География пәнінен экологиялық білім берудe диалогтық ОҚыту әдісінің маңыздылығЫ



бет1/8
Дата13.08.2017
өлшемі1,76 Mb.
#23336
  1   2   3   4   5   6   7   8
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДE ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Абдикаримова Г.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы,

Р.Т. Искакова – география магистрі, аға оқытушы

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
Түйін

Бұл мақалада география пәнінен экологиялық білім берудe диалогтық оқыту әдісінің маңыздылығын ашып көрсету



Резюме

В этой статье раскрыть важность экологического образования диалоговых методов обучения географии



Resume

In this article to expose importance of ecological formation of dialogue methods of educating of geography


Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қоғам мүшелерінің экологиялық түсініктерге деген көзқарастарын қайта қарауды, бұл мәселелердің кеңінен насихатталып, игерілуін талап етуде. Ал бұл түсініктерді қалыптастыру, мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту негізінде іске асырылады. Қоршаған орта саласындағы мектеп мұғалімдері үшін жасалған халықаралық бағдарламада мынандай мәселелер ескерілуде. Білім беру әдістерінің, әсіресе, оқушыларды қоршаған табиғи ортаның негізгі заңдылықтарын түсініп, іс жүзінде қолдана білу мақсаттарын қояды. Ол білімдер нақты мәліметтерге сүйеніп, әрбір сабақта жергілікті жағдайдың экологиялық мәселелері салыстырмалы түрде енгізіліп, баяндалуы. Оқушы өзін қоршаған табиғи ортаның қаншалықты қиын жағдайда екенін жан тәнімен ұғып, оны жақсарту жолдарын өздігінен қорытынды шығарады. Яғни, шешу жолдарын қарастыру барысында ізденіп еңбектенеді, жеке адамның ғылыми көзқарасы қалыптасады.

Осы орайда, ұлы ойшыл Абайдың философиялық көзқарастарының көбі адамгершілік мәселесіне келіп тіреледі. Ақын «жеке адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым – қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады». Сонда оның бұл адамды мейірім, әділет, шапағат, ар-ұят ұялаған жылы жүректі жан және жылы жүректі жетекші болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі. Ал осы адам.... адамзатты махаббатпен жаратқан алланы сүюі, адамзаттың бәрін бауырым деп сүюі, халықтың жолы болуы тиіс, сонда ғана бұл адам толық адам болмақ [1]. Ал оны жүзеге асыру ұстаздардың еншісінде, «Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым жақсы ата, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» – деп, бізге өткен ғасырда өсиет еткен Абай ақын [2, 384 б].

Ал, көрнекті ғалым, саяхатшы Шоқан Уалиханов өзінің суреттерінде табиғатқа үлкен көңіл бөлген, тек көңіл бөліп қана қоймай, Сырымбетте болған кездерінде ол туған жерінің табиғат сәулетін: тау төскейлерін қаптай өскен қарағайлы ормандар мен шоқ-шоқ қайың ағаштарын, айнадай жарқыраған ғажайып сұлу көл айдындарын қызықтайды. Уалихановтардың айтуынша, Шоқан өзінің атамекенін көгалдандыру, ағаштың жаңа түрлерін өсірумен көп айналысқан. Ол әкесімен бірге өз ауылының жанындағы таудың іргесіне қайың ағаштарынан әсем аллея орнатқан [3, 12-13 б].

Кезінде белгілі жазушы Л.Леонов: «Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты» деген. Ал Ш.Айтыматов: «Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді», - деп жазды [4. 48 б].

Тәрбиенің ең өзекті мәселесі - білім негізінде жеке тұлғаның ғылыми көзқарасын қалыптастыру арқылы адамдардың өндірістегі, қоғамдық тұрмыстағы қарым – қатынасын қалыптастыру.

«Табиғаттың өмірі үздіксіз даму» - деді Герцен. Бұл пікірді қоғам өміріне қолдана отырып, әлеуметтік өмірдің үздіксіз даму идеясын В.Г.Белинский [5, 6, 7, 8,] барынша қорғады:

«Адамзаттың дамуында шек жоқ.... адамзат тоқта, жетті, енді одан әрі баратын жер жоқ деп ешқашан айтпайды», - деді ол.

Осы айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келе, мына тұжырымды келтірген орынды болар: бүгінде, адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділіктегі жеке тұлғаны дамытудағы міндеттерді шешу үшін қоғам мен жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, экологиялық және экономикалық саналыққа ғылыми дүние таным негізінде тәрбиелеу керек.

Халық даналығы балабақшадан бастау алып, табиғат туралы өнегелі ұлағатты аталы сөздер, жыр ақындар айтыстарда айтылған ойлы пікірлері, қысқа айтқанда, халықтың рухани мол мұраларын жастарға экологиялық тәрбие берумен, экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеуде тұғырлы негіз болады екенін көргендейміз.

Білім беруде оқушының ойлау қабілеттерін жаңа мәліметтерді талдау мен өз бетінше меңгеру дағдыларын, ғылыми болжамдарды жасау іскерліктерін дамытпайынша, оның экологиялық санасын, бағдарын қалыптастыру мүмкін емес. Осыған байланысты проблемалық оқытуды кең ауқымда әр сабақта қолдануға болады деп есептейміз.

Проблемалық оқыту - оқытудың дербес жүйесі емес, жалпы оқыту жүйесінің бір элементі ғана, ол белгілі бір оқу материалын игеруге, оқушының шығармашылық қызметінің, қабілетінің қалыптасуына ғана жәрдем етеді. Проблемалық оқытумен қатар, оқу процесіне зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды, кешенді пәнаралық тапсырмаларды, бағдарламаны оқытудың әдістерін қолдануға болады.

Сабақта проблемалық жағдайлар түрліше ұйымдастырылады: іскерлік ойындар, пікірталастар, проблемалық сұрақтар, кескін картаны бейнелеу, тесттік тапсырмалар.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, оқытушы – ұйымдастырушы, бағыттаушы, студент – ізденуші, белсенді, шығармашыл болуын талап етеді.

Әрбір оқытушының міндеті студенттерге отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, белсенді, құзіретті, шығармашыл болуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған.

Сондықтан Кембридж бағдарламасымен оқыған білімімді тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында топ студенттерімен жүзеге асырған тәжірибені талдауды жөн көрдім.

Бірінші сабақта студенттерге курстан алған, топтық жұмыс, диалогтік оқу, сын тұрғысынан ойлау, бағалау, студенттердің соның ішінде талантты және дарынды балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру тақырыптары туралы мәліметтермен қысқаша таныстырдым.

Студенттерге топпен жұмыс жасау үшін оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес тақырыптарды ұсындым. Әрбір топ өзіне бөлінген тақырыпты өзара бөлісіп, бірінші кезекте өз беттерінше оқи бастады, одан соң әрбір студент өзі оқыған дәріс материалын топта талқылап бір-біріне түсіндірді. Студенттерге тез арада 1-3 дейін санап жылдам топқа бөлінуін талап еттім. Студенттердің сабақты диалогтік оқу әдісімен өтетінін естігенде қуанып кеткенін байқадым.

Себебі, топқа бөліп, тақырыпты бергенімде студенттер өзара ұйымдасқан түрде тапсырмаларды талқылап, жылдам жұмысқа кірісіп кетті, және осы тәсілді қуана қабылдады.

Соның бір дәлелі ретінде сабақта пайдалаған диалогтік оқу–оқу сапасын арттыратын әдіс ретінде зерттеушілердің ойынша, «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау, талдау, жауап беру, келісу және т.с.с... Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру... барлығы да құрал, ал диалог ­­­-мақсат.»- деген М.М.Бахтин ойының дұрыстығына көзім жетті [9].

Диалогтық оқыту әдісінің маңыздылығы және теориясын ғылыми зерттеу нәтижелерінен, сабақта сыныптағы диалогтің маңызы рөл атқаратынын көрсетті. Дәлел ретінде Выготский «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) оқушылар өздері жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. Жақын арадағы даму аймағында оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Выготский қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді және оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болатынын дәлелдеген [10].

Ғалымдардың пікірлерінің дұрыстығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу мақсатында «География» мамандығының 3-курс студенттеріне «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы келесі тақырыптарды: «Тиімді табиғат пайдалану ісін экологиялық-экономикалық ынталандыру», «ҒТП және табиғат пайдалану» (дәріс сабағы), «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» (практика сабағы), сабақтары таңдап алынды.

Тақырыпты семестрдің соңғы аптасы болғандықтан қортындылау мақсатында өткізуді жоспарлап, айқындап болған соң, студенттерді рет санымен санау бойынша 4 адамнан 3 топқа біріктірдім. Студенттерді топтарға бөліп жіктегенде:

1 топ тақырыбы: Климаттың өзгеруі, 2 топ тақырыбы: ҒТП, 3 топ тақырыбы: Азық-түлік проблемасы - деген тақырыптарды бөліп алды.

Студенттердің осы тақырыптарды орындау әрекеттерін бақылау барысында, менің ұғынғаным бірнеше ғалымдардың ойларын зерделей келе Мерсер бойынша әңгіменің зерттеушілік түрінің басымдығын байқадым.

Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Зерттеушілік әңгіме зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасында байланыс бар екенін анықтайды-деген ойының дұрыстығын аңғардым.

Тапсырманы орындау барысында студенттер монологты оқытудан диалогтық оқытуға көшті, топта жұмыс жасау ережесіне бағынды, жауапкершілікті сезінді, яғни, әрбір пікірді тыңдап, өз айтқандарын дәлелдеп, топтағы студенттермен келісімге келіп, ортақ пікірге келу. Тақырыпты топта талқылап, әр топтан бір немесе бірнеше студент, талқылай отырып жасаған тапсырмаларының түйінді кезендерін ретімен баяндап берді, мұнда бірінің ойын екінші студент жалғастырып, толықтырып отыруды үйренді.

Студенттердің білімін бағалауда әрбір топтың жұмысына «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен баға беруді ұсындым, алдымен сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған ауызша өз ойларын айтуға көңіл бөлдірдім, артынан (яғни сағат тілі бойынша келесі топтың жұмысына өз жұлдыздары мен тілектерін стикерлерге жазып жабыстыруды, ұсындым).



Мерсердің зерттеуіндегі зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз құрбыларымен шағын топтарда жұмыс істейді, оларда ортақ мәселе болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасады, бір бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады, басқаша айтқанда студенттер бірге ойланады, оз ойларын дауыстап айтады – деген пікірінің дәлелдемелерін өз сабағымда көруім болды (САН, 36) [11].

Келесі сабағымда жүзеге асқан диалогтық оқыту үй тапсырмасын тексеру кезінде диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту болды, бастапқыда өткен сабақты қайталау мақсатында «Кері байланыс» ретінде жүзеге асты. Оны «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау тапсырылды. Осы тақырыпты өтуде «Диалогтік әдісті» таңдауымның себебі, өтілетін тақырыптың құрылымына байланысты, сондай-ақ, бұл сабақтың студент үшін маңыздылығы жоғары, себебі, оқушыларға сабақ беруде қолданылатын әдіс тәсілдерінің жиынтығы көрініс табатын сабақ. Диалогтік оқыту арқылы студенттердің топ ішінде өз ойын еркін айта білуге, бір-бірінің ойын тыңдауға, пікір алмасуға дағдыландыру, әлеуметтік қарым-қатынасын жетілдіру.

 «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деген ой түйдім.
Осы диаолгтық оқу әдісі оқу мақсатына жетуге ықпал етіп, топтағы студенттердің бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.

Олар:


• студенттердің тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• студенттердің басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;

• оқытушылардың студенттерді оқыту барысында олардың қандай деңгейде екендігін түсінуге және бағалауға көмектеседі.

Диаолгтық оқу әдісін пайдалануда, кездескен кедергілер топтық жұмыстарды қорғауда әр топтан ойларын дұрыс жеткізе алмаған студенттер болды, оны байқағаным ойды жеткізулері, шашыраңқы, нақты дәлелді емес, олардың жұмыс жасау барысында басқалардың көлеңкісінде қалып қояма? - деген ой түйдім.

Оны шешу мақсатында бағалау кезінде, осы студенттерге неге төмен балл қойғанымды, нақты мысалдармен дәлелдеуге тырыстым, себебі студент мен де басқалармен бірдей жұмыс жасадым, барлығымыздың қосқан үлесіміз бірдей ғой-деп ойлайды. Реніш туындауы мүмкін. Оқытушының мақсаты әр студентке өз деңгейін біліп, болашақта қай бағытта жұмыс істеу керегін ұғындыру маңызды.

Болашақта топтық жұмысты өткізуде нені өзгерту керек дегенде, студенттердің топпен жұмыс істеу барысын бақылаудан төмендегі іс-әрекеттерді байқадым: өзгелердің пікірін тыңдау, жазбаша, ауызша әңгімелеу, бір-біріне сыйластықпен қарау, өзіне-өзінің сенімділігінің артуы, әрбір студенттің жеке қабілетінің ашылуы, студенттер сабақ басында туындаған қобалжулар мен өзіне деген сенімсіздіктерінен арылуы.

Себебі, топтың белсенді студенттері тез арада топтық жұмыс бастауға жұмылдыра білді. Бірақ, кейбір студенттер дәстүрлі сабақ кезінде тақырыпқа көп көңіл бөлмейтін оны байқағаным ойды жеткізулері шашыраңқы, нақты дәлелді емес, соған қарамастан олардың топттық жұмысты жасаудағы белсенділігі артқанын байқадым.

Бұл қазіргі қарым-қатынастың ақпарат алмасуының, түрлі АКТ-ны пайдалануға көшкен заманда өте қажет деп ойлаймын.



Әдебиеттер тізімі:
1. Өміралиев Қ. Абай афоризмі. Алматы. Қазақстан, 1993. – Б. 57.

2. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. 2 т.- Алматы. 1954. – Б. 330.

3. Уалиханов Шоқан. Таңдамалы. Аударған Ә. Имағанбетов. Алматы.: Жазушы. 1980. – Б. 12-13.

4. Н.Р. Күнқожаев. Адам және қоғам. Орта мектептің 11 сыныбына арналған оқулық.-Алматы: «Рауан», 1997. – Б. 144.

5. Бейсенова С.А., Шілдебаев Ж.Б. Үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру (9-сыныпқа арналған бағдарлама). – Алматы, 2000. – Б. 21.

6. Бейсенбаева А.А., Айтманбетова Б.Р. Коллективті қалыптастыру және оқушының жеке басына оның ықпалы. 17 лекция. – Алматы, 1991. – Б. 4-7.

7. Бейсеева Г., Қозыбаева Ф., Шілдебаев Ж. т.б. Экология және табиғат қорғау. (8-сыныпқа арналған бағдарлама және әдістемелік нұсқаулары) – Алматы, 1998. – Б. 45.

8. Бейсеева Г., Қозыбаева Ф., Шілдебаев Ж. т.б. Адам экологиясы. (9-сыныпқа арналған бағдарлама және әдістемелік нұсқаулары) – Алматы, 1998. – Б. 21.

9. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы:, 2009. - 263 бет.

10. Студентке арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3 - басылым



11. Тренерге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей. 3 - басылым. Үлестірме материалдар 1-2 апта: Бірінші басылым, 97-110 бет.

Дәріс № 12 Жаратылыстану пәндері сабағында диалогтық оқытуды қолдану әдістемесі

Жоспар:

Жаратылыстану пәндері бойынша диалогтық оқыту.

Дәстүрлі оқытудың жетіспейтін тұстары.

Жеке тұлғаның өзгермелі өмірге дайындығы.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсібм шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау оқытудың жаңа белсенді әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі білім берудің жаңа технологиялары оқушының болашақтағы дамуына, оны болжауға бағытталған. Орта мектепте жаратылыстану пәнін оқыту процесін жетілдіруді, әртүрлі ұқсас емес жағдайларда пайдалануды мақсаттың өзгеруі әртүрлі инновацияларды пайдалануды талап етеді.

Соңғы кездегі белсенді әдістерді пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытылуы деп қарастырған. Белсенді оқыту әдістерінің тиімділігін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымның теориялық-әдістемелік аспектілерін толық түсіну қажет.

Педагогикалық энциклопедияда белсенді әдістерді оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдына қойған білім беру мақсатына жету үшін пайдаланатын, жаңа әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген анықтама берген. Оқыту процесін жетілдіру бағыты бағдарламалы оқытумен байланысты болды. Бұл бағыттың негізін салушы американ психологы Б.Скиннер болды. Ғалымның ойынша, оқу материалын игерудің тиімді жолы – оны біріншіден жүйелі бағдарламалы түрде беру.

Жоғарыдағы анықтамалардан байқаймыз әртүрлі мазмұнда , әртүрлі тұрғыда түсіну оның мазмұнының күрделі, әлі де қалыптасу мүмкіндігі бар жаңа бағыт деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

«Әдіс» ұғымы адам іс-әрекетінде мақсатқа жетудің кез-келген жолы. Оның ерекше белгілері ретінде үнемділік, тиімділік, ұтымдылық және қарқындылық саналады.

Дегенмен де кез-келген оқыту әдістерін педагогикалық процеске тиімді егізу үшін қазіргі кездегі барлық педагогикалық технологияларды зерттеп, оларды жүйелеп, олардың ғылыми негіздерін білу қажет. Әр мұғалім қазіргі кездегі оқыту технологияларын пайдалану арқылы өткізілетін сабақтың оқушының білім алуына тиімді жағын меңгеруі керек.

Осыған байланысты оқыту процесіне белсенді әдістерді енгізу оқушыларда жүйелі білім, іскерліктер мен дағдылар деңгейіне барабар жаңа педагогикалық жобалаудың оқытудың формалары мен әдістерін іздестірудің қажеттілігін анықтайды.

Сонымен бірге, қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның информациялану саясатына байланысты. 1997 жылға 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Мемлекеттік информацияландыру бағдарламасының негізгі бір бағыты қазіргі заманғы технологияны оқыту процесіне тиімді пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Білім сапасын жаңарту, ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» – көзделген.

Бұл стратегиялық саясат, мына ресми құжаттарда:

«Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдар аралығында білім беруді дамыту», - бағдарламасында;

«Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру», - тұжырымдамасында;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру», - стандартында;

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», - көрсетілген.

2.Білім жүйесіндегі өзгерістер тек педагогикалық технологияға ғана емес, практикаға да өзгерістер енгізді. Теория практикасыз ешнәрсе өзгерте алмайды. Теорияның практиканың күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие бола алады. Сонда ғана теория адамдар қажетін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процестер арқылы ғана ене алады. Ал теория практикаға технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне, дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы. Қолданбалы – нақты теория мен технологияның азырақ пайдалануы, теория мен практиканың алшақтауына алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогиканың технологияландыру процесіне қызығушылық туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді.

Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әртүрлі формадағы мектептер мен авторлық жобалардың пайда болуына, соның ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың, қазіргі заман талабын қанағаттандыратын бағытқа қарай өзгеруде.

Бұл оқыту мазмұнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынастың өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлғаға бағытталған бағыт маңызды ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады [39, 40].

Белсенді әдістерді пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуымен қарастырады. Мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топпен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін-бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім түрткі пайда болады.

Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім де қабылданбайды, проблеманың шешу жолдары да іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтан да белсенді оқыту әдістерінің түрінің көп болуы, оған қойылатын талаптардың да әртүрлі болуы осы өмір сұранысынан туындауы заңды. Мұнда білім беру жүйесінде негізгі іс-әрекетте жеке тұлғаның ерекшелігі баста назарда болу шарт (Сурет 2).

3.Жеке тұлға өзгеріп отырған өмірдің ішінде, сондықтан да оның өмірді қабылдауы әртүрлі болады. Әр адам оны білуге әртүрлі әрекет жасай алады:

Жеке тұлға қоршаған ортадағы өзгерісті өзінің түсінігінде, өзінің қатынасында қабылдайды.

Жеке тұлға өзін-өзі түсінуге өмірден өз орнын табуға, жетіле түсуге талпынады.

Жеке тұлғаның дамуы, жетілуі басқа адамдармен қарым-қатынаста дамиды. Жеке тұлға үшін сырттан берілген бағаның үлкен мәні бар. Осылайша, адам біртіндеп, тіке және жанама қатынастар негізінде дамиды.



Сурет 2. Жеке тұлғаның дамуы, жетілуі оқу үрдісіндегі белсенді қарым-қатынасы
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту кезінде оқыту процесін ұйымдастыру жеке оқушыға оның ойлау қабілетіне, жеке пән бойынша дайындығына байланысты қарастырылады. Бұл қазіргі заманның талабы. Осындай талап барлық дамыған елдерде қойылып отыр. Осылайша «оқушы» оқу процесінің ең орталық тұлғасына айналады. Бұған қоса жеке тұлғаға бағытталған оқыту кезінде оқушының жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туғызуды ұмытпауымыз қажет. Адамның ақыл-ой дамуымен қатар оның дене, эмоционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, шығармашылық, ақыл-ой рухани, кәсіби шеберлігіне бағытталған дағдыларын да дамыту керек.

Міне, осындай жан-жақты білімді адам өмір сүруге бейім, өз бетінше шешім қабылдай алады, белсенді іс-әрекет жасайды, өмірдің өзгеруіне тез бейімделе алады (Сурет 3).


Өз бетінше шешім қабылдай алады



Бұл белсенді іс-әрекет жасайды

(пікірталас, сұхбат, диалог)



Өмірдің өзгеруіне оңай бейімделе алады.

Жан-жақты білімді жеке тұлға

Сурет 3. Жан-жақты білімді тұлға шығармашылығының дамуы
Осы мақсаттарды шешу жолдары қарастырылып, әртүрлі нәтижелерге қол жеткізілуде. Осы мақсаттарға негізінен жеке тұлғаға бағытталған оқыту арқылы қол жеткізудің бірнеше мүмкіндіктері бар. Олар:

өзінің алған білімін практикада қайда, қалай, қандай мақсатта пайдалануға әр оқушының танып-білу үшін белсенді іс-әрекетке қатынасу мүмкіндігі;

әртүрлі проблемаларды шешуде, қарым-қатынаста адамдармен жұмыс істей алу дағдысы қалыптасады;

өз сыныбының, мектебінің және басқа адамдармен белсенді қарым-қатынас жасау мүмкіндігі;

қажетті ақпаратты ала алу мүмкіндігіне байланысты, өзінің ойын қорытындылау, оның жан-жақты зерттеу мүмкіндігі;

әртүрлі нақты жағдайдың туындауына байланысты, әртүрлі рөлдерде, кейде топпен бірге шешуде өзінің үнемі ақыл-ой қабілетін, дене және адамгершілігін дамуының жағдайын тексеру мүмкіндігі туындайды.

Біздің ойымызша, белсенді оқыту әдістері арқылы оқу процесін ұйымдастырған кезде оқу материалы бойынша өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігіне байланысты өз жобасын жасай алады. Бұл кезде әр оқушы өзінің тұлғалық шығармашылық мүмкіндігін толық пайдалана алады.

Кез-келген белсенді әдісті пайдалану – ғылым мен практиканың жиынтығынан, әлеуметтік прогрестен қоғамды демократизациялау мен гуманизациялау туындаған қажеттіліктер мен өткен дәстүрлі тәжірибенің дұрыс үйлестіруінен тұрады.

Әртүрлі орындаушы маманның қолында бір түрлі әдістің өзі әртүрлі болып көрінуі мүмкін, ол заңды құбылыс. Өйткені, бұл жерде:

мұғалімнің өзінің жеке тұлғалық компоненттері, мүмкіндігі әртүрлі болады;

оқушылардың өздерінің жеке тұлғалық ерекшелік компоненттері;

сыныптың, топтың жалпы психологиялық көңіл-күйіне байланысты болады.

Сондықтан да әртүрлі мұғалімнің бір түрлі оқыту әдістерін пайдалану, нәтижесінде жеткен жетістіктері де әртүрлі болады. Дегенмен, бір әдісті сипаттайтын белгілеріне қарай, нәтижесі шамамен ортақ шамаға жақын болады.

Мәселен, диалогтық оқыту әдісі арқылы сабақ өткізудің алгоритмі:

Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.

Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.

Айтылған ойды қарсылықсыз қабылдау.

Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырманың қандай болғанын қайталау керек.

Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды шығаруға болатынын және пікірсайыстың тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау керек.

Пікірсайыс технологияларын біртұтас педагогикалық процеске енгізу кезінде екі идея негізінен ескерілген:

біріншісі, интеграция;

екіншісі, интенцификация.

Мысалы, Жаратылыстану пәндерін (биология, химия, география) оқытуда олардың арасындағы байланысты көрсетпесе, ондағы заңдылықтар толық түсіндірілмейді, яғни оқытуда интенсификациялауда пайдалану қажеттілігі туындайды.

Екіншісі, ондағы байланыстарды көрсету, оның оқушыда саналы түсіндіру үшін мнемосхемаларды пайдаланамыз, бұл оқытуда интеграциялауды пайдалану қажеттігін көрсетеді.

Ал, интеграция (кіріктіру) құбылысы оқыту процесіндегі интенсификациямен тығыз байланыста берілгенде ғана тиімді болады. Мұнда біріншісі – мазмұнға байланысты болса, екіншісі біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыруға байланысты жүреді. Интенсификация біртұтас педагогикалық процестегі іс-әрекеттің қарқындылығына әсер етеді. Бұл оқу процесін ұйымдастырудағы уақытты үнемдеу, беретін ақпарат мөлшерін жоғарылатуға, қабылдануы үшін мүмкіндік береді.

Пікірсайыс әдісі

І. Емінеркін пікірталасқа түсу мүмкіндігі

ІІ. Белгілі бір материалды емін – еркін баяндау


Сурет 4. Диалогтық оқыту әдісінің тиімділігі
Тұжырымдауымыз бойынша педагогикалық оқыту технологиясы туралы қазіргі ғылымда орныққан дәл анықтама болмағанымен, олардың бәрінің тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, біріншіден технологияның шеберлікпен, біліктілікпен байланыстылығы; екіншіден технологияның оқыту үрдісінде сапалық өзгеріс жасау мақсатында қолданылатыны; үшіншіден, технологияның біртұтас әдіс-тәсілдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, белсенді оқыту технологияның білім беру саласының кез-келген типінде жаппай қолдануға қолайлы әрі тиімді оқу үрдісін ұйымдастырудың жолдарын іздестірудің нәтижесінде туған тқжырым екендігі даусыз. Сонымен, білім беру, оқыту үрдісіндегі белсенді оқыту технологиясы – қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе, яғни білім мазмұнын жүзеге асырудың тәсілі.

Белсенді әдіс – тәсілдердің ең негізгісінің бірі – «диалогтық оқыту әдісі». Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым – қатнас пен қарым – қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Диалогтықты оқыту – ол таным әрекетін ұйымдастыру арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттардың бірі – оқу үрдісінің өнімділігі арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Белсенді оқыту әдісі» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, белсенді оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

Белсенді әдіс – тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.

Диалогтық оқыту – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық диалогтық қарым – қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс – әрекетін оқу – ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Диалогтық оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Диалогтық оқыту әдістерімен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше іздеуге жетелейді. Мұғалім белсенділігін оқушылар белсенділігімен алмастырылып, оның міндеті оқушыларға белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай туғызу ғана болып қалады [4-6].

Оқытудың диалогтық оқыту әдістері қолданылатын сабақтарды ұйымдастырудың шарттары:

1) проблемалық;

2) ынтымақтастық және ұжымдық өзара әрекет;

3) оқушылардың жеке басы мен психологиялық дамуын басқару;

4) оқушыларды ұдайы белсендіріп отыру;

5) мұғалімнің моделін өзгерту; ұйымдастырушы, серіктес, кеңесші, бағыттаушы және тағы басқа рөлдерді атқаруы.

«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез – келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс.

Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатнасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Шығармашыл жеке тұлға қалыптастыруда сапалы да, тиянақты білім берудің негізгі өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану болып табылады.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет