Гидротехникалық имараттардың негіздемелері



бет1/10
Дата07.05.2020
өлшемі1,86 Mb.
#66526
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
w14156202ad.29-12-2014.kaz
5 билет






ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ИМАРАТТАРДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Ережелер жинағы ҚР ЕЖ 3.04-103-2014 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1 шілдеден бастап бекітілген.

АЛҒЫ СӨЗ


1. ӘЗІРЛЕГЕН:



"ҚазҚСҒЗИ" АҚ, ҚазКСЖДИ ШЖҚ ҚарМТУ РМК



2. ҰСЫНҒАН:



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы



3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап



      МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ




      Осы ережелер жинағы, "Үймереттер мен ғимараттардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті дәлелдік базасының нормативтік құжаттарының, гидротехникалық ғимараттар негіздерінің жобалануына қарасты, тек біреуі ретінде ұсынылады.



      Осы ережелер жинағы, ҚР ҚН 3.04-03 "Гидротехникалық ғимараттардың негіздері" қызметтік сипаттамаларына қойылатын талаптарының қолайлы шешімдері мен өлшемдерін белгілейді.



      ҚР ЕЖ 3.04-103-2014

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ




      1.1 Осы ережелер жинағына барлық топтардағы гидротехникалық ғимараттардың, соның ішінде, гравитациялық, арқалық және контрфорстық тоғандардың, сүйеме қабырғалардың, шлюздердің, шельфтік және кемежайлық ғимараттардың негіздерін, гидротехникалық ғимараттардың орналасқан жерлердегі табиғи беткейлер мен жасанды құламаларды жобалауға арналған негізгі ережелер және қолайлы техникалық шешімдер енген.



      1.2 Осы ережелер жинағы топырақтардың жіктелуін және олардың физикалықмеханикалық сипаттамаларын, негіздердің инженерлік-геологиялық және есептік сұлбаландырылуын, негіздердің орнықтылығының, кернеулік-деформациялану күйдің, суффозиялық беріктіктің есептелу әдістерін қамтиды, сонымен қатар, негіздердің дайындалу сапасының бақылау әдістерін, пайдалану кезінде негіздер күйін қадағалау әдістемесін және негіздердің сенімділігін арттыратын инженерлік шаралар белгілейді.



      1.3 Осы ережелер жинағының негізгі ережелері мен қолайлы техникалық шешімдері жерасты гидротехникалық ғимараттарды және су шығындары 5 м
3/с аспайтын мелиорациялық каналдардағы сушаруашылық ғимараттарын жобалауға тарамайды, сондай-ақ, су тереңдіктері 1 м аспайтын кездерде.

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР




      Осы ережелер жинағында келесі нормативтік-техникалық құжаттарға сілтемелер қолданылды:



      ҚР ҚН 3.04-03-2014 Гидротехникалық имараттардың негіздемелері.



      ЕЖ 58.13330.2011 Гидротехникалық ғимараттар. ЕЖ 50-101-2004 Ғимараттар мен имараттардың іргелері. Жобалау.



      Ескерту - Ұсынылған ережелер жинағын қолдануда, сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын "Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық тізім", "Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу", "Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу" құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.

3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР




      Осы ережелер жинағында ҚР ҚН 3.04-03 атаулар мен анықтамалар қолданылады:



      3.1 Ғимарат: Көлемдік, жазықтық, немесе сызықтық жердегі, жер бетіндегі немесе жер астындағы көтергіштік, ал жеке жағдайларда қоршаушы құрылымдардан тұратын және әр түрлі өндірістік үрдістерді орындауға, материалдарды, өнімдерді, жабдықтарды сақтауға, адамдардың уақытша мекендеуіне, адамдар мен жүктердің орын ауыстыруына және т.б арналған құрылыстық жүйе.



      3.2 Топырақтық негiз: Құрылыс жұмыстары басталмай тұрғандағы алаңның топырағы, тау тасы немесе үйіндісі.



      3.3 Сенiмдiлiк: Көтеруші конструкция немесе конструкция элементінің жобалық пайдалану мерзімінде қойылған талаптарға сәйкес болу қабілеті. Сенімділік, әдетте, ықтимал шамалармен көрсетіледі. Сенімділік көтеру қабілетінің қорын, пайдалану кезіндегі жарамдылықты және көтеруші конструкциясының ұзақ мерзімділігін қамтиды.



      3.4 Топырақ: Көпқұрамдас және көпкүйлі геологиялық орта және адамның инженерлік-шаруашылық әрекетінің нысаны болып табылатын жыныстар, жер қыртысы, техногендік түзілістер.



      3.5 Топырақтың тура қысымы: Конструкция, топырақтан кері бағытта ауытқитын, қирау беттері пайда болатын кезеңге сай келетін, шекті тепе-теңдік күйдегі топырақтың қоршаулық конструкцияға түсіретін күштік әсері.



      3.6 Топырақтың кері қысымы: Конструкция, топыраққа қарай бағытта ауытқитын, ығысу беттері пайда болатын кезеңге сай келетін, шекті тепе-теңдік күйдегі топырақтың қоршаулық конструкцияға түсіретін күштік әсері.



      3.7 Құрғатқыш(кәріз): Негіздегі сүзілу ағынын жартылай немесе толық ұстап қалатын, сонымен қатар, ғимаратқа іргелес жатқан аймақтағы сүзілген суларды жинақтайтын және бұратын құрылғы.



      3.8 Инженерлік-геологиялық үлгі: Сипаттамаларының нормативтік және есептік мәндері тұрақты, ғимараттың әсері тарайтын аймақтардағы инженерлік-геологиялық элементтердің орналасуының сұлбалы түрде бейнеленуі.



      3.9 Инженерлік-геологиялық элемент (ИГЭ): Қасиеттерінің сипаттамалары, бөлінген элемент шектерінде, статистикалық тұрғыда біртекті және кездейсоқ өзгеретін (заңдылықсыз) немесе байқалатын заңдылықты ескермеуге болатын жағдайлардағы жас шамасы, жаратылысы және түрі бірдей топырақ көлемі.



      3.10 Жергілікті беріктік: "Ғимарат-негіз" жүйесінің жергілікті аймақтарында, топырақтың жүктемелер мен әсерлерді қирамай қабылдайтын қасиеті.



      3.11 Ғимараттың және/немесе негіздің кернеулік-деформациялық күйі (КДК): "Ғимарат-негіз" жүйесінде, олардың әрекеттестену барысында дамитын кернеулер мен деформациялардың кеңістіктік таралуы.



      3.12 Негіздің көтеру қабілеті: Негіз топырағының, оған ғимараттан берілетін ең жоғары жүктемеге, негіздің қирауына және ғимараттың пайдалануға толық жарамсыздығына әкелетін сырғу беттерінің дамуысыз, шыдай алу қабілеті.



      3.13 Гидротехникалық ғимараттың негізі: Ғимарат табанының астында орналасатын немесе оның іргетасы, су өткізбейтін элементтері және құрғату құрылғылары енетін табиғи немесе жасанды түрде қалыптастырылған (техногендік) топырақтың қалың қабаты.



      3.14 Топырақтың жылжымалылығы: Топырақтың, тұрақты жүктеме әсерінен, уақыт бойынша ұзақ деформациялану үрдісі.



      3.15 "Ғимарат-негіз"жүйесінің шекті тепе-теңдігі: Сыртқы жүктеменің сәл ғана өсуі, орныққан тепе-теңдіктің бұзылуына апаратын және ғимарат табанының астындағы топырақтың, шөгудің едәуір үдей түсуімен және жоғары қарай ығысуымен өтетін жүйенің күйі.



      3.16 Топырақтың шекті күйі (беріктігі): Топырақ элементіндегі жанама және тік кернеулер (Кулон, Кулон-Мор, Мизес-Шлейхер және с.с) беріктік сынақтағыштарымен байланыстырылған, ал ығысу деформацияларының дамуы шектеусіз, нүктедегі топырақтың күйі.



      3.17 Топырақтың ұзақ беріктігі: Жүктеменің ұзақ әсер еткендегі топырақ беріктігі.



      3.18 Есептік топырақтық элемент(ЕТЭ): Шектерінің ішіндегі топырақ сипаттамаларының нормативтік және (немесе) есептік мәндері тұрақты немесе бағыт бойынша заңдылықты өзгеретін болып қабылданатын топырақ көлемі.



      3.19 Нысанның есептік геомеханикалық үлгісі: Негіздің қарастырылатын аймақтағы есептік топырақтық элементтерінің жиынтығы.



      3.20 Су сығыла алмайтын ығысу кедергісі: Су сығыла алмайтын жағдайдағы топырақтың ығыстыратын жүктемеге деген ең жоғары кедергісі.



      3.21 Сүзілулік беріктік: Негіздің, сүзілулік ағынның қирату, механикалық немесе химиялық суффозия түрінде білінетін, әсеріне қарсылық көрсету қабілеті.



      3.22 Сүзілу: Гравитациялық күштердің әсерінен топырақтар мен кеуекті орталардағы судың жылжуы.

4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР




     
4.1 Негізгі ережелер


      4.1.1 Гидротехникалық ғимараттар негіздерін жобалау, келесі жайттар негізінде жүргізіледі:



      - топырақ құрамындағы элементтердің құрылымы, құрамы және физикалықмеханикалық және жылуфизикалық сипаттамалары жайындағы мәліметтерден тұратын инженерлік-геологиялық, геокриологиялық және гидрогеологиялық ізденістер және зерттеулер нәтижелері, жерасты суларының деңгейі мен арыны, олардың химиялық құрамы, қоректену көздері мен тонданған жағдайдағы судың сығыла алуы, және т.б.;



      - ғимарат тұрғызылатын ауданның сейсмикалық жағдайы жайындағы мәліметтер;



      - инженерлік-геологиялық және климаттық жағдайлары ұқсас болып келетін жерлердегі гидротехникалық ғимараттарды салу тәжірибелері;



      - салынатын гидротехникалық ғимараттар жайындағы мәліметтер (міндеті, тобы, түрі, конструкциялық құрылымы, өлшемдері, орнату тәртібі, әсер етуші жүктемелер, әсерлер, пайдалану жағдайлары және т.б.);



      - құрылыс ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескеру;



      - негіз топырағының және тұрғызылатын ғимарат материалдарының беріктік, деформациялық немесе басқа да қасиеттерін тиімді пайдалану үшін ыңғайлы нұсқасын тандауды қамтамассыз ететін, ең аз шығыңдарды және техникалық, әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын орындайтын, жобалық шешімдердің нұсқаларын техникалық-экономикалық салыстырылуы.



      4.1.2 Гидротехникалық ғимараттардың сенімділігі мен қауіпсіздігін негіздеу үшін гидравликалық, су сүзілулік және температуралық жағдайлардың, сонымен қатар, тұтас орта механикасының заманауи, ең алдымен, сандық әдістерін қолдану арқылы, негіз жыныстары мен материалдарының нақты қасиеттері ескеріле, "ғимарат-негіз" жүйесінің кернеулік-деформациялық күйінің есептеулері орындалады. "Ғимарат-негіз" жүйесі сенімділігінің қамсыздандырылуы, олардың беріктік (соның ішінде сүзілулік), орнықтылық, деформациялар мен ауытқулар бойынша шекті күйлер әдісі есептеулерінің нәтижелерімен негізделуі мүмкін. Сенімділіктің қамтамасыз етілуіне негіз болатын шарт:













      мұндағы
F0 - жалпыланған күштік әсердің (күш, аударатын әсер, кернеу), деформацияның немесе басқа өлшемнің, шектік күйді бағалайтын, жүктеме бойынша сенімділік еселігі



ескеріліп анықталынған есептік мәні;





     
R0 - жалпыланған көтеру қабілеттің, деформацияның немесе басқа өлшемнің, топырақ бойынша сенімділік еселігі



ескеріліп анықталынған есептік мәні;





     




n - ғимараттың жауаптылығы бойынша сенімділік еселігі;





     




ic - жүктемелерді біріктіру еселіктері;





     




c - жұмыс жағдайларының еселіктері.





      4.1.3 Негізге түсетін жүктемелер мен әсерлер ғимарат пен негіздің біріккен жұмысын ескеретін есептеулер бойынша анықталынады. Сейсмикалық әсерлердің шамасы мен бағыты, әсердің сипаты, жер сілкіңісінің қақортасы мен ошағының орналасу жері ескеріле анықталынады.



      4.1.4 Гидротехникалық ғимараттар негіздерінің есептеулері шекті күйлердің екі тобы бойынша жүргізіледі:



      - бірінші топ бойынша (көтеру қабілетінің жоғалуы және (немесе) негіз бен ғимараттың толығымен пайдалануға жарамсыздығы) - "ғимарат-негіз" жүйесінің жалпы беріктік және орнықтылық есептеулері, беріктік пен орнықтылыққа әсер ететін ауытқулардың есептеулері;



      - екінші топ бойынша (қалыпты пайдалануға жарамсыздық) - жергілікті, соның ішінде, негіздің сүзілу беріктігінің және ығысулар мен деформациялардың бірінші топ бойынша есептеулерге жатпайтын есептеулері. Есептеулерді шектік күйлер бойынша екі топқа бөлу, сәйкес шектік күйге жету кезінде мүмкін деген жағдайларды ескереді. Екінші топ бойынша шектік күйге жету кезінде мүмкін деген, маңыздылығы аздау жағдайлар, бірінші топ шектік күйімен салыстырғанда, қатқылдығы кемдеу есептік жағдайларды сәйкес реттемелеумен ескеріледі.



      4.1.5 Бірінші топ бойынша есептеулер, пайдалануға толық жарамсыздылықты жою үшін, келесі шектік жағдайларды болдырмау мақсатында орындалуы мүмкін:



      - негіз көтеру қабілетін, ал ғимарат орнықтылығын жоғалтуы;



      - таутасты емес негіздің жалпы сүзілу беріктігінің бұзылуы, сонымен бірге таутасты және таутасты емес негіздің сүзілу беріктігінің бұзылуы су ағыстарының жылдамдығын күшейтсе, негіздің бұзылуына және басқа да ғимаратты әрі қарай пайдалануға жол бермейтін жағымсыз жағдайларға әкеліп соқтырса;



      - негіздегі сүзілуге қарсы құрылғылардың бұзылуы немесе олардың дұрыс жұмыс істемеуі, су жинағыштар мен каналдардағы сулардың ағып кетуі немесе алаңды су алу және оның батпақтануы, сулану және т.б. үрдістердің орын алуы;



      - ғимараттың жеке бөліктерінің қирауына әкеліп соқтыратын, оны арғы қарай пайдалануға жол бермейтін негіздің әр бөліктерінің әртекті ығысуы (жер тоғандар мен бөгеттер өзектерінің, қалқандары мен басқа да сүзілуге қарсы элементтерінің бұзылуы, бетонды ғимараттар жарықтарының рауасыз ашылуы, жіктер тығыздамаларының істен шығуы және с.с.).



      Бірінші топтағы шектік күйлер бойынша, ғимараттың жеке элементтерінің беріктігі мен орнықтылығының есептеулері орындалады, сонымен қатар, ғимараттың толығымен немесе оның негізгі элементтерінің беріктігін немесе орнықтылығын анықтайтын (мысалы, шпунттық сүйеме қабырғалардың қарнақтық тіректері) құрылымдар ауытқуларының есептеулері жүргізіледі. Бірінші топтағы шектік күйлер бойынша есептеулеріне, сонымен қатар, нысанның технологиялық жүйесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларына апаратын, ғимараттың немесе оның құрылымдық элементтер ауытқуларының есептеулері де жатады. Ғимараттарға тікелей жақын және олардың тұтасқан жерлерінде орналасқан құламалар орнықтылыққа бірінші топтағы шектік күйлер бойынша есептелінуге тиісті. Егер, мұндай құламалардың орнықтылығының жоғалуы ғимаратты пайдалану жарамсыздығына әкеліп соқтырмаса, онда құламаларды екінші топтағы шектік күйлер бойынша есептеген жөн.



      4.1.6 Екінші топ бойынша есептеулер, ғимарат пен негіздің қалыпты пайдалануға жарамсыздығын сипаттайтын келесі шектік күйлерді болдырмау мақсатында жүргізіледі:



      - қарсы қысымды жоғарылататын, сүзілу шығынын, ғимараттардың ауытқулары мен еңкеюлерін ұлғайтатын және т.б. негіздің жеке аймақтарының жергілікті беріктігінің бұзылуы;



      - топырақтардағы жылжымалылық пен жарықтар пайда болулардың орын алуы;



      - нысанның пайдалануындағы қиындықтарды туғызатын ғимараттардың және негіздегі топырақтардың ауытқулары;



      - каналдың немесе арнаның, суқабылдағыштардың кіру саңлауларының жарымжартылай басылып қалуын тудыратын беткейлер мен құламалардың орнықтылық



      жоғалтуы және баска зардаптар;



      - егер беткейлер орнықтылығының жоғалуы ғимараттың пайдалануға жарамсыз



      күйін тудырса, онда мұндай беткейлердің орнықтылығының есептеулерін бірінші топтағы шекті күйлер бойынша жүргізеді.



      Негіздің жергілікті беріктігінің есептеулері негіздің көтеру қабілетінің толық жоғалуын көрсететін жағдайда, бірінші топтағы шектік күйлер шартының (1) орындалуын қамтамасыз ететін, негіздің беріктігін жоғарылататын немесе "ғимарат-негіз" жүйесіндегі құрылымдарды өзгертетін шаралар қарастырылады.



      4.1.7 Динамикалық жүктемелердің әсеріне ұшырайтын гидротехникалық ғимараттар негіздерін жобалау кезінде, негіздердің есептеулерін, қажет болған жағдайда, ғимарат пен негіздің арасындағы динамикалық әсерді (әдетте, топырақтардың сызықты емес сұлбаларын қолданып) және динамикалық (циклдық) әсерлер кезінде топырақтардың қасиеттерінің мүмкін деген өзгеруін ескеріп жүргізеді.



      4.1.8 Гидротехникалық ғимараттардың орнықтылығы мен негіздерінің орнықтылығының детерминистік есептеу әдістерімен қатар, олардың сенімділігі мен жұмыс тоқтатылуын бағалайтын ықтималдық әдістерді қолдану ұсынылады.



      "Ғимарат-негіз" жүйесінің жұмыс тоқтатылуын бағалау кезінде, келесі шарттың орындалу мүмкіндігін бағалаған жөн:



     
Rk Fk > 0. (2)


      Бұл жағдайда, жүктемелер бірігуіне сәйкес келетін, шекті кедергінің
Rk жинақталған күші мен жинақталған күштік әсер Fk , ықтималдық сипаттағы шамалар ретінде қарастырылады. Жұмыс тоқтатылуының табылған ықтималдығы жұмыс тоқтатылуының нормативтік деңгейімен салыстырылады (орнықтылықтың жоғалуы және т.б.). Ғимараттың қызмет көрсету мерзіміне T0 қарасты жұмыс тоқтатылу ықтималдығының нормативтік деңгейінің мәні (ғимараттың орнықтылығының жоғалуы, негіз беріктігінің бұзылуы), жұмыс тоқтатылуы (апаттар) және зақымдалулар бойынша статистикалық мәліметтер негізінде қабылданады. Мұндай мәліметтер болмаған кезде Кесте 1 мәліметтерін қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет