Грамматикалық терминдерің зерттелуі А. Б. Сарбалина



Дата15.09.2017
өлшемі30,02 Kb.
#32613
Грамматикалық терминдерің зерттелуі

А. Б. Сарбалина

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің терминденуі мәселесінде қазақ зиялыларының орны айрықша. А. Байтұрсынұлы тіл, әдебиет пен мәдениетке қатысты терминдерді өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың үлгісін дайындады. Тіліміздің сөздік қоры әсіресе термин есебінен байыды. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа енді. Сонымен қатар техника мен ғылымның дамылсыз өсуі тіліміздің сөздік құрамын дамытты. Ғылым мен техниканың әрбір саласына арналған және жалпы терминге байланысты көптеген терминологиялық қазақша – орысша, орысша – қазақша сөздіктер мен түсіндірмелі лұғаттар жеке – жеке кітап болып шықты. Бұл еңбектер саны жағынан емес, мазмұны жағынан құнды еңбектер болды. Қазіргі кезде терминологиялық сөздіктерді барлық ғылым саласы күнделікті өмірдің қажеттілігіне пайдалануда. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі.

Тіл зерттеушілері термин шығармашылығында тіл мәдениетіне қатысты ұстанымдардың мынадай яғни жүйелілік, нормаға сәйкестік және эстетикалық деп үш түріне аса көңіл бөледі. Мұндағы жүйелілік ұстанымында термин сөздердің бір мағынлылығы талап етіледі. Ал нормаға сәйкестік ұстанымында терминнің әдеби тіл нормасына сай келіп, сөздің сыртқы тұлғасы мен мазмұнының тура қатынаста болуын талап етеді. Эстетикалық ұстаным болса, терминдердің қысқа да нұсқа болуымен қатар, жағымды дыбысталуын талап етеді..

Терминдер сапалы түрде сұрыпталудан өтеді әрі қадағалауды қажет ететін сөзжасамның түрі деген пікірді көптеген ғалымдар қолдайды. Сөзжасам морфемаларының қызметі әдеби тілден гөрі терминологияда жиі қолданылады.



-лық, -ғы, -ым, -ғыш, -шы жұрнақтары арқылы жасалған ғылым мен техника, қоғам мен әлеумет дамуына байланысты туындаған терминдерден сөзжасамның нақты қызметін көруге болады.

Семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерге байырғыдан қолданыста жүрген сөздерді арнайы ұғымға таңба ретінде қолдану жатады. Мысалы. Шабуыл, аймақ, өкіл, айыппұл, шарт, бітімгершілік т.б. сөздер бастапқы мағынасынан ерекше мағынаға ие болып қоғамның сан саласына термин ретінде пайдаланады. Сөзжасамдық әдіс арқылы термин жасауда А. Байтұрсынов өз еңбектерінде 33 жұрнақты қолданған –лы, -лі, -шы, -ші дауысты , дауыссыз, туынды, үстеу, әуезділік, меңзеу, дәлдік, көріктеу, кейіптеу, бейнелеу, алмастыру, дәлдік, шығарма, сүгіреттеу т.б. Бұл аталғандардың біразы әлі сол күйінде қолданыста болса, кейбіреуі заман талабына сай ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен басқаша терминдік атауға ие болған, осы әдіспен қазіргі кезде орам, жемқорлық, үдеріс, өтініш, салғырттық, немқұрайлылық, бұзақылық, т.б.терминдер көпшілік қолданыста енгізілген.

Қазіргі қазақ тілі оқулығында «форма тудырушы» десе, екінші оқулықта «сөз түрлендіруші» деп басқа терминмен атаған. Орта мектепте бітіріп, жоғары оқу орындарына түскен студенттер көпке дейін осы терминдерді шатастырып жүруі мүмкін.

Оқу құралдарында септік формалары да әртүрлі аталып жүр. Мысалы, «табыс септік», «табыс септігіндегі сөз», «табыс септік жалғауы» тәрізді басқа септікте осы сияқты айтылады. Септік жалғауы жалғанған сөзді атымен «Табыс септік», «Шығыс септік» деп ол сөздің септік жалғауымен түрленуін – септелу деп аталған ертеден – ақ нормаға айналған.[1.242]

Тілімізде әр қайсысы өз алдына терминдік мағынада ие болуға бейім күн райы, ауа райы тәрізді мағыналас сөздер аз емес.

Бұрын ауа райы деуші еді, соңғы кездерде республикалық телеарналардың бірінде «погода» сөзін күн рай деп айтып жүргенін құлағымыз шалып қалды.

Әдетте «күн райы жақсы екен», «күн райы бұзылайын деп тұр» деп айта береміз. Осындағы күн райы «погода» деген ұғымды дәл береді. Бұл пікірмен келіспейтіндер күн райы тек күндізге ғана қатысты, ал түнге қатысы жоқ дегендей былайша айтады.[2.42]

БАҚ тілінде және оқулықтарда ауа райын «климат» деген терминдік ұғымда, ал күн райын «погода» мағынасында қолданып жатса, артық болмас. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін республикада ғана емес халықаралық деңгейге көтеріп терминжасамның жүйесін қатаң сақтап, қолданылуымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Есенқұлов А. Қазақ тілінің грамматикалық терминдері жөнінде. Аст-2006.



2.Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері; Респ. Ғыл. – практ.конф.материалдары/ Қр мәдениет ми. Тілдерді дамыту департаменті. – Аст.2004.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет