Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,63 Mb.
#17544
  1   2   3   4
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7442 тіркелді


      Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және біліктіліктеріне қойылатын талаптарды айқындау кезінде біркелкілікті қамтамасыз ету мақсатында және 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
      Министр                                  Г. Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы   
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің     
2012 жылғы 2 ақпандағы   
№ 31-ө-м бұйрығымен    
бекітілген        
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі
басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметші лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі - біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыруға, олардың іскерлік біліктілігін арттыруға мүмкіндік беруге, басшылар, мамандар арасында еңбекті үлестіру, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін және олардың еңбегіне ақы төлеу санаты бойынша қойылатын біліктілік талаптарын айқындауда бірізділікті қамтамасыз етуге арналады.
      2. Мамандар лауазымдарының: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашының біліктілік сипаттамалары мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында белгіленген.
      3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыс тізбелерін нақтылауға жол беріледі, және қызметкерлерді арнайы даярлауға қажетті талаптар белгіленеді.
      4. Әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік ұйымдары қызметкерлерінің өзге де лауазымдары (педагогикалық, медициналық және басқа) үшін біліктілік сипаттамаларды тиісті қызмет саласында уәкілетті мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
2-бөлім. Басшылардың лауазымдары
1. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) директоры
      Лауазымдық міндеттемелері: Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, материалдық құндылықтарының сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Ұйымды басқару құрылымын, штаттық кестені айқындайды. Ұйымның барлық бөлімшелерінің мүгедек балалармен, қарттар және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады. Ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Жұмыс сауықтыру, оқу профилактикалық жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу және оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектердің (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) заңды құқықтарын және мүдделерін қорғайды, оларға туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды. Ондағы мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектерді протездік-ортопедиялық, басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады. Бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Іс жүзінде отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қолданады. Қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтім құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді. Қоғамдастықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді. Кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін айқындайды. Кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір сүру және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйымның сотта, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін білдіреді және қорғайды. Қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету ұйымдарының қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін; әлеуметтік жұмыс теориясы мен ерекшеліктерін; заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негіздерін; тәрбие және әлеуметтік жұмыс әдістерін; медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін; әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістемелік қағидаттарын; шаруашылық-қаржы қызметін ұйымдастыруды; салық және бюджеттік заңнаманы; персоналды басқару теориясы және тәжірибесін; статистикалық және әдістемелік талдау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс стажы әлеуметтік қорғау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.
2. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның директоры
      Лауазымдық міндеттемелері: Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, ұйымның мүліктерінің тиімді қолданылуына және сақталуына жауапты. Мәселелерді оған берілген құқықтар шегінде шешеді және басқа лауазымды адамдарға: құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларына, басшыларына жекелеген өндірістік-шаруашылық функцияларды тапсырады. Ұйымның саясатын, қызмет стратегиясын, оларды іске асыру тетігін айқындайды. Ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Әлеуметтік төлемдер жүйесін жетілдіру жұмысын үйлестіреді. Барлық ұйым бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады. Заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Мемлекеттік бюджет, сақтандыру қорлары, тапсырыс берушілер мен кредит берушілер алдында, банктерді қосқанда, міндеттемелерін орындауды, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын, индикативтік және бизнес жоспар көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етеді. Жаңа техника және технологияны, еңбекті басқару және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастырады. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімін және жұмыс тәжірибесін оңтайлы пайдалану шараларын қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек және өндіріс тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді. Ұйым қызметкерлері үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны сақтау мәселелерін шешеді. Шарт жасайды, сенімхаттар береді, бұйрықтар, өкімдер шығарады, заңды тұлғалармен мәмілелер, операциялар жасайды. Ұйым қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, ұйымның қаржылық басқаруындағы құқықтық қаражатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін қорғайды және білдіреді. Статистикалық мәліметтердің сенімділігін, қажетті есептілік ұсынуды қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау қағидасы мен қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және әлеуметтік және халықты зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ұйымдардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; халыққа қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі ұйымдардың өзара іс-әрекет тәсімдері мен әдістері; шаруашылық-қаржы қызметін ұйымдастыруды; қаржы есебі және талдау; салық және экологиялық заңнаманы; шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және орындау тәртібі; кәсіпорынның техникалық, экономикалық даму перспективасы психологиясы негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (әлеуметтік, қаржы, экономикалық) білім және жұмыс стажы басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.
3. Белгілі тұратын жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік
бейімдеу орталығының директоры
      Лауазымдық міндеттемелері: Әлеуметтік бейімдеу орталығын (бұдан әрі - орталық) басқаруды жүзеге асырады. Әлеуметтік бейімдеуге мұқтаж адамдарды (контингент) есепке алу жұмысын ұйымдастырады. Халыққа және белгілі тұратын жері жоқ адамдарға бейімдеу мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Қызмет көрсетілетін контингенттің құжаттарын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру және уақытша және тұрақты тұратын жер іздеу шараларын қабылдайды және жәрдемдеседі. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша орталықтың жұмыс режимін белгілейді. Орталықты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Қызметкерлермен еңбек шартын жасайды және бұзады. Еңбек кестесін және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және Орталық қызмет көрсететін адамдар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын және шаруашылық шарттарын орындауды бақылайды. Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүліктік және басқа да мүдделерін қорғайды және білдіреді. Банкте Орталықтың ағымдағы шотын ашады. Қажетті есеп беруді және статистикалық мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау қағидасы мен қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік жұмыс, психология, социология, профпатология, кәсіптік бағдарлау негіздері; түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктері, орталықтың бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; кәсіптік оқыту және қайта оқыту әдістемесі, еңбек терапиясы және жұмыспен қамту арқылы терапия; әлеуметтік бейімдеу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе; шарт жасау және орындау тәртібі; экономика, құқық, әкімшілік және азаматтық заңнама негіздері; шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыру; ұйым персоналын басқару теориясы және тәжірибесі; экономика, қаржылық есеп және талдау негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, жұмыс стажы әлеуметтік қорғау саласында кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет түрінің тиісті бейінінде басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.
4. Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) директоры
      Лауазымдық міндеттемелері: жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) (бұдан әрі - орталық) ұйымдастыру және әдістемелік басшылығын жүзеге асырады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағыларды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді. Халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру, өтініш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, ерікті түрде көшуіне, қызметтік тұрғын үй алуына жәрдемдесу және өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар және табысы аз азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, жұмыс істеп тұрған еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, кәсіптік бағдарлау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және халықты психологиялық қолдау жүргізуге ықпал етеді. Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеуді және жинақтауды ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен, қоғамдық және басқа да халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге мүмкіндік беретін ұйымдармен өзара әрекеттеседі. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға арналған кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды. Әрбір нақты жағдайда өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар немесе жұмыспен айналыспайтын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттырудың барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара әрекетін ұйымдастырады. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын және шарттар жасауды және олардың орындалуын бақылайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақытылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Уақытылы есеп және есептілікті қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау қағидасы мен қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Халықтың көші-қоны туралы»,«Лицензиялау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; орталықтың бейіні, мамандануы және ерекшеліктері; шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық ахуалын; өңірдің (аудан, қала) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін; өңірдің (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін; еңбек нарығын дамытудың негізгі үрдістері мен даму бағыттарын; халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру іс-шараларын әзірлеу тәртібі; жұмыспен қамту бағдарламалары іс-шараларының тиімділігін бағалау әдістемесі; қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнама; еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібі; экономика негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, жұмыс стажы әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында кемінде 3 жыл немесе экономикалық қызмет салаларының басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.
5. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның)
әкімшілік-шаруашылық жұмысы директорының орынбасары
      Лауазымдық міндеттемелері: өз міндеттемелерін ұйымның бірінші басшысының жетекшілігімен және медициналық-әлеуметтік мекемені (ұйымды) (бұдан әрі - ұйым) жарақтандыру және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс-әрекетте орындайды. Шаруашылық шарттарын уақытылы жасау шараларын қабылдайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жабдықтау және реконструкциялау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйымды жаңа технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Шаруашылық керек-жарақтың сақталуын, оны қалпына келтіру және толықтыру, сондай-ақ үй-жайлар мен жанындағы аумақтарда тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызмет көрсететін персоналдың жұмысын басқарады. Ұйымды кеңсе заттарымен және шаруашылық күнделікті қажет заттармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Өртке қарсы заттардың жарамдылығын, үй-жайдың, жабдықтар мен керек-жарақтың жай-күйін қадағалайды, олардың уақытылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлік коммуникацияларға, жылу және электрмен жабдықтау құралдарына қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі персоналдың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Қажетті есептерді тапсыруды қамтамасыз етеді, олардың сенімділігіне жауапты болады.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және ұйымның шаруашылық қызмет көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемесін; баға белгілеу негіздері, сатып алынатын жабдықтар мен керек-жарақтардың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс істеу принциптері; көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есептердің тәртібі; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймалау қағидасы мен тәртібі; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланысты құралдарын пайдалану қағидасы, үй-жайлар мен ғимараттардың өрт қауіпсіздігі қағидасы; қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру; салық және экологиялық заңнама; шарттар жасау тәртібі; еңбек және басқаруды, экономика, азаматтық құқықты ұйымдастыру негіздері; ішкі еңбек тәртібі қағидасы; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) немесе орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажы шаруашылық қызмет көрсету саласында кемінде 1 жыл.
6. Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) медициналық
жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
      Лауазымдық міндеттемелері: Медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйым) (бұдан әрі – ұйым) қызметіне басшылық етеді, мүліктің тиімді қолданылуына және сақталуына жауапты. Ұйымның бірінші басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызмет басшыларымен өзара іс-әрекетте өз міндеттемелерін орындайды. Қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағыларға) уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады. Емдеу қызметін талдауды жүргізеді. Көрсетілген әлеуметтік-медициналық қызметтің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Қамқорлықтағыларды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу іс-шараларын жүргізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді. Медициналық мақсаттағы емдеу құралдары мен бұйымдармен, арнайы жабдықпен ұйымды қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмысты жүзеге асырады. Медициналық аспаптар мен жабдықтарды техникалық пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Медициналық кадрлардың еңбегін оңтайлы орналастыру және ұйымдастыру жөнінде басшылыққа ұсыныс енгізеді, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін дамыту. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфера қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді. Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары және белсенділігін дамытуға, ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуына ықпал етеді. Ұйымның қызметі туралы статистикалық есеп жүргізу және есеп беруді ұйымдастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын, Бала құқықтары туралы конвенциясын, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды және денсаулық сақтау, фармацевтика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын; емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті ұйымдастыру негіздерін; әлеуметтік көмек теориясы мен әдістемесін; социология, психология, педагогика, психопрофилактика, этика, геронтология негіздерін; халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, әлеуметтік гигиена негіздерін; денсаулық сақтауды басқару жүйесін; халықтың денсаулығы статистикасын, денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштерін; отандық және шетелдік медицинадағы ғылыми жетістіктерді; экономика және құқық негіздерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын.
      Біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) (медициналық) білім, мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік саны және медициналық қызмет түріндегі ұйымның тиісті бейінінде басшы лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл.
Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет