Гүлжиһан Нұрышева Философия (лекциялар курсы)



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі3,62 Mb.
#35609
1   2   3   4   5

5. АҚИҚАТ - танушы субъектінінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі; сезімдік, эмпирикалық тәжірибенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің объективтік мазмұны.

6. АНТИНОМИЯ (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) - 1) за туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны неме заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылм тын қайшылық.

7. АНТРОПОЛОГИЗМ - философиялық концепция, оның өкілде

" адам" ұғымын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға болады деп тұжырымдайды.



8. АПЕЙРОН ( ареіrоп - шектелмеген) - шексіз. Анаксимандрды пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондарда құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады. Платон мен пифагоршылар оны материяның синонимі ретінде түсінді.

9. АПОРИЯ (грекше ароrіа - тығырық) - көне грек философиясында шешімі қиын немес шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым.

10. АПОСТЕРИОРИ ( лат. а роstеrіоrі - келесіден) - тәжірибеден алынатын білім.



11. АПРИОРИ (лат. а рrіоrі - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.

146

12. АРАЛАСУ –қазақ дүниетанымының категориясы, жеке адамның ғана емес, жалпы қазақ халқының өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі.

13. АРХАТ - Көне Үнді философиясының ұғымы, "жауды жеңуші" дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

14. АСЬІЛ АДАМ, БЕКЗАТ АДАМ (ЦЗЮНЬ-ЦЗЬІ) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. Бұл ұғымға қарсы ұғым - 'Төмен адам" ұғымы.

15. АТМАН - бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: "мен", "өзімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы ма- ғынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанци-оналдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп белінеді делінгенмен, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

16. АРХЕТИП - алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық пси-хологияда инстинктілермен қатар "ұжымдық бейсаналылықтың" қатпар-ларында болатын және жалпы адамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады.

17. БЕЙСАНАЛЫ (бессознательное) - кең мағынасында - субъектінің санасында жоқ психикалық процестердің, операциялардың және жағдай-лардың жиынтығы. Бұл психикалықтың сана құбылыстарынан сапалық жа-ғынан өзгеше ерекше саласы. Бейсаналы шын мақсаттары мен салдарлары сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-құлықты сипаттайды. Фрейд бейсаналыны сананың қызметіне қарама-қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді.

18. БИЛІК - әлеуметтік қатынастар формасы, адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметі мен тәртібінің сипаты мен бағытына экономикалық, идеологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдер арқылы, сонымен қатар беделдің, дәстүрлердің, күш көрсетудің көмегімен ықпал

ете алу қабілетімен сипатталады. Басқару және бағыну принципіне негізделген қатынастар биліктің мәні болып табылады.



19. БОЛМЫС - санадан тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені білдіретін философиялық ұғым. Кең мағынасында болмыс, бірдеңенің жалпы түрде өмір сүруін білдіретін жалпы жоне абстрактілі ұғым.

20. БҰЛЖЫМАЙТЫН ИМПЕРАТИВ (категорический императив) - Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (мак­симе)

147


қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адам- гершіліктік ереже.

21. ВЕРИФИКАЦИЯ - ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығы" оларды эмпирикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретін ме- тодологиялық ұғым.

22. ВОЛЮНТАРИЗМ ( лат. vоluntas - воля (жігер), Ф. Тённис 18 жылы енгізген термин) - философиядағы идеалистік бағыт, жігерді болмыстың жоғарғы принципі ретінде қарастырады. Рухани болмыста жігерді бірінші орынға қоя отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі реті интеллект, ақыл-ойды танитын интеллектуализмге (немесе рационализге) қарсы тұрады.

23. ГЕНЕЗИС (грекше gепеsіs - шығу, қалыптасу) - шығу, қалыптасу, пайда болу, туындау, белгілі бір жағдайға, түрге, затқа, құбылысқа әкелетін даму дегенді білдіреді.

24. ГУМАНИЗМ (латынша һumanitas - адамшылық) – адамды басты құндылық деп танитын антропологиялық бағыт. Бастауын көне Римнен ал- ғанымен, жеке бағыт ретінде Ренессанс дәуірінде қарқынды дамыды.

25. ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ - ғылыми-танымдық қызметтің си -паттарын зерттейтін философиялық бағыт. Тарихи-мәдени контекст ғылым философиясының басты проблемалары мынадай: а) ғылым білімнің бірлігі идеясы және онымен байланысты дүниенің ғылыми тұта бейнесін қалыптастыру міндеті, детерминизм, себептілік ұғымдарын динамикалық және статикалық заңдылықтардың арақатынасын сараптау б) ғылыми зерттеудің құрылымдық сипаттамалары - анализ бен синтезді

индукция мен дедукцияның, логика мен интуицияның, жаңалық а

мен негіздеудің, теория мен фактінің арақатынасы; в) демаркация про- блемасы - ғылым мен метафизиканы, математика мен жаратылыстарды, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылысты ғылымдық білімді бөлу ғылыми білімді негіздеу проблемасы, верификация жасауды сараптау; ғылыми-зерттеу парадигмаларын қарастыру; е) ғылыми білімді гумани- зациялау мәселесі.

26. ДАО - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрі қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, балық

бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды жөне бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао - универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао зандарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.

148

27. ДЕКОНСТРУКЦИЯ - мәтінге қатысты ерекше стратегия, "дест-рукиияны" да, реконструкцияны да қамтиды. Термин метафизика дәстүрі ретіндегі европалық дәстүрді қайта түсінуді білдіреді, мұндағы басты нәрсе бұзу емес, позитивті мән құрастыру.

28. ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ - діни философтар мен теологтар қасиетті мәтіндерді қазіргі заман тіліне аударғанда қолданатын методологиялық тәсілдерді белгілеуге арналған термин.

29. ДЕСТРУКЦИЯ - философиялық онтологиялық конструкциялардың негіздемелерін айқындау. Деструкция, бір жағынан алғанда, антикалық дәстүр ашқан, кейін ұмытылыңқыралған мүмкіндіктерді ашады, екінші жағынан - болмысты өз бетімен, шегіне жете түсінуге бағыттайды. Тарихи-философиялық контексте деструкция адамның өзінің нақты уақытында

өз мәнін табатын өзекті өмір сүру мүмкіндіктерінің бірі ретінде түсініледі.



30. ДЕФИНИЦИЯ - заттың маңызды ерекшеліктерін немесе ұғымның мағынасын, мазмұнын және шекараларын айқындайтын қысқаша логикалық анықтама.

31. ДИАЛЕКТИКА - табиғаттың, қоғамның, адамның және ойлаудың жалпы заңдары туралы ғылым.

32. ДИСКУРСИВТІ - пайымдық, логикалық, тікелей емес, сезімдік, тікелей, интуитивтіден өгеше.

33. ДҮНИЕНІҢ ДІНИ БЕЙНЕСІ - негізгі элементі - жалғыз Құдай бейнесі (монотеистік діндер) немесе құдайлар санының көптігі (политеистік діндер). Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен емір сүре алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, себебі ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың -Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.

34. ДҮНИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ БЕЙНЕСІ - шындықтың жалпы қаси-еттері мен заңдылықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді және теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижесінде құрастырылған тұтас бейнесі.

35. ДҮНИЕНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ - көптүрлі. Бірақ бәрі адам және дүние қатынасының теңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материалистік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объективистік немесе субъективистік тұрғыдан түсінілуі мүмкін.

36. ДХАММА (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dһаrmа) - бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинтэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі,

әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа

149

ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекітін ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік процесс себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткіі 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижеі абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.



37. ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ - кең мағынасында - дінге қатысты фило- софиялық ұстанымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құдайылықтың өмір сүруінің философиялық негізді лерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пайымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында құдайылық пен дін туралы автономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.

38. ЕЛЕСТЕТУ - 1 )ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне

39. ЖАН (грекше рseусһе, латынша апіmа) - көне грек философта- рыныңы түсінігінде дене мен материяға қарама-қарсы субстанция, пси- хикалық құбылыстардың, сезімдер мен ұмтылыстардың, тірі мақұлықтың негізі және оның санасының талпыныстарының жиынтығы.

40. ЖАТТАНУ - бастапқы бірліктің бұзылуының нәтижесінде қалып- тасатын, субьект табиғатының жұтаңдануына, өзгеруіне, бұрмалануына әкелетін субъект пен оның қандай да бір функциясының арасындағы қатын- настар; сонымен қатар, осы бірліктің бұзылуы процесі.

41. ЖІГЕР - адамның белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға саналы мақсатты түрде ұмтылысы.

42. ИДЕАЛДЫ - объективті шындықтың субъективті бейнесі, адамның мақсатқа негізделген қызметі процесінде туындайды (субъектиі идеализм). ИДЕАЛДЫ - барлық заттардың объективті өмір сүретін (объективтік идеализм).

43. ИДЕЯ - философиялық термин, "мән", "мағына" дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.

44. ИММАНЕНТТІ - затқа, құбылысқа немесе процеске ішкі тән- қасиет немесе заңдылық.

45. ИНТЕНЦИОНАЛДЫҚ - феноменологияда - сананың дүниеге мән қалыптастырушылық (смыслообразующая) ұмтылысы сананың затқа мәнқалыптастырушьшық қатынасы, түйсіктердің заттық интерпретация

46. ИНТЕРПРЕТАЦИЯ - тарихи-гуманитарлық ғылымдарда мәтіндердің мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; тематикалық логикада, логикалық семантикада, ғылым философияс да - формальдық тілдің сөйлемдерінің мағынасын анықтау.

150


47. ИНТЕРСУБЪЕКТИВТІЛІК - субъектінің құрылымы, субъектінің индивидуальдік көптігі фактісіне жауап береді және олардың қауымдастығы мен коммуникациясының негізі ретінде көрінеді.

48. ИНТУИТВИЗМ - философиялық-методологиялық ұстаным, болмыс пен танымның соңғы негіздемесі ретінде шындықтың субъект пен объектіге бөлінуін жоятын, затқа тікелей, "тірі" енуді таниды.

49. ИНТУИЦИЯ - білімді дискурсивті туындатусыз жөне дәлелдеусіз, проблемалық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі.

50. ИНЬ И ЯН (қытайша) - этимологиялық мағынасы "тәбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Кек пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенін рациональдік, "әйелдік" бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы - өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.

51. ИРРАЦИОНАЛДЫ - ақыл-ой шеңберінен тыс, логикалық ойлау арқылы жету мүмкін емес, рациональдіге қарама-қарсы.

52. ИРРАЦИОНАЛИЗМ - философиядағы идеалистік ағымдарды бедгілейтін термин. Иррационализм рационализмге қарама-қарсы, таным процесіндегі ақыл-ойдың мүмкіндіктерін терістейді немесе шектейді

және дүниені танудың негізі ретінде ақыл-ой жете алмайтын немесе оның та-биғатына қарсы бірдеңені түсінеді, болмыстың озін логикаға қарсы, ир-рациональдік сипатта деп тұжырымдайды.



53. ИСТОРИЦИЗМ - тарихи білімнің логикалық-методологиялық, гносеологиялық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға шы-ғаратын философиялық ағым.

54. ҚАБЫЛДАУ - материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы құрылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік бейнесі.

55. КАЛАМ (арабша қалам – сөз) - ортағасырлық мұсылман филосо-фиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын зерттеп, түсіндіруді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибеден тыс Жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.

56. КАРМА - "іс-әрекет", кене Үнді философиясының ұғымы. Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің езі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт еткен соң болсын, ­міндетті түрде

151


салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік зандылығы қарма деп атал.

57. КАТЕГОРИЯ - шындықтың, пікірлердің және ұғымдардың жалпы және қарапайым формалары, олардан басқа ұғымдар туындайды. Сонымен қатар, категориялар таным объектілері болмысының алғашқы негізгі формалары.

58. КЕҢІСТІК - материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық материалдық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстың кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттай Кеңістік бір уақытта бірге өмір сүріп отырған обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді.

59. КЛЕРИКАЛИЗМ ( латынша сіеrісаlіs - шіркеулік) - католик шіркеуі мен оның басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағыталған талпыныстар жиынтығы.

60. КОСМОС (грекше - Ғалам) - хаосқа қарама-қарсы, реттел тұтас, жүйелі құрастырылған бірлік ретінде түсіңілетін әлем, дүниені реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет фагор атады.

61. КРЕАТИВТІЛІК - шығармашылықты тұлғаның, процес өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті.

62. КРЕАЦИОНИЗМ - дүниені жаратылыстан жоғары тіршілік етуші жаратқаны туралы діни ілім. '

63. КРИТИЦИЗМ - философиялық және ғылыми-теориялық ойла

тән ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның міндеті - ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.



64. КІСІЛІК - қазақ дүниетанымының категориясы, адамгерішілігі. мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам дегенді білдіреді.

65. ҚОЗҒАЛЫС - материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең жалпы түрде алсақ, қозгалыс - кез-келген өзгеріс, матери- алдық объектілердің өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.

66. КӨЗҚАРАС - метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелер жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің

152


және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, иде-алдарының құндылықтық бағыттарының жүйесі.

67. КУМУЛЯТИВИЗМ - ғылым философиясының методологиялық ; ұстанымы, білімнің дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жаңа ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді.

68. ЛИБИДО (лат. libid- құмарлану, қалау, ұмтылу) - Фрейд қалып-тастырған психоанализдің негізгі ұғымдарының бірі. Фрейдтің түсінігінде либидо сексуалды сипаттағы құмарлық, көбіне бейсаналы түрде болады.

69. ЛОГОС (грекше сөз және мән-мағына) - Гераклит болмыстың тұтастығын, тұрақтылығын және гармониясын бейнелеу үшін енгізген философиялық субстанционалдық термин; ой, ұғым, ақыл-ой, дүние-жүзілік зандылық мағыналарында түсініледі.

70. МАТЕРИЯ - (лат. таtеrіаl - зат) - дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты.

71. МАХИЗМ - XX- ғасырдың басында Мах, Авенариус және олардың шәкірттерінің және К.Пирсонның еңбектерінде ұсынылған ғылым философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт.

72. МӘДЕНИЕТ - адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылық-тарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.

73. МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зер-тейтін философиялық пән.

74. МЕНТАЛИТЕТ - ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі. бейсаналыны да қамтиды. Менталитет - индивидтің немесе әлеуметтік топтың іс-әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір түрде сезінуге және қабыл-уға дайындығының, ұстанымдарының және бейімділігінің жиынтығы.

75. МЕТАФИЗИКА - бірінші түсінігі (аристотель бойынша) –

болмыстың, білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принциптері мен растаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалық материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың

қайшылықгар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін құрастыруға бейім философиялық метод деп есепді- Қазірігі кезенде бірінші мағынасы басымырақ.

76. МЕТОД (грекше теtоаоs - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі Бір мақсатқа жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.

153


77. МЕТОДОЛОГИЯ - қандай да бір ғылымда қолданылатын тынымдық құралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Таны және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышартары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.

78. МИФФИЛОСОФИЯСЫ –мифологиялық сананың құрылымың мифтің мәдени-психологиялық құрылым ретінде атқаратын функцияларын зерттейтін философиялық сала.

79. МОДАЛЬДІК - кейбір объектілердің немесе құбылыстардың өмір сүруінің, процестің жүру барысының, сонымен қатар объектілер, құбыстар, оқиғалар мен процестер туралы пікірлер мен логикалық пайыымдаулар құрастыру және түсіну тәсілдерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы

80. МУТАЗИЛИТ (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - қаламның беделді мектелтерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия философия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.

81. МУТАКАЛЛИМ - қаламды жалғастырушылар, кұр догматтарға сүйеніп қана қоймай. ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғыл білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі. құдайы әділетті Құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылады.

82. НАМЫС - қазақ дүниетанымының маңызды категорияларын бірі, әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жан" ар-ұжданы мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі "Менін" аса жоғары, әр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуін сипаттайды.

83. НАТУРАЛИЗМ-философиялықпозиция, барлық бар болып отыр-ғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі реті түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан ты бәрін шығарып тастайды.

84. НЕОПОЗИТИВИЗМ (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі заманғы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді

сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік - символдық құралдардың ғылыми танымдағы рөлін, білімді матемаматизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирик базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті.



85. НОМИНАЛИЗМ (латынша поmеп - ат, атау) - жалпы ұғымдар универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас

154


86. ОИЫН - адамның өзін еркін көрсете білуі формасы, мүмкіндік дүниесіне реалды ашықтықты білдіреді және жарыс түрінде немесе қандай да бір ситуацияларды, мәндерді, жағдайларды көрсету (орындау, реп-

резентация) түрінде өрбиді.



87. ОНТОЛОГИЯ - болмыс туралы, бар болып отырған мен оның формалары, іргелі принциптері, болмыстың жалпы анықтамалары мен категориялары туралы ілім.

88. ӨЗІНДІКЗАТ – Канттың түсінігі бойынша, танушы субъектіден хәуелсіз, өзі үшін өмір сүретін зат.

89. ӨЗІНДІК САНА - адамның өзін объективті дүниеден бөлуі, өзінін дүниеге қатынасын, өзін тұлға ретінде. өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін түсінуі және бағалауы.

90. ПАНТЕИЗМ (грекше рап - бәрі және tһеоs - Құдай) -Әлемді, дүниені, табиғатты құдайы сипатта түсінетін ілім.

91. ПАРАДИГМА - қазіргі заманғы ғылым философиясының маңызды категорияларының бірі. Ғылыми қоғамдастық қабылдаған, ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдердің, құндылыктардын және техникалық құралдардың жиынтығы.

92. ПЕРСОНАЛИЗМ ~ жер бетіңдегі өркениеттің жоғарғы мәні ретінде Тұлғаны және оның рухани құндылықтарьш танитын философиялық позиция.

93. ПЛЮРАЛИЗМ - философиялық -көзқарастық позиция, болмыстың тәуелсіз және бір-бірімен бірікпейтін бастаулары және түрлері

(онгологиядағы плюрализм), білімнің, теориялардың, методтардың (гносео-огиядағы плюрализм) формалары мен принциптері, тең құқықты және егемен тұлғалар мен топтар (этика мен социологиядағы плюрализм), құндылықтар мен құндылықтық бағыттардың формалары мен принциптері сансыз көп және олар бір-бірімен бәсекелес және күресуші әр түрлі идеологияларда және сенімдерде көрінеді (аксиологиядағы плюрализм) деп пайымдайтын философиялық-көзқарастық позиция.



94. ПОЗИТИВИЗМ - нағыз шын, "жағымды" (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана рута болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке иегізделген философиялық бағыт.

95. ПОСТПОЗИТИВИЗМ - неопозитивизді сынаудың негізінде XX ғасырдың ортасында пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы - ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінін көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі.

96. ПРАКТИКА - адамның материалдық, сезімдік-заттық, мақсатты қызметі, адам қоғамы мен танымның қозғаушы күші, жалпы негізі, оның мазмұны - табиғи және әлеуметтік объектілерді игеру және өзгерту.

155

97. ПСИХОАНАЛИЗ - психотерапия методы және бейсаналы пси -хикалық процестер мен мотивацияларды басты деп есептейтін психоло-гиялық ілім. XIX ғ. соңында - XX ғ. басында З.Фрейд қалыптастырды. .

98. РАЦИОНАЛДЫ - адамның шындықты ақылды меңгеруі.

99. РАЦИОНАЛИЗМ (латынша гаtіо - ақыл-ой) - таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы.

100. РЕДУКЦИОНИЗМ - ғылыми білімнің бірлігі проблемасын барлық ғылымдар үшін бірдей жалпы тіл жасау арқылы шешуге бағытталған методологиялық бағдарлама.

101. РЕЛЯТИВИЗМ - танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдение сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылы стардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситу- ациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.

102. САНА - объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы, адам ғана тән формасы, оның адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің ж пы формалары арқылы көрінетін дүниеге және өзіне қатынасы тәсілі.

103. СЕМАНТИКА -тіл білімі мен логиканың саласы, онда мәнмен мағынамен және белгілер мен белгілік сөйлемдердің интерпретациясы мен байланысты проблемалар зерттеледі.

104. СЕНСУАЛИЗМ - таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сөзі мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.

105. СИМВОЛ - материалдық заттардың, оқиғалардың, соныме қатар, сезімдік бейнелердің тікелей, сезімдік-денелік болмыстан өзге идеалдық мазмұнды білдіру қабілетін көрсететін ұғым.

106. СТРУКТУРАЛИЗМ И ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ - қазіргі манғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикал құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы. Структурализм өзінің негізгі міндеті деп тұрақты логикалық құрылымдард яғни объектілердің тұрақты байланыстарын іздеуді есептейді. Структализмнің жалғасы

және өзіндік сыны постструктурализм болды, субъектінің құрылымдарға редукциясы мүмкін емес деп тұжырымдады, бұл адамға субъект ретінде қайта оралуды білдіреді.



107. СУБЛИМАЦИЯ - психологияда аффектілік құмарлықтар әлеуметтік қызметтің және мәдени шығармашылықтың мақсаттары қайта өзгертетін және аударатын психикалық процесс.

156

108. СУБСТАНЦИЯ (латынша - substantiа - негізінде жатқан) -өзгер-мейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде, басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.

109. ТАНЫМ - объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.

110. ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ - тарихи процестердің онтологиялық сұрақтарын - тарихтың мәні және бағыты, негізгі тарихи дәуірлердің

бөлінуі және реттілігі, тарихи процестің ерекшелігі, тарих пен табиғаттың, тарихи шығармашылықтағы еркіндік пен қажеттіліктің арақатынасы, сонымен қатар, тарих ғылымының гносеологиялық және методологиялық проблемаларын - қамтитын философиялық білім саласы.



111. ТӘҢІРШІЛДІК-табиғат діні, оған табиғат пен адамның бірлігін білдіретін, басты қағидалары - Тәңірге деген сенім, оны Көк-Космостың жоғарғы құдайы деп түсіну және ата-бабаны қастерлеу болып саналатын ежелгі тотемдік, анимистік, фетиштік түсініктер кіреді.

112. ТЕХНИКАФИЛОСОФИЯСЫ - қазіргі замандағы техника фе-номенін философиялық-методологиялық және көзқарастың зерттеу бағыты. Техника философиясы техникалық білімінің құрылымы мен динамикасын сараптау, техникалық ғылымдардың методологиясы проблемаларын, сонымен қатар, адамның шындықты техникалық игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін зерттейді. Қазіргі уақытта техника философиялық контексте кешенді, күрделі, көпаспектілі, қайшылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының факторы ретінде карастырылады.

113. ТЕХНОЛОГИЯЛЬЩ ДЕТЕРМИНИЗМ - қоғамдық-эюномикалық құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор - өндірістің техникалық және технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын методологиялық ұстаным.

114. ТЕХНОФОБИЯ - техникалық іс-әрекеттер мен объектілердің жаттанған дүниесін адамның өз болмысына қауіп төндіретін құбылыс ре-тінде қабылдауын бейнелейтін ұғым.

115. ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДЫҚ - таным мүмкіндіктерінің априортық (тәжірибеден тыс немесе тәжірибеге дейін) жағдайларына жататын.

116. ТРАНЦЕНДЕНТТІК - схоластикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; Діни және метафизикалық таным пәні.

117. ТҰЛҒА - қоғамдық қатынастардағы индивид.

118. УАҚЫТ - материя болмысының жалпы формасы, атрибуты, бол-мыстың ұзақтығын және дүниедегі барлық материалдық жүйелер мен про-цестердің жағдайларының ауысу реттілігін білдіреді.

119. УНИВЕРСАЛИЗМ - жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қам-тушы білім, тұтастыққа ұмтылу, универсумды тұтас ретінде қарастыратын, осы тұгастан жекені бөліп шығарып, түсіндіруге және ұғынуға тырысатын ойлау түрі.

157

120. ҰҒЫМ - ойлаудың логикалық формаларының бірі, ұғымда шына -дықтың заттары мен құбылыстары және олардың арасындағы байланыстар олардың жалпы және ерекше қасиеттерін анықтау арқылы жалпы түрде бейнеленеді.

121.ФАЛСАФА (грек сөзі философияның арабша айтылуы) - антикалық философиялық пайымдауды үлгі еткен араб ойшылдарының философиясы.

122. ФЕНОМЕН - мән ұғымымен байланысты және оған қарсы қой- ылатын ұғым. Шындықты мына түрде қарастырады: адам аңғал реализмнен ("заттарды көріп тұрмын") заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді.

123. ФЕНОМЕНОЛОГИЯ (грек. Феномендер туралы ілім) – басын-

да философиялық пәндердің бірі, кейінірек идеалистік философиялы бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект мен субъектіні бөліп тастайтын) арылтуға, философиялық сараптаудың өзіндік саласына - сананың өз актілері және олардың мазмұны туралы рефлексиясына жетуге, танымның, адамның өмір сүруінің және мәдениеттің бастапқы негіздерін. толық сипаттамаларын анықтауға ұмтылды.



124. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ - кең мағынасында адамның табиғаты және мәні туралы философиялық ілім. Философиялық антропология, тармағынасында, адамның және оның қатынастарының

өмір сүруімен және түсінілуімен байланысты күрделі, көптүрлі про- блемаларды қарастыратын философиялық білім саласы.



125. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ГЕРМЕНЕВТИКА - бастапқыда (антика дәуірінен) бұл сөз мәтіндерді түсіндіру өнері дегенді білдірді. XX бастап

(М. Хайдеггер, Г. Гадамер, П. Анкер және т.б.) бұл терминм рухани мәдениет феномендерінің мәнін түсіну және игеру туралы философиялық ілім аталады.

126. ХАРИЗМА - адамның ерекше рухани қабілеттілігі, басқа ад дар оны игерудің жоне әсер етудің қарапайым адамдарда жоқ жаратылыстан жоғары, құдайы күші деп түсінеді.

127. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе тудыратын қызмет.

128. ЭВРИСТИКА - анық емес жағдайларда проблемаларды ше негізгі пәні болып табылатын метод немесе методологиялық пән. Эвристиканың басты проблемасы - қайшылықтарды жою.

129. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (өмір сүру философиясы) - жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррациолистік

158


философиялық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы - адамның өмір сүруі индивидтің әлеуметтік өмір сүруімен салыстырғанда алғашқы.

130. ЭКСПЛИКАЦИЯ - дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.

131. ЭМПИРИЗМ (грекше еmрегіа - тәжірибе) - таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге

ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.

132. ЭНТЕЛЕХИЯ (грекше еmtеlесһіа - аяқталу, жүзеге асу) -мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асуға әкеледі. Аристотель энтелехияны затта жүзеге асатын форма деп түсінді және актуальдік іс-әрекет ретінде энергия деп атады. Мысалы. дененің өзгеріп-қалыптасуында жүзеге асатын энтелехия - жан.

133. ЭПИСТЕМОЛОГИЯ -- философияның бөлімі, онда таным та-биғатының проблемалары. білімнің шындыққа қатынасы, танымдық про-цсстің жалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады

159

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН



СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР



Философия пәнінен практикалық сабақтардың мақсатылеқ

лекция сабақтарында алынған білімді бекіту, философияның түйінді мәсе -лелері мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін твор- честволық игеру, студенттердің ойлау және өз ойын ауызша жеткізе білу қабілетін дамыту.

Философия пәнінен практикалық-семинар сабақтары студент жұмы- сының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан сту- денттен мұқият дайындық, ыждағаттылық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімі философияның ОӘК не кіретін силлабустан табуға болады.

Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет матери- алдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиялық ой өкілдеріні еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.

Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқаша конспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды.

Семинар сұрағын баяндауда методикалық-техникалық, ІТ құралдарды схемалар мен слайдтарды қолдану тақырыпты тереңірек ұғынуға көмекте -седі және жоғары балл (тақырыптың презентациясы) алуға ықпал етеді.

Сабақ айтуға дайындық барысында өз ойын логикалық түрде, мазмұнды анық, айқын жеткізуге, шешен сөйлеп үйренуге басты назар аударған жөн.

Практикалық сабақтардың барлығына ортақ форма - студенттерді практикалық сабақ тақырыбының сұрақтарын талқылау процесіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі.



1 сабақ . Философияның мәні және мақсаты

1. Көзқарас жөне оның құрылымы

2. Философиялық көзқарастың ерекшеліктері

3. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны



Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

3. Кішібеков Д, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

160

Сабақтың мақсаты: философия ғылымының зерттеу объектісін анықтау, көзқарастың ерекше түрі болып табылатын философиялық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну философияның мәдениет жүйесіндегі орнын және адам мен қоғам өміріндегі рөлін көрсету.



Философия пәні бойынша оқу багдарламасының жалпы құрылымына кіріспе болып табылатын бұл күрделі тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Философия - адамзат білімінің ең ежелгі және қызықты салаларының бірі. Философия - даналыққа құштарлық және дүниені ерекше интеллек-туальдік меңгеруге талпыныс. Көзқарастың әлеуметтік-тарихи феномен және әлем мен ондағы адамның алатын орнына деген негізгі көзқарастарды қорыту ретіндегі мәні. Дүниеге көзқарастың негізгі типтері: мифологиялық, діни, өмірлік-тәжірибелік және философиялық.

Философиялық көзқарастың іргетасы - әлем және адамды ақыл мен білім тұрғысынан түсіну.

Философия - адамзаттың жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі және коғамның рухани өмірінің маңызды компоненті. Философияның рухани квинэссенция ретіндегі «мәңгілік» мөселелері.

2 сабақ. Қазақ дүииетанымынын негізгі ұғымдары

1. Қазақ дүниетанымы қалыптасуының алғышарттары.

2. Қазақ дүниетанымының негізгі категориялары: Адам, Дүние, Өмір, Араласу, Кісілік.

Әдебиет:

1. ЕсімҒ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

2. Сегизбаев О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

161


Сабақтың мақсаты: қазақ дуниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін және негізгі категорияларын талдау.

Тақырыпты дайындау барысында келесі мәселелерді қарастыру қажет: Қазақ дүниетанымы қалыптасуының негізі - көшпенді өмір салты. Көшпелілікті отырықшы өркениет өміріндегі абсурд құбылыс деп евро-поцентристік тұрғыдан түсіндіруге сын. Көшпенді өмір салтының ерек-шеліктері. Табиғатпен үйлесімділік, мәнгі қозғалыс қалпында болу –

дамудың негізі. Көшпенділер шаруашылығының практикалық сипаты.

Көшпенді өмір салтының қазақ халқының адамгершіліп мен асқақ рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпалы.

Адам - қазақ түсінігінде табиғатты және өзін өзгертуші субъект.

Дүние, Өмір - адам болмысының жоғары құндылығы, басқа құнды -лықтардың негізі және жалғыз мүмкіндігі.

Араласу қазақ халқы өмірінің мәні және барлық адамзат өкілдерімең бірлесе болмыс кешу тәсілі. Араласудың деңгейлері: қарым-қатынас келіп-кету, сіз-біздесу, араласу, іштесу.

Кісілік - адам жетілгендігінің жоғары деңгейі.

3 сабақ. Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясы

1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.

2. Буддизм - адамгершіліктік-этикалық ілім.

3. Көне Қытай философиясының сипаттық ерекшеліктері.

4. Конфуцийшілдік және даосизм - Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдары.

Әдебиет:

1. КішібековД., Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

2. АлтаевЖ., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді және Қытай философиясыны негізгі багыт-мектептерін, ұғымдарын игеру және белгілі ойшылдарының ілімдермен танысу.

Тақырыпты зерттеудің түйінді мәселелері:

Ежелгі Үнді қоғамының рухани мәдениеті мен философиялық ойының дамуындағы Ведалардың рөлі. Ведалардың бөлімдері: Самхиттер, Брахмандар, Араньяктар және Упанишадалар. Упанишадалардың фило-софиялық мазмұны. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.

Азап - буддизмчің негізгі категориясы. Нирваня - болмыстың мәң өзгергіштігі туралы ақиқатты игеру және дүрыс өмір сүрудің принциптерін бұлжымай ұстанудың көмегімен азаптан құтылу. Жалпы Үнді философиясы мен буддизмнің дүниежүзілік маңызы.

Қытай философиясы: прагматикалық сипаты және өмірдің практикалық жағына бағытталғандығы. Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері. «Өзгерістер Кітабы». Қытай философиясының негізгі түсініктері дао, ци, жэнь, ли, у-вэй. Лао-цзы - даосизмнің негізін салушы. Лао-цзыдың этикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастары. Доасизм философиясының ерекшеліктері.

162

Конфуций - Конфуций мектебінің негізін қалаушы. Ақсүйектерді құрметтеу, қоғамда қатал субординацияны талап ету - кейіннен Қытайдың ресми идеологиясы болып жарияланған конфуциандықтың негізгі ережелері.



4 сабақ. Антика философиясы

1. Милет мектебі мен Пифагор философиясындағы Алғашқы бастау проблемасы. Демокрит пен Левкипптің атомистикасы.

2. Софистер мен Сократ философиясындағы адам проблемасы.

3. Платон және Аристотель философиясы.

4. Эллинизм философиясы



Әдебиет:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

2. Интернет: www.philosophy.rи

Сабақтың мақсаты: Философия ғылымының бастауы болып табы-латын көне Греция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Милет мектебі - антика философиясының пайда болу ошағы. Бардың Алғашқы бастауының іздеу. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен ілімдері, олардың ортақ сипаттары. Пифагор, оның сан және өлшемдестік туралы ілімі. Демокриттің болмыс пен бейболмысты бөлуі: әлемде барлығы атом-дардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Софистер даналықты ғана емес, адамгершілікпен шектелмей, іскерлі-ктен, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқару білуден тұратын асыл қасиетке үйретуші ұстаздар. Софистердің риторикасы. Протагор «Адам дегеніміз барлық заттардың: тіршілік етіп отырғандықтан тіршілік етіп отырған және тіршілік етпей отырғандықтан тіршілік етпей отырған

барлық заттардың өлшемі. Сократтың этикалық философиясы, адамгершіліктік ұғымдарды анықтау. Сократ: «асыл қасиет дегеніміз - білім, өмірдің мәні мәселесі, Сократтың өлімі мәнді өмір ретінде».

Платон мен Аристотель философиясы - грек философиясының ең биік Дамуы. Платонның «Идеялар» теориясы: әр түсінікке болмыс сәйкес.

Платонның жан туралы ілімі: жан өзінің денелік табиғатынан бұрын тіршілік етеді. Жетілген және әділетті, яғни идеалды мемлекет туралы ілім.

Аристотель: категориялар туралы; материя мен форма туралы; болмысты зерттеу Құралы ретінде логика туралы; адам жаны туралы; мемлекет туралы ілім.

Грек демократиясының б.д.д. IV ғ. соңындағы дағдарысы. Эллинистік

163

философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизм идеалдары - сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.



5 сабақ. Орта ғасыр философиясы

1. Орта ғасыр философиясы дамуының кезеңдері. Аврелий Августин және Фома Аквинский ілімдері.

2. Реализм және номинализм: универсалийлер проблемасы.

3. Әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, ибн Рушд перипатетизмі.

4. Әл Ғазали және арабтілді философиясының теологиялық дамуы.

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. Алматы, 2000.

2. КішібековД., Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

3. АчтаевЖ., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Орта гасырлардагы Батыс және Шыгыс фи-лософиясының ерекшеліктерін, зерттеу мәселелерін талқылау.

Семинар сұрақтарына дайындалу кезінде келесі аспектілерге назар аудару керек:

Орта ғасырлық христиандық философия: Інжілдің діни-философиялық идеялары және антика философтардың ілімдері ортағасыр христиан философиясының негізі ретінде. Оның дамуының негізгі кезеңдері: алғаш патристика және классикалық патристика, схоластика.

Августин Аврелий ілімі: Құдай туралы, екінші реалдылық ретінде дүние туралы және тағдыр туралы.

Фома Аквинский: Құдай болмысының бес дәлелі. Философияны діни ілім ретінде түсіну. Томизм - католицизмнің теориялық құралы. Реализм мен номинализм: универсалий табиғаты туралы пікірталас. У.Оккам: кезкелген танымның объектісі болып тек жеке табылады.

Ортағасырлық мүсылман философиясы. Философия тарихын зертте-удегі европоцентристікті жеңу. Мүсылман елдеріндегі мәдениет пен дін.

Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн Синаның таным теориясы. Ибн Рушд: дін, теология және философия; ақьшдың дінне басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Аристотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру. Арабтілді философиясының маңызы, оның Европа философиясының дамуына әсері.

164


6 сабақ. Қайта Өркендеу философиясы

1. Антропоцентризм және гуманизм - Ренессанс философиясының негізгі белгілері. Адам мәселесінің Қайта Өркендеу өнерінде бейнеленуі.

2. Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту: Э.Роттердамский, М.Мон-тень, Н.Кузанский.

3. Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым: Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей.

4. Ренессанс дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия: Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла.

Әдебиет:

1. КішібековД, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

2. АчтаевЖ., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Ренессанс философиясының маңызын түсіну негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеяларын талдау.

Тақырыпты игеру барысында мына мәселелерге назар аудару қажет: Қайта Өркендеу философиясының ерекшеліктері мен айырмашы-лықтарын Ренессанс философиясын Орта ғасыр философиясымен салы-стыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші. Адам мәселесі поэзияда және бейнелеу өнерінде: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Леонардо да Винчи, Рафаль Санти.

Э.Роттердамскийдің "Ақымақтықты мадақтау", М.Монтеньннің "Тәжірибелер" еңбектеріндегі адам еркіндігі идеясы.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым және оның жаңа ойлауды қалып-тастырудағы рөлі.

7 сабақ. Жаңа Дәуір философиясы

1. Ф.Бэконның эмпиризмі және Р.Декарттың рационализмі - Жаңа Дәуір философиясының ағымдары. ,

2. Д.Локк, Д.Беркли және Д.Юмнің гносеологиясы.

3. Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбництің онтологиясы.

4. XVIII ғасырдағы француз материализміндегі табиғат, қоғам және адам туралы Ағартушылық идеялары.

Әдебиет:

1. Батыс философиясының антологиясы. Алматы, 2002.

2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

Сабақтың мақсаты: Жаңа дәуір философиясындагы эмпиризм, ра-

ционализм және әлеуметтік-саяси багыттарының негізгі өкілдерінің философиялық ойларын сараптау.

165


Талқыланатын мәселелердіц негізгілері:

Философияда дүние туралы ғылыми түсініктің дамуы. Ф.Бэкон - та-нымның қазіргі заманғы индуктивтік методының және ғылыми қызметті логикалық жүйелеудің негізін салушы. Ф.Бэкон эксперименттің таным барысындағы басымдылығы туралы. «Білім - күш», «Идолдар» сыны.

Р. Декарт рационализмі: «Ойлаймын, демек тіршілік етемін». «Универсалды математика» біртұтас ғылыми әдіс ретінде. Субстанциялар дуализмі.

Д. Локк: туа біткен білімдерді терістеу, эмпиризмнің дамуы, бірінші және екінші сапалар теориясы, табиғи құқық принциптері. Д. Беркли: субъект қабылдауларының салыстырмалылығы. Д.Юмнің агностицизмі: себептіліктің объективтік сипатын танып білудің мүмкін еместігі.

Б.Спиноза: субстанция туралы ілім. Құдай субстанция, табиғаттың ал-ғашқы негізі ретінде. Субстанцияның сипаттық белгілері. Спинозаның пантеизмі. Г.Лейбниц: әр түрлі субстанциялардың шексіз көптігі - мо-надалар туралы ілім. Монадалардың негізгі топтарының иерархиясы.

Ағартушылық дәүірі: ақыл мен сенімнің қарсы тұруы. Француз фило-софтарының «Ғылымдар, өнер және кәсіптер энциклопедиясын» құрас-тыруы - ақыл, ғылым және білімді шексіз асқақтату. Француз ойшылда-рының атеизмі, материализмі және антропологизмі. П.Гольбах: әлемнің алғаш негізі - материалдық бөлшектердің әр түрлі формалары. Ж.Ламетри: өмір, адам және сана - табиғаттың эволюциялық дамуының нәтижесі. Вольтер шығармашылығындағы еркіндік идеялары. Ж.Ж.Руссо философиясы.



8 сабақ. Неміс классикалық философиясы

1. И.Кант философиясындағы гносеология және этика.

2. И.Фихте философиясындағы субъектінің белсенділігі проблемасы. Шеллингтің натурфилософиясы.

3. Г.Гегельдің идеалистік жүйесі және диалектикалық методы.

4. Л.Фейсрбахтың антропологиялық материализмі және гумаиизмі.

5. К.Маркс пен Ф.Энгельстің материалистік ілімі.



Әдебиет:

1. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

2. НысанбаевӘ., ӘбжановТ. Қысқаша философиятарихы. Алматы, 1999.

Сабақтың мақсаты: Неміс классикалық философиясының көрнекті

өкілдерінің дуниежүзілік маңызы бар ілімдерін талқылау.

Берілген тақырып игеруге күрделі және маңызды болып саналады, сондықтан дайындық процесінде ерекше салмақтылықты талап етеді. Келесі мәселелерге назар аудару қажет:

166


И.Кант - неміс классикалық философиясының негізін салушы. Кант гносеологиясы: априори (тәжірибеге дейін) білім түсінігі - тәжірибені ақыл мен трансценденталды категориялар көмегімен түсіну. Танып-білінілмейтін дүние «өзіндік зат» ретінде. Канттың антиномиялар туралы ілімі. Канттің категориялық императиві - ақылды практикалық қолдану. Кант адамның парызы мен абыройы туралы. Кант этикасы және қазіргі заман.

Гегельдің ХІХ-ХХ ғ.ғ. философиясына ықпалы. Абсолюттік идея, Логос - тұтас, барлық бардың негізі ретінде. Рух - абсолюттік идеяның жүзеге асуы ретінде. Триада формасында даму. Гегельдің диалектикалық әдісі. «Бақытсыз сана» туралы түсінік.

Л.Фейербахтың антропологиялық материлизмі: адам - табиғи тіршілік етуші. Л.Фейербахтың сенсуализмін таным теориясындағы антропологизм ретінде түсіну. Адам - махаббат объектісі. Фейербахтың гуманизмі: адамды жаттанудың әр түрлі формаларынан азат ету.

К.Маркс: жаттанған еңбектің монін ашу. Жаттану және жеке меншік. Әлеуметтік проблематика - марксизмнің ядросы. Материалдық базис -қоғамдық өмірдің бүкіл жүйесінің басты звеносы. Маркс ілімі және олемдік философиясының әрі қарай дамуы. Ф.Энгельс табиғи ғылымдарның философиялық негіздемесі туралы.



9 сабақ. ХІХ-ХХ ғасырдағы батыс философиясының негізгі

бағыттары

1. С. Кьеркегор, А. Шопенгауэр, Ф.Ницше шығармашылығындағы пес-симизм мен иррационализмнің философиялық негіздемесі.

2. Позитивизм мен неопозитивизмнің философиялық проблемалары.

3. Экзистенциализм, оның негізгі бағыттары және ерекшеліктері.

4. Герменевтиканың негізгі мәселелері. Әдебиет:

1. АлтаевЖ., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.



І.КішібековД, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

3. Нурышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: XIX гасырдагы Батыс философиясының сипаттық мазмұнын, негізгі мөселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілері:

А.Шопенгауэр - ХІХ-ғ. философиясының басты бағыттарының бірі -«өмір философиясының» негізін салушы. «Өмір философиясының» раци­

167

онализмді сынауға бағытталғандығы. Дүниенің монін ақылсыз ерік, соқыр күш ретінде түсіну: адам өміріндегі болып жатқанның барлығы тарих пен табиғат заңдары еріктің объективтенуінің сатылары болып саналады, бей-саналыққа бағынады. Шопенгауэрдің пессимизмі: өмірдің бәрі - азап.



Ф.Ницше - Шопенгауэрдің «өмір философиясын» жалғастырушы және өзгертуші. Христиан қүндылықтарын қайта бағалау. Ницшенің Аса туған адам туралы ілімі. Адамның бақыты - оның өсу және өзін анықтау процесіне ұмтылысында.

Къеркегордің экзистенциализмі мен «өмір философиясының» ортақ сипаттары. Трагикалық және экзистенциалдықтаңдау мәселесі оның фи-лософиясының орталық проблемасы ретінде.

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. О.Конт: фило-софияның міндеті - объективті өмір сүретін материалдық әлем туралы нақты ғылымдардың мәліметтерін жалпылау және жүйелеу. Махизм: әлем «түйсіктер комплекстері» түрінде. Неопозитивизм. К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун: ғылыми теориялардың шын екендігін анықтау әдістерін жасау.

XX ғ. экзистенциализмі Европадағы терең әлеуметтік дағдарыстардың бейнесі ретінде. Философиялық талдау объектісі - адамның өмір сүруі мәселесі, абсурдті қоғамнан жаттанған адамның сезімдері мен уайымы. Экзистенциализмнің категориалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталғандық, үрей. Неміс экзистенциализмі. М. Хайдеггер: экзистенция - өзіндік сана негізі, адам болмысының орталығы. К.Ясперс: адам болмысының және оның өмірінің мәнінің «шекаралық жағдайларда» ашылуы. Француз экзистенциализмі. Ж.П.Сартр: экзистенциализм гуманизм ретінде. Адам тек «проект» қана, ол өзін өзі қалыптастыруы тиіс. А.Камю: адамға абсурд дүние қарсы тұрады. Итальяндық экзистенциализм. Н. Аббаньяно: экзистенциализмнің позитивті сипаты.

Герменевтика - түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі.

В. Дильтейдің гременевтиканы рух туралы ғылым әдістемесі деп түсінуі. Г.Гадамер түсіну механизмдері (тіл, қимылдар, өзара үнсіздік сақтау) ту-ралы. Түсіну - диалог процесінде өмірді "ұстап алу". Мәтін философиялық рефлексия феномені ретінде.



10-11 сабактар. Қазақ философиясы

1. Қазақ философисының бастаулары: әл Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Иасауи философиясы.

2. Ш.Уәлихановтың философиялық және қоғамдық саяси көзқарастары.

3. Ағартушылық философиясы және Ы.Алтынсарин шығармашьшы-

ғының гуманистік мәні.

168


4. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары.

5. Ш.Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері.

6. ХХ-ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының философиялық көзқарастары.

Әдебиет:

1. Есім Е Сана болмысы. 1- 9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-филосо-фиялық талдау. Алматы, 2000.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

4. Сегизбаев О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

5. Орынбеков М. С. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.



Сабақтың максаты: Казақфилософиясының қалыптасу ерекшеліктерін,

даиу кезеңдерін анықтау, негізгі ойшьпдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Қазақ философиясы дамуының негізгі сатылары. Қазақ философия-сының бастаулары - ежелгі түркі ойшылдарының философиясы.

Әл Фараби философиясы. Антикалық даналықтың әл Фараби шығар-машылығында дамуы: философияның зерттеу объектісін анықтау; бол-мыстың негізгі зандары мен категорияларын; танудың формаларын, са-гыларын және тәсілдерін сараптау; логика бойынша зерттеулер. Екінші Ұстаздың әлеуметтік-этикалық доктринасы: «Қайырымды қала тұрғын-дарының көзқарастары туралы трактат".

Ж.Баласағұнның «Құтағу білік» еңбегіңдегі адамгершіліктік категориялар.

Қ. А. Иасауидің «Диуани Хикмет» еңбегіңдегі түркі суфизмінің ерекшелік-тері.

Ш.Уәлиханов: келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының саяси құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын зерттеу.

Ы.Алтынсарин: халықгың болашағы - білімге деген ұмтылыста. Адам- гершілік пен білімнің бірлігі. Алтынсаринның гуманизмі: адам біртұтас адамзат тегінің өкілі ретінде. Адал еңбек пен шаманы білу - адам бақыттының негізі.

Абайдың философиялық антропологизмі және экзистенциализмі. Абай-дың «Қара сөздері» және қазіргі заман. Адамның жағымсыз қасиеттерін сынау. Абай шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі.

Шәкәрімніңдіни-философиялықкөзкарастарыныңерекшеліктері. Сенім мен ақыл мәселесі. Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан - адам өлшемінің критериі.

169


12 сабақ. ХІХ-ғасырдың соцы-ХХ ғасырдың басындағы орыс

философиясы

1. Л.Толстойдың өмір мәндік философиясы.

2. В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары.

3. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.



Әдебиет:

1. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001



Сабақтың мақсаты: ХГХ-гасырдың соңы-ХХ-гасырдың басындагы әрі философиясының мазмұнымен танысу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыптың өзекті мәселелрі: Орыс философиясының әлемдік фи-лософиялық жүйедегі орны. ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басын дагы орыс философиясының қалыптасу шарттары.

Л.Толстой шығармаларында экзистенциалдық мәселелердің бейнелен "Тәубе" және "Иван Ильичтің өлімі" еңбектерінің философиялық мазмұн

В.С.Соловьев философиясы: Ресей және адамзат. Адамгершілік - адам болмысын анықтаушы фактор.

Н.А.Бердяев философиясының ерекшеліктері. Жеке адам мен оның еркіндігі - Бердяев философиясының негізгі мәселесі.



13 сабақ. Онтологияның негізгі мәселелері

1. Монизм, дуализм және плюрализм концепцияларындағы субстанция проблемасы. Материя философиялық категория ретінде.

2. Қозғалыс, кеңістік және уақыт - материяның өмір сүру формалары.

3. Даму және жалпы өзара байланыс принципі.

4. Философиядағы сана мәселесі.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов У. Филособия. Алматы, 2004.

Сабактың мақсаты: онтологияның зерттеу объектісін анықтау, ма-

терия, қозгалыс, кеңістік, уақыт, даму категорияларын талқылау.

Тақырыптың маңызды сұрақтары:

Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Суб- станция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя категориясы туралы антикалық түсіні»-ХІХ-ғ. соңы-ХХ-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі рөлі. Материяның лениндік анықтамасы.

Қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалысты

170


бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф.Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Кеңістік пен уақыт қозғалыстағы материяның атрибуттары ретінде. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

14 сабақ. Таным теориясы

1. Таным - шындықты бейнелеу формасы

2. Адам - таным субъектісі

3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Гносеологияның негізгі зерттеумәселелерін, та-нымның формалары мен тәсілдерін талқылау. Келесі мәселелерді талдау қажет:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субъектісі мен объектісі. Бейсубъектілі таным теориясы. Адам танымның субъектісі ретінде. Адамныңтанымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М.Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат, адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.



15 сабақ. Тарих философиясы

1Қоғам философиялық зерттеу обьектісі ретінде.

2. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.

3. Қоғамдық сана және оның формалары.



Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. КішібековД, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

171


Сабактың мақсаты: Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерін қарастыру және қогамның тарихи дамуы туралы концепциялармен танысу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философия- сының зерттеу объектісі - тарихи қозғалыстың бағытталғандығы пен кері айналмайтындығын танып-білу. Әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. «Қоғам прогресі» түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттіи К.Маркстың қоғамдық-экономикалық формация теориясының мәнін сыни талдау. К.Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші ретінде.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин - тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шы-ғушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Қоғамдық сана және оның формалары. Қоғамдық сана мен жеке са-наның өзара байланысы жалпы мен ерекшенің арақатынасы ретінде.' Қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігі. Жеке сананың қоғамдық сананың дамуына тигізетін әсері.

Қарапайым және теориялық қоғамдық сана. Қоғамдық психология эмоциялар, қайғыру және көңіл-күй саласы ретінде. Қоғамдық психоло-гияны зерттеудың маңыздылығы. Қоғамдық психология - белгілі бір қоғамның идеяларының, теорияларының, көзқарастарының жүйесі. Қоғамдық идеология құру механизмі. Идеологизация және деидеологизация теориялары.

172

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУ-ШЫМЕН БІРГЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СОӨЖ) ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



Студенттердің өзіндік жұмысын және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мақсаты - оқытушының көмегімен сту-денттің бойында өз бетімен жұмыс жасай алу, гылыми, творчестволық. еркін, философиялық пайымдау, қорытынды-түйін жасау, қарастырылып отырган тақырыптың мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дагдыларын қалыптастыруга ықпал ету. СӨЖ/СОӨЖ екі бөлімнен тұрады: жазбаша үй тапсырмаларын дайындау (эссе) және аудиторида қысқаша тестерге жауап беру.

Эссе (үй жұмысы) - зерттеліп отырған тақырыптардың оқытушы ұсынған өзекті сұрақтары бойынша және оқытушының кеңес-консульта-циясына сүйене отырып студенттің шығармашылық түрде, түпнұсқаларды міндетті түрде зерттеп, қысқа және өз бетімен, үйде орындайтын жазбаша материалы (3 бетке дейін). Эссе тақырыптары мен оны орындауға кажетті материалдарды университеттік Интранеттен алуға болады. Эсселер 3,6,9,12,14 апталардың соңында тапсырылуы тиіс.

Эссені бағалау тәртібі:

Ұсынылған тақырыптар бойынша түпнұсқаларды кеңінен зерттеп, та-кырып мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, белгілі бір түсінікке ие болу жоғары - 5 балл.

Тақырыпты өз бетінше қорыту, түсіну бар, бірақ түпнұсқаларды зерттеу жеткіліксіз - 4 >3 балл.

Тақырып үстіртін ашылған, өзіндік түсінік нашар, түпнұсқалар қол-данылмаған - 2 > 1 балл.

Плагиат - 0 балл.

Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды және мұндай құбылыс жүйелі түрде қайталанған жағдайда эссе үшін берілетін жалпы балл төмендетіледі.



Эссе тақырыптары

1 үй жүмысы (эссе)

Оқытушының көмегімен өз бетінше орындауға екі тақырып ұсынылады.

1. Буддизмнің Үнді философиясының басқа ағымдарынан ерекшелігі неде?

2. Конфуций философиясының ХХ-ғасырдың ортасына дейін Қытай мемлекетінің негізгі идеологиясы қызметін атқаруының себебі неде деп

ойлайсыз?

173


Методикалық ұсыныстар. 1. Ұсынылған түпнұсқаны - «Дхаммапада» еңбегінен үзінділерді міндетті түрде оқып шығып, белгілі бір тарауларын талдаңыз. Буддизмнің қазіргі заманға дейін маңызын жоймауының себебі неде деп ойлайсыз? "Дхаммапада" еңбегіндегі негізгі ұғымдарды сараптаңыз.

2.Конфуций еңбектерінен ұсынылған үзінділерді міндетті түрде оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Конфуций философиясын қандай философия деп атауға болады? Оның ілімінің қоғамдық маңызы қандай болды? Конфуций ілімі неліктен Қытай қоғамының ресми идеологиясы болды деп ойлайсыз?



Оқытушы университет Интранетінде орналастырган материалга, қосымша силлабуста көрсетілген негізгі әдебиет тізімінен 1,3 еңбектерді қолдануга болады

1 СОӨЖ 3-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

2 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: әл Ғазали мен әл Киндидің философиялық көзқарасы-ның айырмашылықтары қандай?

Методикалық ұсыныстар. әл Ғазали мен әл Киндидің еңбектеріи мұқият оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беруге талпыныңыз: бұл данышпандардың ортақ жақтары неде? Олар өмір сүрген дәуірді сипаттаңыз. Осы ойшылдар зерттеген негізгі мәселелер қандай? Қайсысында діни, ал қайсысында философиялық пайымдау басымырақ? әл Ғазали мен әл Кинди философиясы сізге қандай ой салды?

Оқытушы университет Интранетінде орналастырган материалға қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен қосымша 9 еңбек

қолдануга болады.

2 СОӨЖ 6- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.



3 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: А. Шопенгауэр мен М. Хайдеггер фплософиясының ортақ жақтары мен айырмашылықтары неде?

Методикалық ұсыныстар. А.Шопенгауэр мен М.Хайдеггердің ұсы-нылып отырған екі еңбегін оқып шығыңыз. Мына сұрақтарды талдаңыз А.Шопенгауэр өмір мен өлімді қалай түсінеді? М.Хайдеггердің пікірінше гуманизм дегеніміз не? Олардың пікірлерімен келісетін-келіспейтін жақ- тарыңыз бар ма? Өз ойыңызды білдіріңіз?

Оқытушы университеттік Интранетте орналастырган материа-

174


лга қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен қосымша 1,4 еңбектерді қолдануга болады.

3 СОӨЖ 9- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.



4 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың тұңғыш кәсіби философы аталуының себебі неде?

Методикалық ұсыныстар. Шәкәрімның ұсынылып отырған "Үш анық еңбегін" оқып шығыңыз. Еңбекте зерттелетін негізгі мәселелер қандай? Оның философиялық көзқарасын қай бағытқа жатқызар едіңіз?

Үш анық деп Шәкәрім нені атайды? "Шәкәрім - қазақтың тұңғыш кәсіби философы" деген пікірмен келісесіз бе?



Оқытушы Интранетте орналастырган материалга қосымша силла-пуста көрсетілген негізгі әдебиет тізімінен 1,2,3, қосымша 4,7 еңбектерді қолданыңыз.

4 СОӨЖ 12- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.



5 үй жүмысы (эссе)

Тақырып: Ортега-и-Гассет «Бұқараның көтерілісі» еңбегінде техника философиясыныц қандай мәселелерін талқылайды?



Методикалық ұсыныстар : Ортега-и-Гассеттің ұсынылып отырған «Бұқараның көтерілісі» («Восстание масс») еңбегін оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Техника философиясының пайда болу себептері қандай? Техника және адам мәселесі қазіргі заманда неге өзекті? Техника мен тұлға арасындағы қайшылықты қалай шешуге болатындығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

Оқытушы университеттік Интранетте орналастырган материалга қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен негізгі 3, қосымша 2 еңбекті қолдануга болады.

5 СӨЖ 14-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.



Қысқаша тест тапсырмалары

СӨЖ түрі - қысқаша тест тапсырмалары аудиторияда орындалады. Семестр барысында екі рет - 11 және 15 апталарда өткізіледі. Тест тапсырмаларының жалпы саны 10 (барлығы 20). Қысқаша тестерге жауап беру барысында силлабуста көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс. Тест тапсырмалары кафедрада және оқытушының өзінде сақталады және студенттерге алдын ала берілмейді.

175

Қысқаша тестерді бағалау тәртібі:

Қатесіз. тест тапсыру талаптарына сай, орындалған дұрыс 10 жауап 5 баллга дейін бағаланады.

9 және 8 тест тапсырмасына дұрыс жауапқа 4 балп беріледі.

7 және 6 тест тапсырмасына дұрыс жауап баллга бағаланады.

5 және 4 тест тапсырмасына 2 балл беріледі.

3 және 2 тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллга бағаланады.

1 дұрыс жауап жоне бір де бір дұрыс жауабы жоқ жұмысқа 0 балл берілед

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БІЛІМІН ТЕКСЕРУШЕ АРНАЛҒАН

ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. «Философия» термині мынаны білдіреді:

А) мемлекеттік істерде сауаттылық

В) бір-бірін түсінуге ниет білдіру

С) даналыққа құштарлық



О) көп нәрсені білу

Е) тыныш өміргё үмтылу

2. Философияның негізгі функциялары:

А) коммуникативтік, реттеушілік, танымдық

В) методологиялық, дүниетанымдық, аксиологиялық, практикалық

С) бағалау, қоғамға бейімдеу, трансляциялық

Э) сыни, компенсаторлық, адаптациялық

Е) ақпараттық. танымдық, сыни, коммуникативті



3. «Философияның таңғалудан басталады» деген:

А) Сократ



В) Аристотель

С) Платон



О) Декарт

Е) Пифагор

4. Философияның негізгі салаларын атаңыз:

А) софистика, эклектика, догматизм



В) идеология, космология, мифология

С) онтология, гносеология, антропология, аксиология



О) әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану

Е) монизм, дуализм, плюрализм

176

5. Философия қашан және қай жерде пайда болды:



А) Көне Грецияда, б.ж.с. дейін V ғасырда

В) Көне Үндістанда, б.ж.с. дейін VI ғасырда

С) Көне Грецияда, Көне Үндістанда, Көне Қытайда, б.ж.с. дейін

VП-VІғасырларда

Б) Көне Мысырда, б.ж.с. дейін VIII ғасырда

Е) Көне Қытайда, б.ж.с. дейін VII ғасырда

6. Философия мыналардан пайда болды:

А) мифология және ғылым

В) дін және мифология

С) дін және ғылым

О) қарапайым түсініктер, дін және ғылым

Е) дін, ғылым, мифология



7. Төмендегі мәселелердің қайсысы философиялық мәселе:

А) адам өмірінің мәні

В) адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету

С)гравитацияның мәні

Д) мәңгілік двигатель

Е) икебана өнері

8. Дәстүрлі қазақ дүниетанымының формалары:

А) мақал-мәтел, бата

В) аңыз, ертегі, жоқтау өлеңдері

С) қара өлең, қоштасу өлеңдері, қаһармандық эпос

Б) лиро-эпостар және термелер

Е) осының бәрі.



9. Дәстүрлі дүниетанымның сатылары:

А) философия, миф, дін

В) қарапайым түсінік, миф, дін, философия

С) миф, ғылым, қарапайым түсінік

Д) дін, философия, миф, ғылым

Е) ғылым, миф, философия

10. Философия мен діннің ортақ жағы:

А) дүниені ғылыми тұрғыдан түсіндіреді

В) көзқарастың типтері болып табылады

С) құдайға сенімге негізделген

О) танымның эмпирикалық тәсілдерін қолданады

Е) даму тән емес

177

11. Көзқарас дегеніміз:



В) дүниені сезіну

С) дүние туралы білім

Д) адамның практикалық тәжірибесі

Е) адамның дүние туралы көзқарастарының, бағаларының және ұстанымдарының жиынтығы

Е) адамның табиғатқа қатынасы

12. Қазақ дүниетанымындағы "дүние" категориясының философиялық мағынасы қандай:

А) болмыс

В)әлем


С) тіршілік, өмір

Д) осы мағыналардың бәрі

Е) осы мағыналардың ешқайсысы емес

13. Осы категориялардың қайсысы тек онтологиялық:

А) дүние, болмыс, заман, жаратушы

В) өмір, жан, адам

С) адам, пенде, кісі, тұлға

Д) араласу, кісілік, қанағат, намыс

Е) заман, ғұмыр, әлем, парыз

14.Қазақ дүниетанымындағы "араласу" категориясының мағынасы:

А) қарым-қатынас

В) келіп-кету

С) сіз-біздесу

Д) іштесу

Е) осының бәрі

15. Көне Үнді философиясының ерекшеліктеріне мыналар жатады:

А) ғылыммен нашар байланыс

В) діни-мифологиялық дүниетаныммен тығыз байланыс

С) философиялық тұлғалардың аздығы

Д) негізгі ұғымдардың терең мағынасы және көпжақтылығы

Е) осы ерекшеліктердің бәрі

16. Философиялық тақырыптар Веданың мына бөлігінде басымырақ

178

А) Ригведалар



В) Араньяктар

С) Брахмандар

Д) Упанишадалар

Е) Трипитакалар

17. "Адамның ең мардымсыз деген істерінің өзі оның бүкіл өміріне әсер етеді" деп тұжырымдайтын заң :

А)сансара

В) карма

С) брахман

Д) нирвана

Е)атман


18. Карма мен сансара заңцарын, өлгеннен кейінгі өмірді, жоғарғы күштерді жоққа шығарған Көне Үнді философиясының мектебі:

А) буддизм

В) ньяя

С) йога


Д) чарвака - локаята

Е)санкхья

19. "Дхаммапада" қай философияға қатыстьг

А) Үнді


В) Қытай

С) Вавилон

Ә) Шумер

Е) Араб тілді мұсылман философиясы

20. Чарвака-локаята қандай бағыт:

А) материалистік

В) идеалистік

С)стоицизм

О) деизм

Е) агностицизм

21. Көне Қытай философиясының негізгі белгілері:

А) практикалық және саяси мазмұнының басымдылығы

В) мистицизм

С) жеке адамдың құтқарылуына бағыт алу

О) осы белгілердің бәрі

Е) осы белгілердің ешқайсысы емес



22. Даосизм қай философиялық дәстүрге жатады:

А) өлемдік

В) Батыс европалық

С) Қытайлық ұлттық

О) Шығыстық

Е) Евразиялық

179

23. Көне Қытай философиялық ілімдерінің қайсысы адам мен қоға гармониясына ережелерге бағыну, дәстүрлерді сақтау арқылы жетуге болады деген пікірді қолдаған:



А) конфуцийшылдық

В) моизм


С)легизм

Б) даосизм

Е) заңшылдар мектебі

24. Ци субстанциясымен бірге әлемнің негізін қалайтын заттардың табиғи заңы Лао-цзы философиясында осылай аталады:

А) инь

В)ян


С) дао

О) жэнь

Е) ли

25. "Өзгерістер кітабы" қай философияға қатысты?



А) Үнді философиясына

В) Қытай философиясына

С) Грек философиясына

О) Ортағасырлық мұсылман философиясына

Е) Қазіргі заманғы Батыс философиясына

26. «Жеті даналарға» мыналар жатады:

А) Фалес

В) Солон


С) Питтак

Ә) Анахарсис

Е) осылардың бәрі

27. Фалестің пікірінше, дүниенің бастауы:

А) су

В)от


С)ауа

О) жер


Е) идея

28. «Сократқа дейінгі» мектептер санына мына философиялық теп жатпайды:

А) Милет мектебі

В) стоиктер мектебі

С) пифагоршылар мектебі

Ә) Элея мектебі

Е) атомистер мектебі

180


29. «Бір өзенге біз енеміз және енбейміз, өмір сүреміз және сүрмейміз» деген философ:

А) Демокрит

В) Гераклит

С)Зенон


О) Пифагор

Е) Фалес


30. «Адам барлық заттардың өлшемі: бар заттардың барлығының өлшемі, жоқ заттардың жоқтығының өлшемі» деген:

А)скептиктер

В) софистер

С) эпикурейліктер

О) стоиктер

Е)киниктер

31. «Болмыс - материя мен форманың бірлігі» деген философ:

А) Платон

В) Сократ

С) Аристотель

О) Демокрит

Е) Парменид.

32. Рахаттануды ең басты деп санайтын ілім:

А)эвдемонизм

В) гедонизм

С)гилозоизм

О) атомизм

Е) пантеизм

33. «Эманация» ұғымы мынаны білдіреді:

А) заттардың материя мен форманың бірігуі арқылы пайда болуы

В) біртұтас болмыстан жаратылу

С) жан көргенін еске алу арқылы өтетін таным процесі

О) ойтүйін құрастыру

Е) заттардың табиғи дамуы

34. "Апейрон" ұғымы нені білдіреді?

А) жер


В) жаны бар материя

С) шексіз, шекарасыз, таусылмас нәрсе



О) біртұтас табиғат

Е) қоғам


181

35 . "Өзіңді-өзің танып біл!" қағидасының авторы:

А) Платон

В) Сократ

С) Декарт

О)Лао-цзы

Е) Зенон


36. "Адам өмірі - азап, одан адам нирванаға жеткенде ғана құтылады" қағидасы қай философиялық ағымға тән:

А) чарвака-локаята

В) буддизм

С) жайнизм

0)даосизм

Е) софистика

37. "Дүниенің негізі *- идея" тұжырымының авторы:

А) Фалес

В) Анаксимен

С) Конфуций



О) Платон

Е) Аристотель

38. "Мемлекет" еңбегінің авторы:

А) Платон

В) Аристотель

С) Конфуций

Э) Эпикур

Е) әл Фараби

39. Философия тарихында алғашқы болып ғылымдардың классификациясын жасаған:

А) Сэн-цзы

В) Платон

В) Аристотель

Б) Демокрит

Е) Сократ

182

40. Логиканың негізін салушы:



А) Гегель

В) Аристотель

С) Гераклит

О) Анаксимандр

Е) Маркс

41.Әлем өзінен-өзі емес, бірақ Құдайдың құдіреті арқылы дамуға мүмкіндік алады деген ойды мына ілім жақтаған:

А)теодицея

В) провиденциализм

С) креационизм

О)супрематизм

Е) эсхатология.

42. Орта ғасырларда «мектептік философия» деп аталып, халықты христиан дініне тартуға бағытталған:

А) мистицизм

В) апологетика

С) схоластика

О) патристика

Е) номинализм

43. Құдай болмысының бес дәлелін келтірген ойшыл:

А) Августин

В) Аквинат

С) Абеляр

Э) Макиавелли

Е) Локк


44. Ортағасырлық философияда қай мәселені шешуде номинализм және реализм бағыттары пайда болды:

А) сенім мен ақыл-ой қатынасы

В) Құдай мен әлем қатынасы

С) жалпы ұғымдар мәселесі

О) Құдайды тану мәселесі

Е) адам мәселесі

45. Аристотельді алғашқы түсіндіруші, «Екінші Ұстаз» атағына ие болған, «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатты» жазған философ:

А) әл Бируни

183

В) әл Хорезми



С) әл Фараби

О) әл Ғазали

Е) Ибн Сина

46. Осы қалалардың бірі әл-Фараби белгілеген «надандық» қалаларна жатпайды:

А) билікқұмарлық қаласы

В) қажеттілік қаласы

С) ортағасырлық қала

Д) адасқан қала

Е) тәнқұмарлық қаласы

47. "Таза ағайындар" бағыты қай философияға қатысты:

А) Грек философиясы

В) Үнді философиясы

С) Ортағасырлық мұсылман философиясы

О) Жаңа заман философиясы

Е) Қазақ философиясы

48. Араб тілді мүсылман философиясы қай ғасырда дүниеге келді:

А) I ғасырда

В) XII ғасырда

С) VII ғасырда

О) XV ғасырда

Е) II ғасырда

49. "Философтарды терістеу" еңбегінің авторы кім?

А) Платон

В) Эмпедокл

С)әл Кинди

Э) әл Ғазали

Е) ибн Сина

50. "Диуани Хикмет" еңбегінің авторы:

А) Досмұхамедов

В) Йассауи

С) Абай

В) Мұқанов

Е) Баласағұн

51. "Құтадғу білік" еңбегінің авторы:

А) Бақырғани

184


В) Шәкәрім

С) Баласағұн

Э) әл Ғазали

Е) Йассауи

52. "Араб ойшылдары Европаға еркін ойлау қуанышы ала келді" деген: А)Фейербах

В) Монтескье

С) Энгельс

Ә) Дидро

Е) Шеллинг

53. Қайта Өркендеу философиясының негізгі белгісі:

А) рационализм

В) гуманизм

С) иррационализм

О) позитивизм

Е)структурализм

54. Жаңа Дәуір философиясының негізгі сипаты:

А)пантеизм

В) ғылыми центризм

С)космоцентризм

Ә)теоцентризм

Е) гуманизм

55. Эмпиризмнің негізгі қағидасы:

А) әлемді тану мүмкін емес

В) ақыл-ой әлемді танудың негізгі қайнар көзі

С) танымның ең жоғарғы түрі - интуиция

Э) бүкіл таным тәжірибеге негізделген

Е) танымның қайнар көзі Құдайдың айтқаны болып табылады

56. Рационализмнің негізгі қағидасы:

А) әлемді тану мүмкін емес

В) ақыл-ой әлемді танудың негізгі қайнар көзі

С) танымның ең жоғарғы түрі - интуиция

Э) бүкіл таным тәжірибеге негізделген

Е) танымның қайнар көзі Құдайдың айтқаны болып табылады

57. Ф.Бэконның ойынша, «үңгір елесінің» себебі :

А) табиғи құбылыстарды адам қасиеттеріне ұқсата қарастыру

В) жеке адамның танымдық қабілетінің субъективті ерекшеліктері

185

С) ұғымдар мағынасын түсіндірудегі айырмашылықтар



О) әр түрлі философиялық жүйелерден жинақталған әлем туралы түсініктер

Е) «өзіндік заттар» әлемінің танылмауы

58. Жаңа Дөуір философиясының өкілі, «Мен ойлаймын, демек мен өмір сүріп отырмын*' деген кім:

А) Р. Декарт

В) Д. Локк

С)Ф. Бэкон



В) Д. Юм

Е) Б. Спиноза

59. "Білім - күш"' қағидасының авторы:

А) Ломоносов

В) Бэкон

С) Руссо

Э) Вольтер

Е) Кант


60. «Дүниені тіршілікке қатысы бар деуге болады, өйткені мен тіршілік иесімін» деп жазған Д.Юм. Ол философияда қай бағытты жақтаған:

А)солипсизм

В)сенсуализм

С)рационализм

О) монадология

Е)агностицизм

61. Келтірілген анықтамалардың біреуі Г.Лейбництің монадаға берген анықтамасына жатпайды:

А) денелі субстанция

В) құдай жарығының сәулесі ретінде пайда болады

С) белгілі бір деңгейде саналы

Э) жан

Е) жануарлар мен өсімдіктерде болмайды



62. Неміс классикалық философиясының өкілінің қайсысы адамның танымдық мүмкіндіктерін сын елегінен өткізген:

А) Фихте

В) Кант

С) Шеллинг

О) Гегель

Е) Фейербах

186

63. Неміс класикалық философиясының негізін салушы:



А) Гегель

В) Фихте

С) Кант

О) Шеллинг

Е) Зиммель

64. Философия тарихында кім ең алғашқы болып диалектикалық тұрғыдан категориялар, ұстанымдар және заңдар жүйесін ұсынған:

А) Кант

В) Фихте

С) Декарт

О) Гегель

Е) Маркс

65. Гегельдің философиялық позициясы:

А) субъективтік идеализм

В) материализм

С) объективтік идеализм

Э) агностицизм

Е)скептицизм

66. Гегельдің пікірінше, дүниенің бастауы:

А) материя

В) қабылдау

С)апейрон

О) абсолюттік рух

Е) монада

67. Қай тұжырым Канттың бұлжымайтын императивіне қатысты:

А) Платон менің досым, бірақ ақиқат бәрінен де қымбат

В) Адам мақсатқа жету құралы емес, мақсаттың өзі

С) Өзіңді басқалардан артықпын деп есепте

Э) Аскетизм - өмір принципі

Е) Өзіңді танып біл

68. Маркстың ойынша, қоғамның қозғаушы күші:

А) таптар күресі

В) абсолютті идеяның өзінен өзі дамуы

С) географиялық ортаның әсері

Д) көрнекті тұлғаның белсенділігі

Е) технологиялық даму

187


69. Марксизм философиясы қайда пайда болды?

А) Ресей

В) Англия

С) Франция

О) Германия

Е) Испания

70. Маркстың ойынша, жатсынуды жеңу мына нәрсе арқылы іске асуьі мүмкін:

А)секуляризация

В) надандықты жою

С) жеке меншікті жою

Э) буржуазиялық революция

Е) қоғамның эволюциялық дамуы

71.Маркс қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасын түсіндірді:

А) қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды

В) қоғамдық сана қоғамдық болмысты анықтайды

С) олар бір-бірімен байланысты емес

О) олардың қатынасы антогонистік

Е) қоғамдық болмыс қана бар

72.Иррационализм мынадай көзқарасты білдіреді:

А) христиан дәстүрінің құндылықтарына негізделген

В) дамудың жоғарылауындағы қоғамдық күштердің басымдылығы

С) ақыл-ойдың шексіз мүмкіндіктеріне сенім артқан

Э) рационалистік идеологиядан түңілген

Е) антикалық мәдениеттің құндылықтарына негізделген

73.А.Шопенгауэрдің ойынша, әлемнің түпнегіз бастауы бұл:

А) абсолюты идея

Б) әлемдік жігер

С) билікке жігерлік



О) қалыптар қалпы

Е) ең жоғарғы адам

74. «Ең жоғарғы адам (сверхчеловек)» концепциясын және «мырзалар моралі» ұстанымдарын ұсынған философ:

А) Гуссерль

В) Маркс

С) Шопенгауэр

Д)Ницше

Е)Фейербах

188

75. Адам тіршілігіндегі дағдарысты. «шекаралық» жағдайларды зертгеу мына философияның арқауы болған:



А) феноменология

В) экзистенциализм

С) структурализм

О) лингвистикалық философия

Е)герменевтика

76.3.Фрейд адами жеке даралықтың түйіні ретінде мынаны тандаған:

А) саналық

В) шығармашылық

С) бейсаналық

Ә) санадан тыс

Е) сезімдік

77. "Ғылыми қауымдастық қабылдаған әрбір теория дәлелденді деуге болады" деген постпозитивист:

А) И. Лакатос

В) Т. Кун

С) П.Фейерабенд

О) К. Поппер

Е) О. Конт

78. Осы ойшылдардың біреуі жыраулар философиясының өкілі емес:

А) Асан Қайғы

В) Абай


С) Шалкиіз

Э) Ақтамберді

Е) Бұқар

79. Абай философиясының негізгі мәселесі:

А)табиғат

В)адам


С) таным

О) әдемілік

Е) қоғам


80. Осы философтардың қайсысы экзистенциалист емес:

А) Хайдеггер

В) Ясперс

189


С) Фромм

О) Сартр

Е) Камю

81. Болмыс бастауы екі субстанция деген философиялық ілім былай аталады.



А) дуализм

В) реализм

С) монизм

О) солипсизм

Е) номинализм

82. Материяның негізгі түрлері:

А) түйсік, сезімдік қабылдау, түсінік

В) тірі табиғат, өлі табиғат, қоғам

С) ұғым, пайым, тұжырым

Э)тезис, антитезис, синтез

Е) биосфера, ноосфера, космос

83. Материя категориясы нені білдіреді:

А) объективтік реалдылық

В) нақты зат

С) адам танитын нәрсе

Ә) қоршаған орта

Е) субъектінің санасы

84. Гносеологияда негізгілердің бірі болып табылатын ұғымды атаңыз

А)субстанция

В) шама


С) материя

Э)ақиқат

Е) қайшылық

85. Әлемді танып білуге болады деген пікірді қай бағъптың өкілдері жақтайды.

А)скептицизм

В) когнитивті оптимизм

С)агностицизм

О)солипсизм

Е) пробабилизм

86. Зерттеу мен талдау арқылы белгілі болатын нақты болмыс осылай аталады:

А) танымның объектісі

В) танымның субъектісі

С) танымның әдісі

О) танымның тақырыбы

Е) танымның мақсаты

190


87. Сезіну, кабылдау, елестетуге негізделген танымның сатысын қалай атайды:

А) логикалық

В) практикалық

С) сезімдік

О) шындық

Е) қарапайым

88. Танымның логикалық сатысының қалыптарын көрсетіңіз:

А) абсолютті және салыстырмалы шындық

В) интеллектуалды интуиция

С) дедукция және индукция

Э) ұғым, пайым, тұжырым

Е) түйсік, сезімдік қабылдау, түсінік

89. Қозғалыстың себебі міндетті түрде болу керек деген ойды орнықтыратын концепция қалай аталады:

А)кондиционализм

В)конвенционализм

С) фатализм

Э) индетерминизм

Е) детерминизм

90. Адам туралы концептуалды түсініктер мына ғылыми теорияда шо-ғырланған:

А) мәдени антропология

В) физикалық антропология

С)этнография

Э) философиялық антропология

Е)этнология

91. Антропосоциогенездің еңбек теориясы адам мына факторлардың әсерімен қалыптасқан деп тұжырымдайды:

А) биологиялық эволюция

В) еңбек құралдарын жасау, сөйлеу және ойлау қабілеті

С) құдайдың құдыреті

О) ғарыштық факторлар

Е) мәдени факторлар

92. "Адамзат өз дамуында алға жылжуда" деген қағиданы мына теориядан кездестіруге болады:

191


А) коэволюция

В) провиденциализм

С) қоғамдық шарт

Э) прогресс

Е) географиялық детерминизм

93. Мына теориялық ұсынымдардың қайсысы постмодернизм фило-

софиясына жатпайды:

А) қоғамның дамуын бірдеңгейлі түрде түсінуге болмайды

В) қазіргі күннің тарихында еш жаңалық жоқ

С) тарих - сөз жүзіндегі дискурс

О) тарих - адамның материалдық қажеттіліктерінің іске асуы

Е) тарихта қисын жоқ, тек оқиғалардың кездейсоқ ойыны ғана бар

94. Адамның жануардан басты айырмашылығы:

А) тіке жүре алатындығы

В) санаға ие екендігі

С) табиғатпен байланыстылығы

О) биологиялық мақұлық екендігі

Е) өмір сүретіндігі

95. Сана дегеніміз:

А) сезімділік саласы

В) жалпы алғанда психикалық

С) ойлау саласы

Ә) өзіңді және қоршаған ортаны сезінудің құдай сыйлаған қасиеті

Е) субъективтік реалдылық, шындықты мақсатты бейнелеу, адам миының

тілмен байланысты функциясы

96. Гносеология дегеніміз:

А) болмыс туралы ілім

В) ақиқат туралы ілім

С) таным теориясы

О) құндылықтар туралы ілім

Е) адамгершілік ілімі

97. Субстанция дегеніміз:

А) алғашқы идея

В) материяның қозғалысы

С) өзгермейтін, мызғымайтын, біртұтас бастау

Б) форма

Е) мән

192


98. Тұжырымдардың қайсысы материалистік:

А) дүние адам санасынан тыс өмір сүреді

В) табиғат заңдары - адам ойының жемісі

С) сана - материяның қасиеті

О) дүниенің негізі - абсолюттік идея

Е) дүниені жаратушы - құдай

99. Болмыс мәселесін философияның қай саласы зерттейді:

А) философиялық антропология

В)гносеология

С)этика


О)онтология

Е) эстетика

100. Мәтінді түсіну және түсіндіру философиясы қалай аталады?

А) неопозитивизм

В) структурализм

С)герменевтика

О) экзистенциализм

Е) неотомизм

101. Дүниені таньш-білудің мүмкін екеңдігін терістейтін философиялық бағьгг:

А) неопозитивизм

В) агностицизм

С)рационализм

О) иррационализм

Е) марксизм

102. Тұлға ұғымы нені білдіреді:

А) адамның биологиялық ерекшеліктерін

В) адамның әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің өлшемін

С) адамның өзіндік санасын

О) адамның психикалық күйін

Е) адамның сырқы пішінін

103. Ақиқаттың ең басты өлшемі (критериі):

А) пайдалылық

В) жалпы мойындалғандық

С) әдемілік

Б) практика

Е) айқындылық

193

104. Даму туралы философиялық ілім:



А) метафизика

В) релятивизм

С) догматизм

Э)эклектика

Е) диалектика

105. Экзистенциализм болмыстың қай түрін басты деп тұжырымдады:

А) табиғат болмысы

В) сана болмысы

С) қоғам болмысы

О) жеке адам болмысы

Е) мәдениет болмысы

ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

«Көне Қытай және көне Үнді философиясы» тақырыбы бойынша практикалық сабақта студенттерге сабақ үстінде үлестіріліп, талқы-лауга ұсынылатын материалдар.

Қытай философы Конфуцийдің мына пікірлеріне ұқсас қазақтың гиб-рат сөздері, мақалдары туралы ойланыңыз:

1. Жастар үй-ішінде ата-ананы ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға,

өз ісіне іңкәрлікпен, инабаттылықпен қарауға, халқын шексіз сүюге, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Егер де осы міндеттерді орындаудан уақыт қалса, оны кітап оқуға жұмсау керек.

2. Адалдық пен әділдікке ұмтыл, қателескен кездеріңде қателеріңді түзетуден қорықпа.

3. Оқығаңды ойға тоқымау - жетесіздік. Ойлағанды оқымау - көрсоқырлық.

4. Ақылды жанды көрсең, соған ұқсауға ұмтыл.

Ақылсызды көрсең, өзіңнің қандай екеніңді онымен бір сәт салысты-рып, іштей ойлан.

"Дхаммападаның" мына қағидалары мен қазақтың даналық сөздерін салыстырып, талдау жасаңыз:

1. Дхамманың арқауы ақыл, оның үздік бөлігі де ақылдан жаратылған.

2. Бүл дүниеде күншілдік арқылы күншілдік тиылмайды, біреуге біре-удің күншілдігі болмаса ғана күншілдік тиылады.

194


3. Денсаулық ұлы жеңіс, қанағат - ұлы байлық, сенім - ең жақсы туыс, нирвана - ұлы игілік.

4. Парасатты адамның жүзіне қараудың өзі бір ләззатты сәт қой, олар-мен бірге болу - рахат. Надандардан аулақ болудың өзі бақыт.



«Неміс классикалық философиясы» тақырыбы бойынша практика-лық сабақта жаттығулар түрінде ұсынылатын қосымша материалдар.

1. Гегельдің мына сөздерінде диалектиканың қандай заңы көрініс тапқан:

"Әрбір философиялық жүйе қажетті түрде өмір сүрді және қазір де қажетті түрде омір сүруді жалғастырып келеді: олардың ешқайсысы

жоғалып кеткен жоқ, олардың бәрі біртұтастың сәттері ретінде философияда сақталды...Принциптер сақталды, жаңа философия осыған дейінгі прин-циптердің нәтижесі, осылайша философиялық жүйелердің бір де бірі жоққа шығарылған жоқ, жоққа шығарылған осы принцип соңғы абсолюттік анық-тама деген болжам ғана...

Мұндай жоққа шығару дамудың барлық процестерінде кездеседі. Ағаштың дамуы - дәнді жоққа шығару, гүлдер жапырақтарды жоққа шығарады және жапырақтар ағаштың ең жоғарғы, ақиқат омір сүруі емес екендігін көрсетеді; ең соңында гүлді жеміс жоққа шығарады. Бірақ соңғысы оған дейінгі сатылар болмаған жағдайда өмір сүру мүмкіндігін ала алмайды".

2. Бір бала мына өмірде неліктен қарттар өмір сүретіндігін түсіне ал-мады. Ол былайша пайымдады: адам бүгін әлі қарт емес,сондықтан ертең де қарт бола алмайды және осылайша жалғаса береді. Баланың қателігі неде? Ол диалектиканың қандай заңын ескермеді?

3. "Өте көп нәрсе жақсы емес" деген неміс мақалын түсіндіріңіз.

4. Ортағасырлық неміс дәрігері Парацельстің сөздерін талқылаңыз: "Бәрі у және бәрі дәрі, уға немесе дәріге айналдыратын мөлшер ғана".

5. Мына сапаларды: кішкене көбейтіңіз: сақтық, даңққа ұмтылу, жең-ілтектік, сөзқұмарлық, дәлдік, жұмсақтық, принципшілдік, қаталдық. Нәтижесі қаңдай болды?

6. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мысалдарын адам және қоғам өмірінен келтіріңіз.

«Қазақ философиясы» тақырыбы бойынша практикалық сабақта ұсынылатын жаттығулар.

Әл Фараби басшы адамға қажетті қасиеттер ретінде керсеткен мына қасиеттер туралы пікіріңіз қалай?

195


Әл Фараби. "Ізгілікті қала басшысының қасиеттері туралы"

Басшы - басқаешкімге бағынбайтын, имам, ізгілікті қаланың бірінші басшысы. Бұл адам туа біткен табиғи он екі қасиетке ие болуы тиіс:

1. Дене мүшелері абсолютті жетілген, кез-келген әрекетті жеңіл орын- дауға бейімделген болу;

2. Өзіне айтылып отырған нәрсені өте жақсы түсініп, сөйлеп отырған адам айтқан нәрсені іс жүзіндегі жағдаймен салыстыра отырып, көз ал-

дына елестете алу;

З.Өзі түсініп, көріп, естіп және қабылдап отырған нәрселердің бәрін

есінде жақсы сақтай білу;

4. Өткір, көреген ақылға ие болуы және оның көмегімен қандай да бір заттың белгісі арқылы ол белгі нұсқап тұрғанды тез меңгеру;

5. Сөзге шешен болып, ойлаған нәрсесін айқын, анық жеткізе білу;

6. Оқып-үйрену мен танып-білуді сүйе білуі және оқып-үйрену бары-

сында шаршамау;

7. Өзін тамақтан, арақ-шараптан, ойыннан тежей білу және ойыннан туындайтын рахаттарды жек көру;

8. Асқақ жанға ие болып, намысын жоғары ұстау;

9. Оның жаны табиғатынан төмен істердің бәрінен жоғары болуы және асқақ істерге ұмтылуы тиіс;

10. Бейбіт өмірдің дирхем, динар және тағы басқа белгілерін жек көру;

11. Табиғатынан әділеттілікті және ол үшін күресетіндерді сүйе білу, әділетсіздік пен тиранияны жек көру;

12. Өзі қажетті деп есептейтін істі жасауда, шешім қабылдауда батыл болу, үрей дегеннің не екенін білмеу.

"Дүние" ұғымының қайсысы қазақи философиялық түсінікке сай келеді?

1. Дүние - бүкіл болмыс. Оның негізі топырақ, су, ауа, от.

2. Дүние - жарық дүние. Жарық бар жерде өмір бар.

3. Дүние - өмір, тіршілік, өтпелі, аумалы-төкпелі.

4. Дүние - Әлем, бүкіл Жер жүзі.

5. Дүние - мал-мүлік, зат, байлық.

196

«Орыс философиясы» тақырыбы бойынша қосымша ұсынылатын материалдар.

Орыс философиясы өкілдерінің еңбектерінен үзінділерді талдаңыз: Л.Толстой.

"Иван Ильичтін өлімі" еңбегінен үзінді.

Бұрын сен қалай өмір сүрдің, жақсы және жағымды ма? - деп сұрады дауыс. Ол өзінің жағымды өмірінің ең жақсы минуттерін есіне түсіре ба-стады. Бірақ жағымды өмірінің жақсы минуттері енді бұрынғыдай емес секілді. Балалық шағынан басқасының бәрі. Сол балалық шақта, егер ол қайта оралса, онымен өмір сүруге болатындай жағымды бірдеңе болды. Бірақ сол шақты басынан кешкен адамның өзі жоқ, ол басқа адамның өмірі сияқты.

Қазіргі Иван Ильичті қалыптастырған кезенді еске түсіре бастағанда, сол кездегі қуаныш көз алдында ғайып болып, жексұрын бірдеңеге айналды.

...Осы өлі қызмет, ақша қуған күйбең тіршілік - осылайша бір жыл, екі, он, жиырма жыл - бәрі де бұрынғыша. Әрірек кеткен сайын, өлірек. Мен тауға өрмелеп келе жатырмын деп ойладым. Қоғам алдында жоғарылаған сайын, өзім үшін өмірім жоғалып бара жатырған еді...Міне, өлетін уақыт та келді!

Сонда бұл не? Не үшін? Мүмкін емес. Өмірдің осындай мәнсіз, жексұ-рын болуы мүмкін емес. Ол осындай жексұрын, мәнсіз болса, өліп қажеті не және азап шегіп өлудің қажеті қанша? Бұл жерде қиыспайтын бірдеңе бар.

Оған аяқ астынан "Мүмкін мен өмірімді дұрыс сүрмеген шығармын?" деген ой келді. ...Ол дереу өмірінің дұрыстығын есіне түсіріп, бұл ойды қууға тырысты.

...тән азабынан жан азабы, адамгершіліктік азабы күшті болды, оның қиналысының ең бастысы да осы еді.

Оның адамгершіліктік азабының мәні мынада еді: осы түні, Герасимнің ұйқылы, мейірімді жүзіне қарап жатып, оған "менің саналы өмірім дұрыс болмады" деген ой келді.

Оның ойына келгені, ...ол өмірін дұрыс сүрмеген екен, болуға тиісті болатындай етіп сүрмеген екен, бұл - шындық. ...оның өзінен жоғары

тұрған адамдар жақсы деп есептеген нәрселерге қарсы күресуге тырысқан, өзі құтылуға асыққан, әрең-әрең байқалатын талпыныстары ғана нағыз өмір болған екен, қалған өмірі бос күйбең тіршілік. Оның қызметі де, өмір жағдайларын қалыптастыруы да, отбасы да, қоғам мен қызмет мәселелері де - мұның бәрі бос нәрсе болып шығуы мүмкін. Ол осының бәрін өзінің алдында қорғауға тырысты. Кенеттен ол өзі қорғап тұрған нәрсе­лерінің бәрінің

197

әлсіздігін сезінді. Қоргайтын да ештеңе жоқ еді!



(Л.НТолстой. Соч.,т.12, с.54-108. Қазақ тіліне аударған -ГЖНұрышева).

В.С.Соловьев.

... Адамның өмірлік міндеттері ізгілікті ішкі қасиеттерімен анықталады; оның адамгершіліктік мәні кіршіксіз, жан-жакты және мықты Ізгілікке қызмет етуде.

Өз пәніне және адамның өзіне сай болу үшін мұндай қызмет ету ерікті түрде болуы тиіс, ал ол үшін ол адамның санасы арқылы өтуі керек. Оған осы процесте көмектесу ... адамгершіліктік философияның ісі.

(В.С.Соловьев. Соч., т.1., с.97. М., 1988. Қазақ тіліне аударган Г.Нұрышева)

... Ақиқат адамзаттың ақырғы шарты - еркіндік. Бірақ адамдардың

ерікті түрде бірігуге келетіндігінің, біз көріп отырғандай бір-бірімен жауласып, бірін-бірі жойып, әр жаққа тарап кетпейтіндігінің кепілі қайсы. Кепіл біреу: адамның тоқтап қалуына, жарты, ұсақ және толық емес бірдеңені қанағат етуіне кедергі келтіретін, оны адамның кемелденген өмірін, жалпыға ортақ және бүкіл әлемдік істі іздеуге және оған қол жеткізуге мәжбүр ететін адам жанының шексіздігі.

.. .Әрине, ұлы жалпы адамзаттық істің бар екендігін мойындайтын кез-келген адамның жеке істері және жұмыстары бар. Оларда адамгершіліктік заңға қайшы келер ештеңе жоқ болса, оларды тастап керегі жоқ. Жалпы-адамзаттық іс оған бәрі сиятын болғандықтан және зұлымдық пен күнәдан басқаны жоққа шығармайтындықтан жалпы адамзаттық іс болып табылады. Бізден талап етілетіні: өзіміздің кішкене бөлігімізді ұлы тұтастықтың орнына қоймауымыз, өзіміздің жеке ісіміз арқылы бөлектенбеуіміз, керісінше,

оны жалпы адамзаттық іспен байланыстыра білуіміз, бұл ұлы істі ешқашан жоғалтпауымыз, оны ең бірінші және жоғары қоюымыз, басқасы одан кейін бола жатады, Жалпы адамзаттық бірігудің ұлы ісі қашан және қалай жүзеге асатыны біздің билігімізде емес. Бірақ оны жоғары міндет етіп қою және өз істеріміз арқылы оран қызмет ету - біздің қолымыздан келеді.

(В.ССоловъев. Соч., т2., с.306-307. МЦ 1988. Қазақ тіліне аударған Г.Нұрышева)

Н.А.Бердяев

Мені еркіндік философы деп атайды. Бір иерарх мен туралы "еркіндіктің тұтқыны" деді. Мен шынында да бәрінен бұрын еркіндікті сүйемін. Мен еркіндіктен тудым, ол мені дүниеге әкелді. Еркіндік мен үшін болмыстан алғашқы. Менің философиялық типімнің өзіндік ерек­шеліп - мен

198

философияның негізі етіп болмысты емес, еркіндікті қарастырамын. Осылайша бірде-бір философ жасамаған секілді. Дүниенің құпиясы еркіндікте. Құдайдың еркін болғысы келгендігінен дүниенің трагедиясы пайда болды.



...Мен еркіндіктен бас тартуға ешқашан да келіскенім жоқ, тіпті оны кесуге де, ештеңені еркіндіктен бас тартып сатып алуға да келіспедім. Еркіндік азап тудыратынын мен білдім, еркіндіктен бас тарту азапты азай-тады. Еркіндік оның жаулары ойлайтындай жеңіл емес, еркіндік қиын, ол ауыр жүк. Сондықтан да адамдар өздерін жеңілдету үшін еркіндіктен бас тартады.

...Еркіндік демократиялық емес, аристократиялық ұғым. Адамдардың басым көпшілігі еркіндікті сүймейді, оны іздемейді. Көпшіліктің

революциялары еркіндікті сүймейді. Мен өзімнің рухани жолымда, өз өмірімнің тәжірибесінде көп нәрсеге қол жеткіздім, бірақ еркіндік мен үшін бастапқы нәрсе, ол менің өмірімнің а' рrіоrі.

(Н.А.Бердяев. Самопознание. С.56-57. М., 1991. қазақ тіліне аударған Г.Нұрышева).

...Мен орыс революциясын маған сырттан еріксіз таңылған нәрсе деп емес, оз тағдырымның бір сәті ретінде басымнан кештім. Мен оны қатты сынасам да және оның жағымсыз құбылыстарына қарсылық білдірсем де,

бұл революция менің бойымда болған нәрсе. Көптеген эмигранттардың большевиктік революция зұлымдық күштер, қылмыскерлердің шағын

тобы жасаған, ал олардың өздері шындық пен жарық астында өмір сүріп жатыр деген көзқарастарымен мен мүлде келіспеймін. Революция үшін

бәрі жауапты, бәрінен бұрын ескі режимнің реакциялық күштері жауапты.

Мен Ресейдегі революцияны бұрыннан-ақ түбінде болмай қоймайтын және әділетті деп есептедім. Бірақ мен оны көз алдымда әдемі бояулар арқылы елестеткенім жоқ. Керісінше, революцияда еркіндік жойылатынын және

онда экстремистік және мәдениет пен рух жаулары жеңіске жететінін алдын-ала көре білдім. Мен бұл туралы жаздым. Бірақ менімен келіскендер аз болды. Революция гуманистерінің революциялық идиллия, адам табиғатының және көпшілік халықтың мейіріміділігі көрініс табатын қантөгіссіз революция туралы болжамдары маған аңғал және күлкілі

болып көрінді. Революция дегеніміз ауыр ауру, аурудың азапты операциясы

және ол жағымды творчестволық күштердің жеткіліксіздігінің, орындалмаған парыздың дәлелі.

(НАБердяев Самопознание. с226. М., 1991. Қазақ тіліне аударған Г.Нұрышева).

199


«Ғылым философиясы» тақырыбы бойынша лекцияға қосымша материалдар

Т.Кун. Объективтілік, құндылықтық пікірлер және теорияны тандау

Біріншіден, теория дәл болуы керек: теориядан дедукцияланған сал дарлар іс жүзіндегі эксперименттер мен бақылауларға сәйкес келуі тиіс Екіншіден, теория қайшылықсыз болуы қажет, ішкі және өзіне-өзі ған емес, табиғаттың салаларында қолданылатын басқа қабылданған теорияларға да. Үшіншіден, теорияның қолдану саласы кең болуы тиіс, теорияның салдарлары оны түсіндіруге бағытталған жеке бақылаулар, теориялар және кіші теориялардың аумағынан шығуы керек. Тертіншіден, (бұл алдыңғымен тығыз байланысты), теория қарапайым болуы қажет, ол болмағанға дейін бір-бірінен алшақ жатқан және ретсіз жиынтық болға құбылыстарға тәртіп енгізуі тиіс. Бесіншіден, бұл аса міндетті болмағанымен, реалды ғылыми шешімдер үшін біршама маңызды сипаттама теория жемісті, ізденістің жаңа көкжиектерін ашатын болуы керек; ол белгілілердің арасында бұрын еленбей қалған жаңа құбылыстар мен қатынастарды ашуы қажет.

...Бұл бес сипаттама: дәлдік, қайшылықсыздық, қолдану облысы, қара-пайымдылық және жемістілік - теорияны бағалаудың қалыпты (стан-дартты) критерийлері.

(Современная философия науки. М., Логос, 1996, с.62-63. Қазақ тіліне

аударған Г.Нұрышева).



К.Поппер. Ғылымның мақсаты

Менің ойымша, ғылымның мақсаты өзін түсіндіруге мұқтаж нәрсе

ретінде көрсететін нәрселердің бәрінің қанағаттандырарлық түсіңдірмесі табу. Түсіндірме деп (немесе себепті түсіндірме деп) мен ережелер жиынтығын түсінемін, олардың біреуі түсіндіруге жататын істің жағдайы сипаттайды (экспликандум), ал басқа түсіндіруші ережелер тар мағына да түсіндіруді құрайды (экспликандумның экспликансы).

(Современная философия науки. М., Логос, 1996, с.99. Қазақ тіліне аударған Г.Нүрышева).



П.Л.Капица.

Ғылымды дамытуға бағытталған ұйымдастыру шараларын үш топқа бөлуге болады:

1) Ғылыми кадрларды іріктеу және тәрбиелеу;

2) Ғылыми ізденістердің әлемдік талаптарына сай және елдің мәдени

200

және өнеркәсіптік сұраныстарына сәйкес келетін бағыттарын дамыту;



3) Ғылыми жұмысты жүзеге асыруға қажет материалдық базамен қам-тамасыз ету: ғылыми институттар, приборлар жасау, информация және басқалары;

Ғылыми кадрларды іріктеу және тәрбиелеу

Ғылымды ұйымдастыру мәселелерінің арасындағы маңыздысы - ғылыми кадрларды іріктеу және тәрбиелеу. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, осы фактор ғылыми жұмыстың жоғары деңгейін және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Ғылыми жұмыс та адам қызметінің тек шығармашылық қабілеті бар адам табысты дамыта алатын саласы. Өнер, әдебиет, музыкамен творчестволық қабілеті, ерекше дарыны бар адам ғана айналысатыны секілді, ғылымда да ғылыми дарыны бар адам ғана табысты қызмет ете алады. Яғни, ғылыми жұмыс тиімді даму үшін дарынды адамдарды таңдап ала білу керек. Бұл ғылыми жұмысты ұйымдастырудағы ең қиын жұмыс, себебі ғылыммен айналысатын адамдардың саны қай елде болмасын өте аз, елде өмір сүріп отырған адамдардың кішкене ғана проценті. Сондықтан да осы аз ғана адамдық ресурсты мейлінше толық пайдалану жағдайларын туғыза білу қажет.

Ғылыми кадрларды дайындаудың ең кең тараған схемасы төмендегідей деуге болады. Болашақ ғылыми маман әуелі университете және инстатут қабырғасында басқа студенттермен бірге оқиды. Оқу бітірген соң ғана дарынды жастар іріктеліп, аспирантураға қалдырылады. Тек осы сатыда ол ғылыми жүмысқа бейімделе бастайды. Кандидаттық диссертация және оны қорғау адамның ғылыми дарындылығын көрсетеді.

Бұл жүйенің кемшіліктері бар. Ең бастысы - болашақ ғалымның шы-ғармашылық дарынын көрсету мүмкіндігі тек 23-25 жаста ғана пайда бо-лады, оған дейін оның өмірінің ойлау және жүмыс жасау қабілеті, миы мықты 4-5 жылы жалпы оқу процесіне кетеді.

Екіншіден, ғылыми кадрларға ғылыми басшылық жасай алатын профессура жоғары оқу орындарының бәрінде бірдей бар деп айту қиын.

Сондықтан да музыканттар мен суретшілерге арнайы оқу орындары құрылғаны сияқты, ғылыми кадрларды дайындайтын арнайы оқу орындары қажет. Оның мысалы ретінде Мәскеу физикалық-техникалық университетін айтуға болады.

201


Ізденіс тақырыбын таңдау

Ғылыми тақырып әлемдік ғылымның бағыттары мен елдің сұраныс-тарына сәйкес болуы тиіс. Мұндай тақырыпты тандауды тиімді жүзеге асыратын ғалымдардан тұратын ұжым, ғылым академиясы, ғылыми қоғам-дар, ғылыми кеңестер және тағы басқа қоғамдық ұжымдар.



Ғылыми жұмыстың материалдық базасы.

Бұған кіретіндер: ғалымдар мен қосалқы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, институттар салу, приборлармен қамтамасыз ету, информацияны ұйымдастыру және тағы басқалары. Ғылыми нәтижелерді бағалау өте қиын, бірақ ғылымның тиімділігін арттыру үшін өте қажет.



(П.Л.Капица. Эксперимент. Теория. Практика. М., 1987, с.208. Қазақ тіліне аударған Г.Нүрышева).

А.Койре. Ғылыми теориялардың дамуына философиялық концепциялардын ықпалы туралы

...Сонымен, ғылыми ойдың тарихы бізге (мен ең аз дегенде осыны дәлелдеуге тырысып бағамын) мынаны үйретеді:

а) ғылыми ой ешқашан да философиялық ойдан толығымен бөлек болған жоқ;

б) ұлы ғылыми революциялар үнемі философиялық концепциялардың күйреуі немесе өзгеруі арқылы анықталды;

в) ғылыми ой - әңгіме физикалық гылымдар туралы болып отыр -вакуумда дамыған жоқ; бұл даму ылғи да белгілі бір идеялардың, іргелі принциптердің шеңберінде дамыды, оларда философияға ғана тән деп есептеліп келген аксиоматикалық айқындылық бар.

Әрине, бұдан мен жаңа фактілердің, жаңа техниканың ашылуының маңызын, ғылыми ойдың автономдылығын немесе оның дамуының ішкі заңдылығын теріске шығарамын деген қорытынды жасауға болмайды.

...Сонымен, бізге тарих үйреткен сабақтардан екі қорытынды жасасам дұрыс болатын секілді.

1. Позитивистік бас тарту - орын беру - уақытша шегінудің кезеңі ғана болып табылады. Адамның ақыл-ойы өзінің білімге деген ұмтылысында белгілі бір уақыт өткен сайын осы позицияға шегініп отырғанымен, ол оны ешқашан да - ең құрығанда осы уақытқа дейін осылай болып келді - шешуші және соңғы деп санамайды. Ерте ме, кеш пе ол бұл жағдайды өзінің жеңісі деп есептеуден бас тартып отырды. Ерте ме, кеш пе, ол өзінің міндетіне қайта оралады және ол анықтаған және қабылдаған заңдардың себепті және реалды түсіндірмесін табуға тырысып, еш қандай мәні жоқ деп жарияланған мәселелердің пайдасы жоқ немес мүмкін емес шешімдерін іздеуге қайтадан ұмтылады.

202

2. Ақырында дұрыс болып шығатын философиялық ұстаным пози-тивистік немесе прагматикалық эмпиризмнің концепциясы емес, керісінше, математикалық реализмнің концепциясы; қысқаша айтқанда, Бэкон немесе Конттың концепциясы емес, Декарт, Галилей және Платонның кон-цепциясы.



...Эйнштейннің шығармашылығына шабыт беріп отырған философи-ялық пайымдаулар екендігі күмәнсіз, сондықтан да ол туралы, Ньютон туралы айтқанымыз секілді, қандай дәрежеде физик болса, сондай дәрежеде философ деуге болады. Оның абсолюттік кеңістікті, абсолюттік уақытты және абсолюттік қозғалысты үзілді-кесілді теріске шығаруының негізінде белгілі бір метафизикалық принцип жатқаны айдан анық.

...философия қайтадан - мүмкін қазір философиялық факультеттерде оқытылатын философия емес шығар, бірақ Галилей мен Декарттың зама-нында солай болды - физика діңгегі, ал жемісі механика болып табылатын ағаштың тамырына айналды.



(А.Койре. Очерки истории философской мысли. М., 1985. Қазақ тіліне аударған Г.Нұрышева).

203


Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы

Философия

(Лекциялар курсы)

Оқу құралы

Жауапты редактор Өмірбекова М.

Көркемдеуші редактор ҚасымханЖ.

Суретші Төленбаев Е.

Техникалык редактор Шаяхмет Г.

Басуға 14.10.2006 ж. қол койылды.

Пішімі 60x84 1\16.

Офсетгік басылыс.



Шартгы 12,75 б. т. Есепті 9,6 б.т. Таралымы 1000.

«ЗиятПресс» 8(3272)728 670, 8300 799 0616
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет