Глоссарий. Қылмыс бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмы



бет1/7
Дата30.01.2018
өлшемі1,55 Mb.
#36264
  1   2   3   4   5   6   7
Глоссарий.

Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі.

Қылмыс- басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар- Ұлттар мен мемлекеттердің негіздеріне, олардың ілгері дамуына және халықаралық өзара қарым-қатынас жасауына қауіп төндіретін аса ауыр халықаралық қылмыстар.

Ұйымдасқан топ — қылмыстық құқықта — қылмысқа қатысу нысаны, мұнда қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасайды (ҚР Қылмыстық кодексі, 31-бап).

Ұйымдасқан топтың міндетті белгілері — алдын ала сөз байласу және тұрақтылық.Ұйымдасқан топтың тұрақтылығы оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше қылмысқа дайындалу мен оны жасау әрекетінің айрықша әдістерінің болуы. Ұйымдасқан топты құрған не оған басшылық еткен адам осы қылмысты ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның қаскүнемдік ниетімен жасалса, Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары қылмысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Ұйымдасқан топ құру -ҚР Қылмыстық кодексінде көзделмеген жағдайда Ұйымдасқан топ құру қылмыс жасау үшін құрылып, қылмысты жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауапқа апарып соқтырады.[ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (ҚРҚК) (ағылш. criminal code of the Republic of Kazakhstan; нем. Strafgesetzbuch der Republik Kasachstan) – Қылмыстық кодекстің міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңдымүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу болып табылады

Ұйымдасқан қылмыс— негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмысең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді.Қазақстанда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызылған.

Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

«Ұйымдасқан қылмыскерлiк» ұғымы- «ұйымдасқан қылмыс», "ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдас¬қан қоғамдастық:» сияқты басқа ұғымдармен байланысты. 

«Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру;  ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойын¬ша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар».
i

1.Дәріс жоспары:

1.Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет.    

2.Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат, тану және бағалау.

3.Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері.

4.Қылмыскерлік коэффицентері және оның құрлымы.

5.Қылмыскерлікті қозғалысты зерделеу. Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу.

6.Қылмыскерліктің «сыртқы» және «ішкі» сипаттамаларын зерделеу. Қылмыскерліктің латенттігін зерделеу.

7.Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

    Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет.    

    Ұйымдасқан қылмыс – жоспарланған, алдын ала ойластырылған, әдейі қасақана жасалатын қылмыс. Мұндай қылмысты жеке адамда, топта жасауы мүмкін. Шешім қабылдау кезеңінде қылмыс жасаудың жоспары ойластырылады. Егер қылмысты бір неше адам  жасайтын болса, алдын ала олардың рөлдері бөлінеді: сыбайластардың біреуі қылмыс объектісін іздестіреді, екіншісі – қылмыс құралын, қажетті керек – жарақтарын табады, үшіншісі – қылмыс орнынан тез кетіп алу және ұрлаған заттарын алып кетуге қажетті көлікпен қамтамасыз етеді, төртіншісі – қауіпсіздік жағын ойластырады, бесіншісі – қылмыстық – жолмен табылған мүлікті сатумен, қылмыстан түскен табысы заңдастырумен айналысады.

   Ұйымдасқан қылмыстық әрекет – қандай да бір субъектінің өзара байланысты ұйымдасқан қылмыстық іс – әрекеттің жүйесі.

   «Қылмыстық іс -қимыл » терминіне қарағанда «қылмыстық іс - әрекет» термині жеке белгілі бір жағдайда жасалған қылмысты ғана емес, адамның алдын ала әлеуметтік ұстанылымдары, қылмыстық пиғылда жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды іздестіруін, өзін – өзі тәрбиелеу процесінде тек қылмыстық қызмет үшін маңызды қасиеттердің дамуын көрсетеді.

  Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің даму қисыны мынаны көрсетеді: қылмыс субъектісі бір адам емес, криминалогиялық терминология бойынша атағанда «ұжымдық субъект» болуы мүмкін. Мысалы, бір жоспармен әрекет жасайтын адамдар тобы үйлесті және ұйымшыл болады. Мұндай жағдайда оның әр мүшесінің әрекетін басқалары толықтырып отырады. Ұйымдасқан қылмыстың негізінде әр түрлі ұйымдасқан құрамалардың дәл осындай ұжымдық қылмысты әрекеті жатыр.

  «Ұйымдасқан қылмыскерлік» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», «ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет «ұйымдастық қоғамдастық» сияқты басқа ұғымдармен байланысты.Барлық жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздері пайдаланылады.

  Ұйымдасқан топтар бірнеше адам қылмысты тіптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшін алдын ала бірігіп, соған жан – жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасайды, барлық күш жігерін сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бірлесіп шешеді, нақты жағдайға қарай, оған түзетулер еңгізеді.Ұйымдасқан топ бір қылмысты жасау үшін де құрылуы мүмкін. Мысалы банктен ақшаның ірі сомасын ұрлау «Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы» федералдық заңның жобасында қылмыстық ұйымға мынадай анықтама берілген: «Қылмыстық ұйым

а) қылмыстық ұйым не оның басшылығын құру.

ә) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген қылмыстарды тікелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етудің өзге де формалары бойынша қатысушылар арасында міндет бөлінген, бірлесіп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар не бандалар».

   Қылмыстық ұйымдар, өздерінің қылмыстық әрекетін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдық  және азаматтық әректін қорғау мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және азаматтық қоғамның инстиуттарымен, олардың алдына қойылған міндеттерін теріс арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенеді. Осыдан барып мемлекеттік органдар жүйесінде және кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттік емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады.

  Ұйымдасқан топтардың, бандалардың қылмыстық ұйымдардың бұл өзара әрекеттестігін, ақпарат алмасуды, құқық қорғау жүйелерін, өзге мемлекеттік құрылымдарды және азаматтық қоғамның институттарын бейтарап тандыру және пайдалану үшін, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлеріне көмек көрсетуге күш жігердің біріктірілуі қамтамасыз ететін қылмыстық қауымдастықтар т. Б. «Қылмыстық қауымдастық» термині қылмыстық құқықта басқа мәнде қолданылады.

   Ұйымдасқан қылмыскерлік – кең ауқымда қылмыстық әрекеті бар және ондай әрекет үшін қолайлы жағдай жасалған, осы құрылымдарын да, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделі жүйесі.

  Ұйымдасқан қылмыскерлік өзінің экономикасы, әлеуметтік және рухани саласы бар, өзінің басқару, қауіпсіздік, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесі, юстициясы, өзінің ішкі және сыртқы саясаты бар балама қоғам.



Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат.

     Қылмыскерлікті криминалогиялық зерделегенде мыналар айқындалады.

Қылмыскерліктің жағдайы мен үрдісін бағалау, онымен күрестің бағытын анықтау мақсатында оның орын мен уақыттың нақты жағдайларында жалпы таралуы  және  қоғамға  қауіптілігі: нақты   алдын алу шараларын алдын алу дайындау мақсатында қылмыскерліктің туындауы мен орын алып тұруының ерекшелігін көрсететін әлеуметтік сипаттамалар:

  құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстар рецидивтің және ұйымдасқан қылмыстың асқындауының алдын алу мақсатында қылмыскерліктің өзіндік, ішкі сипаттамалары.

  Статистикада қылмыскерлік түгелдей, тіптен қылмыстардың барлығы бірдей көрсетіле бермейді: Оның жасырын, жабық, яғни лагенттік бөлігі болады. Латынша lateens – жасырын, сырттай көрінбейді дегенді білдіреді. Қылмыскерліктің латентті бөлігі немесе «латенттік қылмыскерлік» деп қылмыстардың статистикада көрсетілмеген бөлігін айтады.

Қылмыскерлікті зерделеудегі тану және бағалау.

  Қылмыскерлікті зерделеу – талдау, тану мен бағалаудың бір тұтас екендігін көрсетеді. Тану процесінде зерттеуші қылмыскерлік туралы нақты мәліметтер алады, оны «суретке түсіреді» десе де болады.

  Қылмыскерлікті бағалау дегеніміз жаңа деректерді бұрынғы біліммен, түсінікпен, болжаммен салыстыру. Мысалы: тіркелген қылмыскерліктің азаюын оның латенттігі көтерілген жоқ па деген тұрғыдан бағалау керек.

   Жалпы тану мен бағалауды абстракцияда ғана ажыратуға болады. Қылмыскерлікке бағаны оның «фотографиясын» алдын ала  алмай, яғни танымай беруге болмайды, ал мақсатсыз, ешқандай болжам болмай оны тану іс жүзінде мүмкін емес. Қылмыскерлік оның салдарымен бірге талданады. Оның ішінде мыналар назарға алынады.



  •  қылмыстың құрбандарының саны:

  •  айырылып қалған пайданы қосқандағы материялдық залалдың мөлшері:

әр түрлі әлеуметтік топтарға қылмыстың таралуы:

халықтың белгілі бір бөлігінің «әлеуметтік қараусыз қалуы» (әр түрлі көріністегі нашақорлықтың, жезөкшеліктің, қадағалаусыздықтың, панасыздықтың, оның ішінде қылмыскер отбасынан шыққан балалардың, сондай – ақ өзгедей келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың кең таралуы:

өмір тіршілігінің әр түрлі салаларына қылмыстың таралуы;

мемлекеттік құрылымдарға және азаматтық қоғамның институтарына, құқыққа криминалдық ықпалын дәрежесі, оларды қылмыстық әрекет мүддесіне пайдалану;

қоғамның өркениетті, құқықпен қорғалатын құндылық – нормативтік жүйесін шайқалту, қылмыстық идеалогия мен психологияны тарату;

қылмыскерлікке  қарсы тұруда халықтың белсенділігін төмендету және оған жеке, заңды тұлғалардың белгілі бір мөлшерінің «бейімделуі».

  Қылмыскерлікті талдаудың ақтық мақсатын оның негізгі бағыттарын бөліп алу, қандай да бір акциялардың мақсаттарын нақ көрсету, оларды қамтамасыз етудің бағдарламаларын жасау, алдын алу және құқық қорғау қызметін жетілдіру негізінде онымен күресті жандандыру б. т.

Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері.

  Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері:

а) статистикалық есептер:

–ІІМ – нің прокуратураның, басқа да құқық қорғау органдарының, оның ішінде: тіркелген қылмыстар туралы:қылмыс жасаған адамдар туралы, Қылмыстық кодексінің барлық баптары тұрғысынан алғанда тіркелген қылмыстар мен айқындалған қылмыскерлер туралы деректер бар ІІМ – нің №1 г нысаны, №1 а нысаны, №3, №5 сондай – ақ басқа да нысандар:

соттар мен әділет органдарының, оның ішінде соттардың жұмыстары туралы есеп:

Қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны және қылмыстық – жазалау шаралары туралы есеп : сотталғандардың құрамы, қылмыс жасағандар туралы есеп, қажет болған жағдайда – сот статистикасының басқа да нысандары:

ә) бастапқы есепке алудың статистикалық карточкалары;

б) әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік де мографиялық және басқа да статистика көрсеткіштері. Мысалы, қылмыскерліктің коэффицентін шығару үшін халықтың, оның ішінде әр жастағылардың саны туралы деректер керек болады;

е) өзге құқық бұзушылықтар, маскүнемдік, нашақорлық және т. б. туралы мәліметтер;

ж) қылмыстық істерді, қылмыстар туралы материалдармен арыздарды жинақтап қорту материалдары;

3) қылмыскерлікке және онымен күреске байланысты қоғамдық психологияны, құқықтық сананы, қоғамдық пікірді зерделеудің нәтижелері;

и) сотталғандармен, бақылау тобындағы адамдармен, халықтың әр түрлі әлеуметтік тобының өкілдері мен жүргізілген сауалнаманың нәтижелері;

з) криминалогтердың байқауларының нәтижелері;

и) егер жүргізілген болса – сараптама нәтижелері:

Қылмыскерлік есеп жүргізу оның нақты көріністерін: жасалған қылмыс фактілерін; сол қылмыстарды жасалған адамдарды; қылмыстардың құрбандарының және қылмыстардан келген материалдық залалдың сомасын; ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды тіркеуге негізделеді.

Қылмыскерлік коэффицентері және оның құрлымы.

  Қылмыскерлікті зерделеген кезде абсолюттік мәліметтермен қатар салыстырмалы мәліметтер: коэффициенттер, үлестік салмақ немесе үлестер де пайдаланылады:

а) қылмыскерлік деңгейі;

ә) оның қылмыстылық коэффициентімен көрсетілген қарқындылығы анықталады.

  Коэффициенттер қылмыскерлік туралы мәліметтерді халық жайындағы мәліметтер мен салыстыру жолымен шығарылады.

Егер қылмыстар саны туралы мәліметтер салыстырылса коэффициент деп айқындалған қылмыскерлер санына қатысты коэффициент ка деп (адамдар бойынша), сотталғандар саны бойынша көрсеткіште Ке ден белгіленеді.

Әр түрлі мемлекеттеде, мемлекеттің әр түрлі аймақтарында, сондай – ақ әр түрлі уақыттық кезеңдерде, әр түрлі әлеуметтік топтпрдың өкілдерінде қылмыстылық осы коэффициенттер бойынша салыстырылады.

   Қылмыскерлік коэффициентін есептеу формуласы

КФ= Қылмыстар фактісінің саны 100000  

                Халықтың саны

Бұл жерде есеп 100000 адамға жасалынған, бірақ 10000адамға да, қажет болған жағдайда 1000 адамға да жасауға болады.

  Қылмыскерлік коэффициенті не барлық халыққа, не қылмыстық жауаптылық жасындағы халыққа есептелуі мүмкін.

  Қылмыскерліктің құрлымы жайында сөз болғанда қылмыскерліктің әр түрлі көріністерінің үлестік салмақтарының ара қатынастары алынады.

Қылмыскерлікті қозғалысты зерделеу.

  Қылмыскерлік қозғалыста зерделенеді. Талдамалардың мынандай түрлері бар:

а) ағымдағы қылмыскерлік жылдарға жіктеліп талданады, бұл ретте белгілі бір кезеңдер немесе қоғам дамуының белгілі бір кезеңдеріне қайта құруға, реформаға және т.б. сәйкес келетін кезеңдер бөлініп алынады;

б) егер ондай қажеттілік болса, қылмыскерліктің маусымдық тұрақсыздығы. Ол, мысалы, курорттық орындарда, туристік орталықтарда керек болады.

Қылмыскерлік қозғалыста зерделенгенде өсу қарқыны есептеп шығарылады. Бұл қылмыскерлік азайған жағдайда да қолданылатын жалпы термин. Егер, мысалы, қылмыстар саны 10 пайзға азайса пайызды көрсеткен цифр алдында (-) таңбасын қояды.

Өсу қарқыны пайызбен беріледі, ол тіркелген қылмыстар санының немесе басқаның базалықпен салыстырғанда қанша пайызға өскендігін немесе азайғандығын көрсетеді.

  Мынадай амалдар пайдаланады:

а) динамикалық базистік көрсеткіштерін пайдалану, мұнда бірнеше жыл бойы көрсеткіштер тұрақты базиспен талдаудың алғашқы кезеңіндегі жылымен салыстырылады.

   Бұл жағдайда: «… жылғы өсу,пайыз» деп көрсетіледі:

ә) динамиканың тізбекті көрсеткіштерін пайдалану, мұнда әрбір жылдың көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырылады.

  Бұл жағдайда «өткен жылға қарағанда өсу…пайыз» деп көрсетіледі.

  Қылмыскерліктің әр түрлі көрсеткіштерінің өзгеруі талданады. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, 1986-1996 жылдары тіркелген қылмыстар саны екі есейге көбейтілген, қылмыс нәтижесінде қаза тапқан адамдар саны  2,4 есе ұлғайған, айқындалған қылмыскерлер саны 43 пайызға, сотталғандар саны тек 39 пайызға көбейген. Бұдан мынадай қортынды жасауға болады: мемлекеттің қылмыскерлікке қарсы қолданып отырған іс – шараларының тиімділігі төмен.



Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу.

  Қылмыскерлікті көп қилы әлеметтік құбылыстардың ішінен тек белгілі бір шекте, криминалогиялық зерттеудің әдістемелік амалдарының бірі ретінде бөліп алуға болады. Ол маңызды, бірақ шектеулі білім береді.

  Қылмыскерлікті зерделеудің басқа аспектісі аймақтық экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени сипаттамалары координаттарындағы талдамасы, оның ішінде қылмыстық емес сипаттағы құқық бұзушылықпен және өзге келеңсіз әлеуметтік ауытқулармен байланысты.

   Криминалдық зерттеулерде аймақтың әлеуметтік сипатамасы халық және қоныстардың типі туралы мәліметтерді талдау арқылы анықталады.

  Халықты мынадай топтарға бөлуге болады:

а) жынысы бойынша, себебі адамдардың әр түрлі әлеуметтік функциялары және тиісінше олардың әлеуметтік жағдайлары мен іс – қимылдарының  ерекшеліктері жынысқа байланысты:

ә) жасы бойынша (14-15 жас,16-17жас,18-24жас,30-49жас,6 жас және одан жоғары);

б) ұлты бойынша;

г) отбасының жағдайы бойынша.

  Қоныстар типтерін талдағанда мыналарды біліп алуға болады:

а) қала және ауылдық мекендер; ә) халықтың санына қарай қалалар бойынша бөлінеді;б) әкімшілік критерий бойынша (астана, обылыс, аудан және т.б.); в) уақыт және даму қарқыны бойынша; г) функционалдық нанымдары бойынша.

  Әлеуметтік – экономикалық сипаттама. Қылмыскерлікті зерделегенде мынадай кезеңдерді алуға болады: а) меншік нысандары мен ұйымдық – құқықтық нысандары әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың арақатынасы;

ә) әр түрлі мамандандырылған кәсіпорындар мен ұйымдардың арақатынасы; в) халықтың әлеуметтік – кәсіби құрамы; г) халықтың мөлшері мен сипаты ескерілген шығыны бойынша құрылымы, баспанасыз адамдардың және тұрақты табысы жоқ адамдардың оның ішнде жұмыссыз адамдардың болуы; д) аймақтың еңбек ресурстарын қалыптастырудағы және оларды пайдаланудағы ерекшеліктер: өздерінің адамдары, маусымдың мердігер бригадалар, «ары – бері, теңселген» көші – қон, бұл қалаға жақындау елдімекендерге тұратын адамдар: ашық және жасырын жұмыссыздық; е) адамдардың өздерінің өмір сүруі және өсіп – өнуі үшін ең қажет мұқтаждықтарын қамтамасыз ету; ж) халықтың табысына, жұмыс түріне, басқа сипаттамаларына сәйкес келетін өзге мұқтаждықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.

  Әлеуметтік саяси сипаттама:

а) халықтың әр түрлі топтарының саяси мүдделеріне қатты айырмашылық бар ма, ол қалай шешімін табады (аса байлар мен кедей топтар арасындағы қайшылық жаппай тәртіпсіздік, мүлікті қорқытып тартып алу, ұй жайларын өртеу нысанында болуы мүмкін);

ә) аймақта қандай саяси партиялар мен қозғалыстар жұмыс істейді, олар бірімен бірі қалай әрекеттеседі;

б) билікті құрылымдар әр түрлі саяси мүдделерді қанағаттандыруды қалай қамтамасыз етеді;

в) билікті құрылымдар қалай қалыптасады;

г) федералдық органдарының федерация субъектілері органдарының және өзін – өзі басқару органдарының және т.б. қатынастары қалай тұрғызылған. Бұл мән – жайлар тек мемлекеттік қылмыстардың ғана емес ланкестік актілердің, басқалардың да жасалуын анықтайды.

  Әлеуметтік- мәдени сипаттама бәрінен бұрын мынадай мәліметтерді қамтиды:

а) мәдениет және спорт мекемелерінің саны, құрлымы олардың қызметтерінің сипаты және халықты қамыту дәрежесі тұралы;

ә) жалпы білім беруді және кәсіби дайындаушы қамтамасыз ететін мекемелер туралы;

б) халықтың мұқтаждықтары мен мүдделерінің ерекшеліктері туралы;

в) салттары, дәстүрлері, мінез – құлықтың cтереотиптері проблемалық және даулы жағдайларды шешудің қалыптасқан тәсілдері туралы;

  7. Қылмыскерліктің «сыртқы » және «ішкі» сипаттамаларын зерделеу.

  Қылмыскерліктің «сыртқы» сипаттамасын зерделеу оның көп таралғандығын талдаудан басталады. Бұл ретте мына жағдайлар анықталады: а) қылмыскерліктің деңгейі;

ә) қылмыскерліктің қарқындылығы;

  Қылмыскерліктің жалпы кең таралғандығы бір жылда тіркелген қылмыстардың жалпы саны немесе айқындалған қылмыскерліктердің жалпы саны бойынша анықталады. Қылмыскерлікке статистикалық талдама жасағанда қылмыскерліктің мына түрлерін бөліп алу кең таралған:

а) қасақана оның ішінде саяси зорлық, пайдакүнемдік қылмыстар;

ә) абайсызда жасалған қылмыстар;

  Саяси қылмыстар әдебиетте бұл мемлекеттің және биліктің конституциялық негіздеріне қастандық ойлаумен байланысты идеялық саяси соттау деп көрсетілген.

  Зорлық қылмыстарына жасалған кезде зорлық мақсатқа жетудің жәй құралы ғана емес, сылтаулатудың элементі болып табылатын қылмыстар жатқызылады.

  Пайдакүнемдік қылмыскерлікті криминалогтер «жалпы қылмыстық» және «экономикалық» немесе шаруашылық – пайдакүнемдік деп жіктеледі. 
  Қылмыскерліктің әлеуметтік бағыттылығы қылмыстың қастандық жасау объектісі бойынша анықталады.

Қ.Р-ның Қылмыстық кодексі қылмыстардың 18 түрін бөліп алады. Криминалогиялық талдауда блоктарды ірлендіруге және қылмыскерліктің мына түрлерін бөліп алуға болады:

1) мемлекеттік;

2) адамға, оның құқығына, бостандығына, меншігіне қарсы;

3) қоғамдық мүдделерге қарсы;

4) әскери.

 Қылмыскерліктің «ішкі» сипаттамаларын талдама жасалғанда оның тұрақтылығы, белсенділігі, ұйымшылығы бөлініп алынады.

 Қылмыскерліктің тұрақтылығының неғұрлым айқын көрсеткіші болып қылмыстардың криминалогиялық рецидиві саналады.

 Қылмыскерліктің мынадан көрініс табады біріншіден, қылмыскерлер әшкереленгенге дейін бір неше қылмыс жасап үлгереді.

 Екіншіден, қылмыскерлер қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайларды жәй пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар кедергілерді оңай жеңеді. Өзінің криминалдық іс – қимылдары жағдайды әдейі қолайлы етеді. Қылмыскерліктің белсенділігі криминалдық кәсібилікпен тығыз байланысты. А.И.Гуров оның мынадай жақтарын бөліп алады: тұрақты  айналысу, қылмыскерлерде сол қылмыстық әрекеттермен айналысу үшін  қажетті белгілі бір білімдермен дағдылардың болуы: бұл адамдардың белгілі бір криминалдық мамандануы, негізінен біртекті қылмыстар жасауы; қылмыстық әрекет бұл адамдар үшін негізі, кейде бірден бір табыс көзі, бай әлеуметтік ортамен байланыс.



Қылмыскерліктің латенттігін зерделеу.

  Қылмыскерлікте өте жоғары латенттік бар. Тіптен, адам өлтіру болған кейбір жағдайларда ол адам өзін – өзі өлтіруді деп көрсетіліп, қылмыстың ізі жойылып, мұқият бүркемеленеді. Егер қылмысты  ұйымдасқан және кәсіби топ жасаса, онда латенттік деңгейі жоғары болады.

  Қылмыскерліктің латенттік бөлігі жасырын және жасырылған қылмыстарды қамтиды. Қылмыскерліктің жасырын бөлігі, жасалған бірақ ол жайында құқық қорғау органдары мен сот білмейтін қылмыстар мен олардың әр түрлі жиынтығынан құралады.

  Қылмыскерліктің жасырылған бөлігі құқық қорғау органдарына белгілі болған, бірақ қандай да бір себептермен қылмыскерлік туралы статистикаға кірмей қалған қылмыстар мен олардың жиынтығын қамтиды.

  Тиісті қылмыскерліктің латенттігі ескеріліп оның қаншалықты кең таралғандығын білуге мүмкіндік беретіндігі бір қатар әдістемелер бар:

  Біріншіден, бұл бірқатар статистикалық мәліметтердің салыстырмалы талдамасы. Мысалы, адам өлтіру мен әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатының санын салыстыру.

  Екіншіден, латентті айқындау мақсатында қылмыстық статистиканың, азаматтық – құқықтық деликттер, әкімшілік және тәртіптік, құқық бұзушылық статистиканың мәліметтері салыстырылады.

  Үшіншіден, қылмыстық статистиканың мәліметтері қылмыстар мен арыздармен, шағымдармен, хабарлармен оның ішінде тек құқық органдарына ғана емес, сондай – ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, басқа ұйымдарға жіберілгендерімен салыстырылады.

  Төртіншіден, арнайы анкета бойынша халықтан алынған жауаппен де салыстыру жүргізіледі. Қылмыскерліктің латенттігіне жасалған талдаудан кейін заңдылықтың нақты бұзылу фактілерін анықтау үлкен мақсатты жүргізіледі.   

 


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет