Грамматикалық тақырыптар. ҮНдестік заңЫ (буын, дыбыс)



Дата31.01.2018
өлшемі65,37 Kb.
#37213
Грамматикалық тақырыптар.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (БУЫН, ДЫБЫС)
Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.

Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады.

Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.

А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,



бағдарлама+шы+лар+ға

ұя-шық+тан

Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,



тақта-ның

түйме-ше+лер+дің

Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.



Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал.
Ілгерінді ықпал

(Прогрессивная ассимиляция)

а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б.

ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.

б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.
Кейінді ықпал

(Регрессивная ассимиляция)

Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г-ге, п б-ге айналып кетеді.

Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы

қорап +ы – қорабы

жүрек +і - жүрегі

Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.



5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар.

Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру.



Тоғыспалы ықпал

(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.
Қазақстан – менің отаным

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның эт-нографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған.

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.

  1. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

  2. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
    түсіндіріңіз.

Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық,, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі.
3. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.

Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника.


№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жаһандану дегеніміз не ?

2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?

3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?


Практикалық сабақ №2, 3

Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2, 3
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;

  2. Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Білім де бәсекеге түседі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).


1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет