің заңдарының бар тіршілікке ортақтылығы.

5. Тұқым қуалағыштың молекулалық негіздері. Тұқым қуалаушылықтың химиялық негізі.

- Нуклеин қышқылдары, қасиеттері.

- ДНҚ құрамы және қүрылысы.

- РНҚ құрамы және қүрылысы. РНҚ түрлері, атқаратын қызметтері.

- Белок құрылысы.

6. Генетикалық код. Ген жаратылысы. Белок синтезі.

- Генетикалық код, оның қасиеттері.

- Белок синтезі. ДНҚ молекуласының жаңғырылуы, репликация, сплайсинг, элонгация.

- Транскрипция, рибосомадағы процестер.

- Жакоб-Мано ұсынған оперон моделі.



7. Өзгергіштік, себептері және зерттеу әдістері. Өзгергіштіктің түрлері және оның пайда болу себептері.

- Өзгергіштіктің эволюциялық маңызы.

- Гендік өзгергіштік.

- Геномдық (хромосомалық) өзгергіштік.

- Комбинативтік өзгергіштік.

- Полиплоидиның өсімдіктер селекциясындағы маңызы.

- Модификациялық өзгергіштік. Реакция нормасы.

- Мутациялық өзгергіштік.

- Мутациялардың пайда болу себептері.



8. Жыныс генетикасы. Жыныстың анықталуының хромосомалық механизмі.

- Т. Морган еңбектері.

- Хромосомалардың құрылысы, құрамы, түрлері.

- Гендердің хромасомада орналасуы, локустарды есептеу.

- Цитогенетикалық талдау әдістері.

- Жыныс белгі ретінде.



9. Онтогенездің генетикалық негіздері. Экспрессивтілік және пенетранттылық.

- Онтогенез түсінігі.

- Гендердің дифференциалды белсенділігі.

- Гендердің структурасы мен функциялары.

- Гендер және морфогенез.

- Цитоплазмалық тұқым қуалау.

- Экспрессивтілік және пенетранттылық.

10. Популяциялық генетика және эволюцияның генетикалық негіздері. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Генетикалық гомеостаз.

- Харди – Вайнберг заңы.

- Популяцилардағы генетикалық эволюцияның негізгі факторлары.

- Популяциядағы генетикалық салмақ. Гендер дрейфі.

- Генетикалыұ гомеостаз.


СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ-дің түрі

Есептік формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабаққа дайындау

Оқу жетістіктерін тіркеу журналы

Сабақтарға қатысу

15

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу

Жұмыс дәптері

Тәжірибелік жұмыстарды істеу және қорғау

20

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмейтін тақырыптарды оқу

реферат

Ауызша сұрау

15

4

Бақылау шараларға дайындалу

Оқу жетістіктерін тіркеу журналы

РК 1, РК 2

10

Барлығы

60


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1. Гендердің өзара әрекеттесуі.

2. Микрорганизмдер генетикасы.

3. Генетикалық аурулар.

4. Иммунитеттің генетикалық негіздері.

5. Селекцияның генетикалық негіздері.



11 Курс саясаты

Дәріс және тәжірибелік сабақтарына міндетті түрде қатысу қажет. Сабақтың басында қатысқандарын белгіленеді, кешіккен үшін 0,5 ұпайдан айырыласыңдар.

Сабаққа қатысқандарға қойылатын талаптар:


  1. Сабаққа активті қатысу.

  2. Аудиторияға сыртқы киіммен кірмеу.

  3. Дәріс барысында басқа жұмыспен айналыспау, ұялы телефондарды өшіріп тастау.

  4. Белгісіз себептермен қатыспаған үшін – 0 ұпай. Егер науқас болсаңыз немесе басқа да себепкер жағдайларда, керекті құжатыңыз болса жоспарланған ұпайларыңыз сақталады.

  5. Тапсырмалар бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша орындалады. Тапсырмаларды кешігіп орындағанда, жинаған ұпайларыңыз кемітіледі.

  6. Емтиханға тек қана барлық тақырыптардан берілген тапсырмаларды орындап тапсырған студенттер жіберіледі.

Соңғы қорытынды баға төмендегідей негіздер бойынша қойылады:

  1. Дәріс, лабораториялық, өздік жұмыстарға белсенді қатысып, жауап беру.

  2. Білімді межелік бақылау бойынша тексеру.

Білімді бағалау баллдық-рейтингті жүйемен жүргізіледі, күнтізбелік шаралар бойынша студент өз бағасын өзі шығарып алады. Өзіне керекті балл жинау үшін лабораториялық сабақтарға қатысу және әрбір лабораториялық жұмысты тапсыру қажет. Семестрлік есеп жұмысын мезгілінде тапсыруға тиіс.

Студент міндетті түрде 2 межелік бақылаудан өту керек. Егер осы айтылған жағдайлар жасалмаса студент семестрдің соңында, емтиханға босатылмайды.



Өтпелі бақылау мен қорытынды бақылау түрлерінің өлшем бірліктері.



Қорытынды бақылау түрлері

Бақылау түрі

Өлшем бірлік







Емтихан

0,4

Курстық жұмыс

0,3

Өтпелі үлгерім бақылауы

0,3



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Айала Ф., Картер Дж. - Современная генетика в 3 томах. М.: 1987.

  2. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомиров – Генетика және селекция негіздері. Алматы, Мектеп, 1985.

  3. Стамбеков С.Ж. – Жалпы генетика Алматы, Ана тілі 1993.

  4. Дубинин Н.П. – Общая генетика – 2 – ое издание М.: Наука 1995.

Қосымша әдебиет

5. Бороевич С. – Принципы и методы селекции растений. М.: 1984.

6. Дубинин Н.П. - Некоторые проблемы современной генетики. - М.: Наука 1994.

7. Корочкин Л.И. - Взаимодействие генов в развитии М.: Наука 1977.



8. Организация генома. Сборник научных трудов/ Под. ред. Ю.Ф. Богданова М.: Наука 1989.

9. Мухамбетжанов К. Аманжолова Л. – Генетика және селекция негіздері. Алматы, Санат 1996.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет