Ханталапай ұлттық ойыны Мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі14,94 Kb.
#43763
Ханталапай ұлттық ойыны

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері: Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту.
(Ортаға қазақша күйдің ырғағымен Өнерпаз ағай кіріп келеді).

Өнерпаз ағай: Сәлеметсіздер ме балалар! Ұлттық құндылықарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, рухы биік, намысы берік халықпыз. Бүгін қазақтың ұлттық ойындарының бірі «ХАНТАЛАПАЙ» ойынын өткіземіз

Асық ойындары - қазақ халқының ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Қазақ халқының шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен, қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Ұлы ақын Абай атамыз да асық ойыны, яғни «Ханталапай» ойынын жақсы ойнаған.

Өнерпаз ағай: Балалар,сендер «Ханталапай» ойынын тамашалағыларың келе ме?Онда ортамызға батыр жігіттерімізді қарсы алайық.

Салт – дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарасса өнер көрсетіп,
ойын ойнайық тамаша

Жүргізуші:: ойынымыз «Ханталапай» деп аталады. Қанеки, сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.
Балалар шеңбер болып отырады.

Жүргізуші: Ойынды бастар алдында
«Талапай - ау, талапай»
Табылды ойын алақай деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады.
Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды, әр бала жинаған асықтарын тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала ойынды бірінші бастайды. Тигізген асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда ойын жүргізушінің тапсырмасын орындайды.
Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интелектуалдық тапсырмалар алдын ала дайындалады.


СҰРАҚТАР ДАЙЫНДАУ КЕРЕК

Тапсырмаға дұрыс жауап берсе келесі асықты атады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.

Ойын соңында жүргізушінің Ойын жүлдесі қортыланғанша қатысушылар би өнерлерін ортаға салып «Қара-жорға» биін билейді, Ойнды қортындылап «Алғыр бала», «Зерек бала» «Мерген бала» номинациялары беріледі..

Қазақтың ұлттық ойынын еске түсіріп, жаңғыртып, нақышына келтіріп ойнаған батыр жігіттерімізге көп рахмет. Балабақшамызда осындай алғыр, зерек балаларымыз көп болсын! Келесі жылы да осы қазағымыздың ұлттық ойындары үрдіске айналып, жалғасын таба берсін! Жылдан – жылға аман - есен, жете берейік. Қош сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет